Тақырыбы: Хунн мәдениеті және Ноинулин қорғандары. Орындаған: Шерғазынұлы Мұхамедғали Алматы. 2021 Хунн мәдениеті және Ноинулин қорғандары



бет1/4
Дата09.09.2022
өлшемі95.2 Kb.
#460506
  1   2   3   4
Мұхамедғали СӨЖ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті: «Тарих»


Кафедрасы: «Археология және этнология»
СӨЖ


Тақырыбы: Хунн мәдениеті және Ноинулин қорғандары.
Орындаған: Шерғазынұлы Мұхамедғали

Алматы. 2021
Хунн мәдениеті және Ноинулин қорғандары.
Ғұндардың мәдениеті. Ғұндардың мифтері мен діни наным-сенімдері. Қазақстандағы көшпелілік мәдениет дамуының ғұндық кезеңі.
Б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігіндегі Ордостан тартып Каспийге дейінгі Орталық Азияның ұлан – байтақ кеңістігін шығу тегі мен этникалық құрамы жағынан әр түрлі тайпалардың мекендегені белгілі. Шаруашылықтың біртіндеп даму барысы, тұрмыстың біршама ортақ болуы, этникалық жақындық пен түрлі саяси фактордың әсері Орталық Азияда ертедегі ірі тайпалық бірлестіктердің құрылуына негіз болды. Олардың уақыты жағынан алғашқылары саналатыны хунну (ғұндар) еді. Ғұндар туралы мәліметтерді негізінен қытай жазбаларынан аламыз. Ғұндар 24 руға бөлінген. Әрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды. Ғұндардың жоғарғы билеушілері қытай деректерінде “шаньюй” деп аталған. Б.з.д. 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде шаньюйдің есімімен байланысты.
Ғұндар бірлестігіне шығу тегі әр түрлі тайпалар мен этникалық-саяси құрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдық-саяси өміріне бір орталықтандырылған билікке бағынғысы келмейтін күштер мен ұланғайыр аумақта орналасқан иеліктер арасында тығыз саяси және экономикалық байланыстардың болмауы қатты әсер етті.
Ғұндардың батысқа қарай қоныс аударуының екінші толқыны б.з. 93 жылы басталады. Олар Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Б.з. ІҮ ғасырында ғұндар Еуропаға дейін жетеді. Ғұндардың Батысқа жорығы Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына түрткі болды.
Ғұндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығы басты рөл атқарады. Жылқы өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алған. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болды. Зергерлік өнердегі полихромдық стильді дүниеге әкелген. Көк тәңіріне табынып, ата-баба рухына сиынған. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған.
Ғұндар – көшпелі патриархалды ел болған. Олар алтын әшекей жасауда тамаша жетістіктерге жеткен. Ғұндардың көшпелілік мәдениетіне “Полихромдық стиль” өнерінде әшекейлеудің бірнеше түрі кездеседі. Бұйымдарды безендіру үшін жабайы аңдардың бейнесі қолданылған. Ғұндар алтын, күміс сияқты бағалы заттардан әшекей бұйымдарын жасаған. Бұйымға сәндік үшін түрлі-түсті заттар жапсыруды безендіру дейді. Ал бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеуді зерлеу деп атаған. Бай ғұндардың зираттарында алтын сырғалар, сақиналар, сақиналар, алтынмен қапталған былғары белдіктер көп кездеседі. Бұйымдарды безендіру үшін жабайы жануарлардың суреттері пайдаланылды. Сонымен қатар тұрақты елді мекендерден табылған шыбықтардың бастары ғұндардың тоқып, жүннен киім кигенін көрсетеді. Асыл ғұндардың бай жерлеулерінен Жібек материалдарының қалдықтары табылды, осы жерден олардың қымбат Қытай Жібегінде киінгені белгілі болды.
Сонымен, қорыта келгенде, ғұндар – бастапқы кезде Орталық Азияда пайда болған ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Бұл тайпалардың бір бөлігі қазақ халқының құрамына қосылып, қазақ халқын қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Соның үшін ежелгі ғұндарды қазақ халқын құраған қайнардың бірі деуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет