Тақырып § 19-20 Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістері. Табиғатты пайдалану.
І Адамның табиғатқа әсер етуі. Бастапқыда адам биоценоздың құрамдас бөлшегі ретінде табиғатпен қарым-қатынаста болды және табиғатқа әсері байқалмады. Табиғат бер- ген шаруашылықтан (терімшілік, аң аулау. балық аулау) өндіруші шаруашылыкка көшкен (егіншілік, мал өсіру) адамдар алдымен жергілікті аумақтарға, содан кейін бүкіл өңірлерге кері әсер ете бастады.
Қазіргі уақытта жер аумағын игеруде және пайдалануда жаңа тәсілдер енгізілуде. Әсер ету деңгейі бойынша бұрын-соңды болмаған кері антропогендік ықпал әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап пайда болды: табиғат ресурстарының сарқылуы, өзен-көл суларының ластануы, ормандарды кесу, топырақтың сортаңдануы мен аумақтардың шөлейттенуі, жануарлар мен өсімдіктердің саны мен түрлерінің азаюы және т.б. Антропогендік іс-әрекеттердің жаратылысы, таралуы мен ауданы, қолданылу уақыты мен сипаты әртүрлі болуы мүмкін, олар мақсатты және стихиялык, тура және жанама, ұзак,- және қысқамерзiмдi, нүктелік және аландық және т.б. болып бөлінеді. Экологиялық салдары бойынша антропогендік әсер оң, және кері болып бөлінеді. Оң әсерлерге табиғи ресурстарды қайта қалпына келтіру, орманды қолдан өсіру, пайдалы қазбаларды өндіретін жерлерді рекультивациялау және т.б. жатқызуға болады. Кері әсерлерге адамның табиғатты тұншықтыратын әрекеттерінің, барлық түрлері жатады. Антропогендік әсер ету жойқын, тұрақтандырғыш және конструктивті болуы мүмкін.
Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістері. Қоршаған орта үздіксіз өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгерістер әртүрлі сипатқа ие: өзінің бағыты мен көлемі бойынша әртүрлі; кеңістікте және уақыт бойынша біркелкі бөлінбеген.
Табиғи орта жағдайының антропогендік өзгерістері мүлдем басқа ерекшелікке ие. Олар соңғы онжылдықта алып техникалардың пайда болуына және энергиямен қарулануына байланысты ерекшелене түсті. Антропогендік өзгерістер кейде табиғи орта жағдайының күрт және тез өзгеруіне әкеледі (10-кесте).
10-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |