СӨЖ10. Зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромыбар балаларды сабақта қолдау жоспары
Аталмыш синдромның бастапқы белгілерін кейде бала дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы жылы байқауға болады. Ондай балалар әртүрлі тітіркендіргіштерге шамадан тыс сезімтал болады; қатты айғайлап жылауымен, ұйқысының бұзылуымен ерекшеленеді (әрең ұйықтайды, аз ұйықтайды, шамадан тыс көп уақыт бойы ояу болады); қимыл-қозғалыстарының дамуы (аударылуды, еңбектеуді, жүруді басқа балалардан 1-2 айға кеш бастайды), сонымен қатар, тілінің шығуы біраз кешеуілдеуі мүмкін.
Бала өмірінің алғашқы жылы ата-анасын мазалайтын басты белгі – сәбидің шамадан тыс көп қимылдауы, қимыл-қозғалыстарының бейберекетсіздігі. Осындай балаларды бақылау барысында дәрігерлер олардың тілі біраз кеш шығатынын байқайды; балаларда қимыл-қозғалыс ебедейсіздігі, күрделі қимылдарды (секіру және т.с.с.) кешірек меңгеру байқалады.
Қалыпты даму барысында үш жас кезеңі бала үшін ерекше болады: бір жағынан бұл кезеңде зейін мен есте сақтау қабілеті қарқынды дамиды, ал екінші жағынан алғашқы даму дағдарысы байқалады. Бұл кезеңдегі басты қиындықтар: дербестік пен белсенділік артуымен қоса негативизм (теріске шығарушылық), қыңырлық мен қырсықтық та арта түседі. Бала өз-өзіне тұлға ретінде ықпал ету шекарасын белсенді қорғайды, өзіндік «Мен» атты рөлі бөлініп шығады.
Сондықтан, көбінесе 3-4 жаста ата-ана оның мінез-құлқын қалыпты деп санап, дәрігер көмегіне жүгінбейді, тек тәрбиешілер баланың тәрбиеге көнбейтініне, шамадан тыс қозғалатынына, сабақта бір орында отыра алмайтынына және тапсырмаларды орындай алмайтынына шағымдана бастағанда ата-ана үшін күтпеген жайсыз жаңалық болады. Барлық осы «күтпеген» мінез-құлық қырлары гипербелсенді баланың жүйке жүйесіне физикалық және психикалық күш түсіп, жаңа талаптар қойылғанын көтере алмауымен түсінідіріледі.
Әдетте, зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромына шалдыққан балалардың эмоционалдық дамуы кешеуілдейді, ұшқалақтыққа, қызбалыққа ұласады. Бұл белгілерге дене мүшелерінің еріксіз тартылуы, бас ауыруы, қорқыныштар ілесе жүреді. Жоғарыда аталған барлық белгілер ЗЖГС синдромына душар болған балалардың айтарлықтай зерделілігі мен ақылдығына қарамастан, мектептегі төмен үлгеріміне себепші болады, бірақ, сонымен қатар, жекелеген дене қызметтерінің дамуы ішінара кешеуілдеу ықтималдығы жоғары болады.
Мұндай балалар ұжым ішінде бейімделуде үлкен қиындыққа тап болады. Шыдамсыздығынан және шапшаң қозғыштығынан олар құрдастарымен және ересектермен жиі жанжалдасады, ал бұл өз кезегінде оқудағы қиындықтарды өршіте түседі.
Бала өз мінез-құлқының салдарын толықтай болжай білмейтінін, ол үшін пір тұтатын беделді тұлға жоқ екенін, нәтижесінде жасөспірімдік жаста қоғамға жат қылықтар жасауға алып келетінін, осындай жағдайда албырттық бірінші орынған шығатынын, кейде ашушаңдықпен ілесе жүретінін ескерген жөн. Басым белгілеріне қарай үш түрлі емдеу тәсілі бар:
1. зейін жетіспеушілігі жоқ гипербелсенділік;
2. гипербелсенділік жоқ зейін жетіспеушілігі (көбінесе қыздарда байқалады; олар айтарлықтай байсалды, тыныш, «көктен түскендей» болып жүреді);
3. зейін жетіспеушілігі бар гипербелсенділік.
ЗЖГС сырқатын емдеу кешенді болуы тиіс, яғни құрамына дәрі-дәрмектермен емдеу, сонымен бірге, психологиялық түзеу шаралары енгізілуі тиіс. Негізі, ең дұрысы, бала дәрігердің немесе психологтың бақылауында болуы, ата-анасының қолдауын, олардың емдеу оң нәтижелер беретініне сенімін сезінуі тиіс. Бұл қолдау емдеу барысында бала үйренетін дағдыларды орнықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |