ҚР ЕЖ 3.02-111-2012
22
Ауылдық мектептің жер телімдерінде автобусқа арналған гараждар қарастырылуы
тиіс.
4.7.2 Жалпы білім беру ұйымдарының ғимараттарында ауданы 15 бастап 20 м
2
дейінгі
күзет бөлмесі қарастырылуы керек.
4.7.3 Жергілікті органдардың келісімімен жалпы
білім беру ұйымдарынде
материалдық құндылықтар тұрған бөлмеге қосымша тапсырма бойынша күзет
сигнализациясы құрылғысы орнатылады.
4.7.4 Жалпы білім беру ұйымдарынде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мынадай
шаралар ұсынылады:
а) периметрлік қоршау мен аймақтың жарықтандырылуы;
б) күзетті қауіпсіздік қызметімен, келісімшарт негізінде
ішкі істер органдары
жанынан ведомстводан тыс күзетпен, жекеменшік күзет кәсіпорындарымен қамтамасыз
ету;
в) күзеттің инженерлік-техникалық құралдарының болуы (күзет-өрт дабылы (КӨД),
төтенше жағдай дабылы, бейнебақылау және бақылау жүйелері);
г) бөтен адамдардың рұқсатсыз кіруінен сенімді қорғайтын материалдан жасалған
кіреберіс
есігімен жабдықтау;
д) кіруге рұқсат беретін қызметтік құжаттың болуы, төтенше жағдайдағы іс-әрекет
жөнінде қызметкерлермен сабақ жүргізу
туралы ақпаратты, сонымен қатар
қызметкерлерге арналған тиісті нұсқаулықтарды көрсететін нысан ішіндегі тәртіп;
е) білім беру мекемесін лаңкестікке қарсы әрекеттен қорғау жөніндегі шараларды
жүзеге асыруға жауапты тұлғаны белгілеу.
4.7.5-тармақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2018 жылғы
5 наурыздағы № 45-НҚ бұйрығына сәйкес өзгертілді.
4.7.5 Жалпы білім беру ұйымдарының жер учаскелері
барлық периметрінде кемінде
1,2 м биіктікте қоршалуы керек (үстіңгі элементтерінің өткір ұштары болмауы керек)
және білім алушылардың ғимараттың кіреберіс есігінен көшенің жолына шығуына жол
бермейтін сақтандыру құрылғылары болуы керек. Қоршау бойымен талдар мен бұталар
отырғызылған жасыл екпелер жолағын қарастыру керек.
Жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес ғимаратқа өтудің электрондық жүйесі
қарастырылған.
4.7.6 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектепішілік
жайларды және жалпы
білім беру ұйымдарының мектеп жанындағы аумағын шолу үшін қолданыстағы
нормативтік-техникалық құжаттар ережесіне сәйкес жобаланатын бейнебақылау орнату
ұсынылады.
4.7.7 Бейнебақылау жүйесі сандық жазбамен және бейнелерді
басқару қызметімен
жабдықталуы тиіс. Жүйе 24 сағат бойы жазып тұруы тиіс.
4.7.8 Жалпы білім беру ұйымдарынде бір-бірінен кемінде 25 м қашықтықта
орналасқан жарықтанған көрсеткіштер, сондай-ақ дәліздердегі бұрылыстарда өрт кезінде
шығатын жолдардың бағыты бойынша жарықтандыру көрсеткіштері, жылдам түтіндеген
кезде қауіпсіздікті арттыру үшін автоматты жағылатын жарық көрсеткіштер мен еден
деңгейіндегі люменесцентті жолақтар орнатылуы тиіс.