Создание благоприятного психологического климата в детском коллективе и способы урегулирования конфликтов



бет4/7
Дата02.10.2023
өлшемі133.46 Kb.
#479415
1   2   3   4   5   6   7
3 Дәріс-АЖ-3МПКО-2023-24

3. Ғылыми дискурс
Н.Д. Арутюнова дискурсқа мынадай анықтама береді: Дискурс (француз тілінен discours – сөйлеу) – экстралингвистикалық, прагматикалық, әлеуметтік-мәдени, психологиялық және басқа факторлармен сабақтастықта қарастырылатын байланысты, ұғымдық аспектіде алынған мәтін, мақсатты әлеуметтік әрекет ретінде де адамдар арасындағы өзара әрекеттестікке және олардың санасының механизмдеріне (танымдық процестеріне) қатысатын компонент ретінде де қарастырылатын сөйлеу.
Димкурс - «өмірге енген» сөйлеу.
Ол дербес ғылыми термин ретінде 20 ғасырдың 70-жылдарында Батысевропалық лингвистикада пайда болды. Бұл ұғымды лингвистика үшін де, басқа ғылымдар үшін де жаңа деп тануға болады.
Амстердам университетінің профессоры Т.А.Ван Дейк дискурстың негізгі функцияларын қатынас ретінде, яғни ғылым, идеология, мәдениет сияқты құбылыстар, кез келген адамға дерлік қатысты макроәлеуметтік феномендерді мөлшерленген ақпараттық әсер арқылы микроәлеуметтік деңгейге трансформациялау (түрлендіру) деп қарастырады.
Ғылыми дискурс
«Дискурс» терминін түсінудің келесідей негізгі тәсілдері қалыптасқан:
  • экстралингвистикалық параметрлер есепке алынған белгілі бір жағдайлардағы өзекті мәтін ретінде;
  • дискурсивті тәжірибелер кезіндегі қарым-қатынас ретінде;
  • сөйлеу коммуникациясының түрі ретінде;
  • белгі-символдық мәдени құрылым ретінде;
  • арнайы кәсіби «толтырулармен» байланысты педагогикалық қарым-қатынас мәнмәтіні ретінде.

Дискурсқа тән қасиеттер:
  • Динамизм (дискурсқа әсер етушілер арқылы дискурстың өзгермелілігі);
  • Әлеуметтік (дискурсты әлеуметтік ретінде өзекті ету);
  • Интегративтілік (синтез, дискурстың барлық компоненттерін біртутас біріктіру және олардың кешенді әрекеттесуі);
  • Персонализация (әрекеттесу орталығында - адресат, оның уәжі, қызығушылығы, қажеттіліктірі, құндылық бағдарлығы);
  • Диалогтік;
  • Мәнмәтіндлік ( белгілі бір әрекетте дискурстың ерекшеліктерін ескеру);
  • Тұтастық (барлық құрылымдық элементтердің бар болуы);
  • Когеренттілік (дискурс компоненттері арасындағы құрылымдық-мазмұндық байланыс);
  • Жағдаяттық шарттылық (нақты коммуникативтік жағдаяттың әлеуметтік, мәдени, тұлғалық маңыздылықа ие шарттылықтары мен жағдайлаын ескеру);
  • Интенционалдық (дискурсқа қатысушылардың коммуникативті ниеттерін ескеру);
  • құндылық бағыттылық;
  • дискереттіеместік (ашық динамикалық жүйе ретінде дискурстың шекарасының белгісіздіге).

В.И. Карасик белгілі критерийлер бойынша дискурстың екі түрін бөліп көрсетті: тұлғалық-бағыттылық (персоналды) дискурс және статустық-бағыттылық (институционалды) дискурс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет