Тамақтану гигиенасы



бет1/5
Дата18.03.2024
өлшемі256.23 Kb.
#495908
  1   2   3   4   5
5 Тамақтану гигиенасы


Тамақтану гигиенасы
Тамақтану адамның денсаулығын, оның өмірінің ұзақтығын және сапасын, дүниеге дені сау ұрпақ келтіруін анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Тағамның энергетикалық, пластикалық, био- және иммунореттеушілік, реттеушілік-бейімдеушілік, т.б. қызметтерінің арқасында ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы, өсуі, дамуы және әр түрлі тіндердің, мүшелер мен жүйелердің қызметі қамтамасыз етіледі. Жұқпалы емес аурулардың даму қаупі төмендейді. Ағзаның бейімделушілік және қорғаныштық қасиеттері жоғарылайды. Аурудың салдарынан бұзылған ағзаның гомеостазы және әр түрлі жүйелерінің жұмысы қалпына келеді. Белгілі бір жағдайларда тағам, жұқпалы және паразиттік аурулардың берілу себебі және факторы, сондай-ақ қоршаған ортадан ағзаға бөгде химиялық заттардың (ксенобиотиктердің) түсетін негізгі жолы болуы мүмкін.
1. Рационалды тамақтану туралы түсінік. Негізгі қағидалары.
Рационалды (латынша ratіonalіs - саналы) тамақтану - ағзаға тағамның саны мен сапа жағынан қажеттілігін толық қамтамасыз етуге қабілетті, сөйтіп барлық қуат шығынының өтелуін, бүкіл физиологиялық қызметтерінің оңтайлы өтуін, ағзаның дұрыс өсуі мен дамуын, жұмысқа қабілеттілігін, қоршаған ортаның зиянды факторларына қарсылық күшін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге, сондай-ақ, кәрілікті кешеуілдетуге және өмірін ұзартуға қабілетті ғылыми тұрғыдан негізделген тамақтану.
Рационалды тамақтанудың негізгі қағидалары:
 Тамақтану мөлшері жағынан адекватты, яғни, рационның энергетикалық құндылығы ағзаның энергия шығынын толық өтеп отыруы қажет.
Тамақтану сапасы жағынан құнды, яғни құрамында барлық ағзаға қажетті тамақтық (қоректік) заттар: белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттар, бәрінен бұрын, алмастырылмайтын құрам бөліктері қолайлы мөлшерде болуы тиіс.
 Тамақтану балансталған болуы қажет, яғни құрамы, тамақтық заттардың химиялық құрам бөліктерінің мөлшері мен арақатынастары, олардың пайдаға асуын қамтамасыз ететін ағзаның ферменттік жүйелері үшін қолайлы болуы қажет.
 Тағам залалсыз, яғни тағамда жұқпалы немесе паразиттік аурулардың қоздырғыштары болмауы, ал микробтық және микробтық емес токсиндердің концентрациясы гигиеналық регламенттерден аспайтын болуы тиіс.
 Жақсы органолептикалық көрсеткіштері қамтамасыз етілуі, тәбет тартатын, аз көлемде тоқтық сезімін беретін, жақсы қорытылатын және жеңіл сіңетін болуы керек.
 Режиммен тамақтану.
Негізгі тағамдық заттар мен энергияның қажеттілігін анықтау кезінде, ұсынылған энергия тұтыну деңгейінің дәлдігі шешуші роль атқарады. Ол тағам арқылы ағзаға түсетін энергия мен оның шығынының арасындағы диспропорцияны болдырмауы қажет. Дені сау адамдарға энергия қажеттілігі: дене жұмысына белсенділігіне (қуат шығынына), жынысына, жасына, дене массасына, ағзаның жағдайына, климат жағдайына және басқа да қоршаған ортаның факторларына байланысты анықталады.
Тәуліктік энергия шығыны, адамның еркімен реттелмейтін және реттелетін түрлерінен тұрады. Реттелмейтін энергия шығынына, негізгі алмасуға және тағамның спецификалық - динамикалық әсеріне кететін энергия шығындары жатады. Реттелетініне - барлық жұмыс түрін орындауға кететін энергия шығыны жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет