2. Жасөспірім ересектік және «Мен» бейнесінің қалыптасуына байланысты өте күшті әсерлерді бастан кешіреді. Сонымен қатар мұнда жыныс бейнесімен идентификациялану (теңестірілу) жүреді. 3. Абстрактылы ойлау түрінің қарқынды дамуы ойлау тәсілдерінің өзгеруіне, оның әлеуметтенуіне әкеледі, осының нәтижесінде қоршаған ортаға және өзіне деген көзқарасы өзгеріске ұшырайды. 4. Өзіндік сана мен рефлексияның белсенді қалыптасуы өмір және өзі туралы көптеген сұрақтарды туындатады. «Мен қандаймын?» деген сұрақ жасөспірімде өзінің мүмкіндіктерінің қорын іздейді. 5. Дамудың қорғаушы күшіне тұлғаның ішкі құраушы компоненті болып табылатын қызығушылықтар жатады. Эмансипация реакциясы айқын көрініс табады, осыған сәйкес өзін-өзі өзектендіру де көрініс береді. Оқытудағы жас ерекшеліктерді ескеру принципін жүзеге асыру тәжірибеде екі тәсілмен шешіледі. 1. Мазмұн арқылы. Оқу курсы мазмұнының елеулі бөлігін «жас ерекшелік қажеттілігі» болып табылатын ақпарат құрайды және сол себепті ол жасөспірім үшін маңызды болып табылады. Осылайша әрбір жас сипаттамасына белгілі-бір категория сәйкес келеді: қарым-қатынас мәселесі – «қатынас» категориясы, өзіндік сананың даму мәселесі – «даму» категориясы. 2. Әдістер арқылы. Курста бағдарлама мазмұнына қарамастан жасөспірімнің көрсетілген қажеттіліктері мен «жұмыс істейтін» әдістер тобы қолданылады. Аталған принципте нақты аудиторияның ерекшеліктреі мен қажеттіліктері туралы айтып отырмыз. Мұғалімнің осы принципті меңгеруі дегеніміз педагогикалық жағдайда психологиялық контекстпен жұмыс істеу дегенді білдіреді. Яғни оқытудағы тек жүріс-тұрыспен қатар түрлі деңгейде жағдайды талдай білу, яғни жасөспірімнің мадақтауға және нашар әсер қалдыруға деген қорқыныш сезімталдығы жатады. Мұнда мұғалімнің топтың психологиялық ахуалына назар аудара білуі маңызды болып табылады. Ол индивидпен, микротоптармен және жалпы топпен не болып жатқанын аңғара білуі тиіс. Қанша индивид болатын болса, сонша «топ» ахуалы болады. Әрбір оқушы түрліше мұғаліммен өзара әрекеттестікке түседі, құрдастар тарапынан әр түрлі көзқарастарға ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |