Талдықорған 2018 Әдіс-тәсілдер тізбесі



Pdf көрінісі
бет57/77
Дата30.01.2023
өлшемі1.69 Mb.
#468919
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77
249 әдіс тәсіл pdf

 «Парасатты диалог» 
Оқушы мен мұғалім арасындағы диалог парасатты
рефлексивті, түсінушілік білдіру мен тексеруге бағытталған болып, 
барлық оқушылар өз ойлары мен пікірлерін білдіре алатындай болуы 
тиіс. Оқушылармен диалогтің сапасын талқылаңыздар және олардың 
мақсатын айтуды және оны қалайша жақсартуға болатынын (қажет 
болуына қарай) айтуды сұраңыз.


«Паровоз»
 
Сырттан сыныпқа немесе тақтадан партаға келіп отыру үшін 
3 қатысушы бір сапқа орналасып алады. 1-тұрған оқушы, 2-тұрған 
кедергі, 3-мұғалім. Кедергі оқушының көзін байлап тұрады, паровоз 
болып дыбыстайды. Мұғалім сөзбен оқушының қалай жүруін бағыттап 
отырады. Оқушы есту арқылы қабылдаушы, орындаушы. Оның 
жұмысын қиындататын ортадағы кедергі. Міне, осы ойын арқылы 
оқудағы кедергілер тақырыбы басталады. 
 
 «Плюс, минус, қызықты» 
Бұл рефлексияны ауызша да, жазбаша да орындауға болады. 
Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені толтыру 
ұсынылады. «Плюс» бағанына сабақта ұнаған кезеңдердің барлығы 
жазылады. «Минус» -оқушының пікірінше, бұл ақпарат ол үшін 
керексіз, пайдасыз. «Қызықты» бағанына оқушылар қызығушылық 
тудырған деректер мен әдістерді, ол туралы басқа дерек көздерінен 
көбірек білгісі келгендіктері туралы жазады. 
Плюс 
Минус 
Қызықты 
Сабақта барлығы 
ұнады: сабақ мазмұны, 
жұмыс түрлері 
Ұнамады, 
түсініксіз болып 
қалды 
Барлық деректер мен 
әдістер қызықты 
 
«Пойыз»
Әрбір вагон белгілі бір тапсырмаға сәйкес келеді. Мысалы, 
сабақты бекіту кезеңіне үш шағын ойын мен бір шығармашылық 
жұмыс жоспарладыңыз делік. Сізде – төрт вагон. Оқушыларыңызға қай 
вагонның тапсырмасын тез, дұрыс, жеңіл орындағандарын белгілеуін 
сұраңыз. Сол вагонға адамдарды, жануарларды отырғызуға немесе 
жетондармен белгілеуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет