Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Тақырыбы: Техникалық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулар
Орындаған:Қойшығұл Дильназ Нуридин Айсұлу
Қабылдаған:Жалғасбаев ҚайратА.К
Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың техникалық регламенті
"Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексін, Қазақстан Республикасының " Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашада және " Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында әзірленген
Техникалық регламенттің талаптары:
1) арнайы сипаттамаларды қоспағанда, балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдеріне, сондай-ақ құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар азық-түліктер мен шикізатқа;
2) үйде өндіру, үйде пайдалануға арналған өңдеу және (немесе) сақтау процесінде алынған нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерге қолданылмайды.
4. Нанды, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сәйкестендіру КО СЭҚ ТН кодтарын визуальді қарау, тұтыну орамында және ілеспе құжаттамада ұсынылған ақпарат негізінде жүргізіледі.
Нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өткізілетін атаулар олардың түрін дәл көрсетуге және ең аз дегенде мыналарды қамтуға тиіс:
1) сыртқы түрінің сипаттамасы;
2) сәйкестендіру көрсеткіштерінің тізбесі (нақты өнім түріне берілген техникалық және (немесе) нормативтік құжаттамада көрсетіледі);
3) шығару тәсілі.
Үй-жайларға және инженерлік жабдықтарға қойылатын талаптар
1. Нанды, нан-тоқаш, ұннан жасалатын аспаздық және кондитерлік өнімдерді өндіру жөніндегі объектіні орналастыру, салу және қайта жаңарту санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болғанда жүзеге асырылады.
2. Объектінің үй-жайлары және оған жапсарлас аумақ азық-түліктердің санитарлық-бактериологиялық ластануы жағдайын болдырмау мақсатында белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды сақтай отырып пайдаланылуға тиіс
3 Объектінің өндірістік үй-жайлары мен цехтары технологиялық процестердің ағымдылығын қамтамасыз ететіндей және шикізат пен дайын өнімнің қарсы және қайшы ағымдарын болдырмайтындай етіп орналасуға тиіс. Үй-жайлардың жинағы бейінді ұйымдарды технологиялық жобалау нормаларына жауап беруге тиіс.
4. Шырақтарды ашық технологиялық сыйымдылықтардың, пісіру қазандарының, крем жағатын машиналардың, крем бұйымдарын әрлеуге арналған үстелдердің тура үстіне орналастыруға тыйым салынады.
6. Аппараттар мен ыдыстардың ішкі жақтарын қарау үшін көрнеулігі он екі вольттан аспайтын, жалғанатын қорғаныш торшаларға орналастырылған шамдарды пайдалануға жол беріледі.
5 Жарық көздері арнайы жарық түсіру арматураларына: люминесценттік - типіне қарай, қызу шамдар жабық плафондарға орналастырылуы тиіс.
7. Желдету және кондиционерлеу жүйесі ауаның ластанған аймақтан таза аймаққа түспейтіндей құрылымдануы тиіс. Желдету жүйелерінің құрылымы мен орындалуы тазалауды немесе ауыстыруды қажет ететін сүзгілері мен басқа да бөліктерінің тез қолжетімділігін қамтамасыз етуге тиіс.
Технологиялық жабдық пен аппаратура машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі, технологиялық процестің ағымдылығын және оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей орналасуға тиіс.
Азық-түлікпен жанасатын жабдықтардың және аппаратураның барлық бөліктері мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тамақ өнеркәсібінде қолдану үшін рұқсат еткен материалдардан дайындалуға тиіс.
Ұнды силосқа беріп тұратын әрбір сызық ұн елегішпен және металл қоспаларды магнитті тұтқышпен жабдықталуы тиіс. Ұн елейтін жүйе тығыз тұмшаланған болуы тиіс: құбырлар, бураттар, шанақтардың қораптары, силостар саңылаусыз, он күнде бір реттен сирек болмауға, бөлшектеліп, тазартылып және сонымен қатар ұн зиянкестеріне қарсы өңдеуден өтуге тиіс.
Ұнды ыдыссыз сақтауға арналған силостар үстіңгі беті тегіс, конустары кемінде жетпіс сантиметр, ұнды таратуға арналған құрылғылары мен бақылау люктары еден деңгейінен бір жарым метр биіктікте болуға тиіс.
Сүтке арналған жабдық пен аппаратура (цистерналар, жинақтаушылар, құбырлар, сорғылар), сиропқа арналған қайнату қазандықтары, сиропты сақтауға арналған бактар, өлшеу бөшкелері, құбырлар күнделікті жұмыс аяқталғаннан кейін жуылуға және дезинфекциялануға тиіс.
Тұнба қаптарын, ұштары мен ұсақ мүкәммалды өңдеу мен сақтауға арналған жабдықты басқа өндірістік мақсаттар үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.
Жабдыққа, мүкәммалға және ыдысқа қойылатын талаптар
Достарыңызбен бөлісу: |