«Ұстаз мәдениеті және ұстаздық өнерге қатысты» ой-тұжырым, афоризмдер



Дата05.01.2023
өлшемі29.46 Kb.
#468136
афоризмдер


«Ұстаз мәдениеті және ұстаздық өнерге қатысты» ой-тұжырым, афоризмдер
1.«Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы ... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқынын келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын ... Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады».
Ы. Алтынсарин
2.«Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады».
В. А. Сухомлинский
3.«Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі»
Ы. Алтынсарин
4.«Тәрбиешілік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр».
В. Г. Белинский
5.«Бала тәрбиесінің басты мақсаты өз тәрбиесін үнемі еске салып,оның жеке басының мүддесі мен үмітін қанағаттандыру».
Д. Дьюи
6.«Ең әуелі мектепке керегі-білімді, әдістемеден хабары мол,ізгілікті оқыта білетін мұғалім».
А.Байтұрсынұлы
7.«Болашаққа жарамды адамды тәрбилеу үшін, оларды тамаша жетілген азамат етіптәрбиелеу қажет-тек сонда ғана тәрбилеуші өз ортасында өмір сүретін ұрпақтың лайықты мүшесі бола алады».
Л. Н. Толстой
8.«Тәрбиеленуші сіздің жан дүниеңіз бен ақыл-ойыңызды сізді
көру, тыңдау арықылы қабылдайды».
А. С. Макаренко.
9.«Совет балалары мен жеткіншектерін талант есебімен тәрбиені құра аламыз ба? Жоқ. Тәрбиелеуге қабілеттілікте, тәрбие процесінің жүйесінде нақты білімінде тек қана шеберлік туралы айтуымыз керек. Мен тәжірибе барысында, мамандыққа негізгі қабілеттілікті шеберлік шешеді деген пікірге келдім».
А. С. Макаренко
10.«Өнер мен шеберлік педагогты жүректілік пен ақылдылыққа байланыстыратын қабілеті».
В. Сухомлинский
11.Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
К. Д. Ушинский
12.Ұстаз – ұлы есім.
М. Әуезов
13.Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ж. Ж. Руссо
14.Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.
Мағжан Жұмабаев
15.Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов
16.Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз.
Л. Н. Толстой
17.Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық комиссары А. В. Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан: «Егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алатын болса, онда оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе, онда іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар – өмірге келетін адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсіздіктің үлкен күнәсі. Бұл материалмен алдын ала не істейтініңді анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек» дейді.

18.Н. К. Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан «Мұғалім туралы» деген мақаласында «үлгілі мұғалімнің мерилі» ретінде төмендегі критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек, оқушының қабілетін оята білуі, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу мен тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі, беделді бола білуі қажет.


19.Педагогикалық шеберлік туралы А. С. Макаренконың (1988) пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл «тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы». Бұл жөнінде ол: «Мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім» дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті ережелер қатары кездеседі, «дауысты келтіру – өнер , көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі – өнер болып табылады». «Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек «мұнда кел» деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта алатын, даусымды, бет- әлпетімді 20 түрлі етіп құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана» дейді.


20. Ю. П. Азаров (1971), тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: «педагогикалық шеберліктің негізі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады» дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі: «сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтың жеке тұлғаға немесе ұжымға жаппай эмоционалды образды ықпал жасауына әкелетінін айтады».


21. Ю. К. Бабанский (1989) «мұғалім – кәсіби технологияны еркін меңгерумен, шығармашылығымен бала оқытуда және бала тәрбиелеуде ерекше шебер» деп көрсетті. Сондай –ақ автор педагог еңбегінің қарапайым қырларын дұрыс талдау және педагогтық оптималды шешім жасау мен оқушының жеке басы сияқты қасиеттерге тоқталады.


22. В. П. Куравлеваның (1999) анықтамасында педагогтік шеберлік «...теориялық негіздемелер және мұғалім мен оқушының арасын жоғары ақпараттық дәрежеде байланыстыратын педагогикалық іс- тәжірибелер мен операциялардың тұрақты жүйесі» делінген.


23. Орыс ғалымы В. Г. Белинский былай дейді: «Тәрбиешілік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр»


24. Украин зерттеушісі В. Ф. Моргун былай дейді: «Актердің өнері біріншіден, әлеуметтік, екіншіден, өмірлік және үшіншіде ғана театралды болуы тиіс, оның үстіне мұндай ұйғарым педагогтың шеберлігіне қатысты әділ болып саналады. Демек, педагогикалық шеберліктің формуласы былайша көрініс табады: біріншіден, өнегелілік, екіншіден, біліктілік және үшіншіден әртістік.


25. Д. И. Менделеев былай деп жазған еді: «Ғылымды өзі жетік білетін, оны меңгерген және оны жақсы көретін ұстаз ғана шәкірттеріне жемісті қызмет ете алады». «Өзінің жақсы көрмейтін пәнінен гөрі, өзінің жақсы көретін пәні он есе жақсы меңгеріледі»


26. Л. Н. Толстой былай деп жазды: «Болашаққа жарамды адамды тәрбилеу үшін, оларды тамаша жетілген азамат етіп тәрбиелеу қажет, тек сонда ғана тәрбиелеуші өз


ортасында өмір сүретін ұрпақтың лайықты мүшесі бола алады».

27. Белгілі американ психолог гуманисі А. Маслоу «мәдениет біздің психологиялық және биологиялық табиғатымызға өте жақын, сондықтан оқытудың негізі ретінде қарау керек» дейді.


28. В. А. Сластенин: «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі педагогикалық - іс-әрекетті атқару үшін қажетті теориялық және практикалық дайындығы және ол мұғалімнің кәсіби профессионализімі» деп сипаттайды.


29. «Тәрбиеленуші сіздің жан дүниеңіз бен ақыл-ойыңызды сізді көру, тыңдау арқылы қабылдайды», - деген А. С. Макаренко.


30. В. А. Сухомлинский: ‘’Сөз - ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың...”


31. Ы. Алтынсарин: ‘’Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек’’.


32. А. С. Макаренко былай деп жазған болатын: «Мен үшін менің практикамда, сондай-ақ сіздер үшін, көптеген тәжірибелі мұғалімдер үшін мұндай «түкке тұрмайтындар» қалай тұру, стол қасындағы орындыққа қалай дұрыс отырып, қалай дұрыс көтеру, күлу, қарау өте мәнді бола бастады. Бізді бұған ешкім үйретпеді, ал мұны үйренуге болады және үйрену қажет те, ең үлкен шеберліктің мәні осы және осы болуы тиіс».


33. «Педагог — жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді, кінәрәттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам»


А.В. Луначарский

34. «Егер мұғалім өз ісіне сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен біріктіре алса, онда ол шын мәніндегі мұғалім болғаны»


Л.Толстой

35. «Оқушы сабақты білмей қалса оған ұрыспау керек. Оған сабақты білдіре алмаған кемістікті өзіңнен іздеуің керек» 


Ы.Алтынсарин
36. «Адамда барлық нәрсе жүзі де, киімі де , жаны да, ойы да көркем болуы тиіс»
А.П. Чехов

37. «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң, артыңда тұрғандай»


Сократ
38. Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек.
В. Маяковский

39.Ұстаз болу,яғни жақсы оқытушы болу үшін,оқытатыныңды да сүюің керек.


В.О.Ключевский

40. Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі.


Ы.Алтынсарин

41.Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.


Абай Құнанбайұлы

42.Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.


К.Д.Ушинский

44.Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.


Александр Македонский

45.Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі.


К.Д.Ушинский

46. Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,


Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж.Баласағұн

47.Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.


Сенека

48.Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.


Әл-Фараби


49.Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады.


Абай Құнанбаев

50.Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.


Мұхтар Әуезов

51.Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.


Ғабит Мүсірепов

52.Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.


Мәлік Ғабдуллин

53.Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.


Серке Қожамқұлов

54. Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.


К.Д.Ушинский

55.Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.


Ыбырай Жақаев

56.Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз.(Л.Н.Толстой)


57.Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.(Ахмет Байтұрсынов)


58.Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына( үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.


Мағжан Жұмабаев

59.Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.


Ж.Ж.Руссо

60.Ұстаз – ұлы есім


М.Әуезов

61.Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.


К.Д.Ушинский

62.Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.


В.А.Сухомлинский

63.Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.


Ы.Алтынсарин

64.Жай мұғалім хабарлайды,


Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады.
Уильям Уорд

65.Даңқ пен абырой кенелуімде мен бір адамға қарыздармын ол- ұстазым Аристотель.


Александр Македонский

66.Ұстаз- ұлық емес,ұлы қызмет.


Бауыржан Момышұлы

67.Мектеп- кеме,білім теңіз.


Қасым Аманжолов

68.Мектепті сыйлағандықтан, мамандығын жан- тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек.


Әбділда Тәжібаев

69. Мұғалім деген ат-қасиетті ат.Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.


Сәбит Мұқанов

70. Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды.


Платон

71.Ештеңені білмейтін,ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын.Өйткені оның бойында екі кесел бар:бірі-топастық,екіншісі-жалқаулық.


Платон

72.Ұстаз талантты болса,


Шәкірті талапты болады.
Халық даналығы
73.Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін:балалардағы білімге деген талап,ынта,құштарлық отын сөндіріп алмаңдар.Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.
В.А.Сухомлинский

74.Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.


К.Д.Ушинский

75.Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.


Л.Н.Толстой

76.Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең,құр қаталдықтан түк те шықпайды.


А.П.Чехов
77.Қайратсыз ашу-тұл,
Тұрлаусыз ғашық-тұл.
Шәкіртсіз ғалым-тұл
Абай

78.Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді,басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі.


В.О.Ключевский

79.Өзінің ақыл-ойын артықша бағалайтын адамды үйреткісі келетін кісі уақытты босқа шығындайды.


Демокрит

80.Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп,не істейтіні маңыздыөақ.бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп,не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер,міне,осынысымен бағаланады.


Цицерон

81.Шәкірт болып көрмеген,ұстаз болып жарытпас.


Боэций

Дайындаған: З.М.Акашаева


2-курс магистранты

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет