Сөж тақырыбы: Ұлы, Орта, Кіші жүздердің пайда болуы



бет3/3
Дата15.10.2022
өлшемі42.65 Kb.
#462763
1   2   3
Жүздердің қалыптасуы

Кіші жүз
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басында, мүмкін сәл кешіректе шығар, Ноғай Ордасынан бөлінген қазақ тайпаларының, яғни Алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Сондықтан да Кіші жүз қазақтарын ел арасында «Кіші жүз Алшын» атандырған. Оның құрамына 12 ата Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш); Жетіру (табын, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан); 6 ата Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, тортқара, кете, шөмекей, шекті) енеді. Байұлы рулары XVIII ғасырда негізінен Кіші жүз жерінің оңтүстік-батысын, яғни Жайық өзенінің төменгі ағысы мен Жем бойын, Сам құмы мен Маңғыстау түбегінде мекендейтін; Жетірудың көпшілігі Қазақстанның солтүстік-батысын, яғни Жайық өзенінің орта ағысын, Қобда, Елек және Ор өзендерінің бойын және Мұғалжар тауларының қойнауларын мекендейтін; Әлімұлы ұрпағы Батыс Қазақстанның кең-байтақ шығыс өңірін, яғни Ырғыз, Торғай өзендерінің бойында, Шалқар көлінің төңірегінде, Кіші және Үлкен Борсық құмдары мен Қарақұм атырабында және Сырдарияның төменгі ағысында мекендейтін. Әрине, жоғарыда көрсетілген Кіші жүз қазақтарының мекен-жайлары еш өзгеріссіз қала берген жоқ. Кейбір рулар немесе оның шағын бөлімдері әрқилы себептермен қоныс аударып та тұрған. Мұндай жағдай, әсіресе XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар шабуылына байланысты болса, сол ғасырдың екінші жартысында Сырым батыр көтерілісіне байланысты болды.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Батыс Қазақстанның барлық өңірінде Кіші жүзге кіретін үш үлкен тайпалық топтардың өкілдерін де кездестіруге болатын еді. Дегенмен, олардың негізгі топтары өздерінің ата мекенінде қалды. XVI-XVII ғасырларда Кіші жүз құрамына енген негізгі ру-тайпалық топтар Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың иеліктерінде болды. Тәуке хан Төле, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билер арқылы қазақтың үш жүзіне бірдей хандық билігін жүргізді. Тәуке хан өлгеннен кейін Кіші жүзге Әбілқайыр хан сайланды да, ол біріншіден, жоңғарларға қарсы Ресей сияқты іргелі елге арқа сүйеу мақсатын көздесе, екіншіден, Ресей патшалығының қолдауымен қазақтың үш жүзіне бірдей өзінің хандық билігін орнатуды да ойлады. Қайткен күнде де, оның Ресеймен жақындасу саясатын жүргізгендігінде күмән жоқ. Ақырында, 1731 жылы ол Кіші жүз қазақтарын Ресейге бодан етіп тынды. Әбілқайырдың ресейшілдік саясатына қарсы топтар да аз болған жоқ. Нәтижесінде, ол 1748 жылы Барақ сұлтанның қолынан қаза тапқаннан соң Кіші жүз хандығына, оның мұрагерлері – Нұралы, Ералы, Есім, Айшуақ және Шерғазы хандар хандық салтанатын құрды.
1824 жылы патша өкіметі Кіші жүзде хандық басқаруды жойып, оның орнына басқарушы сұлтандар басшылығымен Кіші жүз жерін Батыс, Орта және Шығыс әкімшілік жерлеріне бөлді. Бірақ, көп ұзамай басқару жүйесі тағы да өзгеріп, «дистанциялық басқару жүйесі» енгізілді. Небәрі Кіші жүз жерінде 56 дистанция құрылып, олар ауылдарға бөлінді. Тек, Арал өңірінде, Қарақұм мен Маңғыстау түбегінде және Сырдария бойында мекендейтін елдерде бұрынғыдай рулық басқару жүйесі қалдырылды.
XIX ғасырдың басында Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында Бөкей хандығы құрылды. 1845 жылы Жәңгір хан өлген соң патша өкіметі Бөкей ордасындағы хан билігін де жойды.
1867-1868 жылдары саяси реформа бойынша Кіші жүз жері облыстарға, уездерге бөлінді де, Кіші жүз жұртшылығы Орал облысының Орал, Ілбішін, Темір уездерінде; Торғай облысының Ырғыз, Торғай және Ақтөбе уездерінде; Сырдария облысының Перовск, Қазалы уездерінде; Закаспий облысының Маңғыстау уездерінде және Бөкей ордасында қалды.
Реформа патша өкіметінің отарлау саясатының мүддесіне сай жасалғандықтан, ол бүкіл Кіші жүз жұртшылығының наразылығын туғызды. Төрелер мен билер олардың қоғамдағы құқының біраз шектелуіне наразы болса, жалпы бұқара халық отаршылық езгінің одан әрі күшейе түсуіне наразы болды. Сондықтан да Кіші жүз жұртшылығы сан рет халық батырлары Сырым Датұлының, Исатай Тайманұлының, Есет Көтібарұлының, Жанқожа Нұрмағанбетұлының басшылығымен патша үкіметіне және жергілікті билеушілер өктемдігіне қарсы күреске көтерілді.
Үш жүзге бөлінген бүкіл қазақ халқы ертеден бастап, XX ғасырдың басына дейін негізінен көшпенділікке, не жартылай отырықшылыққа негізделген мал және жер шаруашылығымен айналысумен бірге әр түрлі қолөнер, т. б. үй кәсіптерімен де шұғылданды. Көптеген көрші халықтармен экономикалық, сауда-саттық қатынастар да болды. Бүкіл үш жүз жұртшылығы біртұтас қазақ тілінде сөйледі. Олардың заттай және рухани мәдениетінде де кейбір жергілікті ерекшеліктер болмаса, айтарлықтай өзгешеліктер болған жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет