Тамақ өнімдерін өндеудің физикалық тәсілдері


Ағып шығу процесін есептеулер



бет6/7
Дата17.06.2016
өлшемі5.9 Mb.
#141813
1   2   3   4   5   6   7

Ағып шығу процесін есептеулер.


Тесіктер және саптама арқылы ағып шығу кезінде кіре берістегі жалпы қысым ұзындықтағы кенет жіңішкеру кезіндегі жоғалтулардан және конустықтан ағынның ұлғаю не жіңішкеру кезіндегі жоғалтудан құралады. Соңғыны конустың бұрышы тиісті белгімен (-,+) арқылы өрнектейді.

Ірі кесекті еттің ағуы үш периодтан турады: (подпрессовка) жаныштау, ағу басталу қысымына дейін сығылу және өзіндік ағу;


А- коэф –т, сиыр еті а =2,3;

шошқа еті а= 0,9.


Үлестеу (дозировка) процесін есептеу.


Үлестеудің негізгі мүдделерінің бірі –механикаландыру мен автоматтандыру базасын жасау үшін рецептураны сақтап, дәлділікті қамтамасыз ету.

Үлестеудің жалы функцияларынын бірі -өнімді берілген көлемде, массада ұзыңдықта өлшеу және берілген көлемдік не массалық шығысты көрсету. Соңғыны қамтамасыз ету үшін үлестеуші құрылғыдан басқа шығысты өлшеуіштер (расходомер) және насос –дозаторлар қолданылады.

Үлестеудің негізгі 2 тәсілі бар: көлемдік және массалық. Көлемдік үлестеу кезінде өнімнің реологиялық қасиеттері мен қалыпты толтыру әдісі процес пен машинаның құрылысын анықтайды, ал массалық та –бұл аса маңызды емес.

Көлемдік үлестеу -өнімнің белгілі көлемін өлшей, ыдысты толтыру. Ыдысты қозғалту үшін транспортер, немесе роторлы (карусельді) машиналар қолданады.

Қалыпты созымды –тұтқыр өніммен толтыру –тұрақсыз процесс. Қалыпқа келген өнім деформацияланып, онын ішінде томпақ бетімен жылжиды. Қалыптың түбіне жете өнімнің жылдамдығы ақырындап, бұрыштарды толтыру басталады. Қалыптың түгел көлемі өнімге толғанда үлестеу аяқталады. Әдетте форманың толу уақыты белгілі. Оның көлемі мен геометриялық өлшемдері технологиялық желінің жалпы өнімділігіне қарап анықталады. Сондықтан негізгі есептеу шамасы ретінде қалыпты берілген уақытта толтыруға қажет толық қысым алынады. Қалыпқа кірер алдындағы толық қысым

P= Ржұзқыс

Рж – жергілікті кедергілерге кеткен шығын ,

Рұз –ұзындық бойынша жылжығандағы шығындар,

Рқыс –қалыпты толық толтыруға кеткен қысым.
3 Зертханалық жұмыстар

Зертханалық жұмыстарға қойылатын жалпы талаптар.


Лабораториялық жұмыстардың негізгі мақсаты - студенттерге тамақ өнімдерінің электрофизикалық, оптикалық, құрылым-механикалық және акустикалық қасиеттерін анықтаудың жолдарын, олардың өзара байланысын көрсету.

  1. Лабораториялық сабақ басталар алдыңда мұғалім студенттерді қауіпсіздік техникасын сақтау тәртібімен таныстырады да арнаулы журналға қол қояды.

  2. Лабораториялық жұмысқа кірісер алдында студенттер:

  • осы жұмыстағы негізгі ұғымдармен, формулалармен, қондырғылардың құрылысы және олардың жұмыс істеу тәртібімен танысуға;

  • жұмыстың орындалу барысымен, қорытындыларды жазу тәртібімен танысуға;

  • жұмыстың орындалу барысымен, қорытындыларды жазу тәртібімен танысуға;

  • мұғалімнің теориядан және жұмыстың орындалу тәртібі жөнінен қойылған сұрақтарына жауап беруге тиіс.

  1. Орындалған жұмыста мыналар болуға тиіс:

  • қондырғының схемасы немесе сызбасы;

  • қондырғының сипаттамасы және жұмыс тәртібі;

  • тәжірибенің қорытындылары;

  • есептеулер мен қорытындылардың негізінде тұрғызылған графиктер мен диаграммалар.

  1. Лабораториялық жұмысты аяқтаған соң студенттер жұмыс орнын жинап, құрал- жабдықтарды лаборантқа тапсырулары тиіс.

  2. Лабораториялық жұмыс толығымен жазылып, негізгі қорытындылары дәлелденіп, ауызша сұрау кезінде қорғалса, дәлелденсе орындалған болып есептеледі.

Жұмысты тапсырмаған және теориялық сұрақтарға жауап бермеген студенттер келесі сабақтарға жіберілмейді.
№ 1 Зертаханалық жұмыс
Тамақ өнімдерінің электрөткізгіштігін анықтау.
Жұмыстың мақсаты - арнаулы приборда сұйық тамақ өнімдерінің электр өткізгіштігін анықтау.

Құрал- жабдықтар: электр өткізгіштігін анықтайтың прибор, химиялық стакандар, микроамперметр.

Зерттелетін сұйықтар: ет сорпасы; тамақ эмульсиялары- судағы май тәріздес; ас тұзының әр-түрлі концентрациядағы 1,2,3,4,5,6 %-тік ерітінділері.

Электромагниттік өрістегі жағдайы тұрғысынан алып қарағанда, ет және ет өнімдері құрамында су бар, гетерогендік қоспаларға жатады. Белоктар, майлар, көмірсулар, су т.б. компоненттер класификация бойынша өткізгіштер болып табылады.

Жеке электр өткізгіштік /&/- маңызды электро-физикалық көрсеткіштердің бірі. Ол температураға, ортаның рН-көрсеткішіне, ұсақтау дәрежесіне және тұтқырлыққа тәуелді.

Электр өткзгіштігінің өлшем бірлігі ом -1хсм-1. Тұздардың ертінділерінің электр өткізгіштігі еріген заттардың концентрациясына байланысты.

Мысалы, CuSO4 10 %- тік ерітіндісінің жеке электр өткізгіштігі - 3,10·10-2ом-1 см-1, ал NaCl 10 %-тік ерітіндісінікі - 0,12.
ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ:

Электр өткізгіштігін анықтау диэлектрлік қақпақтарына графит электродтар орнатылған 6 стаканы баар арнаулы приборда орындалады.

1. Стакандарға зерттелетін сұйықтарды құяды.


  1. " Гальванометр" деген клеммаларға микроамперметрді қосады.

  2. Тумблер арқылы приборды тоққа қосады.

  3. "Ерітінділер" деп жазылған қосқыш арқылы кезек-кезек зертелетін сұйықтардағы электродтарды іске қосады.

  4. " Өлшеу" кнопкасын басу арқылы ертіндіден өткен ток күшін I анықтайды. Ары қарай U=I·R және &=1/R қатынастарынан электр өткізгіштігін әрбір ерітінді үшін анықтайды.

  5. Өлшеулердің қорытындысы бойынша электр өткізгіштігінің ертінділердің концентрациясына тәуелділігінің графигін салады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:



  1. Жеке электр өткізгіштігі деген не?

  2. Тамақ өнімдерінің электр өткізгіштігі қандай себептерге байланысты?

  3. Ертінділердің концентрациясы мен электр өткізгіштігінің арасында қандай байланыс бар?

  4. Сұйық өнімдердің электр өткізгіштігін анықтау үшін қандай тәсілдер қолданылады?

2 Лабораториялық жұмыс
Тамақ өнімдеріндегі судың активтік көрсеткішін анықтау
Жұмыстың мақсаты: прибордың құрылысымен және ет өнімдеріндегі судың активтік көрсеткішін анықтаумен танысу.

Құрал- жабдықтар: судың активтілігін анықтайтын прибор, қысқыш, фильтрлі қағаз.

Зерттейтің өнім: тартылған ет /фарш/, паштет.

Ұсақтау, тұздау, араластыру, кептіру және сақтау т.б. технологиялық процестерде өнімнің құрамындағы судың жағдайын білу өте қажет. Сондықтан бұл үшін судың активтілік көрсеткішінің маңызы зор.

Қазіргі кезде жаңа тамақ өнімдерін жасау, тұздау, пісіру, қуыру, кептіру және сақтау процестерінің тиімділігін арттыру үшін судың активтілік көрсеткішін анықтау керек.

Судың активтілігі таза судың ұшпалығымен салыстырғандағы ылғал өнімнің бетінен судың ұшпалығын бірдей температурада көрсетеді.

Немесе, бұл - өнімнің бетіндегі судың буларының тепе-теңдік қысымының дистилденген судың бетіндегі будың қысымына қатынасына тең /бірдей температурада/.

Судың активтілігінің шамасы мына формуламен анықталады:

мұнда: - тепе-теңдік жағдайдағы өнімнің бетінде судың буларының қысымы, Па; Ро- тепе-теңдік жағдайдағы дистилденген судың бетіндегі булардың қысымы, Па.

Судың активтілігін анықтаудың өте көп тәсілдері бар. Өндірістік жағдайда қолдануға қолайлы тәсіл – жетілдірілген психрометрлік әдіс. Бұл тәсілдің негізіне тамақ өнімдеріндегі судың активтілігін - анықтау үшін табылған психрометрлік формула алынған:



мұнда: Р - қанық будың ылғал термометрдің температурасындағы қысымы,Па

РH-қанық будың өнімнің температурасындағы қысымы, Па

В- барометрлік қысым, Па

А-психрометрлік коэффициент, 6,6х 10-4 ;

tпр - өнімнің бөлігінің температурасы,

tm - ылғал термометрдің температурасы,

Г.К. Филюненко формуласы бойынша булардың қысымын анықтауға

болады:

Өнімдерді сақтаудың бір түрі-судың активтік көрсеткішін микроорганизмдер өсе алмайтын деңгейге дейін түсіру.

Қазіргі кезде судың активтілігін тексеру және реттеу арқылы барлық аралық ылғалдылықты тамақ өнімдері өндірісінің ғылыми негіздері жасалынуда.
Судың активтілігін анықтайтын прибордың сипаттамасы.
Судың активтілік көрсеткішін анықтау корпусына микропроцессорлық техника орнатылған приборда жасалынады.

Прибор корпустан және ұштарына температура датчиктері қойылған төрт сымнан тұрады. Бір датчик ылғал термометрдің қызметін атқарады, яғни судың бос буланған кездегі температурасын өлшейді. Үш датчик өнімнің жұқа бөліктерінің (қалыңдығы 2- мм-ден үлкен емес) судың бос буланған кезіндегі температурасын өлшейді.

Прибордың электрондық бөлігінде датчиктердің сигналдары / кедергілерінің өзгеруі/ қосылып , олардың орташа мәні табылады. Өзгерткіш бөлікте датчиктердің сигналдары температуралардың мәніне өзгертіледі, ал есептеуші бөлікте қысым және судың активтілігі есептеледі.
Приборда өлшеу тәртібі.

Судың активтілігін өлшеу үшін:



  1. Приборды тоққа қосады.

  2. Ылғал термометрдің қызметін атқаратын датчикке дистилденген суға салынған фильтрлі қағаз кигізеді.

  3. Өнімнің температурасын өлшейтін үш датчикке оларды толық жабатындай етіп, өнімнің жұқа бөліктерін жағады. Ол үшін қысқышты пайдаланады.

Датчиктерге өнімді жаққаннан соң 1-2 мин уақытттан кейін жарық таблодан судың активтілік көрсеткішін жазып алады.

Судың активтілігін араластыру және кептіру кезінде әр 10-15 минут сайын өлшеп отырады.

Өлшеу қортындыларын кестеге түсіреді:


Технологиялық процесс

Технологиялық өңдеу уақыты, мин.

Судың активтілігі, а w

  1. Кептіру.



  1. Араластыру.



10

20

30



40

50

15



30

45

60





Тексеру сұрақтары.



  1. Судың активтілік көрсеткіші қалай анықталады ?

  2. аw- көрсеткіші нені білдіреді ?

  3. Судың активтілігін анықтаудың психрометрлік тәсілінің мәні неде ?

  4. Судың активтілігін анықтайтын прибордың жұмысын түсіндіріңіз ?

3 Лабораториялық жұмыс


Қыздыру әдісінің / суда пісіру, өте жоғары жиілікте қыздыру / жылумен өңдеу ұзақтығына әсері
Жұмыстың мақсатыМикротолқында жұмыс істейтін жоғары жиіліктегі қыздыру пешімен таныстыру. Жоғары жиілікте және судағы пісірудің жылумен өңдеу ұзақтығына әсерін анықтау.

Құрал-жабдықтар: микротолқынды пеш, фарфор табақшалар, химиялық стакандар, термометр, электр пеші.

Зерттелетің өнім: салмағы әр түрлі еттің кесектері

Жылумен өңдеу ет өнімдерін өндірудегі технологиялық процестердің ең маңызды түрі болып табылыды. Жылумен өңдеу кезінде ет құрамындағы белок, май, витаминдер т.б. құрамды бөліктердің күрделі физика-химиялық өзгерістері болады.

Қазіргі кезде тамақ өнімдерін жылумен өңдеу технологиялық процестерінде өте жоғары жиілікте /СВЧ/, инфрақызыл және түйісу /ЭК/ тәсілдерімен қыздыру кең тарай бастады. Бұл тәсілдер дағдылы жылу өндеумен салыстырғанда аз ұзақтығымен, біркелкі температуралық өріс алу және энергетикалық көрсеткіштерді бақылау және реттеу мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Өте жоғары жиілікте қыздыру кезінде өнімнің өзінде жылу пайда болады.

Еттің құрамды бөліктерін өте жоғары жиілікте қыздыру кезінде ығысу токтары басым болады. Олардың шамасы ортаның поляризациясына байланысты.

Электромагниттік тарбелістердің ішінде өте жоғары жиіліктер 3∙103 ден 3∙103 Гц –не дейінгі аралықта жатыр, толқын ұзындығы – 0,1 ден 100см –ге дейін.

Эте жоғары жиіліктегі өрістің ерекшеліктері: өнімнің ішіне терендеп өту қабілеті, қыздыру ұзақтығы температураға, өнімнің формасы мен көлеміне байланысты емес, энергияны қыздыратын обьектіде бөлініп шығатын жылуға айналдырудың жоғары пайдалы әсер коэффициенті /ПӘК/.

Өте жоғары жиіліктегі энергияның көзі қызметін қуаты 2,5 -100 квт, жиілігі 915-10 000 мГц магнетрон атқарады.

Микротолқынды пештің сипаттамасы:


Өте жоғары жиілік генераторының қуаты, квт

1,2

Қуат коэффициенті

1,0

Көлемі, м3

0,25

Орындалуы

Еденге қойылады

Генератордың суытылуы

ауамен

Қоршаған ортаның температурасы, 0С

-15 тен +40

Генератордың жұмыс істеу ұзақтығы, сағат

1500

Өте жоғары жиіліктегі қоңдырғылар тамақ өнімдерін еріту, бірінші және екінші тағамдарды қыздыру, ет балық, көкөністен жасалынған тағамдарды дайындау үшін қолданады.



Жұмыстың орындалу тәртібі:
Берілген жұмыс жылумен өңдеудің әр түрлі тәсілдерінің әсерінен еттің қасиеттерінің өзгеруін салыстырмалы бағалауға негізделген.

Жұмысты жүргізу үшін салмағы-10,20,30 және 40г төрт бұрышты 4 еттің үлгісін дайындау керек. Үлгілердің ішкі температурасы 700-ке жеткенше қыздырады. Температураны 10,20,30,40,50 және 60 мин кейін өлшейді. Осы сияқты тағы төрт үлгіні өте жоғары жиліктегі микротолқынды пеште пісіреді. Үлгілердің ішкі температурасы 700-ке жеткенде, пісіруді тоқтатады. Температураны 10,20,30,40,50,60 сек кейін өлшеп отырады.

Ет үлгілерінің:


  1. массаларының өзгеруін

  2. ылғалдылығын

  3. қаттылығының өзгеруін

  4. органолептикалық көрсеткіштерін анықтайды.

Массаның өзгеруін аналитикалық таразыда өлшейді. Ылғалдың мөлшерін 1500С-та 1 сағат кептіру арқылы анықтайды. Еттің қаттылығын кесу арқылы бағалайды.

Органолептикалық көрсеткіштерді бес баллдық жүйе бойынша, негізгі сапалық көрсеткіштерді сыртқы түрі, нәр, иісі, дәмі арқылы анықтайды. Өлшеу қорытындыларын таблицаға түсіреді.

«Қыздыру уақыты –еттің температурасы» тәуелділігінің графигін тұрғызады.

Тәжірибенің қорытындысын және оны талдау жасау керек.

Тексеру сұрақтары.
1.Өте жоғары жиілікте қыздырудың негізі неде?

2.Оның қандай артықшылығы бар?

3.Өте жоғары жиілікте қыздыру пешінің құрлысысын түсіндірініздер.

4.Өте жоғары жиілікте қыздыру еттің қасиеттеріне қалай әсер етеді?


4 Лабораториялық жұмыс
« Жылу беру тәсілдерінің етті жібіту жылдамдығына әсері»
Жұмыстың мақсаты: Жылу беру тәсілдерінің етті жібіту мерзіміне әсерін анықтау.

Құрал-жабдықтар: микротолқынды пеш, фарфор табақшалар, термометр.

Ет өнімдерін өте жоғары жиіліктегі электр өрісінде қыздырудың басқа тәсілдерге қарағанда көп артықшылығы- жоғары жылдамдықтарда, тамақ өнімнің барлық көлемінде біркелкі қыздыруды қамтамасыз ету арқылы, дайын өнімнің шығымы мен саласына негізгі әсер етеді.

Қолайлы жағдайға жету үшін қыздырудың жылдамдығы мен біркелкілігігіне әсер ететін барлық параметрлер туралы толық және жеткілікті информация болу керек.

Өте жоғары жиліктегі энергияның жеке өзін, не басқа қыздыру әдістерімен бірге қолдану қондырғылардың сыртқы өлшемін азайтуға, өндіріс циклін қысқартуға, механикаландыру мен автоматтандыруға және жұмыстың санитарлық жағдайын жақсартуға мумкіндік береді.

Технологиялық процестерде өнімдер әсері шикізаттың физикалық қасиеттеріне, немесе кедергілеріне байланысты, сыртқы өрістермен өңделінеді.

Кедергілік шамасы жоғары концентрациялық энергия көздерімен өңдеу кезінде өте маңызды. Өнім сипаттамасы физикалық қасиеттердің комплексінен құралады. Мысалы, электр өткізгіштік материалдың электрмен түйісу (ЭК) тәсілімен қыздыру кезіндегі қасиетін көрсетеді:

Жоғары жиліктегі қыздыруды етті еріту үшін қолдану жаңа мүмкіншіліктер туғызады, өйткені жылу өнімнің өз ішінде пайда болады, ал температура түгел көлемде біркелкі таралады. Мұндай тәсіл етті еріту процесін жылдамдатады және еттің сөлінің жоғалуын азайтады.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Салмағы 50 г, мұздатылған еттің бірдей үш кесегін өлшейді. Бірінші кесек бөлме температурасында ерітуге үш сағатқа қалдырылады.

Екінші кесек бөлме температурасында, бірақ ауаның жылдамдатылған ағысында ерітіледі. Ол үшін вентилятор қолданылады. әр 30 мин сайын еттің ішкі температурасын өлшеу керек. Үшінші кесек ет фарфор табақшаға салынып, өте жоғары жиіліктегі пеште ерітіледі. Еттің температурасын 30 секунд сайын өлшеу керек. Әрбір кесек етті ерітуге дейін және ерітуден кейін өлшеу арқылы еттің салмақ жоғалтуын анықтайды. Еттің органолептикалық көрсеткіштерінің өзгеруіне назар аудару қажет.

Еттің ішкі температурасын еріту біткенде минус 1оС болу керек.

Зерттеу қорытындыларын кестеге кіргізеді.


Тексеру сұрақтары.

  1. Өте жоғары жилікте ерітудің артықшылығы неде ?

  2. Ерітудің әр түрлі тәсілдері кезінде еттің органолептикалық көрсеткіштері қалай өзгереді ?

  3. Еріту тәсілдері мен оның ұзақтылығы арасында қандай тәуелділік бар ?

5 лабораториялық жұмыс.


Сұйық тамақ өнімдерінің өткізгіштік қабілетін және оптикалық тығыздығын анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Сұйық тамақ өнімдерінің өткізгіштік қабілетін және оптикалық тығыздығын анықтау.

Құрал-жабдықтар: Фотоэлектроколориметр /ФЭК/ приборы, кюветалар



Зерттелетін ертінділер: Әр түрлі концентрациядағы ет экстрактілері.

Өткізгіштік коэффициентін анықтау үшін фотоқабылдағышқа кезекпен жарық ағындарын жібереді: Толық ағын Fo, зерттелетін ортадан өткен ағын F және осы ағындардың қатынасы анықталады.

Ағындардың қатынасы өткізгіштік коэфициенті болып табылады:

ФЭК приброрында бұл қатынас былайша анықталады:

Басында сәуле шоғына тексеру немесе еріткіш ерітіндісі бар кювета қойылады, колориметрдің сезгіштігін өзгерту арқылы, өткізгіштік коэффициентінің шкаласындағы есепті-пI 100-ге тең қылады.

Сонымен, толық сәуле ағыны Fo шартты түрде 100%-ке тең деп алынады. Содан кейін, сәуле шоғына зерттелетін ерітінді бар кювета қойылады. Өткізгіштік коэффициенті шкаласындағы есеп – п2 ортадан өткен сәуле ағымына F тең. Яғни, зерттелетін ерітіндінің өткізгіштік коэффициенті процентпен п 2-ге тең: %=п2.

Оптикалық тығыздық Д мына формула бойынша анықталады:

ФЭК приборы жұмысының спектрлік диапазоны - 315 тен 980 нм. Спектрлік диапазон спектрлік бөліктерге жарық өткізгіштер арқылы бөлінген.

Ертінді құйылған кюветалар арнаулы ұстағышқа қойылады. Кюветаны қойғанда оның жұмыс беттерінен ұстауға болмайды /сұйықтың деңгейінен төмен жерді/.

Кюветаның жұмыс беттерінде кірдің немесе сұйық тамшының болуы өлшеудің дұрыс болмауына әкеліп соғады.

Ертінділерді кюветаның қабырғасындағы белгілерге дейін құю керек. Ұстағышқа қоярда сұйық құйылған кюветаны еңкейтуге болмайды.

Әрбір өлшеуден кейін, сәуле өткізгіштерді ауыстырғанда «сезгіштік » деген қосқыш "1" деген жағдайда , ал «установка-100-Грубо» сол жақ шетке қойылады.


Приборды жұмысқа дайындау.

  1. Өлшеуге дейін 15 мин қалғанда колориметрді тоққа қосады. Кювета бөлімі ашық болуға тиіс.

  2. Өлшеу түріне сәйкес түрлі сәуле өткізгішті қосу.

  3. "Чувствительность"- қосқышын " І "- ге , "Установка-100-грубо"-сол жақ шетке қояды.

Өткізгіштік коэффициентін өлшеу.


  1. Сәле шоғына тексеру ертіндісі бар кювета қойылады.

  2. Кювета бөлімінің қақпағы жабылады.

  3. "Чувствительность", "Установка-грубо" қосқыштары арқылы шкалада 100 көрсеткіші қойылады.

  4. Тексеру ертіндісі бар кюветаны зерттелетін ертіндісі бар кюветамен ауыстырады.

  5. Колориметрдің шкаласы бойынша өткізгіштік коэффициентін анықтайды, /2/ формула бойынша оптикалық тығыздығын Д есептейді.

  6. Өлшеуді 3-5 рет қайталап, өлшенген шаманың соңғы мәнін алынған өлшемдердің арифметикалық ортасын табу арқылы анықтайды.

  7. Өлшеу қортындылары бойынша  мен Д шамаларының еттің салмағына тәуелділігінің графигін тұрғызады.


Тексеру сұрақтары.

  1. Ерітіндінің өткізгіштік коэффициенті және оптикалық тығыздығы қалай өлшенеді ?

  2. ФЭК приборының жұмысын түсіндіріңіз.

  3. Ерітінділердің өткізгіштік қабілеті неге байланысты ?

  4. Ерітінділердің концентрациясы олардың оптикалық қасиеттеріне қалай әсер етеді ?

6 Лабораториялық жұмыс.


СУ-4 приборында поляризация жазықтығының айналу бұрышы бойынша ертіндідегі қанттың концентрациясын анықтау.
Жұмыстың мақсаты: СУ-4 /универсальный сахариметр/ приборынның құрылысымен танысу және ертіндідегі қанттың крнцентрациясын анықтау.

Құрал-жабдықтар:СУ-4 приборы, химиялық стақандар.

Зерттелетін сұйықтар: Әр түрлі концентрациядағы 1,2,3,4,5,6 % қант ертінділері.

Егер ортаның оптикалық қасиеттері /жарықтық таралу жылдамдығы немесе сыну көрсеткіштері/ түрлі бағытта әр түрлі болса, орта оптикалық анизотроптық деп аталады.

Жарық оптикалық анизотроптық ортаның шетінде сынғанда, табиғи сәуле өзара перпендикуляр жазықтықта поляризацияланған екі сәулеге бөлінеді.

Кейбір оптикалық заттар тербелу жазықтығын сәуле бойымен бұру қасиетіне ие. Тербеліс жазықтығын бұру, айналмалы дисперсиялық қасиеттер тек кристалдық денелерге ғана емес, сонымен қатар сұйық орталарға да мысалы, скипидар, қант ертінділері т.б тән.

Ертінділер үшін айналу бұрышы олардың концентрациясына пропорционалды:

,

мұнда: - әрбір заттың айналу тұрақтысы. Тербеліс жазықтығын сағат тілінің қозғалысы бойынша айналдыратын заттар-солға айналдырушылар немесе теріс деп аталады, ал сағат тілінің қозғалысына қарсы айналдыратындар- оңға айналдырушылар немесе оң деп аталады.

СУ-4 приборының құрылысы мен жұмысы
Прибор өлшеуші басшадан, жарық торабынан тұрады, бұл екеуі траверсамен жалғасқан. Траверсада кювет бөлімі және поляризаторы бар қорапша "оправа" орнатылған.

Өлшеуші тетіктің бет жағында шкалада көрсеткіші бар лупа мен қарау түтікшесі орналасқан. Өлшеуші тетіктің артында нониустың нөлдік бөлігін шкаланың нөлдік бөлігімен дәлдестіретін лупа бар.

Сахариметрдің жұмысы қант ертіндісінің олардан өткен поляризацияланған жарық сәулесінің поляризация жазықтығын айналдыру қасиетіне негізделген.

Жарық сәулесінің поляризация жазықтығының айналу бұрышы ертіндінің концентрациясына пропорцианалды.



Жұмыстың орындалу тәртібі.

1. Нөлді қою үшін.

- кювета қойылмаған кювет бөлімін жабу,


  • сына компенсаторының құлағын бұрап, салыстыру алаңының жарықтығын теңестіру,

  • нониустың нөлдік бөлігін шкаланың нөлдік бөлігімен дәлдестіру,

  • салыстыру алаңының жарықтығын қайта теңестіру керек, бұл кезде шкала мен нониустың нөлдік бөліктері тең келу керек. Дәл келмесе, нониусты кілтпен қозғау керек.

  • нөлдің дәл келуін 6 реттен кем емес тексеру керек.

2.Кюветтерді қою:

  • ертінді құйылған кюветті кювет бөліміне қою,

  • кюветті айналдыра отырып, салыстыру алаңының сызығы көру өрісін тең екі бөлікке бөлетін етіп қою керек.

4.Өлшеу.

  • сына компенсаторының құлағын бұрау арқылы салыстыру алаңының жарықтығын теңестіру.

  • шкала мен нониус бойынша көрсеткішті аз дегенде 6 рет 0,05 градус-ке дейін дәлдікпен алады.

  • салыстыру алаңының жарықтығын қайта теңестіріп, шкала мен нониус бойынша 6 рет көрсеткішті алады.

  • алты рет алынған көрсеткіштің арифметикалық ортасын, яғни ерітіндінің поляризация жазықтығының айналу бұрышын есептейді.

Қанттың ертіндідегі процентін табу үшін шкаладағы градустарды 0,26 коэффициентіне көбейтіп, ертіндінің тығыздығына бөлу керек.

Анықтаудың қорытындылары бойынша поляризация жазықтығының айналу бұрышының ерітінді концентрациясына тәуелділігінің графигі тұрғызылады.

Тексеру сұрақтары.


  1. СУ-4 приборының құрлысы мен жұмысын түсіндіріңіз ?

  2. Жарықтың поляризациясы деген не ?

  3. Поляризация жазықтығының айналу бұрышы ертінді концентрациясына қалай байланысты ?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет