Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


 тақырып. КОМПЛЕМЕНТТІ БАЙЛАНЫСТЫРУ РЕАКЦИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет116/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   146
вирус

13 тақырып. КОМПЛЕМЕНТТІ БАЙЛАНЫСТЫРУ РЕАКЦИЯСЫ 
 
Сабақтың мақсаты: Комплементті байланыстыру реакциясының (КБР) 
қойылу тәртібімен және нәтижесін бағалаумен танысу. КБР қойылу әдісін және 
компоненттерді титрлеу жолдарын меңгеру.
 
Сабақтың материалдық қамтамасыз етілуі: антигендер; комплемент; 
1:100 сұйылтымындағы гемолизин; 2,5% қой эритроциттері; позитивті және 
негативті қан сарысулары; жануарлардың зерттелетін қан сарысулары
физиологиялық ерітінді; шыны түтіктерге арналған штативтер; таза, құрғақ 
шыны түтіктер; градуирленген түтікшелер; резеңке грушалар; термометрі (37-
38ºС) бар су моншасы; бір каналды механикалық дозаторлар; дозаторларға 
арналған ұштамалар (200,0-1000,0); дезинфекциялағыш ерітіндісі бар ыдыс. 
 
Комплементі байланыстыру реакциясын (КБР) ауру малдың қан 
сарысуынан телімді антиденелерді (вирустық аурулардың балауында) 
анықтауда және телімді иммунды қан сарысуларының көмегімен зерттелетін 
материалдардың құрамынан телімді антигендерді (вирустық) анықтауда 
қолданады. Сонымен қатар бұл реакция ауру малдардан бөлініп алынған 
вирустарды, олардың типтері мен тип тармақтарын анықтау және 
вакциналарды дайындауға арналған вирустық штамдары мен ғылыми-зерттеу 
жұмыстарында пайдаланылатын зертханалық штамдарын тексеру үшін 
пайдаланылады.
Бұл реакцияны 1901 жылы Борде мен Жангу бактериолиз және гемолиз 
феномендерін қолдана отыра жарыққа шығарды.
КБР бес компонент қатысады: 1) антиген; 2) зерттеуге алынған қан 
сарысуы; 3) комплемент; 4) гемолиттік қан сарысуы; 5) қой эритроциттері. 1, 2 
және 3 компоненттер тәжірибелік жүйені, ал 3, 4 және 5 компоненттер 
индикаторлық жүйені құрайды. Егер антиген мен зерттеуге алынған қан 
сарысуындағы антидене бір-біріне сәйкес келсе, онда антиген-антидене кешені 
пайда болып, бұл кешен комплементті өзіне тартады. Ал, егер зерттеуге 
алынған қан сарысуында антигенге сәйкес антидене болмаса, иммунды кешен 
қалыптаспайды, сондықтан комплемент бос қалады (30-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет