Шаяхметова маржан нақыпбекқызы Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру



бет1/3
Дата13.06.2016
өлшемі322 Kb.
#133741
түріДиссертация
  1   2   3


ӘОЖ Қолжазба құқында
шаяхметова маржан нақыпбекқызы

Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты

Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2009

Жұмыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде орындалды.

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Н.Ә. Мыңжанов

Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы Нұрғалиева Ә.Қ.
педагогика ғылымдарының кандидаты
Жетекші ұйым: Еуразия гуманитарлық институты

Диссертация 2009 ж. «___» сағат Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, №1 кеңейтілген дәрісхана) БД 14.50.05 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады.

Диссертациямен Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28).

Автореферат 2009 ж. «____» таратылды.

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы Н.Ә. Мыңжанов



Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы тарихи даму жағдайында көп ұлтты мемлекет ретінде қалыптасты. Тарихтың әр кезеңінде біздің республикамыз түрлі себептермен көптеген ұлттар мен ұлыстардың Отанына айналды. Яғни Қазақстан қоғамы этникалық әртектілігімен ерекшеленеді. Ал жыныстық, жастық, кәсіптік, конфессионалдық және этникалық әртектіліктің адамдар мен әлеуметтік топтар арасындағы өзара қарым-қатынастың сипатына өз әсерін тигізетіні түсінікті. Кей уақытта ол ашық түсінбестікке, тіпті қарсы тұруға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда ондай қайшылықтарды болдырмайтын, олардың алдын алатын механизмдер жасау қажеттігі туады. Міне, мұның бәрі қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтардың алдын алудың мүмкін жолдарының бірі – толеранттылық құбылысын терең қарастыруға жол ашады. Қазіргі кездегі әлемде орын алған әлеуметтік, дінаралық, ұлтаралық, т.б. қақтығыстар өршіп тұрған жағдайда ғалымдар тарапынан оны қалыптастырудың жолдарын іздеуге ерекше көңіл бөлінуі заңды.

Жалпы тұлғада толеранттылықтың қалыптасуы үшін ол рухани дамудың белгілі бір сатыларынан өтуі тиіс, ал ол педагогикалық проблема болып табылады. Сондықтан 1995 жылғы 16 қарашада ЮНЕСКО-ға мүше елдер қабылдаған «Толеранттылық принциптерінің Декларациясында» білім беру саласында толеранттылық идеясын насихаттауға басымдық берілген. Педагогика ғылымында оның саласы ретінде «толеранттылық педагогикасы» даму үстінде, онда толеранттылықтың мәнін зерттеу және оны әлеуметтік норма, әлеуметтік құндылық ретінде практикаға ендіруге негізгі көңіл бөлінеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» қазақстандық патриотизмге, толеранттылыққа, биiк мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу отандық білім беру жүйесінің негізгі міндеттері ретінде көрсетіледі. Яғни, білім беру мазмұны адамдардың нәсілі мен ұлтынан, мәдени және конфессиональдық белгілерінен тәуелсіз олардың арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа, тұлғаның жалпыадамзаттық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.

«Менталитет» және «толеранттылық» категориялары білім беру жүйесіне тікелей қатысты. Өйткені ол адам мен социумның менталдық қасиеттерін белсенді әрі мақсатты қалыптастырады.

Сондықтан болашақ педагогтар бұл түсінікпен өздерінің кәсіби қызметін бастамас бұрын танысу тиіс, өйткені олар көпмәдениетті ортада жұмыс жасауға даярланады. Еліміздің білім беру жүйесінде басқа да қоғамдық институттар сияқты қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар өз көрінісін табады.

Көпұлттылық жағдайында педагог мамандар өзінің кәсіби іс-әрекетінде «басқа», «бөтен», әртекті ортада жұмыс жасауға дайын, басқа мәдениеттің құндылықтарын құрметтеуге қабілетті болуы тиіс. Сол себептен оқу-тәрбие процесінің субъектілері мен объектілерінде толеранттылық қалыптастыру қажеттігі туындайды. Осы қажеттілікті қанағаттандырудың бір жолы – педагог мамандарды кәсіби даярлау барысында толеранттылықты қалыптастыру және оның деңгейін көтеру міндетін шешу болып табылады.

Мәселе төңірегіндегі педагогикалық-психологиялық әдебиеттермен танысу барысында толеранттылық және оны қалыптастыру проблемасының философиялық, психологиялық, әлеуметтану, этикалық жақтарын қарастырумен қатар оның педагогикалық аспектілерінің біршама зерттелгендігін байқадық. Мәселен, ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы гуманистік және антропологиялық (К. Ясперс), биогенетикалық (С.Холл) және психотерапевтикалық (Дж. Дьюи және басқалар) бағыттар өкілдері толеранттылық қарым-қатынас табиғатына талдау жасаған.

Қоғамдық өмірдегі толеранттылықтың орны мен ролі туралы қағидалар Б.С. Гершунский, В.А. Лекторский, А.Н. Леонтьев, М. Мчедлов, А.В. Петровский, В.А. Тишков, О. Хеффе, т.б. еңбектерінде кездеседі. Бұл авторлар негізінен толеранттылықтың әлеуметтік-мәдени және этникалық сипаттарына көңіл бөледі.

Педагогикалық зерттеулердің бірқатарында толеранттылық проблемасымен астасып жататын мәселелерге назар аударылады: ұлтаралық қарым-қатынастар, ұлтаралық қарым-қатынастарды тәрбиелеу, т.б.

Толеранттылықтың жекелеген аспектілері қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне де арқау болды: Г.К.Искакова, М.А. Кучерова, П.И. Мамедова, Б.А. Тұрғынбаева, т.б. толеранттылықты қалыптастырудың жалпы мәселелерін қарастырса, С. Әмірғазин еңбектерінде дінаралық толеранттылық мәселелерінің әр жақтары ашылған. Г.А. Уманов ұлтаралық қатынастар педагогикасының теориялық негіздерін қарастырды.

Болашақ мамандарды кәсіби даярлау, педагогтардың жекелеген қасиеттеін қалыптастыру мәселелері Ш.А. Абдраман, Қ.М. Арынғазин, Б.Ә. Әбдікәрімов, К.Б. Дүйсенбаев, С.Т. Каргин, К.М. Кертаева, С.З. Қоқанбаев, О. Сыздықов, Ә.Ә. Усманов, Н.Д. Хмель, Л.А. Шкутина, т.б. еңбектерінде қарастырылады.

Этникалық тәрбие мен оның әдіснамалық мәселелері, этномәдени білім беру, патриоттық тәрбие беру отандық (З. Абетова, Ш.И. Джанзакова, Қ. Жарықбаев, Е. Жұматаева, С. Қалиев, К.Ж. Қожахметова, Н.А. Мыңжанов, Ж.Ж. Наурызбай, Ә.Қ. Нұрғалиева, Т. Суюнова, С.А. Ұзақбаева) және шетелдік (Е.А. Балашова, Г.Н. Волков, Дж. Деверо, Г.Д. Дмитриев, Г.В. Иванченко, Дж. Лорсен, Р. Льюис, Т. Моррисон, Н.М. Лебедева, Т.Г. Стефаненко, Э.Р. Хакимов, М. Уолцер, т.б.) ғалымдардың зерттеу объектісі болып табылады.

Дегенмен, толеранттылық қарым-қатынас мәселесінен бастап педагог толеранттылығының педагогикалық іс-әрекеттің табыстылығына әсеріне дейін қарастыратын осы және басқа да зерттеулерді талдау кәсіби даярлық барысында болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру мәселесінің жеткілікті деңгейде зерттелмегендігін көрсетті. Ал оны қалыптастырудың маңыздылығы полиэтникалық жағдайда дау тудырмас мәселе.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру қажеттілігі мен педагогика ғылымында және жоғары оқу орнындағы этникалық-мәдени білім беру процесінде оны қалыптастыру жүйесінің жасалмауы арасында қарама-қайшылықтың бар екендігіне көзіміз жетті. Бұл бізге этникалық толеранттылықтың педагогикалық мәнін ашуға және студенттердің этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесін жасауға бағытталған зерттеу жүргізу керектігін көрсеткен проблеманы есепке алып, зерттеу жұмысының тақырыбын «Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру» деп айқындауға мүмкіндік берді.



Зерттеу объектісі – этномәдени білім беру процесі.

Зерттеу пәні: болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесі.

Зерттеу мақсаты – болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеп, құрастыру.

Зерттеу болжамы: Егер болашақ педагогтарға этномәдени білім беру процесіне олардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесі енгізілсе, онда жалпы алғанда жоғары оқу орнының педагогикалық процесінің тиімділігін артады, өйткені бұл жағдайда осы процесс субъектілерінің тұлғалық қасиеттерінің дамуының тұтастығы, жүйелілігі қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің мақсатын іске асырып, болжамды тексеру үшін төмендегі зерттеу міндеттері анықталды:



  1. болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығының мәнін анықтау;

  2. болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың теориялық моделін жасап, өлшемдері, деңгейлері мен көрсеткіштерін айқындау;

  3. болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесін құрастыру;

  4. болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесінің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ педагогтардың полимәдени білім беру ортасындағы кәсіби іс-әрекетінің тиімділігі олардың этникалық толеранттылығының қалыптасу деңгейінен тәуелді.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері - тұлға дамуының жалпы диалектикалық теориясы; таным теориясы; біртұтас педагогикалық процесс теориясы; аксиологиялық және жүйелілік қатынас теориясы; сәйкестілік теориясы, этнопедагогикалық және этномәдени білім тұжырымдамалары; зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық ілімдер, педагогикалық эксперимент жүргізу және математикалық статистика тұжырымдамалары.

Зерттеудің көздері - зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері, ресми құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы және «Қазақстан-2030» стратегиясы, Толеранттылық принциптерінің Декларациясы, мамандықтардың білім беру стандарттары және жұмыс оқу жоспарлары; жоғары оқу орындарының жұмыс оқу бағдарламалары; оқулықтар; мәселе бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстар (диссертациялар, монографиялар, авторефераттар).

Зерттеу әдістері:

  • аналитикалық (ғылыми, әдістемелік әдебиеттерді талдау, модельдеу, жіктеу, жүйелеу, жалпылау, т.б.);

  • диагностикалық (сауалнама, жеке және топтық әңгіме, сұхбат, бақылау, тестілеу, т.б.);

  • статистикалық (зерттеу нәтижелерін математикалық-статистикалық өңдеу).

Зерттеу кезеңдері:

  • бірінші кезеңде (2003-2004 ж.ж.) зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттер қарастырылды, жалпыланды, ғылыми-әдістемелік, диссертациялық жұмыстар талданды. Зерттеудің ғылыми аппараты (болжам, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні) қалыптасты, базалық ұғымдар нақтыланды.

  • екінші кезеңде (2004-2007 ж.ж.) эксперимент іске қосылды, этникалық толеранттылықты қалыптастырудың педагогикалық жүйесі жасалып, өлшемдері, деңгейлері мен көрсеткіштері анықталды және негізделді; этникалық толеранттылықты қалыптастырудың мазмұны айқындалып, жасалған жүйе практика жүзінде тексерілді.

  • үшінші кезеңде (2007-2008 ж.ж.) болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесін қолдану және енгізу тиімділігі бойынша эксперимент мәліметтері талданды және өңделді. Алынған нәтижелер салыстырылды және жалпылама қорытындылар, ұсыныстар жасалды, диссертациялық зерттеу материалдары рәсімделді.

Зерттеудің негізгі базасы: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің шет тілдері, педагогика, дене мәдениеті және спорт факультеттері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

  • болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығының мәні анықталды;

  • болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың теориялық моделі жасалды;

  • болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың өлшемдері, деңгейлері мен көрсеткіштері айқындалды;

  • болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесі құрастырылды;

  • болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың әдістемесі жасалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

Зерттеу нәтижелері:



а) болашақ педагог мамандарды кәсіби дайындау процесіне:

  • «Толеранттылық нобайы» арнайы курсы;

  • «Этнопедагогика» және «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнына қосымшалар;

  • Аудиториядан тыс жұмыстарда (кураторлық сағаттар, тәрбиелік шаралар) және

ә) ЖОО оқытушыларының әдістемелік даярлығын жетілдіруде («Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың жолдары» арнайы семинары) енгізілді. Ұсынылған «Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесі» этномәдени білім беру процесінде қолданылады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі және негізділігі: талапқа сай теориялық және әдіснамалық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолданумен, тәжірибелік-педагогикалық зерттеу бағдар­ламаларының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылаумен, ұсынылған әдістеменің тиімділігімен, жоғары оқу орны оқу-тәрбие процесіне ендірілуімен қамтамасыз етіледі.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  • этникалық толеранттылық – басқа ұлт өкілдерінің сыртқы түрін, ойлау жүйесін, өзіндік ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін принципті түрде қабылдай алу қабілеті ретінде көріне отырып, адамның тұлғалық қасиеті болып табылады, сонымен бірге ол қалыптасу барысында маманның кәсіби қажетті қасиетіне трансформацияланады;

  • қалыптастырылатын феноменнің экзистенциалдық, мотивациялық, интеллектуалдық, эмоционалдық, еріктік, пәндік-практикалық және өзіндік реттелу сфераларының даму деңгейі болашақ педагогтың этникалық толеранттылығының қалыптасқандығын көрсетеді. Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығының дамуы үш деңгейде (төмен, орта, жоғары) анықталады;

  • мақсаттық, мазмұндық, технологиялық және нәтижелік компоненттерден құралған, әрбір компонент өзінің атқаратын қызметіне қарай иерархиялық ретпен орналастырылған болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесі;

  • болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру әдістемесі;

  • болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру жүйесінің тиімділігін дәлелдейтін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері.

Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы: зерттеудің негізгі қағидалары педагогика кафедрасының отырысында, жалпы педагогика және кәсіби білім беру проблемалары бойынша ғылыми-әдіснамалық семинарда талқыланды және халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда баяндалды (Жезқазған, 2001; Қарағанды, 2001, 2005, 2007; Алматы, 2005; Түркістан, 2006); «ҚарМУ хабаршысы», «Ұлт тағылымы», «Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика» ғылыми журналдарында ғылыми мақалалар түрінде баяндалды, сонымен қатар Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жұмыс тәжірибесіне енгізілді.

Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Негізгі бөлім
Бүгінгі күні адамзат қоғамы әртекті субъектілерден құралған күрделі организм болып табылады. Адамдар негізінен үлкен үш нәсілге (негроид, монголоид және европеоид) кіретін көптеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері болы табылады. Мұның сыртында олардың діни, саяси және әлеуметтік ерекшеліктерімен дараланады.

Қазақстан қоғамы күрделі конглемерат ретінде қалыптасты. Қазіргі уақытта оның құрамына 100-ден астам ұлттар мен ұлыстар кіреді, олар бірнеше діни-конфессионалдық бірлестіктерге біріккен. Осындай әртектілік жағдайында әлемді алаңдатып отырған ұлтаралық, дінаралық қақтығыстарға ұшырамай, халықтардың бейбіт қатар өмір сүруіне мүмкіндік беретін күш қандай? Ғылымда «толеранттылық» атауымен белгілі ұғым, міне, осы жерде маңыздылыққа ие болады.

«Толеранттылық» (лат. «tolerantia» - шыдам, төзім) терминіне шет тілдері сөздігінде екі мағынада түсініктеме беріледі: 1) бір нәрсеге, біреуге төзімділік, төзу, шыдау; 2) биологиялық, медициналық тұрғыда – иммундық реакцияның жартылай немесе толықтай болмауы, яғни организмнің ауруға қарсы тұратын антиденелер шығару қабілетінің болмауы. Ал педагогикалық сөздіктерде бұл ұғымға «қайсыбір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі» деген анықтама беріледі.

Жалпы алғанда, толеранттылықтың негізі – өзінің «басқаға, бөтенге» қатынасын бақылау болып табылады. Бұл күнделікті кездесетін, тұрмыстық деңгейден бастап кәсіби қарым-қатынас жасауға дейінгі аралықты қамтитын мәселе болып саналады.

«Толеранттылық» терминін саралау барысында ғалымдар арасында елеулі қайшылықтар туындайды. Біраз жағдайда оны тікелей «төзімділік» сөзімен байланыстырады. Қазақ тілінде «төзім» сөзі «шыдам», «сабыр», «тағат» мағынасында да қолданылады. Яғни, «төзімді болу» - басқаға, оның ісіне, құбылыстарға шексіз төзу, шыдауды білдіреді.

Толеранттылық қазіргі ғылымда әр түрлі аспектіде қарастырылады: әлеуметтік, діни, саяси, жыныстық, этникалық, т.б. Осылардың ішінен біздің зерттеу пәнімізге байланысты этникалық толеранттылықты жеке бөліп қарастырайық. Этникалық толеранттылықтың философиялық негізі – басқаның, өзінен айырмашылығы бардың өмір сүруі фактісінің өзі болып табылады. Ал оның түпкі мәніне жету үшін ең алдымен «этникалық» түсінігіне тоқталып өткен жөн. «Этнос» терминін қарастырғанда көпшілік авторлар Ю.В.Бромлейдің анықтамасын негізге алады. Оның айтуынша «этнос – бұл белгілі территорияда тарихи қалыптасқан, салыстырмалы түрде тұрақты тіл, мәдениет және психикалық ерекшеліктерге, сол сияқты өзіндік атауында көрінетін өзінің бірлігі мен өзгелерден ерекшелігін (өзіндік сана) түйсінетін адамдардың тұрақты жиынтығы». Этнос табиғатын түсіндіруге арналған басқа да тұжырымдар көптеп жасалды. Л.Н.Гумилев этносты ең алдымен табиғи құбылыс ретінде қарастырды. Оның түсінігінде этнос – «бұл өзін басқа өзі сияқты ұжымдарға қарсы қоятын (біз – біз емес), ерекше ішкі құрылымға және мінез-құлық стереотипіне ие адамдар ұжымы (динамикалық жүйе)». Этномәдени білім беру мәселесін зерттеу барысында Ж.Ж.Наурызбай «этнос» ұғымын тайпадан жоғары қауым, ұлт (национальность) және нация ұғымдарын жалпылаушы термин ретінде қолданады.

Сонымен, «этникалық» сөзінің мәні адамның белгілі бір этнос мүшесі ретінде сол этносқа тиістілігін, сәйкестілігін сезінуі деген қорытынды жасауға болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда «этникалық толеранттылық» басқа ұлт өкілдерінің сыртқы түрін, ойлау жүйесін, өзіндік ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін принципті түрде қабылдай алу қабілеті ретінде көрінеді. Әрине, оның шегі өзара сыйластық, ынтымақтастық деңгейінде болуы тиіс.

Мәселе бойынша философиялық, педагогикалық-психологиялық еңбектерге жасалған теориялық талдау бізге этникалық толеранттылықтың мәнін ашуға көмектесті. Этникалық толеранттылықтың мәні – басқа ұлт өкілдерінің сыртқы түрін, ойлау жүйесін, өзіндік ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін принципті түрде қабылдай алуда. Этникалық толеранттылық адамның тұлғалық қасиеті болып табылады, сонымен бірге ол қалыптасу барысында маманның кәсіби қажетті қасиетіне трансформацияланады. Сондықтан, философиялық, педагогикалық-психологиялық тұрғыда этникалық толеранттылық феноменін және тұлғааралық қарым-қатынаста оны іске асыру механизмдерін талдау бізге этникалық толеранттылықты болашақ мұғалімнің кәсіби қажетті қасиеті ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Біз өз зерттеуімізде этникалық толеранттылықты оқыту және тәрбиелеу процесінің мақсаттар кешенінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырдық. Құбылыстың педагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып, жоғары оқу орнындағы педагогикалық мамандықтар студенттерінің этникалық толеранттылығын қалыптастырудың тұтас жүйесін ұсынамыз.

Этникалық толеранттылықты қалыптастыру процесінің формасы мен мазмұны педагогикалық шарттар жүйесімен сипатталады. Олардың ішінен біз білімдер қалыптастыруды бөліп көрсетеміз. Бұл дегеніміз – студенттердің этникалық толеранттылық феноменінің мәндік және мазмұндық аспектілері, әртүрлі білімдер саласы аясында осы құбылысты оқып-үйренудің ерекшеліктері, толеранттылық проблемасының дамуы мен қалыптасуы туралы білімдерін жетілдіру, студенттерде құндылық бағдар қалыптастыру. Ал бұл өз кезегінде этникалық толеранттылықтың этикалық принциптерін меңгеруге және практикалық іс-әрекет пен қарым-қатынаста қолдануға бағытталған қызығушылықтар, мотивтер, бағалар, мінез-құлық нормаларын; негізінде рухани-іскерлік қарым-қатынас әдістері мен тәсілдерін өз бетімен табу жататын этникалық толеранттылықты қалыптастыру процесінің практикалық-мінез-құлықтық жағын көрсететін толеранттылық тұлғааралық қатынастың іскерліктері мен дағдыларын; басқа ұлт өкілімен тең дәрежелі диалогқа, оны тұтастай сыни тұрғыдан түсінуге эмоционалды-еріктік дайындықтан тұратын толеранттылық бағдарын қалыптастыруы тиіс. Педагогикалық шарттар кешені этникалық толеранттылықты қалыптастырудың әдістемелік жағын сипаттайтын оқу-тәрбие жұмысының ұйымдық формаларының жиынтығын іске асырумен толықтырылады.

Этникалық толеранттылық әлеуметтік-мәдени және прагматикалық құзыреттіліктердің (дүние туралы білімдер, жағдаятты түсіну) даму деңгейімен анықталады. Осы құзыреттіліктерді бөліп көрсету арқылы оларға сәйкес кәсіби міндеттерді анықтау мүмкін болады. Басқаша айтқанда міндеттердің екі тобын (әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктерді дамыту бойынша кәсіби міндеттер, прагматикалық құзыреттіліктерді дамыту бойынша кәсіби міндеттер). Қойылған мақсатқа жету үшін, яғни этникалық толеранттылықты қалыптастыру үшін бұл міндеттер өз деңгейінде іске асырылуы тиіс.

Болашақ мамандардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың мәнін анықтап, ерекшеліктерін есепке алу негізінде алдыға қойылатын бағдар ретінде оның моделін ұсынуға болады (1-сурет).

Модельдің құрылымы педагогикалық модельдеу тұжырымдарына сәйкес мақсаттық, іс-әрекеттік және нәтижелік бөліктерден құралады. Оның мақсаты болып, әрине, болашақ педагогтың этникалық толеранттылығын қалыптастыру табылады.

Мақсат қойылғаннан кейін қалыптастыру барысында негізге алынатын әдістнамалық тұрғылар анықталуы тиіс. Бұл жерде ондай тұрғы болып жоғарыда айтылған, талданған құндылықтық және логикалық тәуелділік қызмет атқарады.

Алдыға қойылған мақсатқа жету үшін бастапқы бағдарлар, яғни принциптер анықталуы тиіс. Болашақ педагогтың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың принциптерінің жалпы педагогикалық принциптерден бастау алатынын, олармен тығыз астасып жататындығын айтып кеттік. Бұл принциптер: оқыту мен тәрбиенің қоғамдық-құндылықтық мақсатты бағыттылығы, педагогикалық іс-әрекеттің түрлерін ұйымдастыруда кешендік тұрғыдан келу, сезімдік-интеллектуалдық, эмоционалды-еріктік және әрекеттік-практикалық компоненттерінің тұтастығы және гармониялық үйлесімі, ұжымда оқыту мен тәрбиелеу, ынтымақтастық, оқу-тәрбие жұмыстарының өмірмен, практикамен байланысы, көрнекілік, даралық тұрғыдан келу принциптері.

Келесі кезекте қалыптастырылатын феноменнің құрамдас бөліктерін анықтау қажет. Себебі, қалыптастыру барысында не нәрсеге бірінші кезекте, не нәрсеге екінші кезекте мән берілуі керектігі осы құрылымдық элементтерге байланысты анықталады. Этникалық толеранттылықтың құрамдас бөліктері болып әлеуметтік, кәсіби және даралық бөліктер табылады.

Модельдің іс-әрекеттік бөлігінің маңызды бөлігі – оны іске асырудың педагогикалық шарттары болып табылады. Бұл жерде анықтағанымыздай, болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары – оқу жоспарына енгізілетін арнайы курс, оқытушылардың әдістемелік дайындығын жетілдіруге арналған оқыту семинары, пәндердің мазмұндарына енгізілетін қосымшалар және тәрбие жұмыстары болып табылады.

Сурет 1 – Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың теориялық моделі

Қалыптастырылатын феноменді адамның тұлғалық қасиеті ретінде қарастырғандықтан, біз оның сфераларын даралық педагогикасы тұжырымдамасына сәйкес анықтаймыз. Бұл жерде ең тиімдісі – маманның этникалық толеранттылық қалыптастырудың әдіснамалық негізі ретінде даралық педагогикасы тұжырымдамасын (О.С Гребенюк, Т.Б. Гребенюк) алуға болады. Соған сәйкес дамуы болашақ педагогтың кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігі болып табылатын этникалық толеранттылықты қалыптастыруды қамтамасыз ететін, даралықтың негізгі сфераларында көрініс табатын кәсіби қажетті қасиеттер мен сапалардың жүйесі ретінде қарастырылатын болашақ педагогтың этникалық толеранттылығының құрылымын төмендегідей құрастыруға болады:

  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет