Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының ережесін бекіту туралы


Хабарланатын сандық мәндердің көлемі



бет2/10
Дата08.06.2016
өлшемі0.79 Mb.
#122395
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

7. Хабарланатын сандық мәндердің көлемі
      49. Сандық мәндерді хабарлаған кезде оның көлемі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 10-кестеге сәйкес өлшем бірліктермен анықталады.
      50. Әуе кемесінің экипажы мен диспетчер арасында хабар мазмұнын дұрыс түсінбей қалуды болдырмайтын, орыс тіліндегі сенімді екі жақты радиотелефон байланысы орнағаннан кейін, өлшем бірліктері мәнін олардың атауынсыз хабарлауға болады.
8. Радиотелефон байланысын орнату және жүргізу
      51. Радиотелефон байланысын орнату кезінде әуе кемесінің экипажы өзінің әуе кемесі мен ӘҚҚ органының толық шақыру белгісін қолданады.
      52. Әуе кемесі мен ӘҚҚ органының шақыру белгілерін қою тәртібі радиоалмасу кезінде мынадай болуы тиіс:
      «жер – әуе» радиоалмасу кезінде - әуе кемесінің шақыру белгісі, әрі қарай хабар немесе жауап;
      «әуе – жер» радиоалмасу кезінде:
      1) жаңа ақпарат беру немесе сұрау кезінде - әуе кемесінің шақыру белгісі, әрі қарай хабар;
      2) ӘҚҚ органының хабарына жауап беру кезінде – қабылданған ақпаратты қайталау немесе алғанын растау, әрі қарай әуе кемесінің шақыру белгісі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 12-кестеде келтірілген.
      53. Байланыс орнату кезінде шақырудың қабылданатынына сенімді болған жағдайда, шақыруға жауапты күтпей, хабар жіберуге болады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 13-кестеде келтірілген.
      54. Диспетчерге хабарды диспетчерлік пункт аймағындағы (ауданындағы) барлық әуе кемелеріне тарату талап етілген жағдайда, хабар барлық борттарға жіберіледі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 14-кестеде келтірілген.
      Жалпы шақырулар растауды талап етпейді. Жеке әуе кемелері экипаждарының хабарды алғандығына сенімсіздік туындаған жағдайда, оларды диспетчер хабарды алғандықтарын толық немесе жартылай растау үшін шақырады.
      55. Қабылданған хабардың дұрыстығына күмән болған жағдайда, оны түгелдей немесе жартылай қайталау талап етіледі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 15-кестеде келтірілген.
      56. Егер диспетчер кедергілерді немесе қандай да бір себептердің салдарынан әуе кемесінің нөміріне (шақыру белгісіне) сенімсіз болса, диспетчер шақырып отырған экипаждың нақты белгісін анықтау үшін оның шақыру белгісін сұрайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 16-кестеде келтірілген.
      57. Диспетчер кімге екені белгісіз нұсқаулар (рұқсаттар) бермейді, ал әуе кемесінің экипажы оларды орындамайды.
      58. Егер хабарлау кезінде қате жіберілсе, түзету енгізу үшін «Түзету беремін» деген сөз тіркесі айтылып, содан кейін соңғы дұрыс сөздер тобы немесе сөз тіркесі қайта айтылып, хабардың дұрыс нұсқасы беріледі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 17-кестеде келтірілген.
      59. Егер түзетуді бүкіл хабарды қайталау арқылы енгізу ыңғайлырақ болса, онда диспетчер немесе әуе кемесінің экипажы «correction, i say again» немесе «түзету беремін, қайталаймын» деген сөйлемді екінші рет қолданады.
      60. Сөзбе сөз растау қажет болмаса (read back), диспетчер немесе экипаж станцияның шақыру белгісін немесе «roger» немесе «түсіндім» сөздерін қолданады.
      61. Диспетчерлер әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайлары талап етілген жағдайлардан басқа жағдайларда, ұшып көтерілу кезінде, қонуға кіру кезінде, әуе кемесін көрген сәттен бастап, жақын жетекті радиомаркерді (ЖЖРМ) ұшып өткеннен кейін және екпін алғанға дейін әуе кемесінің экипажымен радиоалмасуға түспейді.
      62. Егер хабар қабылдау қиын болатын болса, онда оның маңызды элементтері екі қайтара хабарлануы тиіс.
      63. Сөзді әріптеп қайталау үшін (мысалы, геонүктені), «Spell the word….» - «Әріптеп айтыңыз …» сөз тіркесі қолданылады.
      64. Егер әуе кемесінің экипажымен радиобайланыс орнату қиын болса немесе радиостанцияның техникалық ерекшеліктеріне қарай мүмкін болмаса, диспетчер өзінің хабарларын қайта тарату үшін басқа әуе кемелерінің экипаждарын пайдалана алады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 18-кестеде келтірілген.
9. ӘҚҚ-ны тапсыру
      65. Әуе кемесінің экипажы өзі ұшып келе жатқан ӘҚҚ-дағы диспетчерлік пункттің диспетчерінің радиобайланыс арнасын (жиілігін) үзбей тыңдайды.
      66. Басқа диспетчерлік пункттің диспетчерімен радиобайланыс орнатуға ауысу әуе кемесіне ӘҚҚ көрсетілген аймақтағы (аудандағы) диспетчерлік пункттің диспетчерінен рұқсат алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 19-кестеде келтірілген.
      67. Диспетчерден шектес диспетчерлік пункттің жұмыс жиілігіне ауысу туралы нұсқау болмаған жағдайда, әуе кемесінің экипажы ауысуды жүзеге асырмас бұрын өзі ұшып келе жатқан ӘҚҚ диспетчерінен рұқсат сұрайды.
      68. Егер әуе кемесінің экипажына белгіленген жиілікте байланыс орнату мүмкін болмаса, ұшып өткен ӘҚҚ диспетчеріне баяндап, онымен радиоалмасуды соның жиілігінде жүзеге асырады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 20-кестеде келтірілген.
      69. ӘҚҚ органы қосымша хабарлар береді деген болжам болса, әуе кемесінің экипажына көрсетілген жиілікте «standby» немесе «қабылдауға дайын болыңыз» деген және «monitor» немесе ақпарат берілетін жиілікті «тыңдаңыз, бақылаңыз» деген нұсқау беріледі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 21-кестеде келтірілген.
10. Рұқсаттар беру және оларды қайталауға қатысты талаптар
      70. Диспетчерлер әуе кемесінің экипажы жазып алуы үшін, рұқсаттарды баяу ырғақта және анық айтуы тиіс.
      Бағыт бойынша ұшуға берілетін диспетчерлік рұқсат әуе кемесінің бортына қозғалтқыштарды іске қоспас бұрын берілуі тиіс.
      Диспетчер бағыт бойынша ұшуға диспетчерлік рұқсатты экипажға мына жағдайларда бермейді:
      1) экипаж рульдеумен айналысып жатса;
      2) әуе кемесі атқару стартында болса немесе көтеріліп бара жатса.
      71. Бағыт бойынша ұшуға берілетін диспетчерлік рұқсат, ұшуға немесе қолданыстағы ҰҚЖ-ға тұруға берілген нұсқау емес.
      72. Бағыт бойынша ұшуға берілетін диспетчерлік рұқсатта мынадай ақпарат болады:
      1) рұқсат шегі – оған дейін ұшуға рұқсат етілген пункт;
      2) әуеайлақ ауданынан шығу бағыты, аспаптар бойынша шығудың (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы SID) стандартты бағыттары болған жағдайда, стандартты бағыт атауы беріледі. Ол болмаған жағдайда – шығу бағытының сипаттамасы беріледі;
      3) рұқсат етілген алынатын биіктік;
      4) жауап берушінің коды;
      5) радиобайланыс арнасының жиілігі және ұшып көтерілгеннен кейін жұмыс істеу қажет болатын ӘҚҚ органының атауы.
      73. Дұрыс түсінбей қалу қаупін болдырмас үшін траекторияны сипаттау кезінде «take-off» сөз тіркесі қолданылмайды. Бұл сөз тіркесі ұшуға рұқсат ету немесе оны өзгерту үшін ғана қолданылады. Қалған жағдайларда «departure» және «airborne» сөздері қолданылады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 22-кестеде келтірілген.
      74. Бастапқы берілген диспетчерлік рұқсаттағы деректер өзгерген жағдайда, диспетчер әуе кемесінің экипажына осы өзгерістерді хабарлайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 23-кестеде келтірілген.
      75. Осы Ереженің 2-қосымшасындағы 24-кестеде келтірілген ӘҚҚ органдарының хабарларын (нұсқауларын, рұқсаттарын) экипаж толық қайталайды.
      Экипаж аталған хабарларды қайталамаған жағдайда, диспетчер оларды қайталауды талап етеді. Өз кезегінде экипаж хабарларды толық түсінбеген жағдайда, оларды қайталауды сұрайды.
      Басқа рұқсаттар мен нұсқаулар, олардың түсінікті және атқарылып жатқанына күмән болмас үшін қайталанып, расталады.
      Хабар қабылданғаннан кейін, әуе кемесінің экипажы өзінің шақыру белгісін атайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 25-кестеде келтірілген.
      76. Егер ұшқыш рұқсатты немесе нұсқауды дұрыс қайталамаса, диспетчер «negative» немесе «қате» сөзін айтып, олардың дұрыс нұсқасын хабарлайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 26-кестеде келтірілген.
      77. Егер экипаж өзі орындай алмайтын рұқсат немесе нұсқау алса, «unable to comply» немесе «орындай алмаймын» деген сөз тіркестерін қолданып, бұл туралы диспетчерге баяндап, оның себебін түсіндіреді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 27-кестеде келтірілген.
11. Радиостанцияны тексеру және байланысты сынап көру
      78. Радиостанцияны тексеру үшін қосу және авиациялық электр байланысы радиожелілеріндегі байланысты сынап көруді жүзеге асыру ӘҚҚ кезіндегі радиоалмасуға кедергі келтірмейтіндей орындалады.
      79. Тексеріп көру сигналдарын жіберу қажет болған жағдайда (радиостанцияны теңеу үшін), олардың ұзақтығы 10 секундтан аспауы тиіс. Мұндай сигналдарды радиотелефон арқылы беру цифрлар қатарынан және сигнал беретін радиостанцияның шақыру белгісінен тұрады.
      80. Әуе кемесі экипажының немесе инженерлік-авиациялық қызмет авиатехнигінің тиісті диспетчерлік пункт жиілігінде жасалатын сынап көру байланысы мынадай тәртіппен орындалады:
      1) хабарлау:
      шақырылатын диспетчерлік пункттің шақыру белгісі;
      әуе кеменің нөмірі (шақыру белгісі);
      сөздер:
      «radio check» - байланысты тексеру;
      «maintenance check»- «байланысты техникалық тексеру» (жерде);
      «preflight check»- «ұшу алдындағы тексеру» (ұшар алдында);
      «signal check»- «байланысты тексеру» (ұшу кезінде, қажетінше);
      2) жауап беру:
      ӘҚҚ органының диспетчерлік пунктінің шақыру белгісі;
      әуе кеменің нөмірі (шақыру белгісі);
      хабардың түсінікті екенін хабарлау;
      «соңы» сөзі.
      81. Хабар беру кезіндегі сөздер мағынасының түсінікті болу дәрежесіне қарай байланыс сапасын тексеру осы Ереженің 2-қосымшасындағы 28-кестеде келтірілген шкала бойынша анықталады. Байланыс сапасын тексеру кезіндегі сөз тіркестерінің үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 29-кестеде келтірілген.
12. Әуе кемесінің ұшу биіктігіне қатысты нұсқаулар
      82. Әуе кемесiнiң ұшуының барометрлiк биiктiгiн есептеу Нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi.
      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      83. Биіктік туралы хабарларды ағылшын тілінде беру кезінде мынадай талаптар орындалады:
      1) ұшу эшелондарына қатысты хабарларда (Flight levels) «to» сөзі қолданылмайды;
      2) төмендеу мен биіктік алуға (Height, Altitude) қатысты барлық хабарларда міндетті түрде «Height» немесе «Altitude» сөздері қолданылып, тиісінше, QFE немесе QNH мәні көрсетіледі;
      3) «re-cleared» сөз тіркесі биіктік алуға және төмендеуге қатысты қолданылмайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 30-кестеде келтірілген.
      84. Егер әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары бойынша әуе кемесінің экипажы аралық биіктік алғандығын растауы қажет болса, диспетчер аралық баяндауды және биіктік алу (төмендеу) талаптарын белгілеп, биіктік алу туралы нұсқаулар берген кезде әуе кемесінің экипажына хабарлайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 31-кестеде келтірілген.
      85. Әуе кемесінің экипажына биіктікті өзгерту және қажет болса биіктік алуды жылдамдату туралы нұсқау берілгеннен кейін, биіктік алу (төмендеу) жылдамдығын арттыру туралы нұсқау беріледі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 32-кестеде келтірілген.
      86. Экипаж дереу төмендеуді немесе биіктік алуды талап ететін іс-қимылдарды орындауы үшін, радиоалмасуда «immediately» немесе «дереу» деген сөздер қолданылады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 33-кестеде келтірілген.
      87. Әуе кемесінің экипажы ӘҚҚ диспетчерлері нұсқауының (рұқсаттарының) ала сала орындалуын қамтамасыз етеді.
      88. ӘҚҚ диспетчері биіктікті төмендету немесе биіктік алуды ұшқыштың қарауына қалдырған жағдайда, «when ready» немесе «есеп бойынша төмендеу» сөз тіркестері қолданылады. Бұл жағдайда ұшқыш «leaving» немесе «төмендеп бастадым» деген сөзді қолданып, өз эшелонының босағаны туралы баяндайды. Ұшқыш ӘҚҚ органына эшелонның босағаны туралы борттағы биіктік өлшеуіш әуе кемесінің осы эшелонды нақты босатқанын және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланған тәртіптемелерге сәйкес төмендеу мен биіктік алудың тік жылдамдығын ұстап келе жатқанын көрсеткен жағдайда ғана хабарлайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 34-кестеде келтірілген.
      89. Ұшудың жалпы бағытының өзгеруіне байланысты бағыттың бұрылу пунктінде эшелонды өзгерту үшін, әуе кемесінің экипажы диспетчерге осы пункттен ұшып өтудің есептік уақытын хабарлап, бұрылу пунктіне 20 километр қалғанда эшелонды ауыстыру керектігі туралы баяндайды.
      90. Ұшу кезінде метеожағдайлар өзгеріп, ұшуды орындау ережесін өзгерту қажеттігі туындаса, әуе кемесінің экипажы диспетчерден рұқсат сұрайды.
      91. Ұшу биiктiгiн өзгерту шектеулерi мынадай түрде берiлуi мүмкiн:
      1) әуедегi жағдай туралы ақпарат (қолданылатын үлгi: «эшелон 130-бен жүрiңiз, 140 эшелонда қарсы әуе кемесi»);
      2) әуе кеңiсiтiгiн пайдалану бойынша тыйым салулар мен шектеулердiң бары туралы мәлiметтер (қолданылатын үлгi: «Ақши - Ұзынағаш учаскесiнде 150-210 эшелондары жабық»);
      3) қауiптi метеожағдайлар немесе орнитологиялық жағдай туралы ақпарат (қолданылатын үлгi: «алдынан/сол жағынан/оң жағынан 50 қашықтықта жарық, борттар бұлттардың үстiнен 330 қашықтықта өттi» немесе «500-ге дейiнгi биiктiкте ауыспалы жел»).
      Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
13. Әуе кемелері экипаждарының ұшып келе жатқан жерлері туралы деректерді хабарлауы
      92. Ұшып келе жатқан жерлері туралы хабарларды әуе кемелерінің экипаждары белгіленген МЖП немесе диспетчер тағайындаған бақылау пункттерін (межелерді) ұшып өту кезінде хабарлайды.
      93. Ұшып келе жатқан жер туралы хабарларда мынадай ақпарат элементтері болады:
      1) әуе кемесінің шақыру белгісі;
      2) ұшып келе жатқан жері;
      3) МЖП-ны, бақылау бағдарын (пунктін) ұшып өту уақыты;
      4) ұшу эшелоны (биіктігі);
      5) келесі пункт (кезекті) міндетті жеткізулер пункті (бақылау пункті, межесі) және ұшып өтудің есептік уақыты. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 35-кестеде келтірілген.
      94. Диспетчер қолданыстағы жер үсті радиолокациялық станциясынан (бұдан әрі – РЛС) ұшуды орындау туралы (әуе кемесінің қозғалысы) жеткілікті ақпарат алса, әуе кемелерінің экипаждары диспетчердің нұсқауы бойынша өзінің ұшып келе жатқан жері туралы хабарды міндетті түрде беру қажеттілігінен босатылады.
      Әуе кемесінің экипажы ұшып келе жатқан жері туралы хабарды жаңартуы үшін, диспетчер бұл туралы тиісті нұсқау береді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 36-кестеде келтірілген.
      95. Экипаж өзінің ұшып келе жатқан жерін сұраған кезде немесе әуе кемесі трассадан (ұшу бағытынан) ауытқыған жағдайда, экипажға азимут пен қашықтық немесе трассаға қатысты (ұшу бағытына) тұрған жері туралы ақпарат, кезекті немесе соңғы МЖП-ға дейінгі қашықтық және ұшу бағдары, әуе трассасына (ЖӘЖ) шығу үшін кері бұрылу бұрышының шамасы (ортодромия арқылы ұшу кезінде), ұшу бағыты (олардың осьтік сызығы) хабарланады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 37-кестеде келтірілген.
      Барлық жағдайларда экипажға әуе кемесінің ұшып келе жатқан  жерін хабарлау диспетчердің белгіленген жол сызығына (бұдан әрі – БЖС) шығуға берген бұйрығы болып табылады.
      96. Әуе кемесі трассаға (ұшу бағытына) шыққаннан кейін диспетчер экипажға осы туралы, қажет болған жағдайда – ұшып келе жатқан жері туралы ақпаратты хабарлайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 38-кестеде келтірілген.
3-тарау. ӘҚҚ диспетчерлік пункттерінің әуе кемелері экипаждарымен үлгідегі радиоалмасу фразеологиясы
1. Ұшып шығуға берілетін ақпарат және қозғалтқыштарды іске қосу тәртіптемелері
      97. Ақпарат автоматты түрде жіберілмейтін әуеайлақтарда ұшқыш ATIS немесе МВ арнасы әуеайлақтары ауданында қозғалтқыштарды іске қосуға рұқсат сұрар алдында әуеайлақтағы ағымдағы ақпаратты сұрайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 39-кестеде келтірілген.
      98. Қозғалтқыштарды iске қосуды сұрау диспетчерлiк қызмет көрсетудi жоспарлауды қамтамасыз ету және ұшуға рульдеуге рұқсатты күтiп отырған әуе кемесінiң отынды босқа жұмсауын болдырмау мақсатында жүзеге асырылады.
      Ескерту. 98-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      99. Бастапқы байланыс орнағаннан кейін экипаж ATIS немесе МВ арнасы (әуежайда болған жағдайда) арқылы ақпарат қабылдағаны туралы баяндайды. Егер бастапқы байланыс орнаған кезде экипаж ATIS немесе МВ арнасы арқылы ақпарат қабылдағаны туралы баяндамаса, диспетчер экипаждан оны тыңдауын талап етеді.
      100. ATIS немесе МВ арнасынан келетін кезекті ақпаратқа кірмей қалған шұғыл немесе метеорологиялық ақпарат өзгерген жағдайда, диспетчер бұл өзгерістерді экипажға хабарлайды.
      101. Ұшқыш іске қосуға рұқсат сұраумен қатар, әуе кемесінің келе жатқан жерін хабарлайды.
      102. Қозғалтқыштарды іске қосу диспетчердің рұқсатымен ғана жүргізіледі.
      103. Әуе кемесі ұшып шығуды кідіртсе, диспетчер іске қосу уақытын немесе жоспарланып отырған ұшып шығу уақытын көрсетеді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 40-кестеде келтірілген.
      104. Тікұшақ экипажы қозғалтқыштарды іске қосуға және бақылау қалықтауына рұқсат сұраған кезде «Рульдеу» диспетчерінен «Мұнара (Старт)» диспетчеріне ӘҚҚ-ны тапсыру бақылау қалықтауынан кейін мынадай ұшу кездерінде жүзеге асырылады:
      ұшақ бойынша – ӘҚҚ-ны тапсырудың белгіленген межелерінде;
      тікұшақ бойынша – экипаж бақылау қалықтауын орындағаны туралы баяндағаннан кейін..Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 41-кестедекелтірілген.
2. Тіркеп сүйреуге рұқсат сұрау
      105. Әуе кемесін іске қосу орнына тіркеп сүйреу қажет болған жағдайда, экипаж диспетчерден тіркеп сүйреуге рұқсат сұрайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 42-кестеде келтірілген.
      106. Тіркеп сүйреуге рұқсат беру кезінде іске қосу талаптарын да қоса беруге болады:
      1) дайындығына қарай;
      2) сұрауы бойынша;
      3) белгіленген уақытта. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 43-кестеде келтірілген.
      107. Әуе кемесін «құйрығымен» алдыға қарай тіркеп сүйреу кезінде радиоалмасудың осы Ереженің 2-қосымшасындағы 44-кестеге сәйкес фразеологиясы қолданылады.
      108. Ұшқыш пен жердегі команда тіркеп сүйреуді үйлестіру үшін осы Ереженің 2-қосымшасындағы 45-кестеде келтірілген үлгіге сәйкес ағылшын тіліндегі фразеологияны қолданады.
      109. Тиеп сүйреу аяқталғаннан кейін жердегі команда ұшқышқа осы әуе кемесін рульдеуді орындауға болатынын көрсететін, көзбен көрінетін сигнал береді.
      Егер ұшқыш тиеп сүйреуді белгілі бір кезеңінен тоқтатқысы келсе, «stop pushback» немесе «тіркеп сүйреуді тоқтатыңыздар» деген сөз тіркесін қолдануы тиіс.
3. Ұшуды орындау үшін әуе кемесінің экипажына берілетін рульдеу тәртібі туралы нұсқаулар
      110. Диспетчердің рульдеуге қатысты нұсқауларында әуе кемесінің әрі қарай ұшуына қосымша рұқсатты күтетін міндетті түрде тоқтайтын жері болып табылатын рұқсаттың қолданылу шекарасы туралы мәліметтер болады.
      111. Ұшып шығатын әуе кемелері үшін рұқсаттың қолданылу шекарасы алдын ала старт немесе алдын ала стартта анықталмаған болса, әуе кемесінің міндетті түрде тоқтайтын жері болып табылады. Ұшқыштың сұрауы бойынша диспетчер рульдеу жөнінде толық нұсқаулар береді. Кері бағытта рульдеу рұқсаты ұшар алдында қолданылады, бұл жағдайда атқару стартына тұру үшін жұмыс ҰҚЖ-ға қарсы бағыттағы ҰҚЖ-ға рульдеу қажет болады, бұл жерде үнемі жұмыс ҰҚЖ-ның нөмірі көрсетіледі. Экипаждың (request progressive taxi) диспетчерден рульдеу жолдарының әрбір қиылысы қасынан рульдеу бағыты туралы нұсқау беруін сұрауды экипаж таңбалау мен көрсету белгілері болмаған немесе істен шыққан жағдайда рульдеу бағытын анықтай алмаған кезде жүргізіледі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 46-кестеде келтірілген.
      112. Рульдеу кезінде диспетчер әуе кемесінің экипажына соқтығысу қаупін тудыратын әуе кемелерінің қозғалысы туралы ақпарат береді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 47-кестеде келтірілген.
      113. Әуе кемесінің алдын ала стартқа тұру орнына немесе міндетті түрде тоқтау орнына жеткен кезде, оның экипажы бұл туралы диспетчерге баяндайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 48-кестеде келтірілген.
4. Әуе кемесінің экипажына қонғаннан кейін рульдеу тәртібі туралы берілетін нұсқау
      114. Диспетчердің рульдеу тәртібі туралы нұсқауында мынадай мәліметтер болады:
      1) тұрақ орны туралы;
      2) рульдеу талаптары туралы (кедергілер мен шектеулер болған жағдайда);
      3) бағыт туралы.
      115. Әуе кемесінің экипажына нұсқау, ол әуе кемесінің рульдеу жолында орналасқан жерін баяндағаннан кейін беріледі. Кері бағытта рульдеу рұқсаты қонғаннан кейін, әуе кемесі әлі ҰҚЖ-да тұрған кезде және жұмыс ҰҚЖ-ға қарсы бағыттағы ҰҚЖ-ға рульдеу қажет болған жағдайда қолданылады, бұл жағдайда үнемі жұмыс ҰҚЖ-ның нөмірі көрсетіледі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 49-кестеде келтірілген.
5. Атқару стартына тұруға рұқсат сұрау
      116. Атқару стартына тұру «Мұнара (Старт)» диспетчерінің рұқсатымен ғана жүргізіледі.
      Атқару стартына тұруға берілетін рұқсатта мынадай ақпарат болады:
      1) әуежайда ауа-райын хабарлайтын ATIS немесе МВ арнасы болған жағдайда – ATIS немесе МВ арнасындағы хабарға кірмеген шұғыл және метеорологиялық ақпараттағы өзгеріс;
      2) әуежайда ATIS немесе МВ арнасы болмаған жағдайда – ұшып шығу және әуеайлақ ауданынан шығу талаптары (қажет болған жағдайда – метеожағдай, ҰҚЖ-ның жай-күйі, құстардың жиналуы және ұшып келуі туралы ақпарат). Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 50-кестеде келтірілген.
      117. Әуе кемесінің қосалқы ҰҚЖ-дан ұшып шығуы туралы шешім қабылдаған кезде немесе біруақытта бірнеше ЖҰҚЖ қолданылған жағдайда, диспетчердің рұқсатында ЖҰҚЖ-ның таңбаланған нөмірі немесе негізгі ҰҚЖ-ға және оның белгісіне қатысты ТҰҚЖ-ның орналасуы көрсетілуі тиіс. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 51-кестеде келтірілген.
      118. әуе кемесі алдын ала стартта тұрған кезде және экипажға қозғалтқыштарды қыздыруды аяқтау үшін немесе сынап көру үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайда, ұшқыш бұл туралы диспетчерге хабарлайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 52-кестеде келтірілген.
      119. Әуе кемесінің экипажына атқару стартына тұруға рұқсат берумен қатар қауіпсіз аралықтар жасау мақсатында әуеайлақ ауданынан шығу талаптарына қатысты нұсқаулар беруге болады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 53-кестеде келтірілген.
      120. ҰҚЖ-да ұзына бойы аралық жасау үшін, әуе кемесінің экипажына бұйрықпен ұшуға дайындалуға атқару стартына тұру туралы нұсқау беріледі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 54-кестеде келтірілген.
6. Әуе кемесі экипажының ұшып көтерілуге рұқсат сұрауы
      121. Әуе кемесінің экипажы ұшуға дайындалып, алдын ала стартқа тоқтау кезінде отынды босқа шығындамас үшін «Мұнара» («Старт») диспетчерінен атқару стартына тоқтамай көтерілуге рұқсат сұрай алады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 55-кестеде келтірілген.
      122. Уақытты үнемдеу мақсатында атқару стартына тоқтамай көтерілуге берілетін «cleared for immediate take-off» бұйрықты әуе кемесі алдын ала стартта тұрған кезде беруге болады. Бұл жағдайда әуе кемесі кідірусіз жолаққа рульдеп, ешқайда тоқтамай көтеріледі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 56-кестеде келтірілген.
      123. Атқару стартына тоқтамай көтерілуге рұқсат беру мүмкін болмаған жағдайда, әуе кемесінің экипажына атқару стартына тұру және қосымша бұйрық болғанға дейін ұшып көтерілуге болмайтыны туралы нұсқау беріледі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 57-кестеде келтірілген.
      124. Тікұшақ бойынша ұшуды орындау кезінде әуе кемесінің экипажы «Мұнара» («Старт») диспетчеріне ұшуға дайын екендігі және орналасқан жері туралы ақпарат беріп, ұшуға рұқсат сұрайды.
      125. Әуе кемесі атқару стартына тұрған кезде оның экипажы «Мұнара» («Старт») диспетчеріне ұшуға дайын екендігі туралы баяндайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 58-кестеде келтірілген.
      Ұшуға немесе атқару стартына тоқтамай ұшуға рұқсат бергеннен кейін 1 минуттан астам уақыт өтсе, әуе кемесінің экипажы ұшуға қайта рұқсат сұрайды.
      126. Әуе кемесінің экипажына ұшуды орындауға берілетін рұқсат, 200 метр биіктікте (қауіпсіз немесе белгіленген) «Шеңбер» диспетчерімен байланысқа ауысуға берілген рұқсат болып табылады. Осы биіктікке көтерілгенге дейін әуе кемесінің экипажы «Мұнара» («Старт») диспетчерінің радиостанциясын тыңдайды.
      127. Көру мүмкіндігі нашар болған жағдайда, диспетчер ұшу бағытын қосымша көрсетіп, экипаждан ұшудың орындалуын баяндауды сұрай алады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 59-кестеде келтірілген.
      128. Егер әуеайлақта бірнеше ҰҚЖ қолданылса, онда ұшуға берілетін рұқсатта ҰҚЖ нөмірі көрсетілуі тиіс. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 60-кестеде келтірілген.
      129. Ұшуға рұқсат берумен қатар диспетчер ұшуға және әуеайлақ ауданынан шығу талаптарына қатысты қосымша нұсқаулар да бере алады. Мұндай нұсқаулар эшелондауды қамтамасыз ету мақсатында беріледі.
      Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 61-кестеде келтірілген.
      130. Әуедегі жағдайдың күрт өзгеруі салдарынан немесе әуе кемесінің ұшып шығуының күтпеген жерден кідіруіне байланысты, диспетчер ұшып көтерілуді жылдамдатуға немесе басқа әуе кемесін қондыру үшін ҰҚЖ-ны босатуға нұсқау беруі мүмкін. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 62-кестеде келтірілген.
      131. «Әуеайлақтағы ауа-райы минимумынан төмен кезде және/немесе өзгеде қауiптi құбылыстар мен ауа-райы жағдайлары орын алған жағдайда, диспетчер бұл туралы әуе кемесiнiң экипажына хабарлайды. Экипаж өз шешімдерін қабылдайды және ол туралы диспетчерге хабарлайды. Үлгiсi осы Ереженiң 2-қосымшасындағы 63-кестеде келтiрiлген.
      Ескерту. 131-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет