Свод правил республики казахстан


 Ағаш конструкцияларын монтаждау



Pdf көрінісі
бет83/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

4.5 Ағаш конструкцияларын монтаждау
4.5.1 Жұмыстарды өндіру және ағаш конструкцияларын қабылдау
4.5.1.1 Ағаш конструкцияларын (АК) 4.1 және 4.5 тарауларының талаптарына сай 
қабылдау қажет. Желімделген ағаш конструкцияларын (ЖАК) қабылдау кезінде
ҚР СТ 2150, ГОСТ 20850 талаптарын да ескеру керек.
4.5.1.2 Тасымалдау және сақтау кезінде құрылыс алаңы жағдайларында жөндеуге 
келмейтін (мысалы, желімделген қосылыстардың ажырауы, өтпелі жарықтар және т.б.) 
бұзылған және ақауланған конструкцияларды әзірлеуші жобалау ұйымының 
қорытындысына дейін монтаждауға тыйым салынады. Қорытындыда бұзылған 
конструкцияларды қолдану мүмкіндігі, бұзылған конструкцияларды күшейту қажеттігі 
немесе оларды жаңа конструкцияларға ауыстыру туралы шешім шығарылады.
4.5.1.3 
Ағаш 
конструкцияларының 
жинақталған 
көтергіш 
элементтерін 
дайындаушы-кәсіпорын құрылыс алаңына жиынтықтап жеткізеді. Бақылау үшін 
жинақтағаннан кейін жобалық қосылыстарды жасауға қажетті, объектіні жабын 
құрылғылары бар қамтығыштармен монтаждауға мүмкіндік беретін барлық 
бөлшектерімен – бекіткіш бұрамаларымен, кергіштермен, аспалармен, керетін 
жалғастырғыштармен, байланыс элементтерімен және т.б. бірге жеткізіледі.


ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
81 
4.5.1.4 Жабындар 
плиталары 
және 
қабырға 
панелдері 
типтік 
бекіткіш 
элементтермен, аспалар бөлшектерімен (аспалы төбе плиталары үшін), түйіспелерді 
бітеуге арналған материалдармен бірге толымдалып жеткізіледі.
4.5.1.5 Конструкцияны жинақтауға және жеткізу мерзіміне жауапкершілікті 
конструкциялардың ағаш элементтерін даярлаушы-кәсіпорын көтерді.
4.5.1.6 Ағаш конструкцияларын немесе оның элементтерін атмосфералық 
әсерлерден (қардан, жаңбырдан, УД-сәулелерден) қорғалатын жерде сақтау қажет. 
Конструкцияларды жобаға сай астарға немесе уақытша тіректерге қаттап тастау алаңы 
деңгейінен 0,5 м кем емес биіктікте орналастыру керек.
4.5.1.7 Ғимараттардың көтергіш ағаш конструкцияларын ерекшеліктері мен түрлерін 
ескере отырып, максималды іріленген: фермалар, жартылай жақтаулар және жартылай 
аркалар, аркалар, секциялар немесе блоктар түрінде монтаждау қажет.
4.5.1.8 Ағаш арқалықтар мен фермаларды монтаждауды мамандандырылған ұйым 
әзірлеген ЖАЖ сәйкес орындау керек.
4.5.1.9 Металл кергіштері бар ағаш конструкцияларын ірілендіріп жинақтауды тек 
қана тік (жобалық) күйде кергіштерсіз және тік күйде де, көлденең күйде де – ағаш 
кергіштермен жүзеге асыру керек. Бұл шарт жобалық құжаттамада ескерілуі мүмкін.
4.5.1.10 Құрылыс және монтаждау жұмыстарының дәлдігін сипаттайтын рұқсаттар 
мен ауытқулар жұмыс өндіру жобасында берілген дәлдік класына (функционалдық, 
конструктивтік, 
технологиялық 
және 
экономикалық 
талаптармен, 
қоршау 
конструкциялардың түрімен анықталады) қарай регламенттеледі және ГОСТ 21779 
бойынша анықталады. Құрылыс және монтаждау жұмыстарының дәлдігін сипаттайтын 
ауытқулар 27-кестеде көрсетілген ауытқулардан артық болмауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет