Талаптары туралы


-тарау Клиенттермен жұмыс жүргізу кезіндегі жалпы ереже



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата09.06.2023
өлшемі475.62 Kb.
#474850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Правила-об-общих-условиях-каз-от-05 01 2017

3-тарау Клиенттермен жұмыс жүргізу кезіндегі жалпы ереже 
 
19. Клиент Банкке банктік қызмет/өнім алуға келгенде, Банк клиентке келесі ақпаратты 
ұсынады: 
– Клиентте туындаған мәселелер бойынша кеңес беру; 
– мөлшерлемелер мен тарифтер туралы
– банктік қызметті ұсыну туралы өтініш бойынша шешім қабылдау мерзімдері туралы (өтініш 
беру қажеттігі кезінде); 
– банктік қызметті ұсыну туралы шарт жасау үшін қажетті құжаттардың тізбелері мен банктік 
қызметті ұсыну талаптары туралы; 
– банктік қызметті ұсыну туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда 
клиенттің ықтимал тәуекелдері мен жауапкершіліктері туралы; 
– банктік қызметті ұсыну туралы шарттың үлгі нысанының көшірмесі (клиенттің сұрауы 
бойынша) және онымен танысу үшін уақыт. 


ЕР 
1-5бет 16 
ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ 
ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 
20. Банк клиентті келесілер туралы ақпараттандырады: 
– Банкте көрсетілген банктік қызметтер бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде оның 
уәкілетті органға немесе сотқа, банктік омбудсманға (ипотекалық қарыз бойынша) жүгіну құқықтары 
туралы (ипотекалық қарыздары бойынша);
– банктік омбудсман мен уәкілетті органның орналасқан орны, пошталық, электрондық 
мекенжайы және Банктің интернет-ресурстары туралы; 
21. Банктік операцияларды (қызметтерді) ұсыну туралы шешімді қабылдаудың ең жоғары 
мерзімі клиенттерден құжаттардың толық топтамасын қабылдаған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс 
күнін құрайды. Айтарлықтай күрделі және көлемді кредит беру жобалары бойынша банктік 
қызметтерді (қарызды) ұсыну туралы шешімді қабылдаудың ең жоғары мерзімі клиенттерден 
құжаттардың толық топтамасын қабылдаған сәттен бастап 30 жұмыс күнін құрайды. 
22. Банктік қызметтерді беру ережесіне сәйкес, Банк банктік қарыз шартына қызмет көрсету 
кезеңінде қарыз алушының сұрауы бойынша сұрау алған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде 
клиентке келесілер туралы мәліметтерді жазбаша нысанда беруге міндетті: 
1) қарыз алушының Банкке төлеген ақшасының сомасы
2) кезекті төлемдердің мөлшері мен мерзімі; 
3) қарыз бойынша негізгі борыштың қалдығы; 
4) мерзімі кешіктірілген берешектің мөлшері (бар болғанда); 
5) кредит беру лимиті (бар болғанда). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет