Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы «2» қазандағы
№ 264 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға
арналған әлеуметтік-экономикалық даму
болжамы
Өскемен қ., 2015 ж.
Мазмұны
1. Кіріспе ……………………………………………………………………….
|
3
|
2. Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік – экономикалық даму беталыстары, басымдылықтары, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері...................................................................................................
|
4
|
1 Қосымша. Шығыс Қазақстан облысының 2016 – 2020 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы.......................
|
26
|
3. Шығыс Қазақстан облысының 2016 – 2018 жылдарға арналған бюджеттік параметрлері:
|
23
|
2 Қосымша. Облыстың түсімдер болжамы мен бюджет шығындарын қосатын жергілікті бюджеттің 2016 – 2018 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамы.....................................................................................
|
71
|
Әлеуметтік – экономикалық даму басымдылықтарын іске асыруға бағытталған шығындардың жаңа бастамалары...............................................
|
23
|
3 Қосымша. Басымды бағыттар бөлінісіндегі 2016 – 2018 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялар тізбесі ……………………………………………………………………….....................
|
73
|
-
Кіріспе
Шығыс Қазақстан облысының 2016 – 2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2005 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын орнату мақсатында әзірленеді және әлеуметтік-экономикалық дамудың бес жылға арналған болжамы, беталыстары, көрсеткіштерінен және үш жылға арналған бюджеттік параметрлер болжамынан тұрады.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы 2016 – 2018 жылдарға арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу үшін негіз болып табылады.
2. Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі беталыстары, басымдылықтары, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері
Жалпы 2014 жылы және 2015 жылғы 8 айда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамудың оңды беталыстары сақталды.
Жалпы өңірлік өнім көлемі 2013 жылға 10,4 % өсіммен 2014 жылға 2288,6 млрд. теңгені құрады.
2014 жылы өнеркәсіпте 1098,1 млрд. теңге сомаға тауарлық өнім өндірілді, бұл қолданыстағы бағаларда 2013 жылдан 10% көбірек, ал республикалық көлемдегі үлесі – 5,9%. 2014 жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру табиғи көлем индексі 100,2% құрады.
Облыстың өнеркәсіптік әлеуетінің жалпы көлеміндегі тау-кен өнеркәсібінің үлесі 2014 жылы 9,3% құрады. Аталған салада 102,5 млрд. теңге сомаға тауарлық өнім өндірілді, бұл 2013 жыл деңгейіне 106,3 %, республикалық көлемдегі үлес – 0,9%, табиғи көлем индексі – 86,6% құрайды.
Облыстың өнеркәсіптік әлеуетінің жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіп үлесі 2014 жылы 83,1% құрады.
2014 жылы өңдеуші өнеркәсіпте 912,6млрд. теңге сомаға тауарлық өнім өндірілді, бұл 2013 жыл деңгейіне 110,2%, республикалық көлемдегі үлесі – 15,5%, табиғи көлем индексі – 101,3% құрады.
Машина жасау кешені өңірдегі серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Машина жасаудың өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 2014 жыл қорытындылары бойынша 217,1 млрд. теңгені немесе 2013 жыл деңгейіне 113,9%, табиғи көлем индексі – 102,1% құрады.
Металлургия өнеркәсібі өндеу өнеркәсібінің негізгі үлесін – 54 % құрайды. Өндіріс көлемі 2014 жылдың қорытындысы бойынша 492,7 млрд. теңге, табиғи көлем индексі – 100,4% құрайды.
Құрылыс материалдарының өнеркәсібінде 2013 жылдың деңгейіне қарағанда 1,3 % өсіммен 53,2 млрд.теңге сомасына өнім шығарылды, табиғи көлем индексі – 100,8 %.
Жеңіл өнеркәсіпте өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 2014 жылғы қорытынды бойынша 3,5 млрд. теңгені немесе 2013 жыл деңгейіне 120,3 %, табиғи көлем индексі – 119,2 % құрады.
Электр және жылумен қамтуда 12,7% өсіммен, 73,2 млрд. теңге сомаға өнім өндірілді, табиғи көлем индексі – 107,2 % құрады.
Сумен қамту және су бұруда 4,7% өсіммен, 9,8 млрд.теңге сомасына өнім өндірілді, табиғи көлем индексі 96,6 % құрады.
2014 жыл ішінде 700 тұрақты жұмыс орнын құруымен 23,9 млрд. теңге сомаға Индустрияландыру картасы аясында 11 жоба іске асырылды.
Қазақстандық қамту мәселелерінде тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алуларда және жүйеқұраушы кәсіпорындарда қазақстандық қамту үлесін арттыру, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайту және отандық өндірушілерді қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
2014 жыл қорытындылары бойынша жүйеқұраушы кәсіпорындардың тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу мониторингі 254,1 млрд. теңгені, соның ішінде жергілікті қамту – 44,4% немесе 112,8 млрд. теңге құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден 15,3% жоғары.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жалпы облыс бойынша 2014 жылы 294,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың деңгейінен 2,2% жоғары. Табиғи көлем индексі 101,9% құрады.
Жалпы облыс бойынша тірі салмақтағы ет 238,8 мың тонна (өсім 6,6%), сүт – 775,7 мың тонна (өсім 2,4%), жұмыртқа – 154,4 млн. дана (өсім 7,4%) өндірілді.
Негізгі капиталға инвестиция 345,5 млрд. теңге құрады, бұл 2013 жыл деңгейінен 14,7% жоғары, осы орайда табиғи көлем индексі 112,5% құрады.
Салынған инвестициялардың негізгі үлесін кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 52,4%, республикалық бюджет қаражаты есебінен – 13,5%, жергілікті бюджет қаражаты – 4,5%, банк кредиттері-1,9%, басқа қарыз қаражаттары – 27,7% құрады.
Салалар бөлінісінде 12,3% - өңдеу өнеркәсібіне, 36,9% – тау - кен өндіру, 7,8% - көлік, 9,7% – электр- жылумен қамту, 2,0% – әлеуметтік сала, 4,3% – ауыл, орман, балық шаруашылығы және 27% экономиканың басқа салаларына бағытталды.
Ауданы 313,5 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2013 жылдың деңгейінен 7,6% жоғары.
Құрылыс жұмыстары 145,1 млрд. теңге құрады немесе 2013 жыл деңгейінен 5,4% артық. Табиғи көлем индексі 104,9% құрады.
2014 жылы «Өскемен-Таврия», «Семей-Шүлбі», «Семей-Курчатов», «Қалбатау-Шар» бағыттарындағы жалпы ұзындығы 333 км ішкі аймақтық ВОБЖ салынған болатын.
Аймақта 763 ауылдық елді мекенге телефон орнатылды (92%), 467 (61%) Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік қызметімен қамтылды.
Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілері саны 2013 жылға 0,9% кемумен 77,4 мың бірлікті құрады. Сондай-ақ, 2014 жылы тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны 3,1% өсіммен 14,6 мың бірлікті құрады, соның ішінде жұмыс істейтін субъектілер 7,2 мың бірлік, бұл 2013 жыл деңгейінен 6,6% артық, белсенділер – 1,7% өсіммен 5,9 мың бірлік құрады.
2014 жылы облыстағы инфляция болжамдалған 6%-8%. деңгейінде сақталынды. 2014 жыл бойы инфляция біркелкі болды және өз өзгеруінің маусымдық беталысын сақтады. 2014 жыл қорытындылары бойынша тұтыну бағаларының индексі Шығыс Қазақстан облысы бойынша 107,4% құрады, бұл 2013 жылдың ұқсас кезеңінен 2,9 пайыздық тармаққа төмен. Инфляция деңгейіне азық-түлік тауарлар тобына баға өсімі (7,5%) үлкен үлесті қосты, сондай-ақ азық-түліктік емес тауарларға (8,5%) және тұрғындар үшін қызметке (6,2%) баға өсімі бекітілді.
Инфляция деңгейін тежеу мақсатында облыста 629,9 млн.теңге көлемінде республикалық бюджет қаражаты есебінен азық-түлік тауарларының Тұрақтандыру қоры құрылды.
2014 жылы облыста сауда нысандарымен 4839 және ең төменгі сауда үстеме бағасын қолдану туралы (10% аспайтын) 105 тауарөндірушілермен меморандум жасалды.
Тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарына азық-түлік тауарларын сату үшін облыста 54 «Ардагер» әлеуметтік дүкендер және 913 әлеуметтік орындар (бұрыштар) жұмыс істейді.
620 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, 2,2 млрд.теңге сомасына ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 563,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жыл деңгейінен 16,3%-ға артық. Табиғи көлем индексі – 108,2% құрады.
Сыртқы тауар айналымының көлемі 2,9% төмендеумен 3,3 млрд. теңгені құрады, соның ішінде экспорт 4,7% төмедеп, 2 млрд.АҚШ долларын құрады, импорт 2013 жылдың деңгейінде қалды - 1,3 млрд. АҚШ доллары. Сауда теңгерімінің сальдосы оң және 0,7 млн. АҚШ долларын құрады.
Мемлекеттік бюджетке түсімдер 2013 жылы 7,1 % өсіммен, 2014 жылы 196,5 млрд.теңгені құрады, соның ішінде жергілікті бюджетке түсімдер көлемі 2013 жлы 9,8% өсіммен 77,0 млрд. теңгені құрады.
Экономика өсімі еңбек нарығындағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. 2014 жылы экономикалық белсенді тұрғындарға шаққанда жұмыссыздық 4,8% құрады.
2014 ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны 10,4% төмендеп, 345 адамды құрады, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 16,7%, тұрғын үй көмегін алушылар саны 5,8%, балаларға берілетін жәрдемақы алушылар саны 8,2% азайды.
Білім беру саласында «Балапан» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2014 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда 2197 қосымша орын енгізілді, 3 балабақша салынды (370 орын), 17 жекеменшік мектепке дейінгі мекеме ашылды (1399 орын).
Облыста мектепке дейінгі білім берумен жалпы қамту 2015 жылдың 1 қаңтарында 98,2% құрады (69360 бала) және өткен жылмен салыстырғанда 0,8% өсті.
Жалпы білім беретін мектептердің компьютерлік техникамен қамтылуы бір компьютерге 8 оқушы құрады. Кең жолақты Интернетке 52,1% (352) мектеп қосылған.
«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғындар денсаулығын жақсарту бойынша жұмыстар атқарылды.
Облыс тұрғындары үшін кардиохирургия, ортопедия, урология, балалар хирургі бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек қолжетімді болды, тұрғындардың мақсатты топтарына белсенді скринигтер жүргізілуде, амбулаторлық деңгейде ақысыз дәрі-дәрмек көмегімен қамтамасыз етілуде.
2014 жылы 12 ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, туберкулезге қарсы балалар ауруханасы, Глубокое ауданында орталық аудандық аурухана салынды.
Денсаулық сақтау саласында 2014 жылы әлеуметтік-маңызды көрсеткіштердің тұрақталуы байқалды. Облыс тұрғындарының болжанған өмір сүру ұзақтығы 70,77 жасқа дейін арттырылды. 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сәби өлімі 15,6% (1000 тірі туғандарға 10,8), туберкулезбен ауру – 19,4% (100 мың тұрғынға шаққанда 71,3), ана өлімі 51,7% (100 мың тірі туғандарғашаққанда 4,3) азайды, осы уақытта онкологиялық аурулар 4,7% (100 мың тұрғынға 299,0) көбейді.
Шығыс Қазақстан облысының 2015 жылғы 8 айдағы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары экономиканың тұрақты өсу беталыстарының сақталуын айғақтайды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жалпы облыс бойынша 129,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 4,1% жоғары. Табиғи көлем индексі 103,4% құрады.
Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2015 жылғы қаңтар-тамызда 244,4 млрд. теңге құрады, бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңінен 38,6% жоғары. Табиғи көлем индексі 138,6%. Тұрғын үйді пайдалануға енгізудің жалпы ауданы 172,3 мың шаршы метр құрады және 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1% артты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 91,3 млрд. теңгені, табиғи көлем индексі – 112,5% құрады.
Сонымен қоса, өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 635,9 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінің деңгейінен 11,7% төмендеуі байқалады,
Өнеркәсіп өндірісінің өнімінің нақты көлем индексі 91,2% құрады, бұл ортареспубликалық көрсеткіштен 8,2 пайыздық тармаққа төмен.
Тау кен өнеркәсібінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемінің төмендегені байқалады (табиғи көлем индексі – 83,5%). Өндірілген өнім көлемі 2014 жылдың қаңтар-тамызына қарағанда 13,2% төмендеумен 60,9 млрд. теңгені құрады. Негізгі үлесті металл рудаларын өндіру алады, оның табиғи көлем индексі 3,8% төмендеген. Төмендеу себебі әлемдік нарықтардағы асыл және түсті металдарға сұраныстың төмендеуі болып табылады.
2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібі төмендеп, 14,1% құрады. Өндірілген өнім көлемі 515,9 млрд. теңге, табиғи көлем индексі – 91,2%.
Машина жасауда өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда төмендеу байқалады (нақты көлем индексі – 57,2%). Өндірілген өнім көлемі 2014 жылғы қаңтар-тамызға қатысты 46,7% төмендеумен 74,1 млрд.теңгені құрады.
Кәсіпорынның негізгі себебі Ресей ақша бағамысының құлдырауына байланысты, ресми диллерлердің автоорталықтарында өтімнің күрт төмендеуіне көрсетеді. Ресей-қазақстан шекарасы арқылы автокөліктерді ауыстыруға қатысты 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық реттеулердегі өзгерістер. Жол полициясының қазақстан органдарымен қаңтардан бастап сәуір аралығындағы кезенде жеке тұлғалармен әкелінетін автокөліктерге ҚҚС пен акциздердің күшін жою нәтижесінде 135 мыңнан астам қолдау тапқандар және «сұр» каналы бойынша жаңа жеңіл авто есепке қойылды. Бұл цифрлар ҚР нарығындағы автоөндірушілердің ресми мүддесін ұсынатын компаниялардың сату көлемінен төрт есе артық.
Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9% өсіммен 105,5 мың бірлікті құрады.
2015 жылдың 8 айында шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындар саны 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,6% төмендеп, 14,8 мың бірлікті құрады, соның ішінде жұмыс істеп тұрғандар – 13,2% өсіммен мың бірлік, белсенді – 6,4 мың бірлік, бұл 2014 жылғы сәйкес мерзім 23,4% артық.
2015 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек тауар айналымы көлемі 355,8 млрд. теңгені құрады. Табиғи көлем индексі 104,1% құрады.
2015 жылғы қаңтар-шілдеде тауарлар экспорты 0,7 млрд. АҚШ долларын құрады және 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 35,4% азайды, импорт 30,6% төмендеумен 0,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сауда теңгерімінің сальдосы 0,2 млрд. АҚШ долларын құрады.
2015 жылғы қаңтар- маусымдағы орташа айлық номиналды жалақы 5,7% артты және 98999 теңгені құрады. Ақшалай номиналды табыстар 2015 жылғы 1 тоқсанында орташа жан басына шаққанда 55306 теңгені құрап, 7,0% артты.
Тұтыну бағаларының индексі 102,8% құрады, бұл 2014 жылдың ұқсас мерзімінен 2,6 пайыздық тармаққа төмен.
Бағалар индексі азық-түлік тауарларына 100,5%, азық-түлік емес тауарларына - 101,2%, тұрғындар үшін қызмет 106,9% деңгейінде қалыптасты.
2015 жылдың 8 айында мемлекеттік бюджетке түсім 108,8 млрд. теңгені құрады, орындалу 110,6% құрады, өткен жылдың сәйкес мерзіміне өсу қарқыны– 97,7%.
Жергілікті бюджетке түсім көлемі 2014 жылғы сәйкес мерзімге 4,7 % өсіммен 53,8 млрд. теңгені құрады.
Экономикадағы ішкі сұраныс және инвестициялық белсенділікті қолдау көздерінің бірі мемлекеттік бюджет шығындары болып табылады. 2015 жылғы қаңтар-тамызда мемлекеттік бюджет шығындары 162,9 млрд. теңгені құрады және 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,7% - ға азайды.
Әлеуметтік салада мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының 22,9%, тұрғын үй көмегін алушылар саны 10%, балаларға берілетін жәрдемақы алушылар санының 0,1% пайызға төмендеуі байқалады.
Жұмыссыздық деңгейі өткен жылғы деңгейге қарағанда 0,1 пайыздық тармаққа төмендеп 4,9% құрады.
Үнемсіз жұмыспен қамтамасыз етілген тұрғындарды, соның ішінде босатылған жұмысшылар, мүгедектер мен аз қамтылғандарды жұмыспен қамтуға ықпал ету үшін тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал едутің Кешенді жоспары жүзеге асырылуда.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыруға 3,7 млрд. теңге бағытталған. Бағдарлама шеңберінде 5795 адам жұмысқа орналасты, бұл жүгінген азаматтардың жалпы санының 85% құрайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 934 адам, жастар тәжірибесіне 737 адам, кәсіптік оқытуға 91адам жіберілді.
Ағымдағы жылдың 8 айында мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша 1985 орын берілген, 2 балабақша (420 орын), 11 жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер ашылған (1565 орын).
3 тен 6 жасқа дейінгі жастағы мектепке дейінгі балаларды оқытумен қамту 99%, 1 жастан 6 жасқа дейін - 86,6% құрайды.
Ағымдағы жылы 3 ауылдық дәрігерлік амбулатория мен облыстық қан құю орталығы салынды. Жыл соңына дейін Семей қаласында жедел медициналық көмек стансасы және 6 ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ашылады.
Дәрігер кадрларға тапшылық 60% төмендеп, 134 адамды құрады.
Сәби өлімі көрсеткіштері 13,1%, туберкулезбен ауру 18,6% төмендеді. Сонымен бірге онкологиялық аурулар 2,5% (100 мың тұрғынға 197,2) көбейді және үш ана өлімі жағдайы тіркелді.
Мәдениет саласына 6 млрд. теңге бағытталған, соның ішінде 70,5 млн.теңгеден астамы материалдық-техникалық базаны нығайтуға
Өскемен қаласындағы Драма театры пайдалануға берілді. 23 ірі мәдени іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Облыстың экономикалық дамуының перспективадағы негізгі басымдылығы қолда бар шикізат ресурстарын олардың кешенді қайта өнделуін қамтамасыз ете отырып толық пайдалану, өнімдердің жоғары дайындық дәрежелі жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті түрлерін шығаруға бағытталуымен, инновациялық өндіріс пен жаңа технологияларды енгізумен облыстың мамандануының негізгі салаларын жаңарту арқылы өнеркәсіп өндірісін жандандыру, агроөнеркәсіп кешенін және туризмді дамыту болып табылады.
Осының барлығы перспективада металлургия, қарқынды дамыған өңдеу өнеркәсібі саласындағы, инновациялық экономиканың жаңа салаларындағы өңірдің түсті металдарды өндіру және қайта өндеу, технологияны әзірлеу және тәжірибелі өндеудің ірі орталығы ретінде өңірдің рөлін күшейтеді.
Өнеркәсіп. Облыс перспективада да өнеркәсіптің барлық дерлік кіші салаларындағы ірі, орта және шағын кәсіпорындары шоғырланған әртараптандырылған экономикасы бар Қазақстанның өнеркәсіптік дамыған өңірлерінің бірі болып қалады.
Таулы металлургия саласын дамыту. Өнеркәсіп өндірісінің негізгі үлесі дәстүрлі түрде металлургия саласының еншісіне тиеді (саладағы үлес салмағымен (54%). Аталған саланың ірі кәсіпорындарына «Казцинк» ЖШС, «Востокцветмет» ЖШС, «ФИК «Алел» АҚ, ДТОО «ГРП Секисовское» СЖШС жатады.
«Казцинк» ЖШС өнеркәсіп алаңдары облыстың бірқатар қалалары үшін, жекелеп айтқанда Өскемен, Риддер, Зырян қалалары қалақұраушы болып табылады.
«Востокцветмет» ЖШС филиалдары облыстың бірқатар аудандары үшін, жекелеп айтқанда Бородулиха, Глубокое және Шемонаиха аудандары үшін қалақұраушы болып табылады.
Семей қаласында «ФИК «Алел» ЖШС, «Жерек» ЖШС сияқты кәсіпорындар алтын өндіріп, шығару бойынша өз қызметтерін жүзеге асыруда.
Областа көмір шығаратын үш кәсіпорын бар. «Қаражыра» ЖШС (Семей қаласы) ірі кәсіпорын болып табылады, «Сайқан» (Зайсан қ.), «Фирма Мадина» ЖШС (Үржар ауданы). 2014 жыл қорытындысы бойынша кәсіпорындармен
6 309,9 мың тонна тас көмір өндірілген.
Соңғы жылдары облыс аумағында негізінен екі ірі кен пайдаланушылармен - «Казцинк» ЖШС және «Востокцветмет» ЖШС 9 кен орындарымен құрамында мыс, қорғасын, мырыш, алтын, күміс бар полиметал кендері өндіріледі.
Бұл Ленинагор кен ауданындағы Риддер-Сокольный, Тишинск, Юбилейно-Снегирихинский, Шубинск, Зырян кен ауданындағы Малеев, Ертіс жанындағы кен ауданында Орлов, Николаев, Артемьев кен орындары.
Қазақстан Республикасында бірқатар жобаларды, сонымен қоса Қазақстан Республикасы индустриалды-инновациялық даму Бағдарламасын жүзеге асыру арқылы таулы - металлургия кешенін қолдау және өнеркәсіптік әлеуетін арттыру жоспарлануда.
Машина жасау кешені.
Облыста машина жасау өнімін шығарып, машиналар мен жабдықтарды жөндеп, орнатуды жүзеге асыратын 200 астам шаруашылық субъектісі белсенді жұмыс істейді.
Кәсіпорынның барлық түріндегі өнеркәсіп өндірісінің құрылымында үлес салмағының ең үлкенін 18 ірі кәсіпорын алады, олардың машина жасау көлеміндегі үлесі 80% астамын құрайды.
«Азия Авто», «Казцинкмаш», «Өскемен арматура зауыты», «Востокмашзавод», «Өскемен конденсатор зауыты», «КЭМОНТ», «Семмашзавод», «Семей инжиниринг», Гидросталь, «Казэлектромаш», «СемАз», «Машзавод», «Первомай механикалық зауыты» және тағы басқалары жетекші кәсіпорындар болып табылады.
Өңдеу өнеркәсібінде машина жасаудың үлес салмағы 2012 жылы 16,2% дан 2014 жылы 23,5% артты. Машина жасаудың республикалық көлемдегі үлесі ШҚО 25% құрайды.
Бүгінгі күнде аймақ мұнай-газ, таулы-металлургия, ауылшаруашылық, көлік, электротехникалық машина жасау сияқты өнеркәсіп өндірісінің басым бағыттары бойынша маңызды әлеуетке ие.
Салалық кәсіпорын мұнай кәсіпшілігі, тау-шахталы және металлургиялық құрал-жабдықтарды, жеңіл және ауыр автокөліктер, автобустар, доңғалақты тракторлар, конденсаторлар мен басқа да электротехникалық өнімдер, барлық мүмкінді модификациялық насостар, кабельдік өнімдер және басқа да көптеген құрал-жабдықтар шығарады.
Машина жасауда өндіріс көлемінің басты үлесін (70%) Өскемен қаласының кәсіпорындары енгізеді, соның ішінде «Азия Авто» АҚ үлесі 2014 жылы саланың жалпы көлемінің 52,3% құрады. Семей қаласының жалпы облыстық өндіріс көлемінің 14,3%, Риддер қаласы - 7%, Зырян ауданы – 3,2%, Шемонаиха ауданы – 1,9%, Аягөз ауданы - 1,2% құрайды.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде кәсіпорындарға көрсетілген қолдау және алдыңғы қатарлы технологиялар мен құрал-жабдықтар енгізу машина жасау саласанда өңір өсуінің көшбасшысы болуға мүмкіндік. Соңғы 3 жылда машина жасау өнімін өндіру көлемінің өсуі в 1,7 есеге артып, 2014 жылы көлемі 217,1 млрд.теңгеге жеткізілді. Нақты көлем индексі – 102,1%.
Табиғи көрсеткіште өндіріс көлемінің 2013 жылға біршама артуы «АЗИЯ АВТО» АҚ автомобиль шығарудың 7% төмендеуімен байланысты болды.
2014 жылғы қазан-қарашада ресей рублінің құлдырауы салдарынан өндіріс құлады. Үлкен бағалық инерцияларды ескере келе, қазақстандық автонарықты бәсекеге қабілетсіз еткен РФ мен ҚР арасында жаңа және ұсталған автомобильдерге айтарлықтай бағалық айырмашылық қалыптасты. Зауытта жағдайды жақсарту тұрғындарды жеңілдетілген автонесиелеуге (15 миллиард теңге) және Ресей нарығында шығуға мүмкіндік туғызады (19 млн.адамнан астам тұрғындарымен Сібір федеральді округі).
Өңір экономикасы үшін құрылыс индустриясын дамыту басым сала болып табылады. Облыста карбонат және балшықты шикізат, бентонит, керамзит, кірпіш балшығы және құрылыс тасы кен орындары шоғырланған.
Өңірде құрылыс материалдарының өндірісімен шамамен 300 кәсіпорын айналысады (цемент, керамикалық, силикат және шлак кірпіш, асбоцемент бұйымдары, шифер, тауарлы бетон, бетоннан құрылыс құрылғылары, керамикалық бұйымдар, тастан жасалған бұйымдар, пластмасса трубалары, металчерепица, пластамасса бұйымдары, құрғақ құрылыс қоспалары, лак бояу материалдары және басқа). Бүгінде технологиялық құрал-жабдықтарды және қолданыстағы технологияны сапалы және бәсекеге қабілетті өнім өндірісін қамтамасыз ету үшін замануи түрлеріне ауыстыру бөлігінде өндірісті жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс материалдарын өндірудің жыл сайынғы өсімі ішкі нарықта, әсіресе тұрғын үй нарығындағы біркелкі сұраныспен қамтамасыз етілген.
Индустрияландыру картасы шеңберінде 2 жобаны іске асыру жоспарлануда, соның ішінде «Семей асбест цементті бұйымдар зауыты» ЖШС базасында «Автокланды газбетон өндірісі» (инвестиция көлемі – 303 млн.теңге, пайдалану мерзімі - 2015 жылдың ІІ жартыжылдығы), сонымен қоса «№1 Семей ағаш өңдеу зауыты» базасында «Жұқа тақтай өндірісін ұйымдастыру жобасы (инвестиция көлемі – 1 963 млн.теңге, пайдалану мерзімі – 2016 жыл).
Ағаш өндеу саласы. Бизнес-регистрінің мәліметтері бойынша облыста 59 ағаш өңдеу өнеркәсібінің 59 кәсіпорны, соның ішінде 3 орта «Мелиса» ЖШС (Ағаштан жасалған бұйымдар өндіру), «Фаворит» ЖШС (жұқа тақтай мен шпондар өндіру) және «Жаңа Семей Шпал зауыты» АҚ (шпал даярлау), және 56 шағын бизнес кәсіпорындары жұмыс істейді.
2014 жылы саладағы өндіріс көлемі 5069,4 млн.теңгені, нақты көлем индексі 2013 жылғы деңгейден 97,5% құрады.
Кесілген ағаш өндіру 17,7%, шпал 7,9%, даяр ағаш бұйымдары 90%, ыдыстар 5,2% азайды.
Өндіріс көлемі бойынша Семей қаласы алда келеді, оның жалпыоблыстағы көлемінің үлесі Өндіріс көлемі бойынша шпал өндіру есебінен Семей қаласы алда келеді, оның жалпы облыстық көлемдегі үлесі 46,8% құрайды, Өскемен қаласы - 25,7%, Риддер қаласы - 8,6%, Зырян ауданы - 8,4%, Жарма - 6,7%, Глубокое - 5,9%, Шемонаиха үлесі- 2,4%. Бесқарағай, Зайсан, Катонқарағай, Күршім аудандарының ағаштан жасалған бұйымдарының өнеркәсіп өндірісінде үлесі шамалы.
«Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы бойынша келесі жобалар іске асырылуда:
«Фаворит» ЖШС - «Жұқа тақтай өндірісін жаңалау», Зырян ауданы, Зубовка кенті;
«Мелисса» ЖШС- «OSB өндірісі бойынша жабдықтар сатып алу»
Маликов В.В. ЖК - «Ағаш бұйымдары өндірісі бойынша жабдықтар сатып алу».
Жоғарыда аталғандардан басқа жиһаз шығару бойынша 7 жоба жүзеге асырылуда.
Ағаш өңдеу өндірісінің негізгі мақсаты - ағаш даярлау мен ағаш өңдеудендан қалған қалдықтарды максимальді пайдаланумен ағашты тереңдеп өңдеу. Өңдеудің белгілі технологияларын ескере келе, облыстың бар ағаш қорларының тұқымдық құрамына сүйене отырып, облыс үшін целлюлозадан брикеттерге дейін және пиролиз өнімдерін әртүрлі мақсаттар үшін плиталы өндіріс пен ағаш массаларын қолданатын өндіріс тартымды болып табылуы мүмкін.
Оны шешу үшін орман өнеркәсіп кешенін тиімді қалпына келтіру мақсатында қолданыстағы заңнаманың келесі бөлігін қайта қарастыру қажет:
- домалақ орман мен сексеуіл ағаштарынан басқа орман даярлау өнеркәсібінің аумағын орнатып, қалған орман өнімдерінің экспортынан шектеулерді алып тастау. Экспорттан тосқауылды алып тастау шағын бизнестің тез жандануына мүмкіндік туғызады. Ресей ағаштарын әкелу және біртіндеп өңдей отырып, ішкі және әсіресе сыртқа нарық үшін қазақстандық өнім алу;
- кесу құқығына төлемдерді арзандату (РФ мен БР сәйкес шығындарын бес есе арттырумен орманның өзіндік құны 20% дейін құрайды).
Индустрияландыру картасы. Жақындағы бес жылға перспективада өңірдің өнеркәсіп дамуының көрсеткіштер өсімінің серпінін сақтауға бірінші кезекте ШҚО индустрияландыру картасы шеңберінде енгізілген жобаларды жобалық қуатқа шығару және жаңаларды енгізу әсер етеді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша индустрияландыру картасын іске асыру бастамасының кезеңіне 846,2 млрд. теңге құнымен 76 жобаны қосады. Индустрияландыру картасын іске асыру кезінен облыста 213 млрд. теңге жалпы сомаға 46 инвестициялық жоба іске асырылды. 7 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
2015 жылы 1000 астам тұрақты жұмыс орнын құрумен 13,6 млрд. теңге сомаға 13 жоба енгізу жоспарланды.
Облыстың Индустрияландыру картасына 2015-2019 жылдары іске асыру мерзімімен, 178,5 млрд. теңге жалпы құнымен, 5000 астам тұрақты жұмыс орнын құрумен 28 индустриялық жобасы қосылды.
Индустриялық – инновациялық дамудағы екінші бесжылдықтың ең маңызды жобалары болып табылады:
-
«Өскемен қ. автокомпоненттер өндірісі бойынша толық циклды автозауыт және технопарк салу» Азия Авто Қазақстан" АҚ. Жобаның жалпы құны 112, 8 млрд. теңге. Толық қуатқа шыққанда 4 мың жұмыс орны құрылады (жылына 120 000 автокөлік) ;
-
«Ақтоғай ТКБК құрылысы» «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС. Жобаның жалпы құны 244,5 млрд. теңге. Өндірістің қуаты: жылына концентратта 85 000 тонна мыс және 25 000 тонна катод мысы, 1500 жұмыс орны. Пайдалануға беру 2018 жылы. Игерілген инвестициялар көлемі 78% құрады. Құрылыста нақты жұмыс істейді: 1300 адам.
-
жылына 2 млн. тонна кен өнімділігімен тау – кен байыту кешенін салу («Бақыршық тау - кен өндіру кәсіпорны» ЖШС) құны 80 млрд. теңге, іске асыру мерзімі 2018 жыл;
-
«Қаршыға» кен орнында тау – кен байыту кешенін салу («ГРК МЛД» ЖШС), құны 17,4 млрд. теңге, іске асыру мерзімі 2017 жыл;
-
«Сат Никель» ЖШС кобальт-никелді өнім алу бойынша зауыт салу, құны 29,9 млрд.теңге, іске асыру мерзімі 2018 жыл;
-
«Алтай Кен-Байыту» ЖШС алтын шығару фабрикасында кенді қайта өңдеу көлемдерін ұлғайту, құны 16,2 млрд. теңге және іске асыру мерзімі 2016 жыл;
-
Тұрғысын су электростанциясын салу («Тұрғысын – 1» ЖШС) құны 9,2 млрд. теңге, іске асыру мерзімі 2016 жыл.
Инновациялық қызметті жандандыру семинарлар, кеңестер, форумдар аясында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы механизмдері туралы ақпараттандыру жолымен жүзеге асырылатын болады.
Шетел делегацияларының іссапарлары аясында салалық және өңірлік Технопарктерді дұрыс таныту жақын және алыс шет елдерінің арасындағы ғылыми-техникалық және инновациялық серіктестіктерді кеңейту мақсатында тұрақты негізде жүзеге асырылып отырады, бұл басым инновациялық жобаларды бұдан әрі іске асыру үшін жаңа өндіріс құруға және инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.
«Металлургия орталығы» құрамында тәжірибе-сынақ учаскелері кешенін пайдалануға беру ғылыми-техникалық және тәжірибелік-өнеркәсіп зерттеулерді және сынақтарды орындауға мүмкіндік береді. Металлургия орталығы минералды шикізаттарды байытудың, пирометаллургиялық процестердің, көмір және құрамында көмір бар материалдарды өңдеудің, сусымалы материалдарды және ықшам бұйымдарды, ұнтақ металлургиясын қалыптастырудың жаңа технологияларының технологиялық регламенттерін әзірлеу үшін ірі тоннажды сынақтар өткізуге мүмкіндік береді.
Инновациялық саланы әрі қарай дамыту өңірдің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыруға негізделетін болады, оған салалық және өңірлік технопарктер («Алтай» технопаркі, «Ядролық технологиялар саябағы» АҚ), құрастырушы бюро, ғылыми-зерттеу ұйымдары (университеттер, КазГИПРОцветмет, ВНИИцветмет), Ұлттық ядролық орталық, сондай-ақ «Ертіс» ӘКК және Облыстың индустриялық аймақтары жатады.
Көлік – логистика жүйесін дамыту (бұдан әрі – КЛЖ). Мемлекет басшысымен 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның көлік – логистика инфрақұрылымын дамыту үшін негізгі міндеттер қойылған, осындай сияқты: хаб принцибі бойынша Астанамен және өзінің арасында сәуле принцибі бойынша магистральді автокөлік теміржол және әуе желілерімен байланысты үлкен өңірлерді қалыптастыруды жүзеге асыру үшін Қазақстанның өңірлері арасында көлік – логистика инфрақұрылымды дамыту, сондай – ақ міндет қойылды, 7 негізгі автожол жобаларын іске асыру, соның нәтижесінде халықтың алдында елдің ішінде көліктік желілерін кең пайдалану мүмкіндіктері ашылады.
Шығыс Қазақстан облысының қолайлы географиялық орналасқан жері республиканың логистикалық құрастыратын дамыту элементтерінің бірі ретінде өңірде Қазақстанан Ресей Федерациясына жолында КЛЖ құру түрінде белсенді талқылау себебі болды.
Шығыс Қазақстан облысында КЛЖ құру өзектігі өңірде терминалды – қойма инфрақұрылымы және заманауи логистикалық сервисі жоқ, шекарадағы өткізу пунктері дамымағанына байланысты.
КЛЖ автожол магистралдары, теміржолдар, әуежайлардың жоғары сапасын, қажетті жоғары сапалы коммуникациялық желілері мен (интернет, байланыс) коммуналдық желілерін қарастыратын (электрмен қамту, сумен қамту және тағы басқа) жақсы қосалқы инфрақұрылымның бар болуын болжамдайды.
Көлік - логистика орталығы өз кеңістік – жоспарлық ауданында маңызды рөлін ойнау қабілеті бар, бірақ аталған ауданның шегіне жылжыйтын халықаралық, транзиттік, экспорттық және импорттық жүктермен тиімді және сапалы жұмыс үшін көлік-логистика орталығын құру қажет.
Шығыс Қазақстан облысында КЛЖ дамытудың негізгі бағыттары болып табылады:
-
Семей қаласында логистика хабын құру;
-
Қытайдан екі шекаралас автокөлік өткелін дамыту (Бахты және Майқапшағай);
-
Шемонаиха қ. Риддер қ. Бородулиха ауданы Ауыл а. Ресей Федерациясымен сауданың шекаралас аймағын дамыту;
-
жаңа кәсіпорындар, өндірісітік қуаттар және жұмыс орындар құру;
-
облыс әуежайларының инфрақұрылымын қайта құру, жаңғырту, дамыту, соның ішінде Өскемен және Семей қалалары, оларды ИКАО халықаралық талаптарына сәйкес келтіру және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Облыста Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша өңірлік іс - шаралар жоспары әзірленді және бекітілді, соның шеңберінде 2020 жылға дейін 8,8 млрд. теңгеге 84 км автожолын қайта құру және салу жоспарлануда, күрделі жөндеу - 24,5 млрд. теңгеге 279 км, орташа жөндеу - 11 млрд. теңгеге 607 км. Жобалар жыл сайын бөлінетін қаражаты шеңберінде іске асырылады.
Инфокоммуникациялық инфрақұрылымда «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламаны іске асыр үшін жұмыс жалғасады. Осы саланы дамыту мақсатында АКТ тұтыну, қолдану және оларды жергілікті ұстауды айтарлықтай ұлғайту бойынша міндет тұр. Телекоммуникациялар саласының беталысы жоғары жылдамдықты, оптикалық және сымсыз технологияларға негізделетін инфрақұрылымды дамыту, АКТ қызметтерін халыққа және ұйымдарға ұсыну, телерадиохабар таратудың цифрлы технологияларын енгізу және дамыту, сондай – ақ жергілікті телефон байланысының цифрлау деңгейін арттыру болып табылады.
Телекоммуникация нарығында тіркелген телефон байланысын ұялы байланысқа ауыстыру беталысы байқалуда.
Телекоммуникация саласын дамытудың негізгі міндеті - осындай CDMA/EVDO, FTTH, 3G и 4G сияқты заманауи технологияларын пайдаланумен Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділігі қызметтерімен халықты қамтамасыз ету болып табылады.
Электр энергетикалық кешен. Электр энергетикасындағы экономикалық саясаттың мақсаты облыс экономикасының электр энергиясына қажеттілігі мен энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету болады.
Алдын ала бағалау бойынша 2016-2019 жылдары электр энергиясын өндіру 7,5 млрд. кВтсағ. тұтыну көлемінде 8,5 млрд. кВтсағ. құрайтын болады.
Тұрғысын ГЭСі және Өскемен ЖЭС № 12 турбинасының құрылысы, Семей қаласының ЖЭО-3 құрылысы және Шүлбі ГЭС-нің контрреттеушісі Бұлақ ГЭС-і құрылысының жобасын бастау жоспарланып отыр.
Баламалы энергетиканы дамыту бойынша саясат елдің электр теңгерімінде энергияның (кіші суэлектрстанциялар, күн қондырғылары) жаңартылатын көздерінің үлесін арттыруға бағытталатын болады. 2020 жылға жел электр станцияларының құрылысы бойынша жаңа қуаттылық енгізу жоспарлануда.
Энергия үнемдеу саласында ішкі жалпы өнімнің энергия сыйымдылығын 2015 жылға 10% және 2020 жылға 25% кем емес төмендетуді қамтамасыз ету қажет.
Шығыс Қазақстан облысының энергия тиімділігін арттырудың 2016-2020 жылдарға арналған Кешендік жоспары шеңберінде энергия үнемдеу саласында заңнамалық, ұйымдастырушылық, ғылыми, техникалық, экономикалық және қаржылық шаралар қарастырылған.
Сондай-ақ Кешендік жоспар аясында электрэнергетиканы қоса алғанда өнеркәсіптің энергияға қажеттілігін төмендету үшін жүйелік шаралар әзірленетін болады. Энергия ресурстардың өндірістік емес шығындарын қысқарту үшін тұрғын үй және бюджеттік секторларда энергия аудиті жалғастырылатын болады.
Облыстың бәсекеге қабілетті мамандануының бірі - атом энергетикасы және ядролық зерттеулерге арналған отын өндірісі болуы тиіс.
«Ядролық технологиялар паркі» (Курчатов қаласы) салалық технопаркінің әлеуетін пайдалану қажет, ол радий - 226 және актиний - 225 радиоизотоптарының ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық өндірісін құрудың бастамашысы болып табылады.
Өңірде нақты сектордың жоғары технологиялық ірі және орта кәсіпорындарының болуы өңір экономикасы үшін маңызды басымдылық болып табылатын тиісті ғылыми инфрақұрылымды дамытуды қажет етеді. Бүгінде салалық және өңірлік технопарктер, бірқатар ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдары жұмыс істейді, металлургия орталығы, индустриялдық және арнайы экономикалық аймақтар құрылуда.
Барлық қолда бар инфрақұрылымның негізгі міндеті - біздің қажеттіліктерге сәйкес жаңа технологиялық құралдар мен технологиялық процестерді дамыту, оларға тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар өткізе отырып, ары қарай өндіріске енгізу және игеру, сондай-ақ оны Қазақстанның басқа аумақтарына тарату болып табылады.
Туристік саланы дамыту бойынша саясат туристік өңір ретінде тартымдылықты дамыту үшін инфрақұрылымды құру және дамыту, Шығыс Қазақстан облысының беделін қалыптастыру жолымен туризм индустриясын тұрақты дамытуға бағытталатын болады.
Облыста емдеу-сауықтыру, экологиялық, мәдени-танымдық, шаңғы туризмін дамыту үшін барлық мүмкіндіктер мен ресурстар бар. Облыстағы туристік базаны 331 нысан құрайды.
Қазақстан индустриялық дамыту институты «IPK International» (Германия) халықаралық консалтингтік компаниясымен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысының туризмін дамытудың кластерлік бағдарламасының шебер-жоспарын әзірлеген (2013 жылғы 7 қарашадағы № 350) (бұдан әрі - Шебер-жоспар).
Өңірдің туристік саласын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасы жасалған. Оған жалпы соммасы 3,9 млрд.теңгеге жол шетіндегі сервис, тау-шаңғы кешені, ресторандар, қонақ үйлерді қосқанда 50 инвестициялық жоба кіреді. Өңірдің туристік саласын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру 15 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 10 мың жаңа төсек орынды қатарға қосуға мүмкіндік туғызады.
2016-2020 жылдары өңірде туризмді дамыту Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспары, Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Көрсетілген құжаттарға сәйкес, өңірде туризмді дамытудың басымдылықтары: дамудың кластерлік моделі, меркетингтік шаралар тиімділігін дамыту, секторларда еңбек өнімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады.
Агроөнеркәсіп кешені әлеуетін қалпына келтіру және дамыту (АӨК). Тұрғындардың ауыл шаруашылығы өнімдеріне қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мақсатында облыста 2015-2019 жылдары мыналар көзделген:
өсімдік шаруашылығында:
құрылымын оңтайландыра және ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді әртараптандыра отырып, егіс алқаптарын жыл сайын ұлғайту, күнбағыс егісін 2,5-3 есе бір уақытта азайта отырып, рапс және соя сияқты жоғары түсімді дақылдар құрылымын оңтайландыру және егісін әртараптандырып егіс алқаптарын жыл сайын ұлғайту. 2019 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын 1,3 млн.га дейін жеткізу;
ауыл шаруашылығы дақылдарын прогрессивті технологиялар бойынша өсіру алаңдарын ұлғайту;
ауыл шаруашылығы техникасы паркін жыл сайын 3,5-3,8 млрд. теңгеге жаңарту;
су шаруашылығы имараттарын қайта жаңарту есебінен суарылатын жерлерді 20 мың га кеңейту және 2019 жылы 110 мың га жеткізу.
мал шаруашылығында:
тауарлы сүт фермаларын құру және кеңейту, сүт өндірісі бойынша отбасылық фермалар құру бойынша жұмысты жалғастыру. 2015-2016 жылдары аралығында 9 жаңа тауарлы сүт фермасының құрылысы мен 28 ТСФ жаңалау көзделуде. Бұл облыстағы сүт өндірісін қосымша 21 мың тоннаға ұлғайтуға және оның фермалардағы өндірісінің көлемін 75 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді;
«Етті мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыруды жалғастыру. Жыл сайын 2-3 қосымша асыл тұқымдық репродуктор ашылады, шетелдік селекцияның 2,5- тен 3 мың басқа дейін ІҚМ тұқымдық жас төлі әкелінеді, 42 ден аса бордақылау алаңы пайдалануға енгізіледі. Ет өндірісінің өсімі 2019 жылы жалпы өндіріс көлемінен 18-20% құрайды;
өнеркәсіптік құс шаруашылығын дамыту үшін 2016-2019 жылдары «жылына 30 мың тонна құс етіне арналған Үржар бройлер құс фабрикасы» құрылысы жоспарлануда;
тұқымдық марал шаруашылығы мен омарта шаруашылығын одан әрі дамыту.
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өндеу бойынша:
индустриялық-инновациялық технологияларды енгізе отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу бойынша қосымша қуаттар құру және енгізу есебінен тамақ және қайта өндеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті өнімінің өндірісін одан әрі дамыту және шығару және соның негізінде қайта өндеудің үлес салмағын ұлғайту. 2019 жылы тауар өнімінің көлемі 85 млрд. теңге құрайды.
Аталған саланы дамыту жоғары технологиялық инвестжобаларды іске асыру арқылы қол жеткізіледі, мысалы:
«Қазақстан-иран компаниясымен кейіннен тереңдетіп қайта өңдеумен ет өңдеу комбинатының құрылысы» Семей қаласы "АгроПортал" ЖШС. Құны 4550 млн. теңге;
«Ет комбинатының құрылысы "Евразия АгроХолдинг» ЖШС Аягөз ауданы. Құны 3600 млн. теңге;
«Ет комбинатының құрылысын аяқтау». Ұлан ауданы «Болашақ» ЖШС Құны 300 млн. теңге;
«Тауарлы сүт фермасын кеңейту» «Новая Заря» ЖШС Бородулиха ауданы, құны 200 млн. теңге;
«Ерікті сүт сауу жүйесін енгізу мен ирригациялық айналмалы жылыжымалы құрылығыны пайдалану жолымен жетшөп базасын нығайту» «Е. Зайтенов» ШҚ Бородулиха ауданы, құны 303 млн. теңге;
«600 басқа арналған ТСФ құрылысы» «ОХМК» ЖШС Глубокое ауданы. Құны 1665 млн.теңге;
«Бекіре тұқымдас балық, «Бестер» буданы (ақсерке мен сүйрек будандары)» икрасы мен етін өндіру, 2 саты «Ost Fish» ЖШС Ұлан ауданы, құны 1623 млн. теңге.
Көзделген шаралар ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің жыл сайын 5-7 % өсуін және осының негізінде өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорттық АӨК арттыруға мүмкіндік береді.
Халықты жұмыспен қамту.
Тұрақты және өнімді жұмыспен қамтылуға қолдау көрсету арқылы халықтың табысын жоғарылату үшін «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын толық көлемде іске асыру жалғастырылады.
Бағдарлама шеңберінде инфрақұрылым мен ТКШ дамыту, ауылдық кәсіпкерлікті дамыту, тірек ауылдарын кешенді дамыту, еңбек әлеуетін дамыту жолымен тұрғындарды тұрақты және продуктиті жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекке орланасуға ықпал ету және еңбек ресурстарының кәсіби және аумақтық мобильділігін арттыру бойынша іс-шараларды қаржыландыру жалғастырылуда.
Еңбек нарығын болжау тиімділігін арттыру үшін еңбек қорлары балансын қалыптастыру арқылы өңірдің Жол картасы жүзеге асырылатын болады (сұраным мен ұсыныс).
Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту және тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын сапалы жаңарту.
Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау жалғастырылатын болады.
Сондай-ақ, тұрғын үй қорын жақсартуға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, сумен қамту және су бұру жүйесін дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасында 2011–2020 жылдарға арналған Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, 2011–2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламаларын іске асыру жалғастырылады.
Әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру.
Әлеуметтік саланы әрі қарай жетілдіру мақсатында білім беру мен «Балапан» мемлекеттік бағдарламалары іс-шараларын қаржыландыру жалғастырылатын болады.
Сапалы, қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғастырылатын болады.
Медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында облыстың медицина қызметкерлерінің шетел клиникаларында біліктілігін арттыру, сонымен қоса мастер-сыныптар өткізу үшін шетел мамандарын шақыру бойынша жобаларды жүзеге асыру жалғастырылуда.
Облыста көрсетілетін қызметтерді жақсарту жолымен мәдениет саласы ұйымдарына келушілердің санын арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Сондай-ақ, дене шынықтыру және бұқаралық спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту бойынша іс-шаралар қаржыландырылады.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету оларды одан әрі электронды нысанға ауыстыру жолымен қол жетімділігі мен сапасын арттыру бойынша іс-шаралар қаржыландырылады.
Өңірлік даму.
Облыстың өңірлік даму саясаты еліміздің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыруға, тұрғындар мен капиталдың экономикалық өсім орталықтарында шоғырлануын ынталандыруға бағытталатын болады.
Өскемен және Семей қалаларының облыс орталықтары, моноқалалар, шағын қалалар, аудан орталықтары мен тірек елді мекендері тұрғындар және шаруашылық субъектілері үшін тартылыс орталығы мен өсу нүктесіне айналатын болады.
Моно - және шағын қалаларда жобаларды жүзеге асыру кешенді даму жоспарында анықталған жаңа персективалық экономикалық мамандануға сәйкес жүзеге асырылатын болады. Осы қалалардың экономиканың диверсификациялануы жергілікті еңбек нарығында айқындалады, өңір үшін тұрғындармен жаңа мамандықтар мен маманданулар игерілетін болады.
Шекаралас өңірлердің экономикалық дамуы шекаралас елдермен сауда-экономикалық, өндірістік және мәдени байланыстардың жандануымен тығыз байланыста болады.
Мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі құралы өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бірыңғай Бағдарламасы болып табылады. Аталған бағдарлама шеңберінде тұрғындардың өмір сүру сапасын жоғарылату (тіршілік етуді қамтамасыз ету инфрақұрылымының дамуы – энергия және жылу көздері, газ, жылу, электрмен қамту, сумен қамту және су бұру), функционалдық мамандануына сәйкес өңірлердің экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасалады.
Бағдарламаның іске асырылуы өңірлер, қоғамдық бірлестіктер, бизнес және сараптама қауымдастығының рөлдерін жоғарылатумен қатар жүреді.
Индустриялық-инновациялық дамыту
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру экономиканы одан әрі әртараптандыру және жаңғыртудың басты құралы болып қалады.
Бұдан басқа, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекетттік бағдарламасын, соның ішінде экономиканы энергетикалық, көліктік және газ инфрақұрылымдарымен қамтамасыз етуді, арнайы экономикалық аймақ құруды қоса алғанда, «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020», салалық бағдарламаларын іске асыру үшін қабылданған бағдарламалардың іс-шаралары басым түрде қаржыландырылатын болады.
Агроөнеркәсіп кешенін қолдау жөніндегі іс–шараларды қаржыландыруға басты назар аударылатын болады.
Экономиканың аграрлық секторын диверсификациялау үшін Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылатын болады. Бағдарлама шеңберінде фермерлерді қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту, етті мал шаруашылығын дамыту, сонымен қоса жемшөп өндірісін дамыту бойынша іс - шаралар қабылданатын болады.
Шағын және орта бизнестің дамуын қолдау.
Шағын және орта бизнестің дамуын қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасын қолдау және дамыту» Бірыңғай бағыты шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету жалғастырылады. Кәсіпкерлерді
10 млн.теңгеге дейін шағын несиелендіру, шағын қаржыландыру ұйымдарын шағын несиелеу мен ішінара кепілдендірілген қарыз ақшаны субсидиялау, бизнестің орын ауыстыруына байланысты шығындарды өтеу сияқты жаңа қаржылай қолдау инструменттері енгізілетін болады.
Инвестициялық саясаттың басымдықтары.
Алдағы кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясат 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет басшысымен берілген бағдарламалық құжаттары мен тапсырмаларда анықталған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталады.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін интеллектуалдық және инфрақұрылымдық негіз құратын салалар басым болады.
Орта мерзімді перспективада мемлекеттің бюджеттік инвестицияларының негізгі бағыттары мына салаларда болады.
Инфрақұрылымдық даму. Аталған бағдарлама аясында «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларының, сондай-ақ энергетиканы, көлікті қоса алғанда ҮИИДМБ іске асыруға қабылданған басқа да салалық бағдарламаларының іс-шаралары басымдылықпен қаржыландырылады.
Халықтың өмір сүру жағдайын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету арқылы жақсарту. Осы бағыт шеңберінде бірінші кезекте 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы, 2011-2020 жылдарға арналған ҚР Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша жобалар іске асырылатын болады.
«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасаы шеңберінде қолжетімді арендалық және кредиттік тұрғын үй құрылысы арқылы тұрғын қорын арттыру жоспарлануда.
Әлеуметтік саланы дамыту. Аталған бағыты шеңберінде Қазақстан Республикасының білім беру және денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» 2016 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2011 - 2020 жылдарға арналған «Балапан», « Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іс – шараларын қаржыландыру жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау жүйесін дамыту бюджетінің негізгі мақсаты салынып жатқан жаңа денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға беру болып табылады, отбасылық дәрігерлік амбулаториялар салу жалғастырылады.
Білім беру саласында жаңа мектептерді салу есебінен мектепке дейінгі ұйымдар желілерін кеңейту, апатты мектептерді жою, оқушы орындарының жетіспеушілігін қысқарту және бейімделген үй-жайларда оқыту проблемаларын шешу жұмысы жалғастырылады.
Мемлекеттік - жеке меншік әріптестікті дамыту.
Соңғы жылдары мемлекеттік жеке меншік – әріптестік ( МЖӘ) Шығыс Қазақстан облысында инвестициялық саясаттың ажырағысыз бөлігі болды.
Мемлекеттік – жеке меншік әріптестіктің мезанизмдері мен принциптерін қолданумен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке инвестицияларды тарту мақсатында облыста « Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік – жеке меншік әріптестіктің өңірлік орталығы» акционерлік қоғам құрылды және жұмыс істейді. Орталықтың негізгі міндеті мемлекеттік органдары мен ықтимал инвесторларымен өзара әрекетте мемлекеттік - жеке меншік әріптестіктің жобаларын сүйемелдеу және іске асыру болып табылады.
Облыста 2016 жылы пайдалануға беру мерзімімен 11 балабақша құрылысы бойынша концессияның шарттары жасалды. Осы уақыттан концессияның шарттарына сәйкес облыстың концессиялық міндеттемелерінің төлемі және 19 жылға мерзімімен концессионермен концессия нысандарын пайдалану жүзеге асырылады.
Орта мерзімді перспективада облыста білім беру, денсаулық сақтау саласында, көлік инфрақұрылымы мен тұрғын – үй коммуналдық шаруашылықты дамытуға концессиялық жобаларды іске асыру үшін шаралар қабылданады.
«Мемлекеттік – жеке меншік әріптестік туралы» әзірленетін заң жобасында үлгілік жобалар үшін МЖӘ шағын түрлері енгізіледі, солар бойынша оңайлатылған рәсімдер бойынша конкурс жүргізу қарастырылуда екенін белгілеу қажет.
Сонымен қатар, заң жобасымен жеке қаржы бастамасын енгізу болжауда, бұл жеке серіктеске мемлекетпен келіссөздер процесін өздігінен бастамашылық етуге мүмкіндік береді.
Осы жаңалықтар өңірдегі әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай болады.
-
Шығыс Қазақстан облысының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік параметрлері
Жаңа бюджеттік саясаты Тұжырымдамасына сәйкес, ортажедел кезеңде бюджеттік саясаты және шығындардың жаңа бастамалары әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтарды іске асыруға және мемлекеттік қаржатты баланстандыруды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Осыған байланысты, бюджет саясатының негізгі тапсырмалары:
- макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- бюджет шығыстарын әлеуметтік - экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыру;
- бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру.
- фискальді орталықсыздандыру;
- Ұлттық қор қаражатын ттімді пайдалану болып табылады.
Экономиканың одан әрі өсуі салық және бюджет саясаты құралдары арқылы қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік шығыстар жиынтық сұраныс пен инвестициялық белсенділікті қолдауды қамтамасыз ету деңгейінде ұсталатын болады.
Кірістерді қайта бөлу бойынша мемлекет әділдігі болып табылатын салық саясаты аясында салық жүйесінің экономикалық қайтарымы мен салық салатын базаны нығайтуды арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.
Экономикадағы жағдай өзгерген уақытта бюджет саясатын түзету, соның ішінде бюджет параметрлерін нақтылау арқылы шұғыл және икемді шаралар қабылданатын болады.
2016–2018 жылдарда әлеуметтік-экономикалық дамудың қойылған мақсаттарын ескере отырып, бюджет шығындарының негізгі басымдықтары мыналар болады:
мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;
тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту және тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын сапалық жаңарту;
әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру;
өңірлік даму;
экономикалық жаңғырту мен әртараптандыру;
шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау;
құқық тәртібін және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларын күшейтуді іске асыру.
Шығыстар саясаты тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттігіне сүйене отырып, бюджетті әзірлеу және атқару жолымен мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталатын болады.
Осы мақсатта тиімділік пен нәтижелілік индикаторларына негізделген бюджетті қалыптастыру және атқару жүйесі, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдардың қызметтерінің тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесі жұмыс істейтін болады, бұл жетекшілік ететін салада/жүйеде/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, тікелей, түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне және тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу (жеткізбеу) дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді.
Бюджетаралық қатынастар
Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқару деңгейлері арасында міндеттерді мен өкілеттіктерді нақты бөлісуге, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) арасында түсімдер мен кірістерді бірыңғай бөлу, сонымен қоса бюджетаралық трансферттерді анықтау әдісінің бірлігі мен айқындылығына негізделген.
Ортажедел маусымда бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Конституциясы мен олардың тұрғылықты жерлеріне тәуелсіз заңнамамен халықты кепілдендірілген мемлекеттік қызметтерді ұсынудың жалпы қолжетімджілігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталады.
Бюджетаралық қатынастарды әрі қарай жетілдіру және өңірлерді әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуде әкімдерді экономикалық ынталандыру мақсатында бюджетаралық трансферттер жүйесі жаңартылатын болады.
Жаңа бюджет саясаты Концепциясын іске асырудың 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарын іске асыруға сәйкес, бюджетті дамыту аясында республикалық және жергілікті бюджет арасында қаржыландыру саласын шектеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Өңірлік даму мәселесін шешуде жергілікті органдардың қаржылық дербестегі мен жауапкершілігін кеңейту мақсатында республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын (ағымдағы және дамытуға) шығыстар 2017 жылдан бастап жергілікті бюджеттің базасына берілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |