2.2 Практикалық сабақтар
№
|
Практикалық сабақтардың тақырыптары
|
Мазмұны
|
Оқыту формасы
|
Көлемі (сағат)
|
1
|
Психологиялық ғылымның және практиканың пәні мен міндеттері
|
Студенттерге психологияның ғылым ретінде қалыптасуы жайлы түсінік беру. Психология ғылымның негізгі принциптеріне, ұғымдары және категорияларына анықтама беру. Сана және ұғынылмайтын психикалық процесстер жайлы теориялық біліммен қамтамасыз ету.
|
Күндізгі
|
2
|
2
|
Психикалық таным процесстерінің жалпы сипаттамасы
|
Түйсік және қабылдау процесстері, ес психикалық процесі, ойлау процесі жайлы теориялық білім беру.
|
Күндізгі
|
1
|
3
|
Тұлға адамның психологиялық қасиеттерінің жүйесі ретінде
|
Темперамент және оның түрлері, типтері туралы теориялық біліммен қамтамасыз ету. Мінез туралы түсінік беру, мінез типологияларына шолу жасау. Мінездің психологиялық теориялары мен физиологиялық негізіне теориялық талдау беру. Қабілетті дамыту жолдарын үйрету.
|
Күндізгі
|
1
|
4
|
Іс-әрекет психологиясы
|
Іс-әрекет түрлері мен құрылымы жайл теориялқ біліммен қамтамасыз ету. Іс-әрекеттің психофизиологиялық функцияларына шолу жасау. Алын білімді тәжірибеде қолдана алу дағдыларын меңгеру.
|
Күндізгі
|
1
|
5
|
Түйсік
|
Адам түйсігінің түрлері және адам өміріндегі түйсіктің орны жайлы біліммен қамтамасыздандыру. Түйсіктің негізгі өлшемдеріне сипаттама беру Адамптация, синестезия, сенсибилизация салыстырмалы талдау жасау.
|
Күндізгі
|
1
|
6
|
Қабылдау және елес
|
Қабылдау заңдылықтарының психофизиологиялық зерттеулеріне шолу жасау. Қабылдау қасиеттеріне сипаттама беру. Қиялды дамыту жолдарын қарастыру және алынған білімді тәжірибеде қолдана алу дағдыларын меңгеру.
|
Күндізгі
|
1
|
7
|
Ойлау
|
Ойлау және оның түрлері, ерекшеліктері, адам өміріндегі маңыздылығы жайлы білімдермен қамамасыз ету. Ойлау процесін зерттеумен айналысқан ғалымдар зерттеулеріне шолу жасау.
|
Күндізгі
|
1
|
8
|
Ес психологиясы
|
Тұлғаның дамуында естің рөлін түсіндіру. Ес психологиясының негізгі заңдылықтарына сипаттама беру. Еске сақтаудың негізгі классификациясына талдау жасай және практикалық мысалдармен байланыстыру.
|
Күндізгі
|
1
|
9
|
Сөйлеу
|
Сөйлеудің түрлері және қызметтері, формалары жайлы білімдермен қамтамасыз ету. Сөйлеу процесін зерттеумен айналысқан ғалымдар зерттеулеріне шолу жасау.
|
Күндізгі
|
1
|
10
|
Зейін
|
Зейіннің түрлері және қызметтеріне сипаттама беру. Зейін теориясы және оның физиологиялық механизмдеріне теориялық талдау жасау. Зейіннің негізгі қасиеттері және оның эксперименталды зерттеулеріне шолу жасау.
|
Күндізгі
|
1
|
11
|
Эмоция
|
Эмоцияның түрлері және қызметтеріне сипаттама беру. Эмоцияның негізгі теорияларына шолу жасау. Эмоция және тұлға өзара байланыстылық ерекшеліктерін ажырату. Сезім және оның классификациясын ерекшеліктерін білу дағдыларын меңгерту.
|
Күндізгі
|
1
|
12
|
Мотивация және ерік психологиясы
|
Мотивациялық-қажеттілік сфера жайлы білімдермен қамтамасыз ету. Мотивациялық процесстердің заңдылықтарына шолу жасау. Ерік сапаралын қалыптастыру жолдарымен танысу және тәжірибеде алынған білімді қолдана алу дағдыларын меңгеру.
|
Күндізгі
|
1
|
13
|
Қазіргі психологиядағы тұлға түсінігі
|
Отандық психологиядағы қазіргі тұлға теорияларына сипаттама беру. Тұлға құрылымындағы негізгі психологиялық теорияларға шолу жасау. Тұлға дамуыдағы факторлар мен детерминанттардың ерекшеліктерін көрсету. Тұлға дамуындағы қайнар көздер және қозғаушы күштердің айырмашылығын ажырата алу дағдыларын дамыту.
|
Күндізгі
|
1
|
14
|
Мінез психологиясы
|
Мінез туралы түсінік теру. Мінез типологияларына шолу жасау. Мінездің психологиялық теориялары жайлы теориялық білімдермен қамтамаыз ету.
|
Күндізгі
|
1
|
2.3 Өзіндік оқуға ұсынылатын тақырыптар (СОЖ)
№
|
СОЖ тақырыптарының атауы
|
Мазмұны
|
Көлемі (сағат)
|
Бақылау формасы
|
1
|
Қазақстандағы психология ғылымының дамуы
|
Психологияның Қазақстандағы дамуы мен қалыптасуы жайлы теориялық білімдерін толықтыру. Психология ғылымының дамуы үлес қосқан психологтардың жетістіктерін таба алу дағдыларын меңгеру. Рефератты талаптарға сай безендіре алу дағдыларын қалыптастыру.
|
2,5
|
Реферат
|
2
|
Жалпы психология принциптері
|
Детерменизм, іс-әрекет пен сана бірлігі және даму принциптері туралы түсініктерін қалыптастыру. Жалпы психология принциптерін тәжірибеде қолдана алу дағдыларын қалыптастыру.
|
2
|
Кесте
|
3
|
Психология салалары
|
Психология салаларына сипаттама беру. Психологияның әр саласының мақсаты мен міндеттерін білу. Карточканы талалаптарға сай безендіре алу біліктіліктерін қалыптастыру.
|
3
|
Карточка
|
4
|
Психологияның зерттеу әдістері
|
Психологияның негізгі және қолсалқы зерттеу әдістеріне сипаттама беру. Бақылау, эксперимент, анкета, сауалнама, интервью, тест әдістері жйлы теориялық біліммен қамтамасыз ету. Психологияның негізгі және қосалқы зерттеу әдістерін тәжірибеде қолдана алу дағдыларын қалыптастыру.
|
2
|
Салыстырмалы кесте
|
5
|
Психика және нерв жүйесінің эволюциясы
|
Адамда жоғарғы психикалық функциялардың дамуы жайлы түсініктерін қалыптастыру. Жануарлар мен адам психикасының ерекшеліктерін ажырату. Баяндаманы талаптарға сай безендіре алу дағдыларын қалыптастыру.
|
3
|
Баяндама
|
6
|
Адам іс-әрекетінің негізгі түрлері
|
Іс-әрекет түрлері және адам іс-әрекетінің құрылымы жайлы теориялық білім беру. Жеке тұлғаның әрекетінде икемділік пен дағдының қалыптасуы жайлы түсініктерін қалыптастыру.
|
3
|
Карточка
|
7
|
Жеке тұлға дамуындағы қарым-қатынас рөлі
|
Қарым-қатынас туралы түсінік беру. Қарым-қатынас түрлеріне сипаттама беру. Қарым-қатынас техникасы және оны тәжірибелік талдай алу дағдыларын қалыптастыру.
|
2
|
Конспект
|
8
|
Топ және ұжым
|
Топ және ұжым түсініктеріне психологиялық анықтама беру. Топ түрлері жайлы түсініктерін қалптастыру. Топ пен ұжымның қалыпасу жолдарына тәжірибелік талдау жасау.
|
3
|
Коллоквиум
|
9
|
Жеке тұлға теориялары
|
Психодинамикалық, социодинамикалық,
интеракциялық теорияларға сипаттама беру. Бұл теориялардың қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар зерттеулеріне шолу жасау. Коспекттіні талаптарға сай жазу дағдыларын қалыптастыру.
|
2
|
Конспект
|
2.4 Өзіндік оқуға ұсынылатын тақырыптар (СӨЖ)
№
|
СӨЖ тақырыптарының атауы
|
Мазмұны
|
Бақылау формасы
|
Көлемі (сағаттар)
|
1
|
Психология дамуына үлес қосқан ғалымдар
|
C.Л.Рубинштейн, И.П.Павлов, Б.М.теплов, Л.С.Выготций, Б.Г.Ананьев жетістіктеріне шолу жасау. Буклектті жасауда, негізгі түйінді көрсету, мәлімет тезисін жасай алу дағдыларын қалыптастыру.
|
Буклет
|
10
|
2
|
Темперамент типтері
|
Темперамент типтерін иллюстрациялық көрнекіліктермен, психологиялық сипаттамасымен үйлестіре алу дағдыларын қалыпастыру. Презентацияны құрастыра алу дағдыларын қалыптастыру.
|
Презентация
|
9
|
3
|
Психология ғылымының қалыптасу тарихы
|
Жан туралы ілімнің. сана туралы ілімнің, психика туралы ғылымның, психология ғылымының қалуыптасу кезеңдеріне теориялық талдау жасау. Модельді құрастыру арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
|
Модель
|
10
|
4
|
Психология бойынша терминологиялық сөздік
|
Психология ғылымы бойынша терминологиялық сөздік жасау дағдыларын қалыптастыру. Глоссарийді жасай алу іскерліктерін қалыптастыру.
|
Глоссарий
|
7
|
5
|
Ойын іс-әрекеті
|
Балаларға арналған ойындар топтамасын жинастыру дағдыларын қалыптастыру. Тиімділігі жоғары, мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін жаттығулар мен ойындарды сапалы іріктей алу дағдыларын қалыптастыру.
|
Ойын
|
5
|
6
|
Жеке тұлға ерекшеліктері
|
Жеке адамға психологиялық мінездеме бере алу дағдыларын қалыптастыру. Болашақ маман ретінде адамға психологиялық мінездеме жасауда негізгі критерийлерді ескере алу іскерліктерін қалыптастыру.
|
Мінездеме
|
9
|
7
|
Дж.Мореноның"Социометрия" әдісі
|
Дж.Мореноның "Социометрия" әдісінің сипаттамасын білу және оны жүргізу техникасын меңгеру. Әдістеме жүргізу барысында психологтың этикалық нормаларын ұстану дағдыларын қалыптастыру.
|
Әдістеме
|
8,5
|
8
|
Қазақ ойшылдарының психологиялық көзқарастары
|
А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов псилогиялық көзқарастарына теориялық талдау жасау. Презентация жасау арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
|
Презентация
|
9
|
3.1. Ұсынылатын негізгі әдебиеттер тізімі:
-
Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Курс лекций. — Москва: АСТ, с 1988 по 2008 год. — 352 с.
-
Степанова, М. А. (2000). Предпосылки теории планомерно-поэтапного формирования умственных действий и понятий: Л. С. Выготский и П. Я. Гальперин. Вопросы психологии, 2000, № 6.
-
Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения. — 2 изд. Алматы: К, азак, университет, 2009. - 308 с.
-
Жақыпов С. Жалпы психология негіздері. - Алматы, 2012.
-
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб: Издательство "Питер", 2000
-
Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. - М.: Директ-Медиа, 2008. - 1042 с.
-
Немов Р.С. Психология: В 3 кн. – Кн. 1. – М., 2009.
-
Фабри К.Э. Основы зоопсихологии. - 6-е изд. - М.: УМК «Психология» 2003
-
Лурия А.Р. Эволюционное введение в общую психологию. М.: Директ-Медиа, 2008. - 305 с.
-
Зорина З.А., Полетаева И.И. Зоопсихология. Элементарное мышление животных. М. 2003.
-
Сравнительная психология и зоопсихология. Хрестоматия. “Питер”, 2004.
3.2.Қосымша әдебиеттер
-
Выготский Л.С. Соб. соч.: В 6 т. – М., 1982-1984.
-
Годфруа Ж. Что такое психология: В 2 т. – М., 1992, 1998.
-
Грановская Р.М. Элементы практической психологии. – М., 1998.
-
Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М., 1977.
-
Ждан А.Н. История психологии. От античности до наших дней.- М., 1998.
-
Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психология. - М., 1998.
-
Петренко В.Ф. Основы психосемантики сознания. – СПб., 2005.
-
Тих Н.А. Предыстория общества. Л. 1970.
4. Пәннің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
№
|
Дәріс сабақтардың тақырыптары
|
Мультимедиялық презентация
|
Оқу фильмдері
|
Муляждар
|
Макропрепараттар
|
Басқалары
|
1
|
Іс-әрекетті психологиялық талдау
|
+
|
-
|
-
|
-
|
сызбалар
|
2
|
Психиканың пайда болуы және эволюциясы
|
+
|
-
|
-
|
-
|
слайд
|
3
|
Адам психикасының пайда болуы мен дамуы
|
+
|
-
|
-
|
-
|
-
|
4
|
Психикалық құбылыстардың жалпы құрылымы
|
+
|
-
|
-
|
-
|
слайд
|
5
|
Таным прцестерінің психологиясы. Сезімдік таным психологиясы.
|
+
|
-
|
-
|
-
|
плакаттар
|
|
Практикалық сабақтардың тақырыптары
|
|
1
|
Психологиялық ғылымның және практиканың пәні мен міндеттері
|
+
|
-
|
-
|
-
|
Үлестірмелі матеиралдар
|
2
|
Психикалық таным процесстерінің жалпы сипаттамасы
|
+
|
-
|
-
|
-
|
Үлестірмелі матеиралдар
|
3
|
Тұлға адамның психологиялық қасиеттерінің жүйесі ретінде
|
+
|
-
|
-
|
-
|
Үлестірмелі материал
|
1 ГЛОССАРИЙ
Абиотикалық факторлар – адамның функциялық күйіне, оның еңбек қабілетіне, мінез-құлқы мен психикасына әсер ететін сыртқы орта жағдайларының жиынтығы. А. Ф. химиялық заттарды (көміртегі қышқылдарын, азот диоксидін, микотоксиндер альдегидтері т.б.), сондай-ақ атмосфералық қысымды, температураны және ауа ызғалдығын, атмосфераның электрлік күйін т.б. жатқызады. Атмосфералық қысымның үлкен толқуы, Жердің магниттік өрісінің өзгеруі, күн белсенділігің жарылыстары организмнің физиологиялық және психикалық тұрақтылығын төмендетеді, жұмыс барысында стрестің пайда болуына әкеледі. А. Ф. ескеру адамға, оның еңбек қабілетіне үлкен талаптар қоятын мамандықтарда қажет. Қасіби аурулардың алдын алу үшін еңбек пен демалыс режимінің регламентациясы қажет, көміртегі құрамының, ауа ылғадығының, жарық пен шу деңгейінің, температура тербелісінің, вибрацияның оптималды мөлшерін туғызу қажет.
Автоматизм – сананың бақылауынсыз, тікелей және белсенді қатысынсыз жүзеге асатын әрекет. Мысалы, ол ымдауда, жүрісте, соматотопиялық қалыптардың пайда болуында көрініс табады. Генетикалық туа біткен факторлармен анықталатын шартсыз – рефлекторлық бағдарламалардың іске асуы болып табылатын «алғашқы реттік». А. және адамның ортада тіршілік іс-әрекеті нәтижесінде қалыптасатын «екінші реттік» А. ажыратылады. «Екінші ретті» А. нәтижесінде жағдайлар, эпизодтар, жағдаяттар мен саналы бағдарлауды қажет ететін операция-әрекеттер иерархиясы арасында байланыс тұрғызылады.
Абстракция – шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін ойша бөліп алуға мүмкіндік беретін ой-тәсілдерінің бірі. А. – адам менталдығының субстантивті процестерінің бірі. Ол адамға объектінің өзінің қасиеттерін, аспектілерін, күйлерін дербес заттарға, объектіге рефлексивті түрде бөліп, ауыстыру. Бұл процестің нәтижесі – А. терминімен атауға болатын ойлау өнімінің (ұғымдар, теориялар т.б.) қалыптасуы. А. келесі түрлері болады: а) дифференциалды А. болмыстағы заттар мен объектілердің дербес, салыстырмалы автономды қасиеттері, аспектілері, пердикаттары мен күйлерінен тұрады: ә) формалды А. предикаттар-қасиеттер-параметрлердің заттың өзіне тәуелсіз қалай өмір сүретінің түсінуде көрініс табады.
Агглютинация – ғажайып қиял бейнелерін жасанды жолмен объектілердің түрлі бөлшектерін бір-біріне құрастыру арқылы жасау. Бұл – елестерді топтастырудың қарапайым түрі. Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия – танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана – суға қонып, ұша алатын ұшақ) құрастырылады. А. әдісі Ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ Солтүстік Америка үндестерінің өнер ескерткіштеріде үлкен орын алған.
Адаптация (Бейімделу) – организмнің сезім мүшелерінің ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге біртіндеп төселуі. А. процестері биологияның негізгі ұғымдарының бірі – гомеостазды сақтауға бағытталады. Биологиялық А. организмнің барлық деңгейлерін қамтиды: молекулярлықтан бастап, іс-әрекетті психикалық реттеуге дейін. Экстремалды жағдайларға А. сәттілігінде жаттығу процестері, индивидтің функциялық, психикалық және моральдық күйі маңызды рөл атқарады. А. сондай-ақ теориялық ұғым ретінде гештальтпсихология, швейцар психологы Ж. Пиаже шығарған интеллект даму теориясындағы индивид пен қоршаған орта арасындағы өзара қатынастың гомеостаздық тепе-теңесу процестері ретінде түсіндіретін психологиялық тұжырымдамаларда да кеңінен қолданылады.
Айналғыштық – орысша мағынасы «обратимость».
Аккомодация – латын сөзі, бейімделуді, басқаға ыңғайлануды білдіреді. Психикалық құбылыс ретінде, мысалы, алыс орналасқан затты көру үшін көздің ішкі құбылыстары өзгертеді. Сол сияқты адам жаңа, таныс емес нәрсені түсіну үшін өзінің ойлау құрылымдарын соған бейімдендіріледі. Жан Пиаже бойынша, ассимиляциямен бірге, жалпы бейімделудің аспектісін құрайды.
Акустикалық ақпарат – естумен байланысты ақпараттар.
Достарыңызбен бөлісу: |