Тақырыбы: Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің құрамы
Педагог – тәрбие беру басымдылықтарының негізгі жолсерігі. Тәрбие үрдісінің ақырғы нәтижесі оның кәсіби-тұлғалық қасиеттеріне байланысты. Мейірімділік, кішіпейілділік ортасы, педагогикалық қолдауды күшейту, балаларға белсенді сенім арту – бала тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасуының негізін қалаушы жағдайлар. Тәрбиеленушілерге жүргізілген сауалнамалардың нәтижесі бойынша олар, ең алдымен, басқа адамдардың бойында мейрімділік, сүйе алу қасиеттерін бағалайды. Достық, адалдық, ақ жүректік, қайырымдылық, көпшілдік, адамдарға құрмет сезімі, жауапкершілік, өзін-өзі құрметтеу сезімі де маңызды болып табылады.
Әрбіп педагог өзінің оқушыларының қандай болғанын тілесе, өзі де сондай болуы тиіс. Бұл кәсіби іс-әрекетте құзыретті әдісті іске асыруға мүмкіндік береді.
Ұстанымдар:
-
өз-өзіне сенім – бұл өмірдің негізі;
-
педагогтың әсері саналы стратегиялық мақсатқа бағынуы тиіс;
-
кәсіби рефлексия, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуға қабілеті;
-
балалардың өзін-өзі көрсетулерінің алуан түрлілігіне дене және сөз реакцияларының вариативтілігімен жауап беру қабілеті;
-
психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгеруі, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру;
-
а жарқындылық және балалармен қарым-қатынас жасаудың табиғи дарыны, жан жүрегімен қызмет етуге дайындылығы.
Өзін-өзі тану мұғалімінің этикасы:
-
педагог өзін-өзі тануға, өзін-өзі жеңуге және өзін-өзін өзгертуге дайын және қабілетті болуы керек;
-
баланы сөзсіз қабылдау;
-
баланың тұлғасын және өмірлік тәжірибесін құрметтеу;
-
Өзінің іс-әрекетін құпиялыққа негіздеу;
-
без-келген жағдайда баланы жақтау, қорғау, өйткені баланың үлкендерге қарағанда қателесу құқығы бар;
-
жылы, шынайы өзара қарым-қатынастың дамуына ықпал ету;
-
баланың сеніміне мұқият қарау. Балалардың құпияларын сақтай алу;
-
балалар мен әріптестеріне мейірімді, сабырлы, шынайы бола білу;
-
балалардың оңды көріністерінде жетістік жағдайын құру;
-
бшық көзқараспен қарап, күлімсіреуді, мақтауды, қолдауды, жылы сөздерді, ақыл айтуды пайдалану;
-
баланың мәселесін шешуде басымдылық балаға берілетінін есте сақтау;
-
баланың мәселені ұғынып, жағдайдан шығу үшін лайықты жолдарды іздеуі үшін жағдайлар жасау;
-
баланың қайталанбас бірегейлігін мойындау, оның өзекті және ықтималды мүмкіншіліктерін ашуға ықпал ету;
-
сезімдерді көрсету мен тәрбиешінің мінез-құлқында шынайылықты, ашықтықты, адалдықты сақтау;
-
тыңдау және мән беру, көру және бақылау қабілеті, бағаламай, сынамай, тек өзінің көзқарасы түрғысынан (мұғалімнің емес) түсіне алу;
-
зиянын тигізбеу.
Істеуге болмайды:
-
қайсыбір ағымға немесе бағытқа жататын белгілері бар ала-құла, ашық-шашық киімдерді киюге болмайды. Киім елеусіз, жылы түстен болуы тиіс;
-
сөйлесу кезінде көзіңізге қара көзәйнек кимеңіз – көздер қарым-қатынас жасауда маңыхды рөл атқарады;
-
танысуды жылдамдатпаңыз, алғашқы кездесуде бала туралы барынша көп біліп алуға тырыспаңыз. Бірден көптеген сұрақтар қоймаңыз – алдымен өзіңіз туралы, өзіңіздің жұмысыңыз туралы әңгімелеңіз;
-
танысудың алғашқы кезінде отбасы, мектеп, тұратын жері, уыт заттарды пайдалануы, жеке бас мәселелері секілді тақырыпта сұрақтар қоймаңыз. Одан да баланың пікірі бойынша көмекті қажет ететін басқа балалар туралы әңгімелескен жөн;
-
алғашқы кездесуде бірден балаға көмек беруге тырыспаңыз (көмек көрсетем деп қыстамаңыз) - жұмысыңыз бойынша өзіңіз көмек сұрасаңыз жақсы болады;
-
жасөспірімге аяушылық сезіміңізді көрсетпеңіз, бұл кемсітушілік болып көрініп, сіз бен баланың арасын алшақтатуы мүмкін;
-
көмектесу қолыңыздан келмесе, уәде етпеңіз;
-
өтірік айтапыңз, алдамаңыз, шынайы емес мәліметтерді ешқашан хабарламаңыз. Өтірік ерте ме, кеш пе, бәрібір ашылып қалады, бұл сіздің беделіңізге нұқсан келтіріп, баламен және оның достарымен арақатынасыңызға кері әсерін тигізеді;
-
ешқандай «саяси ойындарды» жүргізбеңіз: біреуге қарсы ешкіммен бірікпеңіз, әрқашан бейтарап болуға тырысыңыз;
-
ешкімді ешқашан кінәламаңыз және сөкпеңіз – баланы осы қалпында қабылдаңыз. Оның көзқарастарына, мінез-құлқына, сыртқы түріне сабырлы болыңыз. Бір нәрсе туралы өзіңіздің пікіріңізді сабырлы және дәлелді айту керек;
-
баланың пікірлеріне немқұрайлы қарамаңыз – керісінше, ол сіздің қызығушылығыңызды, оның пікіріне деген құрметіңізді сезінуі керек;
-
баланың сұрақтары мен тілектерін назарсыз қалдырмаңыз – егер жауабыңыз болмаса, бірден айтыңыз;
-
баланың сөзін бөлмеңіз, аяғына дейін тыңдауға тырысыңыз;
-
азғыруға бой бермеңіз – ауытқушылық, азғындыру мінез-құлқының себебін түсінуге тырысыңыз;
-
араларыңызды қысқартпаңыз және алшақтатпаңыз, ол әрқашан орынды болуы тиіс. Баланың сізді басынып алуына жол бермеңіз. Дөрекілікке дөрекілікпен жауап бермеңіз, әрқашан сыпайы және сабырлы болыңыз;
-
бір сұрақты талқылау отырып алмаңыз. Балаға қызықты болуы мүмкін тақырыптар өте көп;
-
арзан бедел үшін ешқашан балаға темекі, сыра бермеңіз – бұл заңға қайшы келеді. Ең бастысы, сіз – салауатты өмір салтын уағыздаушы екеніңізді ұмытпаңыз;
-
ғибрат айтпаңыз – сіз тек бала мен әлеуметтік ортаның арасындағы көпірсіз, баланың таңдау жасауына мүмкіндік беріңіз;
-
блаға немесе жасөспірімге өзіңіздің ортаңызды қыстамаңыз. Егер сізден сөйлескісі келмесе, қинамаңыз. Сіздің оны көруге әлі де уақытыңыз болады;
-
қатал бағадан қашыңыз. Сөйлегенде әрқашан сыпайы, әрі әдепті болыңыз (жауласқан топтар, басқа бала, ата-аналар туралы). Сіздің олардың өмірін сынауға құқығыңыз жоқ;
-
балалардың арасындағы дау-дамайларда олардың рұқсатынсыз (келісімінсіз) әділқазы рөлін атқармаңыз;
-
жұмысыңызға байланысты күйзелістеріңізді жасырмаңыз – мәселелі жағдайларды әріптестеріңізбен талқылауға тырысыңыз;
-
балалармен қарым-қатынаста талапты, зілденген дауыспен сөйлепеңіз. Әрқашан ымыраға келуге тырысыңыз, қарым-қатынасты құрылымды диалогқа ауыстырыңыз.
Тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Өзін-өзі бағалау деңгейіңізді анықтаңыз.
-
Аталған ұстанымдардың қайсысы Сізге жақын?
-
Бір парақ бетінің сол жағына педагогқа қажетті қасиеттерді, оң жағына болдыруға болмайтын қаситеттерді жазыңыз.
-
Өзіңізге тән қасиеттердің астын сызыңыз. Талдаңыз.
-
Зерделеңіз.
Чем проповедь выслушивать, мне лучше бы взглянуть.
И лучше проводить меня, чем указать мне путь.
Глаза мои внимательны, заметят без труда:
Слова порой запутаны, пример же никогда.
Тот лучший мой учитель, кто веру в жизнь провел.
Добро увидеть в действии – вот лучшая из школ.
И если мне все показать, я выучу урок,
Понятней мне движенье рук, чем быстрых слов поток.
Я, может, и поверю хорошим словесам.
Но будет лучше посмотреть, что делаешь ты сам.
Вдруг я неправильно пойму прекрасный твой совет,
Зато пойму, как ты живешь: по правде или нет [3].
Мектепте және балабақшада өзін-өзі тану пәнінің мақсатын толыққанды іске асыру үшін ерекше сенімділік, ашықтық, құрмет және толеранттылық атмосферасы құрылады. Сабақ кезінде балалар әріптестік етуге, ойлануға күрделі өмірлік жағдайларды шешу жолдарын іздеуге үйренеді. Бұның бәрі баланың тұлғалық өсуіне, өзін-өзі тануына, өзін-өзі іске асыруға көмектеседі.
Сабақтарда мұғаліммен, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде ашық диалог жүргізіледі, адамзаттық қарым-қатынас әлемі зерделенеді, өмірлік бақылаулармен алмасады, қоғаммен практикалық өзара әрекеттестік дағдылары дамытылады. Оқыту үрдісінде түрлі интерактивті формалар, әдістемелік тәсілдер мен жаттығулар пайдаланылады: қуаныш шеңбері, өзімен-өзі жалғыз болғанда, әңгімелесу, рөлдік ойын, топтық өзара әрекеттестік, жағдайларды шешу, жобалық іс-әрекет т.б.
Оқыту мен тәрбие берудің қазіргі заманға сай, дәстүрлі және дәстүрліге жатпайтын интерактивті формалары мен әдістерін жетік меңгерген мұғалімге ерекше рөл беріледі.
№ 17-дәріс
Тақырып: Педагогтің жеке тұлғасы.
-
Мұғалімнің жеке тұлғасының бағыты.
-
Жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері.
-
Мұғалімнің педагогикалық ептілігі.
-
Педагогикалық этика.
-
Мұғалімнің жеке тұлғасының бағыты.
Ғаламды білім берудегі мұғалімнің жеке тұлғасы – дегеніміз ол мәдениетті жеткізуші, оның атқарушысы оның мұрагері және әлемдік педагогикалық тәжірибенің жасаушысы болмақ. Әлемдік стандарттар бойынша – қазіргі заманғы мұғалім - ол шығармашылықты жеке тұлға, ол проблемалық-педагоикалық және критикалық ойды игерген, ол көпвариативтік бағдарламаны құрушы, алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибеге жәнебілім берудің жаңа технологиясына сүйенген, оларды ол нақты педагогикалық жағдайларда диагностикалық мақсатты рефлекция бойынша іске асырушы. Педагогтың әлеуметтік позициясы жалпы білім беру мектептеріндегі көзқарасынан, сенімнен және құндылықтық бағыттары арқылы қалыптасқан. Олардың негізінде кәсіби даярлау барысында педагогикалық кәсіпке оның мақсаты мен педагогикалық әрекетіне деген мотивациялық-құндылықтық қарым-қатынас құрылады.
Қазіргі заманғы мұғілімнің алдында сыртқы әсерді жеңуге қабілетті, және өзінің жеке стилінің арқасында әлемдік педагогикалық ғылым мен практиканы жеткізу үшін оның нақты тәуелсіз және жауапты тұлға екенін көрсететін ғылыми болжамдарды жеңу міндеті тұр.
Педагогикалық қызмет шындығында «жалпылық сипатта». Ол «оқытушылық-оқушылық» феноменіңнің онтологиялық сипатта екенімен түсіндіріледі, оныз адамзаттың өзінің өмір сүруі, адамдық мәдениеттің дамуынң өзі мүмкін емес. Қандайда бір тіпті күнделікті жұмыстың өзінде адамдық қандайда бір әрекетке , операцияларға, оны орындау ретіне, нәтижеге жетуге, оны жетілдіруге үйрету керек. Қандай болмасын әрекетте жұмыста оықтатын адам мен оқитын адам болады. Біріншісі соңғыны оқытушы, педагог болады. Қандай да болмасын басқа адамммен қарым-қатынас жасайтын кәсіби істе педагогикалық аспект бар.
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен білім берудің жүйесін тиімді тіүрде іске асыру оқытушының жеке ұлоғасына тікелей қатысты болады. Ол ең басы болап табылатын мынандай жекелік қасиеттерге көңіл аударады.
Біріншіден, балаларды олдар қандай болса солдай жақсы көру. Тіл алмайтын, тіл алғыш, түсінігі мол, түсінігі аз, жалқау және жақсы балалардың барлығын бірдей жақсы көру керек. Балаларды жақсы көру мен оларға деген қайырымдылық көзқарас оларға қатты сөз айтудан сақтандырады, олардың өздерін бағалауын төмендетпейді және жеке баланың жетістігіне ғана қуанудан сақтайды.
Екіншіден, балаларды түсіне білу және олардың жағына шыға білу, олардың жұмысын мәселесн дұрыс қабылдап, түсіне білу. Олардың көзқарастарын сыйлай білу. Балаларды түсіну – оларды өз билігімізге көндіру емес, олардың бүгінгі күнгі өміріне сүйене отырып олардың ертеңгі өміріне дән себу. Баланың уайымын түсіну, оның сезімін және талпынысын сезіну, бала өзін тәрбиелеу барысында педагогпен жақтас болса тәрбие де маңызды болады.
Үшіншіден, оптимист болу керек, тәрбие берудің күшіне сену керек. Бұл жерде оқытушы қолын алдына салып баланың өзінің түсінігі оянғанша тосып оыратын филантропикалық оптимизм туралы айтып отырған жоқпыз, оның санасын дамытуға кірісіп кету туралы айтып отырмын. Бұл жерде педагог баланың ішкі сезімін танып сезініп – ол арқылы оны тәрбиелеу жолдарын іздеуді айтып отырмыз.
Төртіншіден, Оқытушының бойында барлық адамдарға ұнайтын жақсы қасиеттер болу керек, қаталдық, байсалдылық, қарапайымдылық, шынайылық, интелегенттік, сезімталдық және өмірге құштарлық.
Осындай мұғалім болуға талпыну өте маңызды. Ол – бала мен өткен өмірдлің және қазіргі заманғы ұрпақ арасындағы рухани құндылықты жеткізуші. Осы құндылықтар, білім, моральдық-эткалық норма балаларға таза күйінде жеткізлмейді, ол мұғалімнің жеке тұлғалық сипатында болады, оныңбағасымен жеткізіледі. Гуманды педагог балаларды білімге тарта отырып оларға өзінің мінезін де береді, олардың алдында адамдықтың үлігіс ретінде көрінеді. Бала үшін білім тек қана мұғалім арқылы ғана беріледі, оның мұғалімге деген махаббаты арқылы көрінеді, ол арқылы білімге есік ашады, қоғамның моральдық құндылықтарын иегереді. Бастауыш мектеп жасында бала үшін ең үлкен бедел ол –мұғалім.
Кәсіби компонетті деп мұғалімнің педагогикалық әрекеті толығымен жоғары деңгейде жүргізілетін жағдайды айтуға болады, педагогикалық қарым-қатынас барысында мұғалімнің жеке тұлғасы қалыптасады, оның барысында оқушыларды оқыту мен білім берудің жоғары деңгейіне қол жеткізіледі.
Психологтар педагогтың субъектілігінің келесідей қасиеттерін бөліп қарастырады:
-
психофизиологиялық (жеке) субъектінің қасиеттері (задаткалар);
-
ептілік;
-
бағыттылық;
-
кәсіби-педагогикалық білім мен ептілік.
Жеке тұлғаның бағыттылығы – ол әрекеттің, қылықтың,адамның барлық өмір сүруі барысындағы барлық әрекеттерінің мотивациялығы, оның негізі қажеттілік, қоғамдық талаптар т.б.
Педагогикалық бағыттылық—оқытушының оқушыларға деген қызығушылығы арқылы сипатталады, әр түрлі педагоикалық міндетті шешу барысындағы шығармашылықтық көзқарас, өзінің педагогикалық кәсібіне деген қызығушылығы, онымен айналысуға деген бейімділігі, кәсіби өзін-өзі тану деңгейі арқылы сипаталады. Өзін-өзі тану – мұғалімнің педагогикалық өзін-өзі ұстауын, оның формасын, ережесін танумен байланысты процесс; кейбір кәсіби эталлондарды тануы мен өзін соларен қатар өзін-өзі бағалау арқылы қатар қюды сезінуі арқылы келетін процесс.
Педагогикалық бағыттылықтың түрлері (Н.В. Кузьмин бойынша)
-
нақты педагогикалық;
-
атүсті педагогикалық;
-
жалған педагогикалық.
Педагогикалық қызметтің басты мақатына қол жеткізуге бағытталуы – жеке тұлғаның жан-жақты, гормонды түрде дамуы гуманикалық болып табылады.
Педагогикалық қызмет гуманикалық бағытта болуы керек.Ол педагогтың барлық әрекеттерінің жеке тұлғаның, баланың, оқушының, үлкен адамның нақты қызығушылығына тәуелді екенін көрсетеді. Педагог тек қана сауатын ашып қана қоймай басқа адамдарды да тәрбиелейтін әрекеттер ұйымдастыруы керек, және де ол қоршаған ортамен адамның өзінің ішкі қақтығысы мен келіспеушілігін тудырмауы керек.
-
Жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері.
Педагогикалық әрекеттің тиімділігіне мұғілімнің жеке қасиеттері маңзды болып табылады. Мұғалмнің барлық жеке қасиеттері кәсіби маңызды болмақ. Жақсы оқытушы – ең бірінші жақсы адам: ұқыпты, адал, қайырымды, шыншыл т.б. Мұғалімнің жеке тұлғасының кәсіби-маңызды қасиеттері кәсіби-педагогикалық қызметке көп әсер етеді әне педагогтың жеке стилін көрсетеді. Педагогтың негізгі педгогикалық қасиетін көрсететін қасиетін атауға болады, олар кәсіби-маңызды.
1) Доминантты педагоикалық қызметті тиімді іске асырудың мүмкін еместігін көрсететін қасиет:
- әлеуметті белсенділік- кәсіби-педагогикалық саладағы қоғамдық мәселелерді шешуге әзірлік.
- мақсаттылық - өзінің жеке қасиеттерін алға қойылған педагогикалық міндетті шешуге бағыттай білу.
Байсалдылық- қандай да болмасын педагогикалы жағдаяттарда өз қылығын бақылай білуі.
Оқушылармен жұмыс істеуге тартылуы;
Экстремалды жағдайларда саспау;
-
тартымдылық- рухани бірлік, тартымдылық пен талғам;
-
адалдық;
-
әділдік;
-
заманына сай болу- оқушылырдың мұғілімді өз заманына сай екенін мойындауы;
-
гумандылық;
-
эрудиция;
-
педагогикалық такт – жалпы адамзаттық норманы балалармен қарым-қатынас жасау нормаларын олардың жеке және жастық ерекшеліктерін сақтау;
-
толеранттылық – балалармен жұмыс істеу барысындағы шыдамдылық;
-
педагогикалық оптимизм.
2) Перифериялық қасиеттер – қызметтің тиімділігіне шешуші әсер етпейтін қасиет.
Алайда оның жетістікке жетуіне әсер етуші:
-
қайырымдылық;
-
-ашықтық;
-
қалжыңды түсіну;
-
әртістік;
-
көрегендік (өмір тәжірибесінің болуы);
-
сыртқы тартымдылық.
3) Педагогикалы еңбектің тиімділігін төмендететін теріс қылықтар:
-
бас июшілік («сүйіктіні» бөліп қарау немесе керсінше);
-
байсалдылығының жоқтығы – өзінің психологиялық жағдайын бақылай алмау;
-
өш алушылық - оқушылармен есеп айырысу;
-
өзін жоғары ұстау - өзінің оқушылардан артықтығын көсету;
-
жігерсіздік- ұмытшақтық, жинақтылығының болмауы.
-
Кәсіби-қол жетпеушілік қасиеттер оқытушының кәсіби жарамсыздығына әкеліп соқтырады
-
жалпыға қауіпті болып саналатын жаман қылықтарының көптігі (арақ ішу, анаша шегу т.б.);
-
адамдық тазалығының болмауы;
-
қол жұмсау;
-
дөрекілік;
-
принциптерінің болмауы;
-
білім беру мен тәрбиелеу барысындағы компетенттігінің болмауы;
-
жауапкершілігінің болмауы.
Сонымен қазіргі заманғы педагогтың кәсіби маңызды жеке қасиеттерін білуі және оның кәсіби қызметі барысындағы рөлі әрбір оқытушының өз қасиеттерін дамытуға тырысуына әсер етеді, ол ең соңында келіп балалармен оқу-тәрбие беру жұмыстарын сапалы жүргізуге әсер етеді.
-
Мұғалімнің педагогикалық ептілігі
Педагогикалық ептілік оқытушының әр түрлі әрекетерінің бірлігін көрсетеді, олар педагоикалық әрекеттермен қатысты болады, оқытушының жеке-психологиялық ерккшеліктеріне әсер етеді және де оның пәндік-кәсіби жарамдығын көрсетеді.
Негізгі дидактикалық жоспар бойынша барлық педагогикалық ептіліктер мына түрлерге бөлінеді:
-
оқытушының білімін жеткізе білуі. Жаңа педагогикалық жағдаяттар барысында білім беру және тәрбие беру жолдарын табуы;
-
әрбір педагоикалық жағдайларда жаңаша шешімдер таба білу.
-
Педагогикалық білімнің және идеяның жаңа элементтерін құра білу оларды нақты педагогикалық жағдайда қолдану.
Педагогикалық ептіліктер (А.К.Марков бойынша).
1.Топ. Психлолгиялық-педагоикалық ептілік:
а) педагоикалық жағдаятты басқара білу
- педагоикалық жағдаяттағы мәселені көре білу;
педагогикалық міндетті қою барысында оқушыға бағытталу;
түсініксіз жағдайда оптималды педагоикалық шешім қабылдай білу;
қиын педагогикалық жағдаяттан абыроймен шыға білу.
б) «Неге үйету керек» Топтамасы.
- оқу материалының мазмұнымен жұмыс істей білу (психологиялық-педогоикалық әдебиеттің жаңалықтарынан хабардар болу);
-
оқу пәнінің негізгі ойларын бөліп алу;
-
оқу пәнін жаңарту;
-
ақпаратты педагогикалық интерпретацияға бейімділік (түсіндіру), БАҚ түсетін материалдардан;
-
оқушылардың бойына жалпы білім беретін және арнайы ептіліктер мен дағдыны қалыптастыру;
-
пән аралық байланысты іске асыру,
в) «кімді оқыту керек» шағын топтамасы
- оқушыларды диагностирлей білу;
- оқушының үлгерімі мен жеке қасиеттерін айыра білу;
- оқушылардың мүмкін деген қиындықтарын көре білу оларды жою шаралары;
- оқу-тәрбие беру ұмысын жоспарлау барысында оқушылардың мотивациясын ескеру;
- үлгерімі нашар және үлгерімі жоғары оқушылармен жұмыс істей білу.
с) «қалай оқыту керек» шағын топтамасы.
- білім беру мен тірбие берудің тәсілдерін мен формаларын таңдай білу;
- оқушы мен мұғалімнің оған жіберетін күші мен уақытын есепке алу;
- оқушыларға жеке және дифференциялы түрде қарауды қолдану;
- педагогикалық міндетті шешудің бірнеше жолдарын таба білу;
- психологиялық-педагогикалық білімді және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қолдана білу;
- өз еңбегінің нәтижесін диагностикалай білу;
-оқушылардың қиындықтарын өзінің қате себебінен таба білу.
2. Қарым-қатынас орната білу ептілігі топтамасы:
- қарым-қатынас жасауда өзініңқарым-қатынас жасаушыың ішкі қорын қолдануын іске асыруы үшін және қарым-қатынас барысында психологиялық дұрыс жағдай қалыптастыру білу;
- басқа адамның көзқарасы түсіне білу;
- оның жеке басына қызығушылық көрсету;
- әсер етуді арттыратын көздерді қолдана білу (әдістер риторикалар);
басшылық етудің демократиялық стилін көп қолдану;
оқушыға алғысын білдіру және өз қателігін мойындай білу.
-
Педагогтың жеке тұлғасының өзін-өзі көрсету тобы..
-
өзінің педагогикалық ептілігін іске асыру және дамыту ептілігі;
-
өзінің эмоциялық жағдайын басқара білу;
-
шығармашылық ізденісті іске асыра білу;
-
өзінің кәсіби дамуының перспективасын сезіну (өзінің күшті жақтарын бекіте білу, және әлсіз жақтарын жоя білу).
-
Оқушының жекелік дамуын болжау, оны бағалай білу. Тобы.
-
оқушының білім сипатын анықтай білу (әркет ету жағдайын, өзін өзі бақылауын, оқушыға көмек беру түрін және оны қорғау себебін білу т.б.).
-
мұғалімнің оқушының тәрбиелілігін және тәрбиеге көнетіндігін анықтау;
-
оқушының жеке тұлға екенін көре білу;
-
оқушының әлсіз жақтарын дамытуға жағдай жасау.
4. Педагогикалық этика.
Педагогикалық әрекетті іске асыру барысында оқытушы оқушының еке тұоғасына жан-жақты көп факторлы түрде әсер етеді.Ол тәрбиеленушінің құндылықтардың оларға деген көзқарасытың берілуі негізінде олардың әлеуметтік позициясын қалыптастыруға әсер етеді. Өзін-өзі ұстау үлгісіне әсер етеді. Ол осындай әсер барысында және пелагогтың педагогикалық әсер етуін іске асыра алуының арқасында олардың одан арғы әрекеттестікері байланысты болады. Қызметтестік және баланың қоршаған ортамен өзара әрекеті.
Баланың жеке тұлғасына әсер ете отырып және балалармен өзара әрекеттесе отырып оқытушы үнемі баланың ішкі әлемімен байланыс жасайды. Бұл байланыс өте жауапты және педагогтан кәсіби терең білім мен ептіліктен басқа жалпы мәдениетті болуын, адамгершілігінің мол болуын талап етеді. Сондықтан мұғалімге педагогикалық білім алу барсында негізгі кәсіби-педагогикалық этика негізін білу қажет.
Педагогикалық этиканың элементтері педагогикалық қызмет пайда болғанннан бюастап бар. Педагогикалық этика талаптары мен оны бағалаудың алғышарттары мақала түрінде болды. Мәтелдер мен жазылмаған нормалар мен ережелер түрінде болды Одан кейін педагоикалық процесттің адамгершліктік аспектілері педагогикалық әдебиеттерден көрініс тапты.
Спарта. Балалармен қарым-қаынас барысындағы қатулық пен қаталдық- құлдармен қатаң қарым-қатынас жасайтын өжет адамдар тәрбиелеу. Тәрбие беру барысында адамгершіліктік қарым-қатынас жасауға М.Монтень, Я.А. Коменский, .Ж.Ж. Руссо, К.Гелвецкий, Д.Дидро, И. Песталоцци т.б. ататы ойшылдар В.Г. Белинский, К,Д. Ушинский, Л.Н.Толстой, А.С.Макаренко, Ш.А.Амонашвили т.б. көп көңіл бөлді.
Педагогикалық этика – ол жалпы этиканың құрамды бөлігі, ол философияның ең бір көне саласы, ол адамдардың өміріндегі адамгершіліктік мәселені зерттейді, қайырымдылық пен қаталдыққа анықтама береді, адам аралық қарым-қатынстар мәселесін зерттейді осы қарым –қатынастардың нормаларын мен ережелерін қалыптастырады.
Педагогикалық этиканың негізгі категориялары:
Педагогикалық адалдық – ол моралдық сана түсінігі. Ол педагогикалқ қызмет барысындағы адамдық өзара қарым-қатынасты реттейді. Ол педагогикалық процестегі барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасын олардың ережелері мен міндеттерн қамтиды.
Кәсіби педагогикалық парыз – ол әрбір оқушының педагогикалық процеске қатысушының адамдық қасиеттерін мүлтіксіз құрметтеуге бағыттау. Тәрбиеленушінің құрметтелуін және оған деген талаптың бірлігін іске асыруды нақтылайды.
Кәсіби әділдік адамға өзі барлқ педагоикалық процеске қатысушылар тарапынан жеңіп алған сыйын көрсетудің нормативтік талаптарын көрсетеді.
Мұғалімнің кәсіби ақыл-ойы- ол өзінің парызын өз оқушыларының қоғам алдындағы алдындаы жауапкершілігін субъективті түрде сезінуі.
Педагоикалық этиканың мақсаты тұтас жүйе ретіндегі оқытушының жеке тұлғасының адамгершіліктік мәдениетін қалыптастыру. Оған этикалық ойлау, сезім мәдениеті, ойын, білімін, сезімін іске асыру барысындағы моральдық тәжірибесінің өзін-өзі ұстау мәдениетін оларды күнделікті нормаға айналдырудағы әрекеттерін көрсетеді.
Сонымен, педагогикалық такт – ол оқытушының өзін-өзі ұстаудағы жекелеген фактілері емес оның оқытушының адамгершілігінің бар екенін және қайырымды екенін білуіндегі өзндік стилі.
Негізгі әдебиет: 2,7,8,11
Қосымша әдебиет: 2,6,7,8.
Сұрақтар:
-
Мұғалімнің жеке тұлғасының бағыты қандай?
-
Жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері қандай?
-
Мұғалімнің педагогикалық ептілігі дегенді қалай?
№18-дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |