Қалпына келтіру жұмысы төмендегідей жүргізіледі: Регионарлық медициналық қалпына келтіру орындары есепке алынбаған бірнеше аудандарды қамтиды.
Қалалық, ауданаралық реабилитация орындары.
Көп профильді ауруханадағы реабилитация бөлімі.
Негізгі емдеу орны бөлінген амбулаторно-емхана кабинеттері (ЛФК кабинеті, физиотерапия, уқалау (массаж) инемен емдеу рефлекторлық терапия).
Ірі өнеркәсіп орындарында ашылған өнеркәсіптік емдеу орталығы. Оның міндеті де сан қырлы: бұл медициналық реабилитация, ауруды уақытша еңбекке тарту, мүгедектерді түпкілікті жұмысқа тұрғызу және тауар өнімін құру. Реабилитацияның бұл түрі қазіргі экономикалық тұрғыда өте тиімді болып тұр.
Арнаулы емдеу-санатория орындарын ашу: бұл Республика көлемінде болады, оның құрамынан реабилитация орталығын жергілікті медициналық орындар көмегімен ашу, арнаулы кадрлар мен құралдар алу.
Диспансерде, үйде, мейірбике мен жанұя дәрігерінің көмегімен емделу кез келген реабилитацияның түпкілікті аяқталуы болып есептеледі.
Аудандарда ауданаралық амбулаторно-стационарлы аралас орталықтар ашу. Жақын маңайдағы ауруларды амбулаторлық емдеп, ал алыс аудандағы ауруларды (орталық, аудандық учаскелік тәсілмен ауруханадан орын бөлу керек.
Денсаулық сақтау саласындағы кейбір келеңсіз жайларды ескере отырып, жұмыстың үздіксіз атқарылуын қадағалау керек. Бұл мәселені шешуде клиникалық-статистикалық ерекшеліктерді ескере отырып қаржыландыру жағын автономиялық тәсілде орындау керек. Жұмысты жүргізу мейірбикеге толық жүктеледі. Бүгінде нақты ауру себебін анықтау мен оның алдын-алу білімді мамандарсыз шешілмейді. Олар аға мейірбике мен академиялық мейірбике және менеджерлер.
Медициналық мейірбике – жан-жақты қызмет атқаратын, реабилитация сатысынан өтіп жатқан әрбір пациенттің дұрыс ем алуын қадағалайтын басты тұлға. Диагностикалық сатыда мейірбике аурудың негізгі себептерін анықтап, одан кейінгі емдеу тәсіліне, үйде емдеу кезінде үлкен роль атқарады. Келесі кезеңде оның жұмысы артады: емдік дене шынықтыру, уқалау (массаж) физиотерапия – осылардың барлығын мейірбике атқарады. Дәрігер өз ісінің білгір маманы болса, аурумен тіл табысып дұрыс ем қолданса, мейірбике қалған жұмысты түгелімен мойнына алады. Мейірбике – тек қызмет емес, стационарлы емдеу кезіндегі басты адам. Ол тек творчествалық ұйымдастырумен ғана емес, барлық аурулармен, коллективпен тіл табыса алатын мейірімді де ақжарқын, білімді, сыпайы, қасиетті жан. Дәрігерді реабилитация орталығындағы аурумен кездесу 5-10% ғана құраса, мейірбикенің мәпелі алақанында науқастар ұзақ болады.