Социально-духовные взгляды абая, шакарима, мухтара ауэзова



Дата08.10.2022
өлшемі25.62 Kb.
#462194
Султанова Н.К. сататья 1


СУЛТАНОВА Н.К.
«ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY» ББМ «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
АБАЙ, ШӘКӘРІМ, МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-РУХАНИ КӨЗҚАРАСТАРЫ


СОЦИАЛЬНО-ДУХОВНЫЕ ВЗГЛЯДЫ АБАЯ, ШАКАРИМА, МУХТАРА АУЭЗОВА


SOCIAL AND SPIRITUAL VIEWS OF ABAI, SHAKARIM, MUKHTAR AUEZOV


Мақалада үш ғұламаның мәдени-ағартушылық, саяси-әлеуметтік ойдың, қоғамдық сананың, білім, өнер дамуының тарихи жолдарын, елді кері кетіретін, адамдардың ізгілікке ұмтылыстарын аяққа таптайтын қазақ қауымының рухани азғындалуы және халықты бүгінмен ғана өмір сүруге болмайды деп үйретеді, өткен қиыншылықтардан сабақ алу арқылы бүгінгі күн мәселелерін шешуге тиістіміз, өткен шақ пен бүгінгі шақ келер шақтың мүмкін болатын қиыншылықтарын жеңетін жолды көрсететінгі баяндалады


В статье рассматриваются исторические пути развития культурно-просветительской, политико-социальной мысли, общественного сознания, образования, искусства, социально-духовные взгляды трех великих ученых


The article discusses the historical ways of development of cultural and educational, political and social thought, public consciousness, education, art, social and spiritual views of the three great scientists

Білім беру жүйесінінің аталмыш өзгерістерге сай жүргізіліп жатқан жұмыстарының бағытына жасалған талдаулар, қазіргі өмір талабына сай жеке тұлға тәрбиелеуде, соңғы уақытта өріс алып келе жатқан жастарға әлемдегі педагогика, психология, саясаттану ғылымдарының жетістіктері негізінде тәлім-тәрбие беруге негізделген, әлеуметтік педагогика саласындағы әлеуметтік мәселесіне ерекше көңіл бөліп отырғандығы байқалады.


Еліміздің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, Қазақстан Республикасының Конститутциясының, Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтау туралы, сондай-ақ «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасының, мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының тұжырымдамасының, этномәдени білім беру тұжырымдамасының қабылдануы ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны жақсарту жолдарын нақты айқындауды талап етеді. Жоғарыда аталған құжаттарда жастарға, оның ішінде әлеуметтік шаралар арқылы тәрбие бере отырып қоғамда, жоғары оқу орнында әлеуметтік жүйені қалыптастыру мәселесі басты назарда болатын негізгі мәселелердің бірі екенін байқауға болады.
Қазіргі кезде адамдардың әлеуметтік жағдайы, бүкіл өркениетті әлем үшін ғаламдық сипатқа ие болып отыр. Жастардың әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік тәрбиесі салауаттылық деңгейінің көтерілуі – бұл жеке жетістік қана емес, ол сондай-ақ еліміздің экономикалық қуатының өсуі, адам ресурстарының өсуі үшін де қажетті шарт.
Қоғамның жаңаруы ғылым мен білімге тәуелді. Оларға негізделген мемлекет пен басқару жүйесі де дұрыс болады. Адамзат бірінен-бірі артық емес халықтар. Сонымен қатар, халықтың болашағы және оның бәсекелестікке қабілеттілігі тек, білімділігімен ғана емес, өскелең ұрпақтың тәрбиелігімен де анықталады. Сондықтан білім беру жүйесінде тәрбие мақсаты, формалары және құралдарын анықтау маңызды болып табылады. Ақиқатқа, әділетке, бірлік пен талап қана тарта алады. Халық әділеттік жағында ғана болса ол өнерді, еңбекті, жаңашылдықты таңдайды. Олардың өзгешелігі өнер, білім, ғылымды, техниканы игеруінде.
Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде этнопедагогикаға сүйену, қазақ халқының ұлы ата-бабасының мұрасын қолдану өте маңызды. Бұған дәлел, халықтың рухын биікке көтерген Ордабасы мен Орбұлақтағы мерекелер, Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың, Бұқар мен Жамбыл, Қаракерей Қабанбай мен Шақшақ Жәнібек, Қара Бура мен Оқшыата тағы басқалардың тойлары. Солардың ішінде белгілі орын алатын Абай, Шәкәрім, Мұхтардың тәлім-тәрбиелік идеяларының сабақтастығы және педагогикалық үрдіске ендіру.
Өмірге енді келген баланың өсіп жетілуіне әлеуметтік тұрғыдан әсер ететін жәйттерді сипаттай келе, Абай Құнанбаев өзінің жетінші қара сөзінде оны екі категорияға бөліп қарастырады: «біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұл тәннің құмары...»-дейді, екіншісі білсем екен дейді. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай керней болса, дауысына ұмтылып, одан ержетіңкірегенде жүрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді», - деп жазады [1].
Бұл қара сөзінде қажеттіліктен туындайтындықтан, ал дамудың екінші жартысы әлеуметтік орта мен ондағы құбылыстарды түрлі сезім қабілеттер көмегімен танып білу арқылы жүзеге асатындығын философиялық тұрғыдан тұжырымдап кеткен.
Абай - өз дәуірінде қатал сыншы болған адам. Қараңғы даладағы қат-қабат әрекеттер, сол сияқты бүтін бір қауымды сынағандығы, қараңғылыққа, надандыққа жаны күйген Абай дүйім жұртты қайткенде түзеудің жолын көздеп, бір тоқтаған түйіні – ғылым, өнер болса, соның ізінше еңбекті тауып, халықты соған үндеді:
«Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын..
Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей» [2].
Абайдың әлеуметтік тақырыптағы өлеңдері көп, соның бәрінің негізігі идеясы – қалың бұқараның «көзін қойып, көңілін ашу», қараңғы қауымды еңбекке, білімге, өнерге, адалдық пен адамгершілікке бастау, азаматтыққа тәрбиелеу, замандастарын өркениетті ортаның прогресшіл мәдениетіне әкелу. Ол өз заманындағы әлеуметтік өмірдің ең бір кезек күттірмес күрделі, түйінді мәселелеріне жауап іздеп, өзін қоршаған құбылыстарды, жалпы ел тұрмысын терең зерттеп, өзіндік ой таразысына сала талдап, өз пікірін айтпақ болды. Бұл ретте орыс ойшылдарының азаттық идеялары және орыстың классикалық әдебиетінің сыншыл реалистік бағыты Абайдың әлеуметтік көзқарасындағы демократтық бағытын қалыптастыруға, философиялық көзқарасындағы кейбір материалистік белгілерді жинақтауға үлкен себепші болды. Оған өзінің:
«Адамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек»,
- деген түйінді сөзі дәлел[3].
Абай Құнанбаев секілді өзінің прозалары мен қара сөздерінде қоғамда кездесетін әлеуметтік теңсіздіктердің адамдар қарым-қатынасына елеулі әсер ететінін айта келіп, сол әділетсіздер өмірде екінші рет қайталанбас үшін жастарға үлгі еткен Шәкәрім Құдайбердіұлы, қазақ жастарының қоғамдық теңсіздік сырларын түсіне отырып, әлеуметтік әділетсіздіктің себептеріне ой жіберуін нанымды суреттей білген. Шәкәрім әлеуметтік процеске жетудің үш жолы бар деп көрсетті:
1. Қазақ қоғамының бойындағы сауатсыздықты жойып, адамдардың білім алуы.
2. Адал, пайдалы еңбек.
3. Озық ойлы елдің мәдениетін үйрену.
Ғылым, философия, білім, тарих, әдебиет пен өнер барлық мүмкіншіліктерін жұмсай отырып, мемлекетке ықпал етуге, ондағы адамдардың адамгершілік тұрғысынан жетілуіне көмектесуге тиіс деп білді қазақ данасы. Ақын қазақ қоғамының табиғатындағы артта қалушылықты, ауыр халды жоюдың үшінші жолы мәдениеті мен тұрмысы дамыған елдердің үлгісін үйрену деп білді.
Айналасындағы алыс алыс-жақынның әлеуметтік өмірімен, тіршілік-тынысымен жан-жақты мәдени байланыс орнату, оның оздығы мен үздігін үйрену, өзіндегіні өзгеге ұғындыра білу қай халықтың болсын рухани толысуындағы маңызды фактор болатындығын айтты. Сондықтан қазақ ұлтын топтастыратын, өркениетке бағыттайтын адамгершілік идеологиясын Шәкәрімнің шығармасынан табамыз. Оның шығармашылығының идеялық, поэтикалық қуаты ақынды ұлттың ұстазы деңгейіне көтерген десек артық бағалау емес. Оған дәлел, қандай құбылыс болмасын Шәкәрім жеңіл қарамайды, оңай баға бере салмайды. Құбылыстың өзгермелі өмірімен байланысы, оның қоршаған қоғамға әсері, келешекке тигізер ықпалы мен салдары тереңнен сарапталады. «Мақтау мен сөгіс», «Мінеу мен күндеу» күнделікті тіршілікте әрбір адамның басында болатын жағдайлар. Шәкәрім осы құбылыстарды әлеуметтік руханилық категориялар деңгейінде бағалайды. Қарапайым құбылыстардың халықтың моралдық келбетіне, қоғамның рухани ахуалына өшпес іздер қалдыратындығын көрсетеді.
Көп сөз айтқан бұрынғы білімділер,
Пайдалансын, ұқсын деп кейінгілер.
Сынға салып талғамай талапты жас,
Соның бәрін қатесіз жөн деп білер.
Олай емес, ойласаң, талай мін бар,
Бұрын шын, қаталы шын, анық шын бар.
У берді ме, сусын деп, су берді ме,
Көзің жұмда жұта бер деген кім бар? [4]
Шәкәрімнің әлеуметтік мәселелерді көтеруі оның саяси даму туралы пікірлерімен ұласады. Ақын кейінгі ұрпаққа үміт артады. Адасқан қоғамды бүгінгі қазақ түсінбегенімен кейінгі жас ұрпақ түсінеді деп біледі. Себебі, ақын өзінің сөзін, ойын, мақсатын кейінгі ұрпақ түсінетіндігіне сенеді. Сондықтан ол сөзім мен ісім өлмейді деп біледі.
Ақын мақсаты өзі айтқандай:
Мен жетелеп өлемін,
Өрге қарай қазақты.
Өлсем ойын бөлемін,
Сөзбен салып азапты
Ақын қазақтың мінін қаза отыра өзі өмір сүрген «тар жол-тайғақ кешулі» қоғамның болмысын ашып береді. Абай мен Шәкәрімнің ілімін жалғастырушы Мұхтар Әуезовты де саяси-әлеуметтік көзқарас, дүниетанымның қалыптасуы, еліміздегі жаңа қоғам құру барысындағы идеологиялық күрес, қолдан жасалған тап тартысы, мәдениет пен өнер, философия мен әдебиет және тағы басқа салалардағы дау-айтыстар, сыңаржақ түсініктер әсер етпей қойған жоқ. Бұл, әсіресе, жазушының 20-30-шы жылдардағы шығармашылығына тікелей қатысты. Дегенмен, М.Әуезовтің осы жылдардағы шығармашылығының ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы мәдени-ағартушылық, саяси-әлеуметтік ойдың, қоғамдық сананың, білім, өнер дамуының тарихи жолдарын танып-білуде зор мәні бар. Байырғы қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, озбырлық туралы, адамдар арасындағы қым-қиғаш қайшылық, әйел басындағы ауыр хал, айықпас мұң, қайғы хақында жазушы сол жиырмасыншы жылдардың жемістері «Қорғансыздың күнінен» «Қараш-Қараш оқиғасынаә дейінгі екі аралықта тағы да бір алуан әңгімелер топтамын жазды: «Оқыған азамат», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Ескілік көлеңкесінде», «Барымта», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Жуандық» т.б. Өгейлік, өктемдік құрбаны болған қорғансыздар тағдыры бұл әңгімелерде де қатал реализм арнасында үлкен суреткерлік күшпен бейнеленеді.
Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов шығармашылықтары ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ даласының қоғамдық өмірінде болған үлкен әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен тікелей байланысты. Белгілі уақыт өткеніне қарамастан, ұлы ғұламалардың ойлары маңызын жоғалтпады. Тұжырымдай келіп, қазақ өнегелі халықтардан үйренуі керек деген өсиет айтады. Табиғат байлықтары, жер қойнауы барлық халықтарға аздап бөліскенде ғана жетеді. Сондықтан мемлекетаралық, ұлтаралық, топарылық қарым-қатынастарда әділетті, сенімді, адамзаттық ортақ мүдделерін бірінші кезекке қою қасиет деп есептейді.
Сонымен, Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтың түпкілікті мақсаты – адамды жөндеу, елді жөндеу, қоғамды жөндеу. Олар осы айтылған мұраттарды уағыздап қана қоймайды, өздері айтқан идеяларға жетудің нақты жолдарын да нұсқап отырады. Үш ғұлама елді кері кетіретін, адамдардың ізгілікке ұмтылыстарын аяққа таптайтын қазақ қауымының рухани азғындалуы деп біледі.
Үш тұлғаның әлеуметтік ойының тереңдігі оның қазақ қоғамының шындықтарыман тамырластығында. Олар халықты бүгінмен ғана өмір сүруге болмайды деп үйретеді, өткен қиыншылықтардан сабақ алу арқылы бүгінгі күн мәселелерін шешуге тиістіміз, өткен шақ пен бүгінгі шақ келер шақтың мүмкін болатын қиыншылықтарын жеңетін жолды көрсетеді.
Қазіргі заманғы жастар өзінің болашағын өзі жасаушы, өзінің күнделікті алып жүрген білімін ерік-жігерімен, шығармашылық белсенділігін іс-әрекеттің белгілі бір түрін меңгеруге жұмылдырып, өмір ағымына икемделе білетін, өз болашағына сеніммен қарайтын жеке тұлға деп айтуға болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:



  1. Абай. Қара сөз, поэмалар. Алматы: ЕЛ, 1993-272б.

  2. Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. –Алматы:Жазушы.-Т.1: Өлеңдер мен аудармалар.-2005.-269б.

  3. Құнанбаев А. Шығармаларының бір томдық толық жинағы.- Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы.-Алматы. 1961.-692б.

  4. Құдайбердиев Ш. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. Құраст. М.Жармұхамедов, С.Дәуітов, [А.Құдайбердиев] Алматы: Жазушы, 1988. -560б.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет