Спорт психологиясы


Сұрақ: бұрынғы спортшылардың спорттық мамандану деңгейлері қандай болды?



бет19/34
Дата20.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#483825
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34
Копия Учебное пособие Ким А.М. (1)

Сұрақ: бұрынғы спортшылардың спорттық мамандану деңгейлері қандай болды?

Бұрынғы спортшылардың арасында 83,3% спорт шебері болды, 14,7% -халықаралық деңгейдегі спорт шебері болды және 2% - негізгі мамандану саласы бойынша еңбегі сіңген спорт шеберлері болды. Олардың барлығының ұзақ спорттық өтілі болды: 11 – 15 жыл – толық құрамның 15,3%, 16 – 20 жыл - 34%, 21 – 25 жыл – 21,8%, 26 –30 жыл – 16,4%, 31-35 жыл – 8,9%, 36 жылдан артық – 2,7% және респонденттердің тек 0,9% спортпен 10 жылдан кем уақыт белсенді айналысқандары.


Жеке рекордтар көрсете отырып, ең жақсы спорттық қалыпта болған көптеген зерттелінушілер 17 – 26 жас шамасы аралығында болды. Ең жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 54,3% спортшыға 10 жыл бойы үнемі жаттығулар қажет болған. 17,3% бұл көрсеткішке бауя қол жеткізді, ал 28% - жылдамырақ (3-5 жыл). Спорттық көрсеткіштердің нашарлауы 21 жастан 36 жасқа дейінгі аралықта байқалды. Сұрақнама алынғандардың арасында спорттық мансабын аяқтағандардың жасы, спорттық мамандануын есепке алмағанда, 26,2 жасты құрады.
Сауалнама көрсеткіштері бойынша, спортшылардың 23,6% өздерінің жас шамасының спорттық кәсібінде жол берілетін жас шамасынан асуы себебінен аяқтады, 19,3% - спорттық нәтижелерінің артуы тоқтау салдарынан.
Спортшылардың 15,1% бұрынғы көлемде жаттығуға мүмкіндік бермейтін ұйымдастырушылық сипаттағы түрлі себептер (отбасындағы күрделі мәселелердің пайда болуы, бапкерлермен немесе спорт командасындағы келіспеушіліктер, жаңа жерге қоныс аудару) туралы айтты.
16,7% жаттығу жүктемелерін жалғастыруына денсаулығының нашарлауы кедергі болды, ал 20,4% - жарақаттарының салдарынан. Спортшылардың 5% спорттық жаттығуларын тоқтатуының себебін анықтап айта алмады.
Сонымен, біз зерттеген орта жасы 26 жастан сәл ересектеу таңдау тобының шамамен 40% денсаулығының нашарлауы мен алған жарақаттарының салдарынан өзінің спортттық мансабын тоқтатуға мәжбүр болды. Қатардағы спортшы болуды тоқтатқаннан кейін олардың біразы осы мәселені шешу жолында жалғыздыққа ұшырады.
Денсаулық сақтауда спорттағы жарақаттанудың психологиялық алдын алу шараларының үлкен әлеуметтік маңызы бар (Г, Д Қосымшаларын қараңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет