- Әр қызметшіде мотивация мәнінің түсінігін қалыптастыру; - Ұйым персоналын ішкі ұйымдық тіл табысудың психологиялық негіздеріне үйрету; - Жетекшілерді мотивацияның заманауи тәсілдерін қолдануға итермелеу.
Экономика және менеджмент кафедрасы
Мотивацияны процесс ретінде қарастыра отырып, ондағы бірнеше ілеспелі кезеңдерді атап өтуге болады: Бірінші кезең – қажеттіліктің туындауы, адам өзіне бір нәрсенің жетіспейтінін сезінеді Екінші кезең – адам қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын іздейді Үшінші кезең – қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мақсаттардың анықталуымен сипатталады Төртінші кезең – қажеттіліктерді қанағаттандыратын іс-әрекеттерді жүзеге асыру Бесінші кезең – жекелеген жұмыстың іске асырылуы үшін сыйақы алумен байланысты Алтыншы кезең – қажеттіліктерді қанағаттандыру.
Экономика және менеджмент кафедрасы
Сұрақ 2. Мотивация, ынталандыру және белсендендіру
Стимулдар – бұл сыйақылау, қызмет бабы бойынша өсу, жетекшінің басқарушылық ықпалы, қорқыныш, жауапкершілік, т.б.
Стимулдар — бұл белгілі іс-қимылдарды орындау барысында адамның қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын игіліктер (заттар, құндылықтар, т.б.).
Стимулдар белгілі игіліктерді білдірсе, ал мотивтер адамдардың оларды алуға ұмтылысын сипаттайды.
Мысалы, ақшалай сыйақы жұмыскер іс-әрекетінің мотивіне айналуы үшін оның еңбек үшін әділетті сыйақы ретінде түсіну қажет. Сонда адамның сыйақы алуға деген ұмтылысы еңбек тиімділігінің артуына ықпал етеді.
Өздерінің кәсіптік даярлығының төмендігі немесе өзге себептерге байланысты осындай сыйақы алуды үміттенбейтін жұмыскерлер үшін ақшалай сыйақы стимул деңгейінде қалып, мотивке айналмайды.
Экономика және менеджмент кафедрасы
Достарыңызбен бөлісу: |