«Тамақ өнімдерінің физика-химиялық, биологиялық, микробиологиялық зерттеулері»



бет1/8
Дата21.06.2016
өлшемі0.76 Mb.
#152665
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

ПОӘК



ПОӘК 042 -

18 -7.1.12/03-2013


ПОӘК

«Тамақ өнімдерінің физика-химиялық, биологиялық, микробиологиялық

зерттеулері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№ 1 басылым

18.09.2013ж



«Тамақ өнімдерінің физика-химиялық, биологиялық, микробиологиялық

зерттеулері»

ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



6М073500 «Тағам қауіпсіздігі»



магистранттарына арналған білім бағдарламасы



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей 2013




Алғы сөз

1 ӘЗІРЛЕНДІ

Құрастырған Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ет, сүт және тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасының т.ғ.к., доцент м.а. Нұрымхан Гүлнұр Несіптайқызы __________ «28» тамыз, 2013 ж.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Ет, сүт және тамақ өнімдері өндірісінің технологиясы» кафедрасының мәжілісінде
№­­­­­­­­­­1 хаттама ­­­«28» тамыз 2013ж.
Кафедра менгерушісі ______________ Б.Қ. Әсенова
2.2 Инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде
№­­­­­­­­­­1 хаттама ­­­12 қыркүйек 2013ж.
Төрайымы ______________ С.С.Төлеубекова
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қолдау алды және басып шығаруға ұсынылды


№1 хаттама 18 қыркүйек 2013ж.
ОӘК төрайымы _____________ Г.К. Искакова

4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ




Мазмұны

1

Глоссарий 4

2

Дәрістер 4

3

Практикалық сабақтар 41

4

Зертханалық сабақтар 56

5

Магистранттардың өздік жұмыстарының тізімі 92



  1. ГЛОССАРИЙ

Агломераттар - өзара Ван-дер –Ваальс күштерімен немесе электростатикалық күштермен байланысқан өнімнің ұсақ бөлшектерінің жеткілікті мөлшердегі мықты байланысы.

Адгезия- екі әр текті денелердің жоғары беттерінің жабысуы

Ассортимент- қандай да бір белгілері бойынша біріктірілген тауарлардың түрлері немесе жиынтығы

Бакалеялық тауарлар- ұн, жарма, дрожжилар, макарон өнімдері,крахмал, тұз, кофе, саңырауқұлақтар, дәмдеуіштер

Гель фильтрация- еріген заттың құрамындағы түрлі өлшемдегі молекулаларын бөлу үрдісі.

Дисперсті фаза- біртекті емес жүйенің ішкі, ұсақ бөлшектелген фазасы
2. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ
Дәрістер негізгі мақсаты пән бойынша тақырыптарды теориялық негізде жеткізе білу болып табылады.
1 Дәріс

Әлемдегі азық-түлік өнімдерінің жағдайы

Азық-түлік тапшылығының жылдан-жылға артуының бір факторы ретінде жоғарыда халық санының өсуін атап, тамаққа сұраныстың бұрынғыдан еселеніп артып ортырғанын айтсақ, енді бірі соңғы кездегі аграрлық сектордың дұрыс жолға қойылмай, кенже қалуы деуге әбден болады. Сөзіміздің дәлелі, еліміздегі ауылшаруашық өнімдері 1990 жылы ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 36 пайызын құраған болса, бүгінде бұл көрсеткіш 4 пайыздан ары аса алмай тұр. Азық-түліктің тек 40 пайызы ғана өзімізде өндіріліп, қалған 60 пайызы өзгенің бақшасынан тасымалданады. Демек, бұл тұста аграрлық сектордың рөлі ерекше. Қазіргі ауыл шаруашылығының шикізаттық сипаты азық-түлік қауіпсіздігіне көп кедергі келтіріп отыр. Осы орайда технологияның кенже қалып отырғаны қол байлап, бүгінгі күні елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің басым бөлігін – 80 пайызын шикізат күйінде шығаруға мәжбүрміз. Яғни азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінде ерекше мәнге ие отандық өнім, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуде үлкен жобаларды қолға алып, арнайы бағдарламалар негізінде жұмыс жасау керектігі көрініп тұр. Әлемдік тәжірибелерге көз жүгіртсек, 70-80 жылдары-ақ Германия, Франция, Швеция, АҚШ елдері азық-түлік қауіпсіздігіне бағытталған шаралар бойынша алдымен фермерлердің құқығын ерекше қорғайтын заңдар қабылдаған, аграрлық секторға ерекше мән берген. Демек, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу өнеркәсібі экономиканың негізгі бір саласы ғана емес, сонымен бірге ол – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан да бүгінде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік аграрлық саясатқа ерекше назар аударып, оның алдағы уақыттағы даму көрсеткіштері мен негіздерінің қалай көш түзейтініне болжам жасай отырып, заман талабына сай стратегиялық бағыттарына қажетті өзгерістерді енгізуіміз керек. Елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірден бір бағыты – ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті өрістету, шаруа қожалықтарын кеңінен дамыту. Осы орайда айта кетерлігі, қай елде болмасын ауыл шаруашылығының өркенді дамуы алдымен қаржыландыру мәселесіне тікелей байланысты. Дегенмен қазіргі күні банктер ауылға қаржы беруге құлықсыз, инвесторлар да бұл жаққа көп жолай бермейді, елімізде аграрлық саланы бірден-бір қаржыландырушы тек мемлекет болып отыр. Ал ауыл шаруашылығы қомақты айналма қорды қажет ететіндіктен бөлінген қаржының бұл саланың етек-жеңін толықтай жамауға жетпей қалып жататыны да аян. Бұған агросектордың табиғи жағдайға барынша тәуелді сала екенін тағы қосыңыз. Технологияның жедел игерілмеуі салдарынан шикізаттың уақытылы өңделмеуі, өз кезегінде оның арзан бағамен шекара асып жатқаны – жыл бойы жанталасқан шаруалар еңбегінің зая кетіп отырғанының бір көрінісі. Сондай-ақ бұл жерде тікелей жеткізу жүйесінің дамымауы, яғни сатушы мен тұтынушы арасындағы тікелей сауда жасау жүйесінің жоқтығы да – жиналған өнімнің бекер жарамсыз болып, желге ұшуына себеп. Сондықтан да азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде орыны ерекше аталатын агросекторды жан-жақты жоспарлай отырып, дамытудың маңызы мол. Нарық механизімдері түзетілмейінше және егіншілікке одан көп инвестиция салынбайынша әлемнің әртүрлі аймақтарында «ашаршылық көтерілістерінің» бастала берері айдан анық.

Бүгінде кең жазиралы жайылымдары мен егіншілікке қолайлы алқаптары бар Қазақстанның ғаламдық азық-түлік жүйесіндегі алар орнын шет елдік мамандар ерекше атап отыр. IV астаналық экономикалық форумда да азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі сөз болып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қосымша деңгейін көтере алатын бірден-бір мемлекеттің бірі ретінде Қазақ елі аталды. «Қазақстан – аумақтық және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы зор мемлекет. Агроөндіріс кешенін дамытуға қажетті жер және табиғи ресурстары мол. Бұл елде ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып отыр. Өйткені ол мемлекет тарапынан ұдайы қолдауға ие болып келеді. Оның үстіне, аталмыш салаға жаңа экспорт көздерін ашу үшін инвестициялар да көптеп тартылды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары Қазақстан – астық пен ұн экспорттау жөнінен көшбастаушы. Ал бұл Қазақстанның жаһандық азық-түлік нарығы үшін қаншалықты маңызды екендігін көрсетіп отыр», – деп «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі директорлар кеңесінің мүшесі, әрі италиялық «Агротехника» компаниясының директоры Джорджио Понци еліміздің агросектордағы әлеуетін сөзіне тиек етсе, осы форумда сөз алған БҰҰ Азық-түлік ауыл шаруашылығы ұйымының (UNFAO) бас директоры Жак ДИУФ мырза: «…жаһандық ауыл шаруашылығы жүйесіндегі Қазақстанның атқарар рөлінің маңыздылығын атап өткен жөн. Өзінің бай табиғи қазынасының арқасында бұл мемлекет ауыл шаруашылығы өнімін ұлғайту бойынша зор басымдықтарға ие. Соның арқасында Қазақстан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өзін жаңа деңгейге көтере алатыны сөзсіз. Сол себепті UNFAO басқа да халықаралық ұйымдармен қатар Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуда технологиялық қолдау көрсетуге әркез дайын», – деп жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өз орыны бар қазақ еліне UNFAO-ның ықыласы ерекше екенін жасырмады.

Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі өте өткір болып отырған елдердің бірсыпырасы Орталық Азия өңіріндегі импорттаушы елдер екені баршаға аян. Бұл тұста Орта Азия елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі алуан түрлі сипатта екенін айта кеткен жөн. Бірақ бес мемлекетке ортақ факторлар да баршылық. Мәселен, аймақ елдері теңізге шығатын жолдың жоқтығынан, қоғамдық институттардың әлсіздігінен, қатаң климаттық жағдайдан, сондай-ақ ортақ сауда айналымының дамымай қалуынан, су көздеріне қатысты түйткілдер мен кедейліктің аса жоғары деңгейде болуынан (25 пайыздан 60 пайызға дейін) зардап шегіп отыр. Бұл туралы БҰҰ Азық-түлік ауыл шаруашылығы ұйымының (UNFAO) бас директоры Жак ДИУФ «Соның ішінде Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан секілді астықты сырттан тасымалдайтын елдердегі жағдайға ерекше көңіл бөлу қажет. Бұлар, негізінен, ТМД аумағы бойынша дәстүрлі экономикалық қатынастарға тәуелді елдер. Бұл бес мемлекет азық-түлік мәселесін шешу үшін өңірлік-саудалық ынтымақтастықты арттыра түскендері дұрыс. Сондықтан да ауыл шаруашылығы инфрақұрылымдарын, сала технологияларын, оны дамыту мен тәжірибелер алмасуды дамыту қажеттігін ескерген жөн» деген ойын айтқан-ды. Осы орайда шетелдік мамандардың елімізге көз тігіп отыруының басты себебі де еліміздің әлемдік астық нарығынан ойып тұрып өз орнын тауып, тұрақты сатып алушылары бар елдер қатарынан көрінуі. Әлемнің ең ауқымды ұн эспортшылары алтылығының қатарына кіретін Қазақстан ұн экспорты бойынша қатарынан үш жыл бірінші орында келді. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің алқасында министрліктің егін шаруашылығы мен фитосанитарлық қауіпсіздікті дамыту департаментінің директоры Анна Буць 2011 жылы еліміздің астық экспорттық әлеуеті өткен жылдар деңгейінде – шамамен алты-жеті миллион тонна көлемінде сақталатынынан құлағдар етті. Ауыл шаруашылығы министрлігі астық өнімі таза салмақта биыл 13,5 млн тонна болады деп болжап отыр. Осы орайда Нұрсұлтан Әбішұлының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отандық өнімдердің әлеуетін ерекше атап отырғанымен келіспеуге болмайды. Өзімізде өндірілген өнімді шикізат күйінде сыртқа сатқаннан бұрын, алдымен ішкі нарықты жан-жақты қамтамасыз ете отырып, шикізатты өңдеп, дайын өнім ретінде экспорттаудың барынша пайдалы екеніне мән беріп, елдегі тамақ өнеркәсібін жандандыруға назар қою керек.

Шекара асып келген өнімнің сапасы кейде сан соқтырып, қауіпсіздігі сырт қалып жатады. Арнайы зертханада сынақтан өтпеген өнімдерді сапасы мен қауіпсіздік тексерісін сұрамай-ақ, сатып алып жатқан алып-сатарлар жетерлік. Бұған азық-түлік тапшылығына әкеліп соқтыратын өнімнің бақылаудан шығып кететін бағасын тағы қосыңыз. Осылай тұтынушыға едәуір зиянын келтіріп отырған импорттық өнімдер ел экономикасының кенжелеп қалуына да өз себін тигізіп келеді. Яғни бүгінде кәсіпкерлер тоқтап тұрған өндірістерді жандандырып, бәрін нөлден бастап, өзімізде өнім өндіргеннен гөрі, сырттан дайын өнімді «дорбалауды» жөн көреді. Бұл – ел экономикасының бір орында тұралап тұруының негізгі факторы. Сондықтан да Елбасы Жолдауындағы «Отандық өнімдер – 2020 жоспарының іске асуының табысты индикаторы. …Қазақстан өнеркәсібі экспорт нарығында отандық брендтің кең торабына айналуы керек» деген ойдың мәні мен мағынасына ерекше ден қойғанымыз жөн. Осы орайда азық-түлік қауіпсіздігін қадағалап, отандық өнімнің әлеуетін арттыру үшін Үкімет қолда бар мүмкіндікті жан-жақты қарастырып, «Қазақстанда жасалған» деген марканың қанатын кеңге жаюына жағдайды жасап отыр. Экспорттаушыларды қолдаудың біртұтас жүйесін құру, негізгі құралдарды қаржыландыру, экспортты сервистік қолдау, экспорттаушылар гранты мен экспорттық сауданы қаржыландыруды қарастыру – Үкіметтің басты міндеті.

Қазіргі таңда дүниежүзілік экономикалық саясаттың негізгі бір мәселесіне айналған азық-түлік қауіпсіздігінің айналасындағы сұрақтарды ертеңгі күнге қалдырмай-ақ шешіп алғанымыз абзал. Өткен аптада Mojazarplata.kz ғаламтор сайты ТМД аумағындағы Әзірбайжан, Ресей, Белоруссия, Украина және Қазақстан елдері арасында жүргізген «Еңбекақыңыздың қанша пайызын тамаққа жұмсайсыз?» деген он-лайн сауалнаманың нәтижесіне көз жүгіртсек, отандастарымыздың басым бөлігі еңбекақысының 50 пайызын тамаққа жұмсайды екен. Тапқан табысының тең жартысын тамаққа жұмсаса, халықтың мәдени-тұрмыстық және әлеуметтік қажеттіліктері қалайша өз дәрежесінде қамтылмақ?! Сондықтан да елдегі азық-түлік бағасының тұрақты, әрі барынша төмен болуы қоғам үшін айтарлықтай маңызды. Азық-түлік мәселесі ушыққан елде саяси-әлеуметтік тұрақтылықтың орнамайтыны да аян. Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін бақылауда ұстау үшін өндірілетін өнім көлемі 80 пайыздық межені бағындыруы керек екен. Ғалымдардың айтуынша, азық-түліктің 25 пайызы сырттан алынса, оған бақылау жасау қиындап, қауіпсіздігінен айырылады. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне жүгінсек, еліміз ет пен сүттің, көкөністің 25 пайыздан артық мөлшерін сырттан алады екен. Демек, бүгінде елдегі ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі туралы сөз қозғаудың өзі ұят. Азық-түлік тапшылығы белең ала бастаған бүгінгі таңда әлемнің барлық елі бұл салаға мемлекет тарапынан жасалатын қолдауды күшейтіп, саяси маңызы зор өзгерістерді қолға алып, өндіріс көлемін арттыру, ішкі азық-түлік нарығын тұрақтандыру сияқты мәселелерге ерекше мән беріп отыр. Осы орайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз десек, отандық өнімдердің саны мен сапасын арттырудың орны ерекше.

2 Дәріс.

Жаңа техника және технология түрлері
Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы халыққа жолдауында ауыл шаруашылығының барлық салаларының сапалық анализін өткізуге, ең алдымен атқарылатын шаруаларды анықтау; ауыл шаруашылығы өнімділігінің деңгейін жоғарлату мәселесін жүйелі түрде шешуді; ауыл шаруашылығы өнімдерінің жаңа нарығын және экологиялық таза өнімдердің жаңа өндрістерін құруды міндет етіп қойды.

Өңдеу өндірісі – Қазақстан АӨК құрылымындағы негізгі тізбектердің бірі. Бұл сала халықты азық – түлік өнімдерінің көптеген түрлерімен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл саланың негізгі міндеттері – халықтың барлық топтарын азық – түлік өнімдерімен қамтамасыз ету:

- Өнімдердің принципиалды жаңа түрлерін өндіруді ұйымдастыру;

- тағамдық рационның баланстылығы;

- ішкі және сыртқы нарықта өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Әр саланың соңғы, дайын өнім құнына салымы бойынша АӨК рационалды құрылымы туралы айтуға болады. Дамыған елдерде соңғы өнім құнының негізгі бөлігі үшінші салада жасалады. Мұнда, әдетте, ауыл шаруашылық шикізатының терең кешенді қалдықсыз өндеуі, оны сақтау, дайын өнімді буып – түю қамтамасыз етіледі. АҚШ – та өңдеу, буып – түю есебінен азық – түлік өнімдерінің 50 – ден 90 – ға дейін бөлшектік құны құрылады. Бұл елде өнеркәсіппен шығарылған өнімдер (құндық мәнде) ауыл шаруашылық өнімдерінің өңдеуге берілетін мөлшерінен 4 есе артық жүзеге асырылады.

Қазақстанда өткен жылдары инвестициялық және құрылымдық саясатта айтарлықтай қарама қайшылықтар жіберілді, бұл АӨК салалары арасындағы тепе – теңдіктің және пропорциялардың өрескел қателіктеріне әкеліп соқты. Әсіресе 3 сала дамудан артта қалды. Сондықтан қазір ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге көп көңіл бөлінеді (монограф). Біртіңдеп экономикалық рычаг пен стимулдар жетілдіріледі. Оның көмегімен мемлекет нарықтық процесстерге қатысады, мемлекеттік реттеу қалпына келеді, өндірістік және қоғамдық қатынаста бәсекеге қабілетті экономиканың жаңа жағдайларында қалыптасатын ғылыми, құқықтық және ұйымдық – экономикалық бекітулерді қамтамасыз ететін мемлекеттік және басқада институттар құрылады және табысты жұмыс істейді, ауыл шаруашылық және өндірістік интеграциясының және тиімді өзара әрекеттің шарттарын орындағанда мәселелер шешіледі деген түсінік бекітіледі.

Фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулерді өткізгенде өңдеу және азық – түлік өндірісі саласында ауыл шаруашылық шикізатын кешенді өңдеудің тиімділігін арттыруға және жоғары сапалы азық – түлік өнімдерінің, концентраттардың, жемдердің, биологиялық активті қоспалардың және дәрі – дәрмектердің өндірісін ұлғайтуға ерекше мән беріледі. Сонымен бірге ғылыми зерттеулердің маңызды бағытына елде өндірілетін шикізаттың қазіргі тербелістеріне технологияның адаптациясы және азық – түлік өнімдерінің экологиялық қауіпсіздігін жоғарлату қажеттілігінің қызмет етуі ескеріледі.

Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы ауыл шаруашылық өнімдеріне ерекше талаптар қояды. Осыған жетудің негізгі шарттарының бірі осы елдің өндірістік және кешенді өңдеудің кластерлық инициативалары есебінен азық – түлік нарығын тұрақтандыру болып табылады.

Ауыл шаруашылық шикізатын терең өңдеудің жоғары технологиясын енгізу есебінен өнім ассортиментін кеңейтудің бар мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану.

2010 жылға дейін ғылыми зерттеулердің басымды бағыттары:

- АӨК өңдеу салалары үшін технологиялар мен машиналардың ғылыми негіздерін дамыту;

- берілген құрамда және реттелетін қасиетпен дұрыс тамақтанудың, жемдердің және олардың компоненттерінің жаңа өнімдерін жасау үшін шикізатты

терең өңдеудің өндірісінің технологиясын жетілдіру;

- ауылшаруашылық шикізат өңдеу процесстері биотехнологиялық әдістер интенсификациясының ресурс ұнемдеуін жасау және дайын өнім өндіру;

- емдік-профилактикалық, балаларға және экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халыққа арнап химиялық құрамын бағытты өзгертілу арқылы жаңа буын өнімдерін өндіру технологиясын өңдеу және жобалау;

- шикізат пен дайын өнімді сақтау жүйесін жетілдіру;

- өңдеу өндірісі өнімдерінің нормативті-техникалық базаның мониторингісін және бағалауын, шикізат қауыпсіздігін және сапа бақылау мен анализін жетілдіру;

Осыған байланысты 5 жыл ішінде ғылыми-әдістемелік орталықта нан-тоқаш және макарон бұймдары технологиясында көкөніс-жемісті қоспаларын(қауын, қарбыз, асқабақ, асқабақ пюресі) қолдану жасалған. Жалпы және емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған, поликомпозитті қоспалар негізінде тұтас ұнтақталған: бидай, қарабидай, арпа, сұлы, соя, жүгері, қарақұмық астық ұндарынан жасалған нан-тоқаш өнімдері және наубайханалық бұйымдар құрамында көп мөлшерде маңызды аминқышқылдар, минералды заттар, В, Е тобының дәрумендері және т.б биологиялық белсенді заттарымен ерекшеленеді. Ұннан жасалған наубайханалық бұйымдар сапасын жоғарлату, эмульгаторлар мен ферменттік дәрмектер қолдану арқылы жүзеге асуы тәжірибе жүзінде дәлелденген. Мысалы, «Гринстед FSB-270» эмульгаторы қантты печеньеге, «нейтраза» протеолитикалық әсер ететін ферменттік дәрмек тартылған печеньеге жақсы көрсеткіштер көрсетті;.Оладий, бауырсақ, ұннан жасалған кондитер бұйымдары мен диетикалық нан дайындауда профилактикалық құрғақ ұн қоспалары технологиясын қолдану ұсынылған. Микробиология және биотехнология саласында үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Ғылыми-әдістемелік орталықта микроорганизмдер культурасы жиынтығының электронды унифицирленген мәліметтер базасы жасалды, микроорганизмдер культурасы жиынтығын қолдану және сақтауды ұсыну өңделген және бекітілген. Нан пісіретін, сүтті, жеміс консервісі үшін микроорганизмдер культурасы жиынтығы негізінде ашытқылар және биопреператтар жасалған.

Астық өңдейтін өндіріс саласында:

- Алматы облысында өндірілетін барлық күріш сұрыптарының ерекшеліктері зерттелген;

-ПСХК «Опытное», «Уштобинский» және «Шыгыс-Каратал» шаруашылықтарында орудан кейінгі өңдеу мен сақтаудың технологиялық регламенті енгізілген;

- Құрамажем өндірісінде крахмал өнімдерін өңдеуді қолдану туралы ұсыныс жасалған.

3 Дәріс



Тауар өнімдерінің жіктелуі

1.Тауарлардың ассортименті.

Ассортимент деп аталады:тауарладың белгілі жиынтығы әртүрлі түрлер мен сорттардан бір белгілері бойынша іріктелген(түсі,размері т,б).Ассортимент ұғымы тауарлық массаның құрамын көрсетуге қолданылады.Тауардың ассортиментінің көрсеткіштері: ауқымы, тереңдігі,толықтығы,жаңару дәрежесі,құрамы болып бөлінеді.

Ассотимент тереңдігі дегеніміз белгілі тауарлардың түрлері, топ- тағы бөлімдері.Мысалы,көтерме сауда мекемесінде бес түрлі құрлыс- тық материалдар бар.Сонда ассортименттің тереңдігі 15 болады. Кеңдігі-белгілі тауардың кеңдігі болып табылады.Ассортименттің толықтығы тауарлардың түрлерінің белгіленген жобаға сәйкестігі. Мысалы,прейскурант бойынша 6 түрлі металл болу керек,ал бары 4,сонда ассортимент толықтығы 0,66.Жаңару деңгейі-жаңа түскен тауарлардың барлық тауарларға қатынасы.Мысалы,Дүкен 25 түрлі тауарлар сатады,жаңадан 7түрі келді.Сонда жаңару деңгейі 0,28.

Ассотименттің құрамы-тауарлардың топтарының,түрінің жалпы көлеміндегі салыстырмалы көлемі.Егер ассотименттің құрамы сұранысқа сәйкес болмаса керексіз тауарлар жиналады,ал керек тауарлар жетіспейді.Ассортимент өнеркәсіптік және саудалық болып бөлінеді:

Өнеркәсіптік ассортимент-ол шығарушы мекемедегі тауарлар тізімі.

Сауда ассотименті-саудаға түскен тауарлардың ассотименті. Сау- далық ассотимент сауда мекемелерінің мамандандыру дәрежесіне, халық санына байланысты.

Өнеркәсіптік ассортименттің саудалыққа ауысуы дайын өнімдер қоймасында немесе жіберу қоймасында болады.Тауарлар жай және күрделі ассортиментке бөлінеді:

Жай ассотименттегі тауарлар түрге бөлінеді,бірақ өзгешеліктер бойынша(размер,жобасы)бөлінбейді.

Күрделі ассортименттегі тауарлар бір түрдің ішінде тағы тағы размер,конструкция т,ббелгілер бойынша бөлінеді.Тауарлар шығару тегі бойынша топтарға бөлінеді(мысалы,лак-сыр материалдары, металдар,маталар,тоқыма бұйымдары)немесе тұтыну бағыты бойын- ша бөлінеді(шаруашылық тауарлары,мәдени тауарлар, киімдер). Мұндай бөлу топтама ассортимент деп аталады.

Бір тауарлық топтың ішіндегі түрлері номенклатура деп аталады. Ассортименттік концепция деп тауардың тиімді бағытталған құра- мын құру.Мұның негізіне нарықтың нақты субъектілерінің тұтыну талаптары қаржылық,материалдық,еңбек ресурстарын тиімді пайда- лану.Тауардың тиімді ассотиментін құруға толық көмек жасайтын ассотименттік саясат.Ол ұзақ мерзімдік жоспарлар негізінде тауардың ассотиментін дамытуға,тиімді құрамын жасауға саудамен байланыс- ты жақсартуға арналады.Ассотименттік саясат жобалағанда тауардың өмірлік циклін зерт- теу,білу керек.Осы негізде тауарларды таңдау,ассотимент жобалау, бағаларды қою,пайда есептеу,сауданы жандандыру формалары қолданылады.

2.Ассортиментті құру.

Ассотиментті құру дегеніміз әртүрлі тауарлардың түрлерін,тағы басқа ерекшеліктері бойынша іріктеп алу,нарық субъектісінің талап- тарына сәйкес етіп оның талаптарын толығырақ орындауға ұмтылу.Тауарлық ассотимент құру,сақтау және тауарлық запас құру процесстерімен тығыз байланысты.Көтерме және бөлшек сауда орындарында тиімді ассотимент болуы үшін міндетті ассотимент болғаны дұрыс(ассотименттік минимум).Міндетті ассотимент уақыт бойынша өзгертіліп,қайта қаралып отыру керек.Ассотимент тұрақтылығы-асссортиментті уақытында тексеру арқылы атқарылады.Әрқашанда саудадағы тауарлардың болуын қадағалау керек.Тұрақтылық коэфицентін жеке дүкен тбойынша,не тауар топтары мен түрлері бойынша есептеуге болады.

ҚУА=нақты ассотимент/міндетті ассотимент

Тауарлардың ассотиментін құру екі сатыда жүргізіледі:

1.Топтық ассотимент.

2.Топ ішіндегі ассортимент.

Топтық ассотимент сатуға белгіленген тауарлардың топтарының тізімі,әрбір топтың жиынтық саны немесе барлық тауарлар көлемін- дегі үлес салмағы көрсетілген тізім.

Топ ішіндегі ассортимент-әрбір тауардың топ ішіндегі нақты тауарлар мен олардың түрлерінің номенклатурасы.Номенклатура тұрақтылығы жағынан тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді.

Тұрақты ассортимент әрқашанда толық көлемде болуы керек. Кейбір тауарлардың болмауы сұраныстың қанағаттандырылмауына әкеледі. Өзгермелі ассортимент-альтернативтік және тез өзгермелі сұраныс- қа байланысты ассортименттің жан жақты және жаңарып отыруына көмектесуге.

Тауарлық ассортимент дегеніміз функционалды және тұтынушылық сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы. Мысалы, «ФудМастер» компаниясы әрқайсысы өзіндік маркетинг стратегиясын талап ететін сүт өнімдерінің ассортиментін (әр алуан тауар жинағын) өндіреді.

4 Дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет