ШЫҒЫС
ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ
Құрастырып, аударған
Нұртас Оңдасынов
Алматы, «Қазақстан», 1998
Араб мақал-мәтелдерінен
Ерді еңбегімен ескереді.
Ақсақ та аулында ақсайды.
Бәле балалап туады.
Асыл сөз – Жасыл теңіз.
Достыққа өштік жараспас.
Жаңбырдың басы – тамшы,
арты – қамшы.
Көз көргенді қол сезбейді.
Оған гүл де жақпайды,
Гүл өсірген құл да жақпайды.
Ажалдан ақырет артық.
Аппақ динар қара түннің шырағы.
Әр түйенің өз шешуі бар.
Барақыш1 та балтырдан алады.
Сөзге мақұл,
Іске тақыл.
Рима басты әдетке,
Біз – мисыз одан дәметкен.
Тәліміне қарай кәрілігі.
Ұсталмаған ұрыға үкім жүрмейді.
Шаруаға күнжара да – алуа.
Терең ой биікті көргіш.
Шарап ішкен сапырып сөйлейді.
Барақыш – иттің аты.
Үйректің балапанын жүзуге үйретпе.
Аларда даусыз өнімді,
Саларда келіс егінді.
Әбігер көршің –
бәрібір көршің.
Балды май – дәмді май.
Әр құжыраның өз шырағы бар.
Аспанға ұшқанмен, ешкі ғой.
Тегіс жерде кебіс мүдірмейді.
Шаттық кілті – сабырлық.
Істік те бар, жер де бар,
Тауық бірақ сенде бар.
Басыңда болса дарасы,
Сипаламай берер, қарашы.
Аш адамды әңгімемен асырамас.
Кешіру – айыпты өшіру.
Өмір соңы - өлім.
Сен маған дабыл боп ұрынсаң да,
Мен сені сырнай боп сергітем.
Кедейлік – кемдік емес.
Тіссіз иекке быламық та тиек.
Көлемі шамалы-ақ,
Ал нарқы ғаламат.
Жақыптың өлген ұлына,
Қасқырды тартпа құнына.
Парсы мақал-мәтелдерінен
Дәмеленсең баюдан.
Қыл алып қал аюдан.
Бетінің қызылы безеуден.
Қолға су құя алмаса да, ұялмайды.
Ажалдан басқаға араша көп.
Осы киізден бізге де бөрік шығар.
Алаудан тезек те, кезеп те жанады.
Отаның Сүлеймен патшалығынан да сүйікті.
Өгіз ыңқылдаса,
арба сықырлайды.
Өзі пішеді
Өзі кеседі.
Құйрығымен жаңғақ шағады.
Сабағандыжөн көрсең,
Сыбағаңды ал.
Өз шалабың ащы емес.
Қазынасын қарақшыға күзеттірді.
Түйе мінген адам үш бүктетіле алмайды.
Түлкінің ажалына құйрығы кінәлі.
Тоқтың жоқпен ісі жоқ.
Жабық есік жолбарысты да жлатпайды.
Жақысда қате жоқ.
Жаманда опа жоқ.
Досың мейірлі болса,
Ісің пейілді болар.
Күліп қабылдады,
Күмілжіп шығарып салды.
Жақсылық еткен кісінің
есігінен Қыдыр кетпейді.
Жалғыз өзі – жарғақ құлағы.
Тиын беріп, бұйым алмақшы.
Жат мінезді адамнан
Жаныңдағы ит артық.
Ақша ақшаны қимайды,
Дән дәнді жинайды.
Жалаңаш адам түс көрсе,
Жарты құлаш жарғақ көрер.
Шындық – жалғыз,
Сұмдық – мың.
Ақылдыға ишарат та артық.
Алдағының бәрі алтын.
Бауыр қосып құйрық бер,
Содан кейін бұйрық бер.
Әдетке ауру себеп.
Алдау үшін ол адам,
Басына сәлде ораған.
Әлдилей білсең –
Ұйықтай біл.
Бетінің ашық реңі –
Тұнып тұрған жүрегі.
Алдымен толған,
Содан кейін қамдан.
Торы көктен кем емес.
Әділ болсаң, әділет қол созады.
Алда – бидай,
Арпадан арпа өседі.
Сары үрпек шаш балапан,
Торғайға дәріс таратқан.
Қолы ұзаққа да тұзақ бар.
Бойы биіктің ойы биік бола бермейді.
Еңбексіз әлем,
Күш кешеді әрең.
Босаған тісті жұлу керек.
Ернінде сүттің дәмі тұр.
Аузыңды ашсаң,
Көмекейіңді жасырма.
Әрбір жаңғақ – дөңгелек,
Әр қайсысы әр бөлек.
Бос құмыра даңғырауық.
Әр жеген асқа,
Қажет екен ақша.
Қулыққа құрық сүйреткен.
Аюдың апанында да жүзім кездесер.
Тұзсыз нан – күшсіз.
Әдет,
Әдет түбі әдет.
Аюдан жұлған жүн – олжа.
Ұялған – қай кезде сый алған.
Қастерлеп еді сиырды,
Алуаға мұрнын шүйірді.
Еңбексіз байлық енбейді.
Тұрақсыз махабаттың шырағы жанбайды.
Алақанда түбіт жоқ,
Жұлам деме – үміт жоқ.
Жамандықта ғана амандықтың қадірі өседі.
Бақыт тайса,
Ботқаға да тіс сынады.
Сойына қарай сойылы.
Барабанның артқан сайын қуысы,
Ащы шығар дауысы.
Қалаудың да қаруы бар,
Өтініштің де өктемдігі бар.
Ойласаң, өзің бас қамын,
Пердесін ашпа басқаның.
Әзірейілге де әзілі өтеді.
Жақпайтынға жармаспа,
Келе бермес жамбасқа.
Өзің ұнатпағанды,
Өзгеге құлатпа.
Әрекеті — өзіңнен,
Берекеті — тәңірден.
Өзі соқыр болса да,
Өзгенің мінін көргіш-ақ.
Нөпірде де көпір бар.
Қолы қысқаның тілі ұзын.
Үйінің төбесі жалпақтың,
Үйілген қары да мол.
Тісі бардың — ырысы бар.
Қабырғада ін бар —
Не құлақ, не тіл бар.
Жас жардың тозағынан да,
Аш қарын азабы жаман.
Қажы қажыны Меккеде көреді.
Қара қазан қазанға:
“Ойпырмай, бетіңді тазала!”
Жүрек қалаған жер — пейішің.
Қажы өлсе, түйеден жүк кемиді.
Әділдік пен ізгілік,
Қарсы алады жүз күліп.
Алдымен — мен,
Менен кейін — сен.
Жел бар жерде сел бар.
Ұйықтаған адам ұйқыдағы жанды оята алмайды.
Ұйқы — ажал ағайыны.
Суға да, буға да
Жібімейтін жебір.
Ол желді жүгендеп,
Жауынды жетектеген адам.
Серіктескен жандар
Жануардың да сертіне сенеді.
Сабан сенікі болмаса да,
Сабанхана өзіңдікі ғой.
Менмендік — мекерлік.
Менмен құдайын да танымайды.
Өзімдік тырнағым,
Өз арқамды тырнадым.
Айту — менің міндетім,
Тарту — сенің міндетің.
Мәңгілікке куәлігім жоқ менің,
Қас қағымның білмей қалдым өткенін.
Өзіндегі сұмды көрмей,
Көзімдегі қалды көреді.
Моншаның суынан маржан сүзеді.
Ол жерде тышқан да таяқпен жүреді.
Мың кәсіпке талпынсаң,
Бір кәсіптен айрыласың.
Сулы жер, нулы жер —
Құс біткенге туған жер.
Мың істі қатар бастағаннан ақшаң көбеймейді.
Зайыр етпесең де,
Залал етпе.
Мырза болсаң мешіт сал.
Қыста — көмірші,
Жазда — темірші.
Қыстың демі —
Кедейдің кебіні.
Кейіс пен ләззат — егіз жұп.
Ұнын да еледі,
Елегін де еледі.
Легенін жоғалтты —
Інгенін жоқтады.
Самса леп сарымсақ асады.
Лұқпанға ұлылықты үйрету —
Даналықты балалыққа телу.
Махаббат кемістік көрмейді.
Істің парқа билемейді,
шарта билейді.
Мырза болмасаң да,
мейірімді бол.
Істі білгенге тапсыр.
Аузыңда алла отыр.
Біліп тұрғанды,
үйретіп қайтесің.
Наданды тәрбиелеп адам ете алмайсың.
Аяшының жүрегі күйеді,
Даяшының етегі күйеді.
Шайтанға сабақ үйреткен.
Тұзы көп те емес,
Жоқ та емес.
Діліндегі – тілінде.
Исі де жоқ,
Исінтуі де жоқ.
Шайтанға санын соқызған.
Таз адамға бұйра шашты ұнамас.
Бұлақ суын теңіз төрге сүйрейді.
Сөз – бөз емес, әрине,
Салдарға шалбар тігетін.
Бұл білектің ісі емес,
жүректің ісі.
Досыңа көз алартсаң,
Дұшпаның семсерін жарқылдатар.
Тамшыдан қашып,
Нөсерге малшынды.
Дос тапсаң –
Туыс табасың.
Ұрының тілеуі –
Базардың бүлінуі.
Тау таумен қосылмас,
Адам адаммен қосылар.
Ұрың да осында,
Бұғың да осында.
Залымға залымның да әлі келмейді.
Сырты – сара,
іші – қара.
Құдайды да,
Құрманы да қалайды.
Ұғындыру – Сізден,
Жүнін жұлу – бізден.
Таза алтын топырақсыз да тазарады.
Шырын бар жерде шыбын бар.
Тарының әр дәнін таразымен өлшейді.
Тас өз орнында ауыр.
Адал дос тарыққанда жебейді,
Қысылғанда демейді.
Тату болсаң досыңмен,
Берерсің төтеп дұшпанға.
Кең дүние кереметсіз емес.
Аударып тұрмаса кәуап та піспейді.
Кісі пейілді болам десең,
Кішіпейіл бол.
Бір басыңда мың уайым.
Таңғы астан да тәттірек.
Досыңа арпа алып келсең,
Бидай алып қайт.
Махаббат молаға да мойымайды.
Қызыл тіл кемел басты желге ұшырар.
Қырманнан бір дән.
Жақсы істің артықтығы – ортақтығы.
Дүкен сенікі, бірақ тортаға тырнағыңды тигізбе.
Тасты таспен сындырады.
Ұрының уысынан құтылып,
Қарынның қақпанына тап болды.
Тары дәне түсер де жер жоқ.
Балығы жоқ хауызға,
Бақа ілінер ауызға.
Еміздікті елгезек әкетті.
Істік те күймесін,
Кәуап та күймесін.
Дана да,
Динар да шеше алмайды.
Бүгін – асыл,
Ертең – жасық.
Жолдасыңның қолымен жылан ұстама.
Тасты тасқа байламас.
Біреудің күйшілігіне қызықпай,
өзіңнің үйшілігіңмен айналыс.
Екі қарбызды
Жалғыз қолмен көтере алмассың.
Бір құлағынан кіріп, екіншісінен шығып кетеді.
Бір қылдан жүз арқан өседі.
Жұдырық жиналса,
Жұмыр жерді де жорғалатады.
Жона білсең –
Соға да білесің.
Бір оқпен екеуді сұлатты.
Шаршы орамал үшін
Шар тараптан жиналған.
Күні тайғанның дұшпаны қырағы.
Бір шаңыратың да екі түрлі ауасы болады.
Желмен келген,
Желмен кетеді.
Табылмай жатып жоғалған,
Мал құралмас оңайдан.
Ескі дос –
Ерттеуі ат.
Ауылнаймен келісті,
Ауылын шауып бөлісті.
Етікшінің кебісі өкшесіз.
Батырды жылан шақса,
Пақырды қоңыз тістейді.
Үйіңде адам болса,
Күйің жаман болмас.
Дұшпаныңның тұспалына сенбе.
Бір жебемен қос нысана оққа ұшты.
Пыш-пыштан іс артық.
Бос ыдыстың дыбысы жуан.
Бота беріп, түйе қалады.
Не алданған жарымес –
Бөлуші басқа түк емес.
Бұ жақтан қуылған
О жақта да ұрақтамас.
Бұзықпен жүрсең,
Түзікпен жараспассың.
Тау толғатып,
Тышқан туды.
Ит үреді,
Керуен жүреді.
Тауықтың жауы – қауырсыны.
Иірілген жібі іріп кетті.
Арбауға көнбес әбжылан бар.
Тауды да көрмейді,
Тауықты да көрмейді.
Дос жаңартқан күнде бір,
Дос таппайды бір де бір.
Кедейдің басына балта да өтпейді.
Келісіп алмай – шешпе,
өлшеп алмай – кеспе.
Кемеде отырып капитанмен керіспе.
Кептер кептермен табысса,
Сұңқар сұңқармен алысады.
Кедейдің үйінен ұры да ұялып шығар.
Ит үреді,
Бұлт көшеді.
Жеті қат көктен
жарты жұлдыз таппаған.
Саты мен саты – баспалдақ.
Кілемнің түгі көшсе де,
Жүректің дығы өшпейді.
Туыс іздеген
Үндістанның алыстығынан қорықпайды.
Көрпеңе қарай көсіл.
Қауын жеймін десең,
Қалтырауды да біл.
Не ексең соны орасың.
Ынта өзіңнен шықса,
тәңірім қуат береді.
Егер тәуіп таз болса,
алдымен өз басын емдер еді.
Бүгіннің алды – ертең.
Кебісіңнің кетілгеніне де мені кінәлаймысың.
Бұғы да әзір,
Ұры да әзір.
Серкенің бәрі бірдей қырман баса алмайды.
Есекке сиырдан қалған сабан да сарқыт.
Сияпатқа – сияпат.
Өзі соқыр,
Ымдап отыр.
Сұратпай берген – мырзалық.
Өтірікшінің жады қысқа.
Пайдалы істі асығытық – астамшылық.
Соқырға шырақ не керек.
Пияз да миуа тобына кіріпті!
Жер жүзін топан су алса,
Ұйқысын үзер ол емес.
Сыйға тартқан аттың тісіне қарама.
Алтын беріп,
Ауру алды.
«Алуа» деп айтқанмен,
Аузыңның дәмі кірмейді.
Қалтасынын қораздың құйрығы қылтияды.
Айрылса да көзінен,
Айнымайды сөзінен.
Арыстанбысың – алысқанбысың?
Түлкімісің? – күлкімісің?
Сұмдығы – онға
Қулығы – мыңға жетеді.
Көрде де көзін жұмбайды.
Алақанына су да тамбайды.
Көзінің мың сұмдығын
Өзінің кірпігінен де жасырады.
Тілеуі мықтының тірегі мықты.
Тілі – басымен құрдас,
Қалжыңдаспай тұрмас.
Тіс арасында тіл қышиды.
Көжесінен көзесі ыстық.
Тордағы торғай
Төбедегі тырнадан артық.
Сырнаймен дауыл жасамақ.
Істі кім аяқтаса,
сол тындырды.
Шырағың түгіл,
Шынарыңды да көрмейді.
Іс бұзылмай, түзелмейді.
Көп білу – тоқ жүру.
Ірі моншақты
інжу деп тамашалапты.
Көп сөз – қотыр сөз.
Іздеген табады.
Көзден жоғалған,
Көңілден де табылмайды.
Ыдыстың ішіде тұрып та ысырап болады.
Көлден көзе де сау шықпайды.
Істегенің – піскен егін.
Күндес күндестің көлеңкесін де күндейді.
Сүйек жуушы адам мәйіттің я жұмаққа,
Я дозаққа барарына кепілдік бере алмайды.
Күнді күл шашып сөндіре алмассың.
Дәмнің де дәмдісі бар.
Сынған қолдың салмағы мойынға түседі.
Тұзын татсаң,
Тұз салғышты сындырма.
Не төбеде емес,
Не төменде емес.
Дән дәнге жиылса,
Астық қамбаға құйылады.
Жер – төсек,
Аспан – көрпе.
Дәнекерлегеніне ілекерлеп пайда көздейді.
Ырысы жоқтың
Тынысы тар.
Біреудің дастарқанында бас тартады.
Рұқсатсыз ұмтылған
Таңдағанын татады.
Іс жоқта – іскер.
Сабандай да бәсі жоқ.
Бүгінгі жоқ –
ертең көп.
Я басқа бөрене тиеді,
Я бөрік киеді.
Сауап істесең –
Жауап іздеме.
Пайдасыз ұзақ сөзден,
Орынды көз қысу артық.
өткелсіз өзен –
Асусыз кезең.
Естіген құлақтан,
Көрген көз артық.
Жер тегіс болса,
Су сылдырап ақпас еді.
Ардақты есім аспаннан да асқақ.
Бір қауыздың екі дәніндей.
Үнемдесең – үзілмес.
Өрікті дәнегі үшін жейді.
Пілбанмен дос болсаң,
Пілге лайық жай сал.
Ол дорбалап та жейді,
Арбалап та жейді.
Надан данамен өш.
Қираған дуалды кім паналайды?
Кесе боп барып,
Тостаған боп оралды.
Үйінің төбесіне қарға да қонбайды.
Шешулі жұмбақтан оңай жоқ.
Ашық құмыраны көргенде,
Мысыққа ұят не керек.
Құдай суықты сырт киіміне қарай жібереді.
Шырақтың асты – шыңырау.
Қайғың көбейсе,
Қайғыңды ұмытарсың.
Адал туған бала –
Әкесіне пана.
Өсімге алған қарыздан
Қампаймайды қарының.
Екі тақ – бір жұп.
Уақыт – алтын.
Бет емес, безеу.
Сауатсызда саңылау жоқ.
Ащы болса да,
Ашық айт.
Пілдей басқа –
Тілдей тас.
Қонақтың қаржысымен қой сойсаң,
Атымтай Жомарттан нең кем.
Арғымақтың желісінен,
Аруананың өрісі кең.
Нанды тандырдың ыстығында жабу керек.
Жын бісмілдадан қашса,
Ол бізден қашады.
Дәруіш жарылқаса –
Жапырақ жабады.
Жаман ағаштың жемісі де кеміс.
Шаппа өз сабын шаппайды.
Үндемеу – күндемеу емес.
Сабаннан тау жасау.
Биесі жаман болса,
Иесіне қайтар.
Былтырғы дос –
Биыл жау.
Ұзақ жолдың өкініші мен реніші мол.
Алақанмен араластырдың,
Ал, алуаң қайда?
Мұратқа жетер қорқақ жоқ.
Ағаш ат аяңдамайды.
Жын діннен безсе,
Сұм күннен безеді.
Қасқырдан қорықан қой ұстамайды.
Арқасын қаситын да тырнағы жоқ.
Не өзі,
Не ізі жоқ.
Зұлым өз дуалын өзі құлатады.
Даяшы аяшыңнан да абзал.
Екі күннен кейін жаңа құмыраның суы да суып кетеді.
Өлшемей кеспе,
Келіспей шешпе.
Дар да – ағаштан,
Мінбар да ағаштан жасалады.
Теңізге інжу тасымас.
Шырақ жақсаң-ақ,
Шаян шыға келеді.
Ертең пісер жемістен
Бүгінгі шикі жидек артық.
Заманың сенімен келіспесе де,
Сен заманыңмен керіспе.
Адалдық ана сүтінен де абзал.
Әркім өз қаласына әкім.
Әркімнің ойы – атағы,
Көсенің ойы – сақалы.
Екі есекке де есептен жем бере алмайды.
Жүрек туласа –
Кірпік буланады.
Өз үйіңде құмырсқа да – Сүлеймен.
Қалыңдық жасауына қарай назданады.
Қисайған жүк жолда құлайды.
Қасқырдың қарны тоймайды.
Асыққан –
Жігерін құм қып жасытқан.
Суға түспей,
Теңіз кешпейсің.
Есеп – еспе те,
Төсек бөлек.
Сұлудың бетіндегі қалы да сүйкімді.
Жүз мысыққа бір тышқан.
Қос ізбен бір жол салайық.
Қылығы жоқтың –
Аузының құлыбы жоқ.
Соқырдың тәңірден тілейтіні екі көзі.
Жаманат хабар,
Жылдам тарар.
Жетпіс сүре,
Бір аят.
Ертеңді кім көрді?
Шараң толы болса,
Сараңдық жуымас.
Пышақ өз сабын кеспейді.
Шұқырдан шығып,
Құдыққа құлады.
Қорқақтық — өліммен ағайын.
Ағаштың құрты –
Ағашты құртты.
Артық қалжың аздырар.
Тәжірибесіз ұры сабанханаға кез болар.
Ашытқысыз қамыр
Тіл үйірмейді.
Хорасанға қодығанды апарма.
Ашық жолдың алды ұзақ.
Сараң –
Қашанда харам.
Дау арқылы
Нарқын бұлдады.
Теңізге барса да, суы құрып кетеді.
Шырақ таң атқанша жана бермес.
Төбеге жетпесе де,
Төменге пысқырмайды.
Зарардың алдын алсаң,
Залалынан құтыларсың.
Қисық бұтақ қыңыр өседі.
Өзіңді ұнатқанды
Көзің де ұнатсын.
Екі жүз көзден,
Екі іс артық.
Соқырдың ойы «Көзі бар көп асайды»
Құмырсқаға шық та – теңіз.
Үлкен төс – ұрмау белгісі.
Қисынсыз болжау,
Түйсінсіз қалжа.
Қырылдағаның — өлгенің.
Бөрі боп туса,
Бота боп жартпас.
Мұнараны мұртын да қисайтпай ұрлап кетті.
Сөз сөзден туады.
Есікті төбеге шығарған –
Төменге де түсіре алады.
Бөріге барсаң,
Арыстанның қаруын ал.
Жүз басқа бір бөрік,
Жүз соқырға бір серік.
Жылан терісін өзгерткенімен,
Түрін өзгертпейді.
Оның тәніне шайтан кірген.
Ауыздағы тіл –
Бас сақтайтын құл.
Сырты – жылан,
Іші – күл.
Дана білсе де сұрайды,
Надан білмесе де сұрайды.
Қадірлі қонақ – үш күндік.
Ашынанның тілі –
Ашынаның ділі.
Гүл бар жерде тікен бар.
Парасат көрсең –
Қарттықтан.
Тамаша көрсең –
Жастықтан.
Қалтасына өрмекші ау тоқыған.
Қаққан кірпік – ол да олжа.
Біреуге – бал,
Біреуге – зәр.
Үйдің орнықтылығы қабырғаларынан.
Қуырған қораз да күледі.
Мүшкі мен ки теңелсе,
Әтірші қаңғырып жөнелер.
Кесенің ішінде де есеп бар.
Шындықтан өтірікке дейін төрт-ақ елі.
Сол баяғы табағың,
Сол сондағы тамағың.
Ит иесін танымай қалды.
Өгіз тыпырлайды,
Арба сықырлайды.
Құдайдың қарғысына да арзымас.
Шырақты түнек үшік сақта.
Жинау мақсат болса –
Алтын ба, тас па – бәрібір.
Зураны жуан жағынан үрледі.
Адам ақылы – ақырын, ақырын.
Жұмсақ тіл –
Жорға желісті.
Білдірмейді бүлкегін.
Біреудің қолымен жыланның басын мылжалайды.
Қарыз беру уайым емес,
қайтарып алу уайым.
Шетте отырғанның жүрегі кең соғады.
Семірткен қойың осы ма?
Құйрығы қайда досым-ау?
Ауылдың жолын білмей тұрып,
Ауылнайдың жөнін сұрайды.
Қарттық – кәріптік.
Тәрбиесіз адамнан
Үйретілген айуан артық.
Жалқауға бір іс тапсырсаң,
Мың сылтау айтады.
Қара даққа бояу жақпа.
Жалқаулық – жалаңаштықтың жамағайыны.
«Шаһнаманың» соңы жақсы.
Көзеші сынық көзеден су ішеді.
Сұлу келбет жібек қылғаттан сұлуырақ.
«Көш!» дегенде бөстегін арқалай жөнелді.
Иесі қасында тұрғанда иті үргіш.
Исаның есегін Меккеге апарсаң да,
Есек қалпында қайтады.
Адам болсаң,
Адаспай көр.
Үлкенмін деп сынайсың,
Бізден ақыл сұрайсың.
Кеш келсем де,
Көш боп келдім.
Шындық семсерден де өткір.
Алдымен су мен нанды ойла,
Содан кейін ойна.
Шеберді үйрету – күйрету.
Аң!
Аңды қарауылға таң!
Нанды суық тандырға жабу.
Бір гүл – көктем емес.
Жомарттық – сұратпай сыйлау.
Шашы бардың бәрі бірдей қоландар1 емес.
Басқаның тәбетімен,
Нан дәметпе.
Су мен отта
Татулық жоқ.
Теңіздегі балықты бас-басына бөлісу.
Ақиқат сөз –
Ащы сөз.
Дәруішке түн ұзақ.
1. Коландар — дәруіш.
Жоқшылық та – мың айып.
Қанды қанмен жуа алмайсың.
Адам болудан
Сауатты болу оңай.
Өлім тілесең – Ғиланға бар.
Күйігің кернесе,
Көйлегіңді жыртарсың.
Бірі – от та,
Бірі – су,
Қиын болар ұғысу.
Шаян шағайын деп шақпайды.
Шаға алмайтын болған соң шағады.
Қожасы көп үйдің
Азасы көп.
Талайым-ау, талайым!
Қай орынды қалайын?
Керменге зире апарды.
Аттыға жаяу,
Жолай алмас таяу.
Бірі аспан десе,
Екіншісі арқан дейді.
Жеке шапқанның аттанында айбат жоқ.
Итке – сабын,
Есекке сүйек тастайды.
Жүз пышақта бір сап жоқ.
Құдықшы құдық түбінен шықпайды.
Үйде барына әркім қонақ.
Балағат сөзге
Балшық ат.
Өте пысық та –
пысықтық.
Қырыққа жетті –
Қырсыққа жетті.
Уыс — өлшем үлгісі.
Төсегі топырақ болса да,
Мұхамедтей қамқоршысы бар.
Аш қарынға дін дарымайды.
Қарыз алған ақшамен байымассың.
Араны арқаңа қонғызба.
Несиеге алған алуадан,
Ұрттап ішкен су артық.
Залымның дәулеті әулетіне де бұйырмайды.
Басқаның байлығына қайғырма.
Шірік алмаға шіркей де қонбайды.
Шалап па, шірне ме –
Бәрібір, үндеме.
Жылы сөз жыланды іннен шығарады.
Үш болмайтын екілік жоқ.
Піспей жатып,
Мейіз боп масайрады.
Сәтсіз істі бастаудың керегі жоқ еді.
Дарға аяғынан сүйреген адамдай.
Жоқшылық – айып емес.
Ғалым тәлімін өзінен бастасын.
Сұмырайдың сылтауы көп.
Әуелі — өзім,
Кейін сенің сөзің.
Екі аспаз ас пісірсе,
Аш қалдым дей бер.
Надан – қашан да надан,
Наданмен байланыспаған – адам.
Шындыққа сұмдық жоламас.
Үлкен барабанды алыстан тыңдаған жақсы.
Қираған қыстақ салық төлемейді.
Атақының ұяты –
Кедей өлімінің бір аты.
Домалаған тас сорлыға тиеді.
Арыстанның шеңгеліне ілінсең,
Көнбесіңе лаж бар ма.
Жүз көзе жасады,
Біреуінің тұтқасы жоқ.
Сүрінгенді сөкпейді.
Басын ойламай,
Асын ойлайды.
Су сайды сағаласа,
Соқыр соқырды жағалайды.
Ахунның қарны күбі болса,
Құдайдым Сейттің қарнынан сақтасын.
Жанын берсе де,
Жабағы тонын бермейді.
Әр астың өз қасығы бар.
Есегін жоғалтқан тағасын іздейді.
Кешегі күн өтті,
Алдыңғы күн өтті,
Бүгін енді жетті.
Шымшықтан сұңқардың батылдығын күтпе.
Қос әйелді үйдің шаңы тізеден.
Асамай жатып,
Аузы күйген.
Тәжірибесіз ғалым –
Балсыз ара.
Өлімге төзгенге
Безгек түк емес.
Салпаңқұлақ есекке,
Гауһарың, лағылың есеп пе.
Жаңа астаудың суы да тастай.
Рүстемнің денесін алып жүру үшін Рахыш керек.
Сұлулық – жүрек кілті.
Теңізде жүрін нәһанмен алысты.
Шын шындығына жетеді.
Құрма төбемде,
Қолым төменде.
Жүз дімкәске –
бір лепес.
Бірі пішеді,
Бірі кеседі.
Ауызға жамау жамалмас.
Өрмекшінің торы –
Тұтқынның соры.
Той бар жерде –
Думан бар.
Зәрінен кейін балын жей алмассың.
Шегіркенің санын Сүлейменге сыйға апарады.
Қошемет сөз қожаға да жағады.
Орынды сөз –
Оралымды іс.
Керуенге – қосшы,
Қарақшыға – басшы.
Жайдың оғы – жоғары ұшпас.
Сенікі де қамырдан,
Менікі де қамырдан,
Бәрінің аты – тамыр нан.
Ит қайда?
Үй қайда?
Жүрек жүрекке жол табады.
Есекті жақсы білгендіктен,
Құдай оған мүйіз бермеген.
Тәтті тілді адам жыланды іннен шығарар.
Достарыңызбен бөлісу: |