Тақырыбы: Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы Орындаған: Түйебаева С.Қ Тексерген


Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі мынадай



бет2/5
Дата19.12.2023
өлшемі36.41 Kb.
#486999
түріСабақ
1   2   3   4   5
stud.kz-35488

Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі мынадай:

  • Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болы тиіс.

  • Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.

  • Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек.

  • Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбәр сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.

  • Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығұын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек.

  • Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар тұғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.

  • Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарм-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді.

  • Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс-тәсілдеріне үйрету міндет.

  • Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.

  • Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен өзара байланыста, бірі-бірі толықтырып тұрулары қажет.

  • Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу-техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыруы шарт.

  • II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
    • оқу пәні және нақты сабақ арқылы әр оқушының дамуын жобалау;
    • оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды, әдістемелік тәсілдерді табу;
    • оқушылардың репродуктивтік және шығармашылық жұмыстарының көлемін анықтау; жұмылдыра білуі. Ақыл-ойының дамуы;
    • білім деңгейлеріне сәйкес оқушыларды топтарға бөлу, олардың әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізу. Жаппай жұмысты уйымдастыру.
    Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру:
    • жақсы және нашар оқитын оқушылармен жұмысты жоспарлау;
    • оларға жеке тапсырмалар беру;
    • әрбір оқушының белсенді оқуына жағдай жасау.


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет