2.2. Малдың азығына табиғи адсорбент бентонит қосу
Малдың тұқымын асылдандыру жұмысы ұзақ, ол бірнеше жылдар үзбей еңбектенудің арқасында жететін нәтиже. Сондықтанда малдың жағдайын жақсартатын басқадай жолдарын іздестірдік. Біз өз жұмысымызда малдың азығын жақсарту арқасында оның еттілігін арттыруды мақсат еттік. Соның ішінде табиғи адсорбент цеолит қосудың нәтижесін тексердік. Зерттеу жұмыстарына бір жарым жастағы, салмағы 120 кг бұқаларды алдық. Оларды бір жарым ай бойы бордақыладық. Зерттеу жұмыстары қыстың күні болғандықтан азық ретінде барлығына құрғақ шөппен, жем бердік. Жем булап берілді. Тәжірибелік жұмыстарға 5 бұқа алынды оның екеуінің азығына бентонит қосылды, яғни жеміне 1г/кг тірі салмағы есебінде.
Бентонитті Шымкент обласы Сарыағаш районындағы Дарбаза ауылынан алынды. Бұл жердегі бентониттің қоры өте көп 40 млн. Тонна.
Дарбаза ауылындағы бентониттің химиялық құрамы.
Химиялық құрамы
|
SiO2
|
Al2O3
|
Fe2O3
|
FeO
|
CaO
|
MqO
|
K2O
|
Na2O
|
SO3
|
Компоненттер, %
|
57,84
|
14,29
|
5,93
|
1,14
|
0,99
|
2,79
|
2,10
|
1,15
|
0,62
|
lll. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
-
. Малды азықтандыру нормасы
Мал тұқымын асылдандыру адам тілегіне сай жақсарту, оның өнімділігін еселеп арттыру – ғылым мен озат тәжірибенің табыстарына сүйенеді. Малдың қай түрі болмасын бірқалыпта тұрмайды; ол азықтандыру, бағып-күту және асылдандуру жұмысын ұйымдастыру дәрежесіне байланысты қашанда өзгеріп отырады. Осыған сәйкес оның түрлі қасиеті мен өнімі де неше алуан құбылады.
Мал тұқымын жақсарту, оның шаруашылық маңызы бар қасиеттерін ілгері дамыту – адам қолында. Асылдандыру жұмысы дұрыс ұйымдастырылған шаруашылықтарда малдың өнімділігі ешқанда төмендемейді, қайта жыл сайын артуда болады.
Малды тиісті дәрежеде іріктеп сұрыптау үшін ол сыннан өтеді, әрбір бас мал есепке алынады, оның түрлі қасиеттері зерттеледі. Мал тұқымын асылдандыру жұмысы өте ауыр және ұзақ жұмыс, кейде оның нәтижесі бірден көзге түсе қоймайды. Бұл талмай еңбектің арқасында бірнеше жылдың нәтижесінің өнімі. Мысалы бір Костромдық сиырлардың тұқымын шығару үшін 25 жыл кеткен екен. Сондықтан біз жұмысымызда осы мал тұқымдарының өнімділігін аврттыруда табиғи адсорбент бентониттің нәтижесін тексеріп көрдік.
Бентониттің тиімді қасиеттерінің бірі – ағзадағы ферментативтік процестерге жан-жақты әсер етуі. Мұның өзі таз қарындағы энергиялық алмасуды негіздеп, таз қарын микроорганизмдерінің саны мен қызметінің жоғарылауына әсер етеді.
Күйіс қайыратын жануарлардың асқорыту жүйесі – азықтың қорытылуындағы аралық белоксыз қосылыстар үшін қайтымды катионалмасулық орта. Күйіс малдарының азықтарына қосылған бентонит, азықтағы протейннің белсенді түрде микробиалдық белокқа айналуына себепші бола алады.
Табиғи сорбент –бентонит өзінің бетіне және ішкі кристалдық торларға әртүрлі заттар мен газдарды, соның ішінде аммиакты белсенді түрде адсорбциялай алады.
Көбіне малдың салмағының тез арада өсуі, ол азықтың шамадан көп мөлшерде берілуі мен қатар малдың қимылсыз тұруымен сипатталады. Бірақ көптеген фермерлер бұндай азықтандырудың малдың организміне салмақ түсіріп оның организмінде өзгерістер тудыратынына көңіл бөле бермейді. Бірінші кезекте қанның құрамында мочевина мен аммиак көбейіп кетеді. Бұнда бауырдың бұларды бейтараптауына шамасы келмейді. Бұл малға шамадан тыс азық беру нәтижесінде ішек-қарын жолдарына күш түсіріп олардың толық қорытылмауынан болады. Сонымен бірге бауырда, көк бауырда мыстың, кобальттың құрамы төмендеп, керісінше марганец пен темірдің концентрациясы жоғарылап кетеді /21.24.25/.
Кесте 2
Малды азықтандыру нормасы
Ай сайынғы салмақ қосуы
|
Малдың салмағы, кг
|
Жемнің шығыны, кг, бір малға шаққанда
|
Шөптің шығыны, кг, бір малға шаққанда
|
Бір күн
|
5 ай
|
Бір күн
|
5 ай
|
15 күн
|
128
|
2,73
|
13,65
|
4,2
|
21
|
30 күн
|
155
|
3,32
|
16,6
|
5,1
|
25,5
|
60 күн
|
185
|
3,78
|
20,9
|
5,9
|
29,5
|
90 күн
|
217
|
4,48
|
22,4
|
7,0
|
35
|
120 күн
|
240
|
5,26
|
26,3
|
8,2
|
41
|
150 күн
|
270
|
6,2
|
31,0
|
9,7
|
48,5
|
Бір көңіл бөлетін жайт микроэлементтердің құрамының көбеюі осы бордақыланатын малдарда көрініс береді.
3.2. Малдың азығына табиғи адсорбент бентонит қосу
Табиғи қоспа бентонитті қосу малдардың асқорыту жұмысының жақсарып, олардың салмағының артуын көрсетті. Бұл зерттеулер нәтижесі 3 кестеде келтірілген.
3 Кесте
Азықтың құрамына табиғи адсорбент қосу нәтижесіндегі бұқалардың салмақтарының көрсеткіші.
Жас мөлшері
айлық
|
Тірі салмағы (кг)
|
Тірі салмағындағы айырмашылықтар
|
Бұқалар, қоспасыз
|
Бұқалар, қоспамен
|
5
|
190,3
|
190,8
|
0,5
|
6
|
223,3
|
233,0
|
9,7
|
7
|
259,0
|
267,5
|
8,5
|
8
|
280,6
|
291,3
|
10,7
|
9
|
310,0
|
327,7
|
17,7
|
10
|
348,3
|
363,3
|
15,0
|
11
|
350,4
|
380,0
|
29,6
|
12
|
383,0
|
423,4
|
37,4
|
13
|
412,5
|
454,6
|
42,1
|
Екінші кестеден көріп отырғанымыздай, әр бұқаларға күнделікті тәулігіне бес ай бойы 1г/кг тірі салмағы есебінде берілді.
Алынған нәтижеден байқағанымыз табиғи адсорбент бентонит қосу олардың асқорыту жұмыстарына жақсы әсер тетіп олардың салмақтарының өсуіне әкелді. Сонымен бірге ірі қара мал басқа малдарға қарағанда аурулары өте көп, осы бентонит берген уақытты олардың ешқандай ауруға ұшырамағанын көрдік, осыған байланысты бентонит малдың ауруға шалдығуын азайтады деп айта аламыз. Яғни алынған нәтижеден байқап отырғанымыздай бентонит қосылған жануардың орта салмағы беннтонит қоспасын алмаған малға қарағанда 42,1 кг артық болды. Айта кететін жағдай бентонит қоспасының нәтижесінде малдың салмағының артуы бір, екінші жағынан малдың етінің жұмсақ, ауруларға төзімді болуы бұл бентонит құрамындағы минералды қоспалардың болуына байланысты болса, екінші жағынан ішек-қарын жолындағы артық газды бойына жинап организмнен шығарып тастауында, сонымен қатар белоктың түзілуіне де көп мүмкіндік ашады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі заманда бірден-бір экономикамыздың өркендеуі халқымыздың хал-ауқатының жоғары болуы. Бұл жағдай ауылшаруашылық жағдайын жақсартпай тұрып мүмкін емес. Яғни ауыл шаруашылығын жоғарғы деңгейге көтеру. Малдың тұқымын асылдандыру. Бұрынғы замандағы жаз жайлау, қыс қыстау дәуірін қайта жаңғырту. Малдың санын көбейту. Жас малдың жаңа жағдайға бейімделуі сақа малға қарағанда жеңіл өтеді, сондықтан асыл тұқымды малдарды түлектерін немесе жасанды ұрықтандыру жолымен көбейту әдістерін қолға алу.
Оңтүстік малының солтүстік аймақтың жағдайларына бейімделуі, солтүстік малының оңтүстік жағдайларына бейімделуіне қарағанда көп жеңіл өтеді, осы жағдайға да аса көңіл бөлу керек.
Малды жерсіндіруге әкелуден бұрын оның өскен мекені мен жаңа тіршілік ортасының ауа-райы, жер жағдайын жан-жақты салыстырмалы зерттеу нәтижесінде, оларды жылдың қай мезгілінде алып келуді алдын ала шешу
Алып келген малға мүмкіндігінше жақсы жағдай жасау
Сұрыптау мен жұптау жұмыстарын ұрпақтан ұрпаққа үзбей жүргізу.
Әр түрлі малдарыдың жаңа ортаға бейімделуі әр түрлі болады. Малдың жаңа ортаға бейімделуін, оның өсіп-өнуі, өнімділігі аз мекеніндегі көрсеткіш деңгейіне жетсе, онда бұл тұқым жаңа тіршілік ету жағдайына жақсы жерсініп, бейімделген болып есептелінеді. Егер әкелінген мал бұл жерді жерсінбесе, бірнеше ұрпақтан кейін өліп-жітіп бітеді, жартымды өнім бермейді.
Осы мәселелерді көздей отырып біз осы малдардың азығын жақсарта отырып оның салмағының артуын, етінің, өнімінің ұлғаюын көздедік.
-Ол біріншіден малдың күнделікті азығының нормаланып берілуі болса
-Екіншіден мал азығының соның ішінде жемінің бұқтырылып, ішек-қарын жолында тез ыдырап-қорытылуына назар аударылған
-Үшіншіден азықтың құрамында күнделікті азықпен бірге жоңыршқаның берілуі мақсат етілген. Жоңыршқа азоттың негізгі көзі болып есептелінеді. Азот белоктың синтезделуіне себепкер.
Төртіншіден негізгі мақсатымыз, осы бордақыланып жатқан малдың азығының құрамына табиғи адсорбент бентонит қосу. Бентонит негізгі минерал көзі болып табылады, яғни организмге жетіспеген минералды заттардың орнын толтырады. Сонымен бірге ол ішек-қарын жолында пайда болған зиянды запттарды, газдарды бойына сіңіріп организмнен алып шығарады.
Алынған нәтижелерден байқағанымыздай табиғи қоспа берілген малдардың салмағы артып, сонымен бірге олардың еттерінің анағұрлым жұмсақ, майлы, дәмді болуына әкелген.
Пайданылған әдебиеттер тізімі.
-
Қ. Сәбденов. Төрт түлік. Алматы, Қайнар, 2002. 184б
-
Перспективы развития животноводства в аридной зоне Казахстана //Труды международной научной конференции. Алматы, Бастау. 2005г. 208с.
-
Пути повышения продуктивности жвачных животных в Туркменистане. Сборник научных трудов. Туркм. СХИ, 1986.-250 с
-
А. Омбаев. Селекция и генофонд каракульских овец. Алматы, ТОО Бастау. 2003г. 224 с
-
Л.К.Эрнст, Н.А. Кравченко, А.П. Солдатов и др. Племенное дело в животноводстве. М. Агропромиздат, 1987г. -287 с.
-
Баймұқанов Д.Л. Селекционно-генетические параметры верблюдов казахской популяции молочного типа. /Дисс. на соиск. учен. степ. канд. сх. наук. РГКП Каз НИИ. Шымкент. 2000г. 100с.
-
Джумабаев Д.Көк қаракөл қойын өсіруде ұзақ мерзімде гомогендік жұптастырудың ұрпақ сапасына әсері. /канд. диссерт. Шымкент. 2006ж.
-
Өсербай А.Ж. Әртүрлі елтірлік типтегі ақ қаракөл қойларын жұптастырудың тұқымдық сапасы. /канд. диссерт. Шымкент. 2004ж.
-
Шуклина З.П. Повышение качества семени и эффективности использования каракульских баранов при искусственном осеменении. /Дисс. на соиск. учен. степ. канд. сх. наук. РГКП Каз НИИ. Шымкент. 2000 г. 100с.
-
Т.Н. Несiпбаев. Жануарлар физиологиясы, Алматы,
“Қайнар” 1996ж
-
Жандар Керімбектіњ Ермаханы. Тєнтану. Алматы. Білім. 2004, 464 б
-
Т. Несіпбаев. Адам жєне жануарлар физиологиясы. Алматы, Ы. Алтынсарин ат. Қазақтыњ білім академиясыныњ Республикалық баспа кабинеті. 348 б.
-
П.А.Глаголев, В.И.Ипполитова. Анатомия сельскохозяйственных животных с основами гистологии и эмбриологии. Москва. Колос. 479с.
-
Х.І. Сєтпаева., Ж.Б. Нiлдабаева., А. ¤тепбергенов. Адам физиологиясы, Алматы, “Бiлiм”, 1995ж
-
И.М. Тµлембеков. Нерв ж‰йесiніњ физиологиясы , Алматы,
-
“Ана тiлi”, 1992ж
-
Под ред. А.Д. Ноздрачева. Общий курс физиологии человека и животных, Москва, “Высшая школа”,1991г, в 2кн.
-
А.А: Гуминскии., Н.Н.Леонтьева., К.В. Маринова. Рук-во к лабораторным занятиям по общей и возрастной физиологии, Москва “Просвещение”, 1990г.
-
Н.Т. Несiпбаев., Е.Б. Бегаиылов., С.С. Алданазаров. Жануарлар физиологиясыныњ практикумы, Алматы “Бiлiм”, 1994ж
-
Қ.С. Рымжанов., Ж.Н. Адам жєне жануарлар физиологиясы курсы бойынша кiшi практикум, Алматы, 1992ж
-
Тугузова Л.И. Высококремнеземные цеолиты и их применение нефтепереработке и нефтехимий. Москва, 1974, 176с.
-
Сатпаева Х.К., Алибеков М.И. Влияние свинца и природных детоксикантов на системы крово-и лимфообращения. //Физиологические основы здорового образа жизни. Мат-лы IV-съезда физиол. Казахстана. г. Астана-Караганда. 1999г.
-
Шмановский Н.Л. Сывороточный альбумин-транспортная рецепторная система для физиологический активных веществ. /Фармакол. и токсикол. 1984. 2. С.93-100.
-
Кисилев А.В. Природа адсорбции цеолитов. М. 1965. с.5-25.
-
Зухрабов М.Г., Папуниды Э.К. Природные цеолиты и полисоли в профилактике нарушений обмена веществ у свиней. //Тр. 1 съезда вет. Врачей Респ. Татарстан. Казань, 1996, с.275-277
Достарыңызбен бөлісу: |