Спорт психологиясы



бет1/34
Дата20.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#483825
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Копия Учебное пособие Ким А.М. (1)


ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Ким А.М., Қасымжанова А.А., Садықова А.Т., Жаркешев Қ.И.


СПОРТ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Оқу құралы


Алматы, 2013


Философия және саясаттану факультетінің


Ғылыми Кеңесінің қаулысы бойынша басылды

Рецензенттері:


Психол.ғ.д., проф. Ахтаева Н.С. (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)


Психол.ғ.., проф. Бердібаева С.Қ. (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)
Э.ғ.д., проф. Мұхаммедов Ә.О. (Халықаралық бизнес университеті)

ISBN

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Оқу құралы студенттер мен магистранттарға – болашақ спорт психологтарына арналған, бұл оқу құралы спорт психологиясының мәселелері туралы алғашқы түсінікті қалыптастыруға, курстық және бітіру жұмысының тақырыбын таңдауға, осы төңіректегі әдебиетпен танысуға көмек береді. Оқу құралы кең оқырмандар қатарына қызық болуы мүмкін.




МАЗМҰНЫ






Алғысөз



4

1.

Психология және спорт



6

1.1.

Спорт психологиясы психологиялық ғылымның арнайы саласы ретінде

6

1.2.

Спорттағы адамның жүйелі сипаттамасы



8

1.3.



Спорт психологы және бапкер



20

2.

Спортшы тұлғасы



27

2.1.

Спорттық іс-әрекет мотивтері



27

2.2.

Спорттағы өзара түсінісу және өзара әрекеттесу



31

3.

Спорт кәсіби іс-әрекет ретінде



37

3.1.

Спорттағы арнаулы қабылдау



37

3.2.

Спорттағы тактикалық ойлау



47

3.3.

Спорт және денсаулық



49

4.

Спорттық жарыс психологиясы



52

4.1.

Жарысқа психологиялық дайындық



52

4.2.

Жарыстардағы психологиялық күйді бағдарлау

58

5.

Қолданылған әдебиет тізімі



63

6.

Нұсқалатын әдебиеттің тақырыптық тізімі



64




Қосымша А. Өзіндік жұмыс тақырыптары

66




Қосымша Ә. Бітіру жұмысының қысқа сипаттамасы

68




Қосымша Б. Командадағы өзара түсіністік және волейболдағы спорттық жарақаттардың алдын алу

71




Қосымша В. Тау шаңғысындағы саяхатшылардың жарақаттануларының алдын алудағы психологиялық жақтары

74




Қосымша Г. Горбунов Г.Д. Психология және спорт

80

2011 жылы Қазақстан 7-ші Қысқы Азия Ойындарын сәтті өткізді. 2017 жылы Қазақстанда Универсиада откізіледі. Спорт қазіргі қоғам өмірінде орасан зор орын алады және оның халықаралық аренада әр елдің бетке ұстар белгісі деп аталуы кездейсоқ емес.
Сондықтан спорт туралы өз ойларын кәсіби спортшылар мен бапкерлер ғана емес, белгілі саясатшылар, қоғам қайраткерлері мен журналисттер де айтып жатады. Түрлі ғылым салаларының ғалымдары, олардың ішінде психологтар да спортқа қызығушылық танытуы байқалады.
Спорт әлемі ұлы және жан-жақты, бірақ барлық жағынан қарастыратын болсақ, психологиялық ықпал үлкен себін тигізетініне көз жеткізе аламыз. Психологиялық білім жаттығу және жарыс үрдістерінің нәтижелілігін арттыруға, спортқа өзін толық арнаған адамның өмірін – спорттық мансап жолындағы бірінші жетістіктен бастап осы саладағы соңғы жетістігіне дейін, содан кейін де жетілдіруге ықпал жасайды.
Спорт психологиясында отандық зерттеулер дәстүрлеріне 100 жыл (П.Ф.Лесгафт, 1901) болды.
Бірінші жаппай зерттеулер 1925ж басталды (П.А. Рудик, А.П. Нечаев, А.Ц. Пуни және т.б.). Бүгін спорт психологиясы әлемнің көптеген елдерінде кеңінен дамыған. Қазіргі шетел мамандарының қол жеткізген кейбір қызықты нәтижелерімен осы кітап беттерінен таныса аласыздар, бірақ авторлар бұл саладағы барлық жаңалықтарды толығымен баяндауға ұмтылмайтынын еске сала кеткен жөн.
Бұл оқұ құралы келесі міндеттерді шешуге бағытталған: 1) спорт психологиясының мәселелері туралы көзқарасты қалыптастыру, 2) қолданыстағы әдебиетпен таныстыру, 3) оқырмандардың спорт психологиясының мәселелеріне қызығушылықтарын туындату.
Талдау барысында авторлар әр қилы материалдарды біріктіруге мүмкіндік беретін әдіснамалық негіздемелі жүйелік амалға сүйенеді.
Оқу құралында «Спорт психологиясы», «Түсіну психологиясы» атаулы арнайы курстарының оқытылуы барысында, тау шаңғысымен айналысу барысында алынатын жарақаттардың алдын алудың және волейбол ұжымында өзара түсіністіктің психологиялық жақтары жайында жарияланған мақалаларды жазуда, спортшылармен, бапкерлермен және спорт дәрігерлерімен әңгімелесу барысында авторлардың ой түйген, сонымен қатар, жаттығулар мен жарыстар барысындағы өздерінің бақылау нәтижелері бойынша жинақтаған материалдары жалпыланған.
Оқу құралында үстел теннисі бойынша спорт шебері, белгілі қазақстандық бапкер А.С.Успанованың үстел теннисіндегі психологиялық дайындықтың рөлі туралы көзқарасы кеңінен көрсетілген.
Бұл кітапты басылымға шығаруда ұйымдастырушылық көмек көрсеткен барлық адамдарға – Философия және саясаттану факультетінің деканы, профессор А.Р. Масалимоваға, жалпы және этникалық психология кафедрасының меңгерушісі доцент Э.К. Қалымбетоваға, біздің барлық рецензенттеріміз бен әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет