6В01501-Математика, 3 курс Оқытушы: Қағазбаева Ә.К., п.ғ.д., профессор, e-mail: aspet-k@mail.ru
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫ
Дәріс 3- Академиялық мәтіннің құрылымы. Академиялық сөйлеу. Ғылыми стиль мен ғылыми коммуникацияның ерекшеліктері
Академиялық жазу
1. Академиялық және академиялық емес мәтіндер 1. Академиялық және академиялық емес мәтіндер Мәтін — бұл нақты (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтіннің үш түрі бар: әңгімелеу (не істеді), сипаттау (қандай), пайымдау (неліктен). Мәтін үш бөлімнен тұрады: Бастамасы, негізгі ойлар, соңғы бөлім. Кезкелген оқырман өз қалауларына қарай әртүрлі жанрдағы мәтіндерді оқиды. Мәтіндерді шартты түрде екі түрге бөледі: Академиялық емес мәтін, академиялық мәтін. Егер мәтінде бастапқы негізгі мәліметтер берілсе, ол негізгі мәтін (негізгі дереккөзі) ретінде қарастырылады. Бұл мәтін түрлеріне жататындар, мысалы хаттар, заңдар, құжатта, бастапқы мәліметтер жарияланған дереккөздер. Егер осы материалдарды қолданып (талдаулары жасалып) зерттеу жүргізіліп жасалған мәтіндер зерттеу мәтіндеріне жатады. Академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс, себебі ол белгілі тақырыпты ғылыми мәлімет негізінде түсіндіруге бағытталады.
Негізгі сұрақтар:
- Академиялық және академиялық емес мәтіндер
- Ғылыми стиль жанрлары
- Ғылыми дискурс
- Ғылыми мәтіннің коммуникативтік міндеті
Акаадемиялық мәтін түрлері: рефераттар, баяндамалар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, ғылыми пікірлер, авторефераттар, ғылыми есеп берулер, диссертациялар, ғылыми жобалар, монографиялар және т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |