Тақырып 1 Жалпы паразитология. Гельминтология



бет3/3
Дата03.01.2024
өлшемі29.83 Kb.
#488419
1   2   3
паразит1

2. Паразиттердiң түрлерi
Паразиттер тiршiлiк ететiн уақытына (мерзiмiне), орналасқан орнына (мекеңдейтің жеріне) және иелерiне байланысты арнайы барысына қарай топтарға боледi.
Уақытына қарай тоғышар тiршiлiк ететін паразиттердi уақытша және стационарлық паразиттерге бөледi.
Уақытша паразиттер клиникалыққы ортада өнiп-өседi және өмiр сүредi, ал жануарларға коректену үшiн ғана жабысады (соналар, сар масалар және т.б.).
Стационарлық паразиттер ие организмнiң iшiнде, немесе клиникалықында көп уақыт (кейбiр кезде өмiр бойы) тiршiлiк етедi. Бұларға гельминттердiң көп түрлерiн, соналарды, биттердi, қышыма кенелерді және т.б. жатқызуға болады.
Стационарлық паразиттердi тағыда екi топқа бөледi – тұрақты және кезеңдiк.
Тұрақты паразиттер бүкiл өмiр сатысын, туғаннан өлгенге дейiн ие организмiнде өткiзеді (биттер, жүн жегiштер, қышыма кенелер және т.б.).
Кезендi паразиттер көп уақыт ие денесiнiң iшiнде өмiр сүредi (толық жыныс сатысында немесе дернәсіл сатысында). Мысалы, жануар денесiнде соналар дернәсіл сатысында тiршiлiк етедi, ал гельминттердiң көбiсi – толық жыныс сатысында.
Паразиттердi локализация байланысына қарай эндопаразит және эктопаразитке бөледi.
Эндопаразиттер, немесе iшкi паразиттер, олар иенiң iшкi мүшелерiнде және ұлпаларында мекеңдейдi (гельминттердiң көбiсi эндопаразитке жатады). Эктопаразиттер, немесе клиникалыққы паразиттер, олар ие дененiң клиникалықында уақытша немесе тұрақты омiр сүредi (сар масалар, соналар, биттер, қышыма кенелер).
3.Гельминтология
Жануарларда гельминттердi клиникалық диагностикалау барлық жағдайда мүмкiн болмайды, себебi түрлi аурулардың симптомдары бiрдей, ешқандай спецификалық белгiлерi болмайды.

Ондағы өзгерiстер гельминтозды емес аурулардың симптомдары болуы мүмкiн. Осыған байланысты гельминтоз диагностикасы зертханалық анализдiң спецификалық әдiстерiмен өткiзiледi.


Паразитарлық құрттар мал ағзасының түрлi мүшелерi мен ұлпаларын зақымдайды. Паразитарлық құрттардың көптеген түрi асқазан-iшек жолының және қосалқы бездерi (бауыр, ұйқы безi) бөлiгiнде болады. Олар жиi өкпеде, бұлшықетте және қан-тамыр жүйесiнде кездеседi. Зақымдалған жануарлар клиникалыққы ортаға көп мөлшерде гельминттердiң жұмыртқалары мен дернәсілдерін бөлiп шығарады. Асқазан-iшек жолында, бауырда, бронхтарда болатын гельминттер өздерiнiң жұмыртқаларын немесе дернәсілдерін нәжiспен бiрге клиникалыққа шығарады. Бүйрек және құық зақымдалғанда жұмыртқалары зәрмен бiрге шығарылады.


Паразиттердiң өзiн және оның жеке бөлiктерiн қарауға бағытталған зерттеу әдiсiн гельминтоскопия деп атайды. Гельминт жұмыртқаларын табу үшiн гельминтоовоскопиялық әдiстердi, ал гельминт дернәсілдерін анықтау үшiн гельминтоларвоскопия әдiсiн қолданады.


Гельминтоскопия. Гельминттердi табу үшiн нәжiстi келесi әдiспен байқайды. Нәжiстi сумен араластырып, қосындыны тұндырады. Бiрнеше уақыттан соң судың беткi қабатын төгiп, тұнбаға судың келесi мөлшерiн құяды, сөйтiп бiрнеше рет қайталайды. Осылай бөтен заттың көп бөлiгi жайылып, тұнбада паразиттер мен нәжiстiң ерiмеген ауыр бөлiгi қалады. Содан кейін тұнбаны макроскопиялы және микроскопиялы зерттейдi.


Гельминтоовоскопия. Өңделген жұғынды әдiс – нәжiстi гельминтоовоскопиялық зерттеудiң ең қарапайым әдiсi. Оны кез-келген жағдайда, жануарлардың барлық түрiне қолданады. Оның техникасы келесiдей. Нәжiстiң шамалы бөлiгiн шыны немесе ағаш таяқшамен алып, оны төсенiш шыныға салады да, 2-3 тамшы глицерин мен судың бiрдей бөлiк қосындысын қосады, сосын мұқият араластырады. Қатты бөлiгi жойылған соң, үстiне жапқыш шыныны жауып, микроскөп астында зерттейдi. Глицериннiң орнына кәдiмгi суды алуға болады. Глицерин препаратты мөлдiрлендiредi, соның нәтижесiнде зерттеу оңайға түседi және препараттың тез кеуiп қалуынан қорғайды. Бiр жануарда бiр уақытта 2-3 препарат дайындау ұсынылады. Бұл әдiстiң кемшiлiгi, әлсiз инвазияда терiс нәтижесiнiң үлкең пайызын көрсетедi.


Берiлген әдiспен нәжiстi стронгилидоз, аскаридоз, фасциолез, трихоцефалез және т. Б. Зерттейдi.


Тұндыру әдiсi. Нәжiстiң шамалы бөлiгiн (5-10 г) судың 10 бөлiктi мөлшерiмен араластырады. Қосындыны металл елек (сүзгiш) немесе марлымен сүзедi де, 5 минут түндырады. Осыдан кейiн сүйықтық қабатын төгiп, тұнбаға таза су қосады да, тағы 5 минут тұндырады. Сөйтiп сұйықтықтың үстiнгi бөлiгi мөлдiрленгенiнше қайталайды. Кейiн сұйықтықты төгiп, тұнбадан трематода жұмыртқаларын микроскөппен зерттейдi. Берiлген әдiспен фасциолез және басқа трематодоздарға балайды.


Флотациялы әдiстер. Фюллеборн әдiсi. 10-20 г нәжiстi банкаға немесе 100-200 мл-лiк стақанға салады да, ас тұзының қаныққан ерiтiндiсiнде шыны немесе ағаш таяқшасы мен мұқият ұнталайды (ысқылайды). 1 л суда 400 г тұзды ерiтедi, оны қайнатып, мақта немесе марлы арқылы сүзедi. Ерiтiндiнi суық қалпында пайдаланады; оның тығыздығы 1,2.


Ерiтiндiнi ақырын құяды, оған нәжiс қосып отырады. Қосылатын ерiтiндiнiң жалпы мөлшерi нәжiс мөлшерiнен 20 есе көп болады. Содан кейiн сұйықтықты металл сүзгiш арқылы сүзедi де, жарты сағатқа қояды; осы уақытта жұмыртқалар беткi қабатына шығады, себебi тұздың қаныққан ерiтiндiсiнде тығыздығы жұмыртқаларымен салыстырғанда жоғары болады. Тұндырылған сұйықтың бетiнен металл таяқшамен (1 см артық емес) қабыршақты алып, оны төсенiш шыныға көшiредi де, жапқыш шынымен жабады. Алынған препаратты микроскөппен зерттейдi.


Фюллеборн әдiсiн негiзiнен дөңгелек гельминттердiң жұмыртқаларын (аскарида, стронгилида, трихоцефалят және т.б.) және таспа құрттардың кейбiреуiн (тений, аноплоцефалид) табу үшiн қолданады.


Дарлинг әдiсiне тұндыру және флотация процедуралары жатады. Нәжiстi сумен бiрге жартылай сұйық консистенцияға дейiн араластырады да, 3-5 мин центрифугалайды, соңында гельминт жұмыртқалары түбiне тұнады. Пробиркадағы сұйықтықты төгiп, тұнбаға Дарлинг сұйықтығын қосады. Тұнбаны мұқият араластырып, екiншi рет 3-5 мин центрифугалайды. Содан кейiн ғана паразитарлық құрттардың жұмыртқалары тұнбадан бетiне шығады. Металл таяқшамен қабыршақты алып, төсенiш шыныға көшiрiп, жапқыш шыныны үстiне жауып, зерттейдi.


Щербович әдiсiн жоғары тығыздықпен жұмыртқаларды табу үшiн қолданады. 920,0 күкiрт қышқылды магнезияны 1 литр ыстық суда ерiтедi.


Ертiндiнi сүзiп, суытады. Зерттеу үшiн стақанға нәжiстiң шамалы мөлшерiн алып, су қосады да, бiрқалыпты өнiм алғанға дейiн араластырады. Араластырғанда осы өнiмдi металл сүзгiш арқылы сүзiп, 1-2 мин центрифугалайды. Осыдан кейiн сұйықтықтың беткi қабатын төгiп, тұнбаға алынған ерiтiндiнi қосады. Тұнбаны араластырып, қайтадан 1-2 мин центрифугалайды. Көпрологиялық таяқшамен пробиркадан үстiңгi қабатың төсенiш шыныға алып, үстiне жапқыш шыны жабады да микроскөппен зерттейдi.


Сандық гельминтоовоскопиялық зерттеулер. Көпрологиялық зерттеулерде инвазияның интенсивтiлiгiн анықтау үшiн 1 г нәжiстегi жұмыртқаларды табудың сандық есебiн жүргiзедi. Нәжiсте жұмыртқалардың саны көп болса, жануар ағзасында сол гельминттердiң саны да көп болады. Гельминт жұмыртқалары нәжiс массасында бiрдей таралмайды.


Столл әдiсi. 100 грамм қолбаға басында 56 мл су құяды да, клиникалықынан белгiлеп қояды, кейiн 4 мл су құяды да, қайтадан жаңа белгi қояды. Содан кейiн суды құйып алып, колбаға 56 мл 0,14 күйдiргiш натр ертiндiсiн құяды, сондай мөлшерде нәжiс қосады. Себебi сұйықтық деңгейi 60 мл-ге жетедi (4см³ нәжiс), 10-15 шыны түймелердi салады да, бәрiн дұрыстап араластырады. Араластырғаннан кейiн градуирлi пипеткамен 0,075 немесе 0,1 мл қосынды алады, оны төсенiш шыныға қойып, гельминт жұмыртқаларын санай отырып, микроскөппен зерттейдi. 1 см³ (1 г) нәжiстегi жұмыртқа мөлшерiн бiлу үшiн, табылған жұмыртқа санын 200-ге (егер 0,075 мл қосынды зерттелсе) немесе 150-ге (егер 0,1 мл қосынды зерттелсе) көбейтедi.


Гельминтоларвоскопиялық әдіс диктиокаулез, мюллериоз, протостронгилидоз және тағы басқа күйiс қайыратындардың асқорыту жолының стронгилятозын балау үшiн қолданады.




Берман және Орлов әдiсi. Нәжiс сынамасын (10 г) Берман аппараты воронкасына металл торда немесе марлыда оралған күйiнде салады. Алдын-ала воронкаға бөлме температурасында суды құяды. Сынамамен толтырылған аппаратты бөлме температурасында 3-6 сағатқа қалдырылады. Осы уақытта диктиокаулюс дернәсілдері сынамадан сұйықтыққа жылжып шығады да, түтiк бойымен пробирка түбiне түседi. Сосын абайлы резеңкелi түтiктен ағытып, жылдам қозғалыспен, тұнбаны араластырмай әр пробиркадағы сұйықтықты тұнбаға дейiн төгiп алады (суды пипеткамен сарып алуға болады). Пробиркаларды штативке қояды. Тұнбаны араластырғаннан кейiн төсенiш шыныға құяды да, кiшi өлшемде микроскөппен қарайды. Нематода дернәсілдері қозғалмалы, оңай байқалады. Берман аппаратында воронка орнына сынама салатын түбi тiлiнген резеңкелi алмұрт қолдануға болады. Соларға гельминтологиялық пробирканы жалғайды немесе Мор қысқышымен жабады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет