Тақырыбы: Зертханалық сынақ және зерттеу жүргізу үшін тағамдық өнімдердің үлгісін алу


Сары майдағы майдың мөлшерін анықтау



бет20/30
Дата19.03.2024
өлшемі275.02 Kb.
#496051
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Зертханалық жұмыс ТХК

Сары майдағы майдың мөлшерін анықтау
Кілегей майөлшеріне 2 г майды өлшеп салады. Оған 19 мл күкірт қышқылын (1,50-1,55) және 1 мл изоамил спиртін құяды, оны тығынмен жауып араластырады 65+2°С температурада 8 мин су моншасына салады. Майөлшегішті су моншасынан алып, центрифугада 5 мин айналдырамыз. Центрифугалап біткен соң, 65+2°С температурадағы су моншаға 5 минутқа қайта саламыз, сосын майды өлшейміз. Майдың пайызын 2,5-ге көбейтіп майлылығын табамыз.
Майдың қышқылдығын анықтау
10 мл колбага 5 г майды өлшеп аламыз да, оны ерігенше қыздырамыз. Оған жаймен 30 мл 95 %-ті этил спирті мен күкірт эфирінің бейтарап қоспасын (1:1 қатынаста алынған) қосамыз. Оған 6 тамшы 1%-ті фенолфталеин ерітіндісін қосып, 0,1 н сілтімен қызғыш түске боялғанша титрлейміз. Майдың қышқылдығын Кеттсторфер градусымен есептейміз. Қышқылдықты титрлеуге кеткен сілтінің мөлшерін 2 көбейтіп анықтайды.
Майдағы тұзды анықтау
Химиялық стаканга 5 г майды өлшеп салады.оған 50 мл дистилденген суды құйып, жақсылап араластырады. Сосын май бетіне қалқып шыққанша тыныштыққа қояды. Сосын 10%о-ті хром қышқылды калий ерітіндісінің 5-8 тамшысын құйып, азот қышқылды күміспен сарғыш-қызыл түс пайда болғанша титрлейді.
Азот қышқылды күміс ерітіндісінің титрлеуге кеткен мөлшері майдағы тұздың мөлшерін көрсетеді.
Майдағы ылғалдың мөлшерін анықтау.
Таза, құрғақ алюминий стаканға 10 г майды өлшеп салады. Сосын стаканды қысқыш арқылы ұстап, оны қыздыра бастайды. Май алғашында ериді, сосын қайнайды.майды шашыратпай, ылғалсыздандырады. Ылғал ұшып кеткеннен соң стаканды қыздырғыш аспаптан алып, бетін әйнекпен жауып, 3-4 мин таза металл бетіне салқындатуға қояды және оны өлшейді. Төмендегі формуламен есептейді:
В=[(А-Б) •100] / 5,
Мұндағы, а - қыздырғанға дейінгі майы бар стакан, г; б - қыздырғаннан кейінгі майы бар стакан, 5- майдың салмағы, г.


Құрғақ зат мөлшерін анықтау:


С =100-В,


мұнда В-ылғалдылық, %;

Қорытынды. Зерттеу соңында нәтиже бойынша қорытынды жасау керек және бақылау сұрақтарына жауап берген дұрыс. Барлық жұмыс нәтижелерін дәптерге енгізу керек.


Бақылау сұрақтары:


1. Сары майдың қышқылдығын анықтау?


2. Сары майдың майлылығын анықтау?
3. Сары майдың сапасына қойылатын талаптар?
4. Сары майдың құрамындағы тұзды, ылғалдылықты анықтау?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет