СөЖ «Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі»



Дата25.04.2023
өлшемі125.04 Kb.
#472718
С Ж « аза стан Республикасыны рылуы мен алыптасуында ы Т ы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті Математика, Физика және Информатика институты.

СӨЖ
«Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент Н. Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі»


Орындаған: Бердибоев Нуржигит
Тексерген: Ғизатулла Хаймолдаұлы Халидуллин

Алматы 2022


Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент Н. Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
1985 жылдың наурыз айында мемлекет басшылығына келген М.С. Горбачев КОКП ОК сәуір Пленумында қайта құру және жеделдету қажеттілігі туралы сөз қозғады. Бірақ терең және ауқымды реформаларды жүргізу үшін экономика мен саяси құрылымның қыр-сырын терең түсінетін және жаңаша ойлайтын кадрлар қажет еді.
Сол кездегі Қазақстан Үкіметінің төрағасы Н.Ә. Назарбаев жаңарту бағытын қолдаушылардың қатарынан табылды. Н.Ә. Назарбаев өзінің «Әділеттің ақ жолы» кітабында былай деп жазды: «бізде соңғы үш онжылдықта жоспарлы экономика немесе жоспарлы шаруашылық болмады да». Бұл істің жай-күйін жақсы білетін ірі республика басшысының қорытындысы болатын. Одан әрі ол «барлық істерді шешумен айналысатын ОК Бірінші хатшысына» тоқталып, саяси құрылымның ебедейсіздігі мен тиімсіздігін сынады.
КСРО-да еркін кәсіпкерліктің орнына тармақталған және көптеген кеңестік бюрократияға толық бағынышты біржақты ғана дамыған экономика орнады. Тіпті сталиндік кезеңдегі миллиондаған құрбандар да елімізді бай әрі гүлденген елге айналдыра алмады. Әкімшілік басқаруға негізделген аграрлық сектор елді азық-түлікпен қамтамасыз ете алмады, ал фабрикалардың адамдарды лайықты киіндіруге қауқары жетпеді. Киім-кешек пен азық-түлік тапшылығы кеңінен орын алды. Бір сөзбен айтқанда, «кеңестік» үлгі экономиканың іргелі мәселелерін шеше алмады.
Елде кейіннен «дамыған социалистік қоғам» тұжырымдамасына ауыстырылған «коммунистік қоғам» құру бағдарламасы барынша насихатталды. Сонымен қатар, «жарқын болашақ» құрылысы жолында құрбандыққа шалынған сансыз адамдар тағдыры қоғамнан жасырылып келді. Құпиялық жағдайда сталиндік қуғын-сүргін, депортация, ешқандай кінәсі жоқ азаматтарды қуғындау сияқты мәселелер жабық күйде қалды. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында Қазақстанда орын алған қасіретті аштықтың тақырыбы да қатаң құпия жағдайда сақталды. Н.Ә. Назарбаев делегат болған Қазақстан Компартиясының XVI съезі өткір пікірталасты жағдайда өтті.
М.С. Горбачев бастаған реформалардың жартыкештігі Қазақстан Компартиясы ОК-нің Бірінші хатшысы Д.А. Қонаевты кенеттен орнынан алып, осы лауазымға Г.В. Колбинді тағайындауынан көрінді. Демократия мен жариялылықтың идеяларын аяқасты ету, волюнтаризм 1986 жылдың желтоқсанында қуатты қоғамдық наразылықтарға ұласты.
Н.Ә. Назарбаев осы оқиғалардың нағыз эпицентрінде қалды. Ол өзінің сөйлеген сөздерінде және естеліктерінде желтоқсан оқиғасының (1986 ж.) себептері мен салдарларына бірнеше қайтара тоқталған болатын. Сонымен қатар, КОКП ОК 1987 жылғы шілде қаулысында 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» ретінде көбірек сипатталды.
1989 жылы 22 маусымда Алматы қаласында Компартия ОК ХV пленумында ұйымдастыру мәселесі қаралды. КСРО халық депутаттарының съезінде Г.В. Колбиннің Халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып сайлануына байланысты, ол бірінші хатшы міндетінен және Қазақстан Компартиясы ОК-нің Бюро мүшелігінен босатылды.
Пленумда сөз сөйлеген КОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі, КОКП ОК хатшысы В.М. Чебриков «Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшылығына Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы жолдасты сайлауды ұсынды. Кандидатураны талқылағаннан кейін жабық (жасырын) дауыс беру өткізілді. Есеп комиссиясының төрағасы Ө. Байгелдиев Қазақстан Компартиясы ОК ХV Пленумының есеп комиссиясы отырысының № 2 хаттамасын оқыды. Келесідей Қаулы қабылданды: «Қазақстан Компартиясы ОК Бірінші хатшысы болып жолдас Н.Ә. Назарбаев (мәтінде солай – Б.А.)» сайлансын». Қаулы бірауыздан қабылданды.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаев Орталық Комитет мүшелеріне «көрсетілген жоғары сенімдері» үшін алғысын білдірді және «әрі қарай үйлесімді жұмыс істейтін боламыз» деп атап өтті. Одан әрі ол «Партия қайта құруды бастады, партия қайта құруды жүзеге асырып келе жатыр» деп айрықша баса айтты. Өз сөзін жалғастырған Н.Ә. Назарбаев былай деп мәлімдеді: «Біз қайта құру республика егемендігін құқықтық және практикалық мағынаға толтыратынына, экономиканы көтеруге мүмкіндік беретініне, қазақ халқының ежелгі тарихын, мәдениетін қайта жаңғырту үшін жағдай туғызатынына, оның тілінің әрине, барлық басқа тілдердің құқықтарына нұқсан келтірместен толыққанды өмірін қамтамасыз ететініне, сенімдіміз.
Қазақстан экономикасы, мәдениеті – бұл біздің ұлы еліміздің байлығы мен құндылықтарының ажырамас бөлігі екені барлығымызға түсінікті».
ХХ ғасырдың соңындағы консервативті және демократиялық саяси ағымдардың арасынан Қазақстандағы билікке демократиялық көзқарастар көшбасшысы келді. Көптеген функционерлерден айырмашылығы, Н.Ә. Назарбаев адамзат тарихы жөніндегі білімі жағынан ғана емес, сонымен бірге, нарықтың даму заңдылығы, саяси жүйе қалыптастыруды терең әрі жан-жақты игерген болатын.
КСРО-дағы онжылдықтар бойы үстемдік еткен орталық өктемдігі Қазақстанды артта қалған қайта өңдеу салаласының таза шикізат аймағына айналдырып, экономиканы құлдырауға алып келді. Қазақстандағы «тоқырау» кезеңіне белгілі бір экономикалық параметрлер тән. Мәселен, 1975 жылдан 1985 жылға дейінгі кезеңде экономика мен әлеуметтік саланың нашарлау процесі үздіксіз жүрді. Мемлекетке жыл сайын миллиардтаған пұт астық тапсыру міндеті жүктелу себебінен, әсіресе ауыл шаруашылығы зардап шекті. Күрделі құрылыстағы кемшіліктер де өсе түсті. Көптеген азық-түлік өнімдері үнемі тапшылықта болды – ет, сүт; тұрғын үй жетіспеушілігі қатты сезілді.
Кеңестік Қазақстан бүкіл тарихи жолында негізінен шикізаттық бағыттағы республика болып қалды, онда артта қалған технологияларға бағдарланған еңбек тиімділігі төмен өндіруші және аграрлық өндірістің салалары басым болды. Бұл теңсіздік әсіресе КСРО-ның Балтық жағалауы республикаларымен және оның еуропалық бөлігімен салыстырғанда байқалады. Қазақстанда өндірілген ұлттық табыс, мысалы, 1981-1985 жылдары 1,3%-ға тең болды, ал Белоруссияда бұл көрсеткіштер 5,6%-ды, Латвияда - 3,7%-ды, Литвада - 4,7%-ды және т.б. құрады.
Жағдайдың осындай арақатынасы басқа көрсеткіштер бойынша да байқалды. Нәтижесінде республика халқының жан басына шаққандағы табысы да төмен болды. Бұл ретте, әдетте, Қазақстан экологиясының нашарлауы сияқты келеңсіз фактілер назарға алынбады, әсіресе Семей ядролық полигонына, Арал теңізіне іргелес аймақтарда бұл жағдай айрықша болатын; Қарағанды, Өскемен және Жезқазған қалаларындағы жасырын жұмыссыздық, тұрғын үй сапасының төмендігі, денсаулық сақтау жүйесінің ақсауы сияқты жағымсыз фактілер де назарға алынбады. Қоғамның жай-күйі тұрақсыздана бастап, дағдарыс құбылыстарының өсуі белең алды.
Ұзақ жыл үнсіздіктен кейін қоғамдық өмірдегі келеңсіз құбылыстар тіпті жоғары партия форумдарында, атап айтқанда КОКП-нің XXVII съезінде ашық айтыла бастады. Бірақ «коммунистік қоғам құрылысының» күллі концепциясын түбегейлі қайта қарау мен сыни талдаудың, ел дамуының балама жолдарын іздеудің орнына, КОКП басшылығы, әрбір жаңа көшбасшының билікке келуімен «ауру ағзаны қайта тірілту» сияқты реанимациялық шараларды ғана жүзеге асырды. Бұл заңдылықты көптеген зерттеушілер атап өтті.
Жоғарыда айтылғандар Қазақстанда Кеңес өкіметі жылдары экономикада, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру салаларында ірі сапалы ілгерілеулер болғанын жоққа шығармайды. 1979 жылға қарай халқы 17 млн. адамға дейін өскен республикада жаңа қалалар мен елді мекендер тұрғызылды, ірі индустриялық орталықтар құрылды, жаңа тас жол, темір жол коммуникациялары және т.б. салынды.
ХХ ғасырдағы 80-жылдардың аяғында – 90-жылдардың басында қоғамда болып жатқан саяси үдерістер айтарлықтай жоғары қарқын алды. Қайта құру толқыны туа біткен талант, интеллект, түйсік, жігерлі мінез, үлкен табандылық сияқты қасиеттерді бойына сіңірген Нұрсұлтан Назарбаевты алдыңғы шепке итермеледі. Шарль де Голль сөзімен айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев «іс-әрекет иесі» болып табылады. 1990 жылдардың оқиғаларын талдауда көрсеткендей, КСРО ыдырауы кезеңінде екі бағыт айқын көрінді. Кейбір республикалардың көшбасшылары кеңес қоғамының догмалары басым «консервативті» жолды таңдады - бір партиялы жүйені сақтау, толыққанды нарықтың болмауы және т.б.
Н.Ә. Назарбаев көппартиялықтың дамуымен, жеке тұлғаның құқықтарын құрметтеумен, нарықтың дамуымен жүргізілетін реформалар жолын таңдады. Бұл шаралар республикаға экономикада ауқымды және терең өзгерістер жүргізуге және рынокты халық тұтынатын өнімдермен және басқа да тауарлармен толықтыру сияқты маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік берді.
КОКП-ның монополиялық билігі қиратылды, Қазақстанда шынайы парламентаризм пайда болды. Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары бостандыққа ие болды.
Білім және мәдениет саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатты. Адамдар баламалы білім беру орталықтарында: жеке мектептерде, жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды, жеке медициналық орталықтар жұмыс істей бастады.
1993 жылы Қазақстан Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы тағайындалып, мыңдаған жас қазақстандықтар әлемнің таңдаулы университеттерінде білім алуға мүмкіндік алды.
Қуғын-сүргінге ұшырап, заңсыз жазаланған саяси қайраткерлер мен мәдениет өкілдері ақталды. Көрнекті қайраткерлердің есімдері қалалар мен көшелерге берілді.
Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламалар , «Бизнестің жол картасы 2020» атты бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы қабылданды.
2017 жылы қазақ тілінің латын графикасына көшу туралы шешім қабылданды.
ХХ ғасырдың аяғында бастау алған қазіргі Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттілікті жаңғырту объективті және субъективті сипаттағы әртүрлі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық факторлардың тоғысуының нәтижесі болды. Ширек ғасырлық саналатын Қазақстанның қазіргі заман тарихы Қазақстан халқы мен бүкіл әлемдік қауымдастыққа басқа факторлармен қатар, Тұңғыш Президенттің көшбасшылық қасиеттерінің арқасында, Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастықта лайықты орнын алған тәуелсіз мемлекетке айналғанын дәлелдеді.
Осыншама қысқа мерзім ішінде ел ішіндегі қанды қақтығыстарсыз, экономикалық дағдарыстарсыз, терең саяси және әлеуметтік толқуларсыз тарихи серпіліске қол жеткізу, Қазақстанның Тұңғыш Президенті саясатының даналығының айқын дәлелі болып табылады.
Н.Ә. Назарбаевтың көшбасшылық қасиеттерін тану кеңес кезеңінде, яғни ол 1989 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің Бірінші хатшысы болып, 1991 жылға дейін осы қызметті атқарған кезден басталды. Сол кездегі партия жарғысының жария етілмейтін заңдары бойынша КСРО Конституциясы мен Қазақ КСР Конституциясының ережелеріне сәйкес, ол одақтық республиканың нақты басшысы болды. 1990 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл лауазымды ҚКП ОК-нің Бірінші хатшысы лауазымымен қоса ала жүріп және осы қос мәртебені шебер пайдалана отырып, Н.Ә. Назарбаев одақтық орталықтың алдына Қазақстанның өз аумағында экономикалық мәселелерді шешудегі дербестігін кеңейту мәселелерін қойды. Ол жаңа Одақтық шарт жасау арқылы таратылған КСРО-ны түбегейлі жаңарту қажеттілігін негіздеді.
Саяси көшбасшының өміріндегі жаңа кезең басталады. 1990 жылы «Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңы) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 1990 жылғы 24 сәуірдегі Заң негізінде Н.Ә. Назарбаевты Жоғарғы Кеңес депутаттары Қазақ КСР Президенті етіп сайлайды. Осы кезеңде ол республика Компартиясының бірінші басшысы болып қалғанымен, ел ішінде және халықаралық аренада Н.Ә. Назарбаев Қазақ КСР-інің заңды сайланған Президенті ретінде сөз сөйледі. Бұл жағдай оның көшбасшылық ұстанымын айтарлықтай күшейтті, өйткені ол заңды негізде елді басқаруға мүмкіндік алды.
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Н.Ә. Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Рефомалары
Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті.
1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.
Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.
Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.
Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.
2011 ж желтоқсан айында Маңғыстау оқиғасы орын алды. ВВС-дің айтуы бойынша бұл Назарбаевтің билікте болған уақытындағы оппозицияның ең үлкен қозғалысы. 2011 жылдың 16 желтоқсан күні Жаңаөзен мұнай қаласында мемлекеттің Тәуелсіздік Күніне орайы демонстрацияғы шыққандар мен полиция қызметкерлерінің арасында қақтығыс туды. Қарулы күштер қару қолдану салдарынан 15 адам оққа ұшты, 100 астам адам жараланды.
Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.
Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер XX ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.
“Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылық¬тарға соқтыратыны сөзсіз.”
“Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”
“Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.”
“Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет