СТАНДАРТ
Науқасты қырынан орналастыру
Мақсаты: Төсекте ыңғайлы жағдай жасау.
Көрсетілімі: Науқастың төсектегі пассивті және мәжбүрлі қалпы, терінің ойылуының алдын алу.
Әзірле: функционалды кереует, жастық-3, аяққа тіреуіш.
Іс-әрекет алгоритмі
Науқаспен жақсы қарым –қатынаста ұстаңыз.
Науқасты орналастыру кезінде қалпын бағалаңыз.
Қолды гигеналық деңгейде жуып, қолғап киіңіз
Кереуеттің тежегішін қатайтыңыз.
Мейірбике жақ бетінің қол тіреуішін түсіріңіз(егер ол бар болса).
Кереуеттің бас жағын түсіріңіз.
Науқасты арқасымен жатқан күйінде керуеттің шетіне қарай жылжытаңыз.
Науқасты оң қырына жатқызу үшін сол аяғын тізе буынынан бүгіп сол жақ табанын оң жақ тізе асты ойығына салыңыз.
Бір қолыңды науқастың иығына қойып, ал келесі қолмен бөксесінен ұстап , науқасты өзіңізге қаратыңыз (буындар мен тіндердің жарақатын азайту үшін).
Бір қолыңды тізеден бүгілген бөксеге, ал келесі қолды мейірбикеге қарама қарсы иығына салып «иінтірек қағидасын» /принцип рычага/ қолдану арқылы науқасты бір қырына аударыңыз.
науқастың мойнымен басының астына жастықшаны қойыңыз және иық буынына салмақ түсірмес үшін жауырынды алға қарай жылжытамыз.
Науқастың екі қолын бүгуін бүгуін сұраймыз. Бүгілген қол дененің биіктігімен бірдей жату керек және бас пен иық биіктігімен бірдей болу керек.
Басқа бүгілген төменгі қолды көтеріп алып жастықтың үстіне бастың жанына қойыңыз.
Науқастың астына жастықты ұзыннан қойыңыз.(науқас қырымен жатқанда
Науқастың үстіңгі (жоғарғы) аяғына, санынан тізесіне дейінгі жерге шейін жастықшаларды қойыңыз.
Құм толтырылған қапты аяқ астына қойыңыз.
Науқастың ыңғайлы жатқанына, денесінің дұрыс орналасқанына көз жеткізіңіз.
Керуетті түсіріп, қол тіреуіштерді көтеріңіз(науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін).
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |