Тақырып: Білім беру мекелерінің стратегиялық даму жоспарларын жасау І. Кіріспе



бет1/3
Дата15.12.2023
өлшемі280.32 Kb.
#486793
  1   2   3
sro(20221517-140957)


Тақырып: Білім беру мекелерінің стратегиялық даму жоспарларын жасау


І. Кіріспе. БІЛІМ МЕКЕМЕСІНДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ
Білім мекемесінің стратегиясын дайындау үшін:

  • Білім беру жүйесінің, білім мекемесіндегі жағдайларға талдау, оң және кері тұстары, ортаның мүмкіндіктері мен қауіптері.

  • Миссияны (жұмыстың негізгі идеясын) және әрекеттердің алғышарттарын тұжырымдау.

  • Мақсаттар мен міндеттер (нақты жағдай үшін анықталған мақсаттар) жүйесі.

  • Әрекеттер кешенінің мақсаттарға қол жеткізу қарама-қайшылығы.

Білім ұйымының жұмысын басқару үрдісі белгілі мақсатқа жетуге бағытталған дәйекті түрдегі іс-шаралардың жиынтығымен көрініс табады. Басқарудағы менеджмент педагогикалық ұжымның парасатты, нысаналы іс-қызметінің көмегімен білім беру жүйесін бағындыру және тәртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Сонымен қатар менеджмент стратегиялық және тактикалық мақсаттарға оңтайлы жету жолында әрбір ұйыммен жәнe олардағы педагогтардың нысаналы және келісімді жұмысын қамтамасыз ететін басқару тетігін қалыптастырумен ерекшеленеді.
Бүгінгі таңда білім саласындағы менеджмент – басқарудың маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Оның тиімділігін тануда стратегиялық жоспарлаудың ролі артып келеді. Мысалы 5-7 жылға есептелген мектептердің стратегиялық Даму жоспары, Кембридж университеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің біріккен бағдарламасы бойынша оқытылатын деңгейлік оқу курстары қорытындысымен жасалатын қысқа және орта мерзімді жоспарлардың білім ұйымын мақсатты жетілдіруде рөлі ерекше.
Білім жүйесіне «стратегия» термині қажеттілігімен танылып, кеңінен еніп отыр. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау білім ұйымы қызметінің жалпы концепциясын білдіреді. Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді. Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.
Білім сапасы мемлекеттік деңгейде – өмірлік қажеттіліктердің жаңа талаптарға сай болуымен анықталады, ал оқушы деңгейінде – оқу жағдайлары, тұлғалық даму, алдағы өмірде жетістіктерге жету мүмкіндіктері деген мағынаға ие болады. Білім сапасы – бұл негізгі өнім – түлек құзырлығының сапасы болып табылатын, білім ұйымдары қызметтерінің тиімділігі. Білім сапасы басқару сапасымен, ресурспен қамтамасыз ету сапасымен, білім беру үрдісінің сапасымен анықталады.
Білім беру үрдісінің сапасы өз кезегінде мектептің даму тұжырымдамасының сапасына, білім бағдарламаларын жүзеге асыру сапасына, оқу-әдістемелік кешендердің сапасына, педагогикалық кадрлардың әлеует сапасына, мектепішілік біліктілікті арттыру сапасына, мектепке дейінгі балалар әлеуетінің сапасына, бастауыш сынып оқушыларының сапасына, мектептегі инновациялық үрдіс сапасына, білім беру үрдісінің зерттеу үрдістерімен кіріктірілу сапасына, мектептегі үрдүсті ұйымдастыру сапасына тікелей байланысты. Олай болса, аталған педагогикалық әрекеттердің сапасын қалай басқаруға болады? Назарларыңызға ұсынылып отырған презентацияда материалдар презентациялық сипатта беріліп, бүгінгі кеңес барысындағы мектепті басқару менеджментінің нормативтік-құқықтық құжаттары мен теориялық негіздері осы мәселені қарастырады. Ұсынылып отырған «Мектептегі үрдісті ұйымдастыру сапасын арттыруда стратегиялық жоспарлау» барысында білім мекемесінің сыртқы және ішкі ортаның ерекшеліктері, олардың ықпалы мен стратегиялық мақсат пен міндеттерге талдау жасалады және берілген материалдар тиімді команда құру принциптері, тәсілдері, техникасы қарастырылып, ұжым мүшелерінің міндеттерін бөлу жолын меңгеруге бағытталған.

Стратегиялық жоспарлау қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін білім мекемесі әкімшілігінің және стратегияны жүзеге асыруға жауапты қызметкерлердің нақты әрекеттері мен шешімдерінің жинағы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет