2.5.Техникалық құралдарды қолдана отырып жедел-іздестіру жолымен
алынған ақпаратты дәлелдемеге айналдырудың іс жүргізушілік
шарттары.
Жедел-іздестіру жолымен алынған дәлелдемелер мен іс жүргізуге жатпайтын ақпараттың арақатынасы туралы мәселенің практикалық үлкен маңызы бар. Әңгіме шығу тегі техникалық құралдарын қолдануға байланысты іс жүргізуге жатпайтын ақпарат туралы болғанда бұл проблеманың айрықша күрделілігі көзге түседі.
Қылмыстық сот ісін жүргізу мақсатында техникалық құралдарды қолдану қылмыстық іс жүргізу құқығынын, әр түрлі көздерімен регламенттеледі. Мәселен, ішкі істер органдары туралы Жарлықтың 11-бабында ішкі істер органдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін оларға жария және жария емес жедел-іздестіру іс-шараларын, оның ішінде азаматтарды ерікті негізде бірлесіп жұмыс істеуге тарта отырып, іс жүзіндегі деректерді жинау және зерттеу үшін техникалық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асыруға; суретке түсіру, дыбыс жазу, кино және бейне түсірілім жүргізуге; анықтау барысында ғылыми-техникалық зерттеу жүргізуге құқығы бар екендігі айтылады.
Жалпы сипаттағы бұл нұсқама ҚІЖК-нің 129-бабында нақтыланады, ол бойынша қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген тәртіппен сенімділігі тексерілген, кино-сурет түсірілім, дыбыс-бейне жазба жолымен алынған кез келген іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.Қылмыстық іс қозғалғанға дейін, сондай-ақ алдын ала тергеу немесе жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында кино-сурет түсірілімді және бейне, дыбыс-бейне жазбаларды пайдалана отырып алынған іс жүзіндегі деректер дәлелдемелер болып танылатыны айтылады.Телефонмен сөйлесуді және өзге де әңгімелерді тындауға қатысты айтатын болсақ, бұл іс-қимылды жүргізудің процедурасын ҚІЖК-нің 237-бабы реттейді. Сонымен бірге заңда кино сурет түсірілімдерді және бейне, дыбыс-бейне жазбаларды пайдалана отырып алынған жедел-іздестіру ақпаратын дәлелдемелерге айналдырудың іс жүргізу құралдарына байланысты бөлігінде кемшіліктер бар.
ҚІЖК-нің 237-бабынан мынадай қорытынды туындайды: аталған техникалық құралдарды қолдану арқылы ақпараттың алынған уақытына қарамастан (қылмыстық іс қозғалғанға дейін, алдын ала тергеу немесе жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында) бұл ақпараттың сенімділігі айғақ адамдардың, ал қажетті жағдайларда — маманның қатысуымен дыбыс жазбаларын тындау арқылы қамтамасыз етіледі. Керісінше жағдайда мұндай ақпарат (іс жүзіндегі деректер) дәлелдеме ретінде танылмайды.
Мұнымен қатар ізделетін жедел-іздестіру ақпаратын анықтаушыға немесе тергеушіге берудің ұйымдық-процессуалдық шарттарының өзі туралы мәселе шешілмеген. Материалды беру процедурасын қылмыстық іс жүргізу заңы реттемейді, ал іс жүргізушілік көзқарас түрғысынан қызметтің аталған сипаты аса маңызды. Дәлелдемелерді сот ісін жүргізуге тартудың практикалық орындылығы, сондай-ақ ортақ қылмыстық іс жүргізу талаптарды есепке алу кино-сурет түсірілімдерді, бейне, дыбыс-бейне жазбаларды колдану жолымен алынған ақпаратты жедел-іздестіру қызметкерінің тергеу органына беруінің мынадай тәртібін ұсынуға мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған техникалықкұраддарды қолдану арқылы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге рұқсат берген жеделіздестіру бөлімінін бастығы іс-шараларды өткізгеннен кейін орындаушыдан тиісті құжатты алады, оған алынған материалдар қоса тіркеледі. Материалдарды зерттеу жедел-іздестіру бөлімінің бастығына төмендегі екі шешімнің бірін қабылдауға құқық береді:
1) материалдарды жедел-іздестіру есебіне алудың тиісті ісіне ғана жіберу;
2) материалдың түпнұсқаларын тергеушіге, ал олардың көшірмелерін жедел-іздестіру есепке алу ісіне жіберу.
Аталған материалдарды тергеушіге беру іс жүргізу жолымен жүзеге асырылуға тиіс. Материалдарды беруді тіркейтін мұндай ұйымдық іс-жүргізу құжаты ретінде оперативті қимылдайтын қызметкерлердің тергеушіге берген егжей-тегжейлі рапорты бола алады. Мұндай құжатта, дәстүрлі реквизиттермен қатар мыналар көрсетілуге тиіс: техникалық құралдарды пайдаланудың мақсаты; техникалық құралдарды қолдануды жүзеге асыратын нақты адамдар; техникалық құрал қашан, қай жерде, қандай жағдайларда қолданылады; аппаратураның, алмастыру тетіктерінің түрі (объективтер.микрофондар) және таспалар, сондай-ақ бар болса олардың заводтық нөмірлері; техникалық құрал қолданылған адам (адамдар) туралы қысқаша деректер; тіркелген ақпараттың қысқаша мазмұны.
Қолданылған техникалық құралдың түріне байланысты рапортқа фонограммасы бар таспа, бейнетаспа, фотокиноматериалдар коса тіркеледі. Тиісті қосымшасы бар рапорт ілеспе хатпенен бірге тергеу бөлімі бастығының атына жіберіледі. Рапорт пен ілеспе хат көшірмелері оперативтік есепке алу ісінде сақталады.
Қорытынды.
Қылмыстық іс жүргізу заңдарын одан әрі жетілдіру қажет. Бұл орайда негізгі мақсат қылмыстық іс жүргізудің адам құқықтарымен бостандықтарының қорғауға бағытталған мынадай түбегейлі принциптерін нақты нормаларда одан әрі дәйекті іске асыру болып табылады:
- кімнің де қылмыс жасаудағы кінәлігі заңда көрделген тәртіппен дәлелденбейінше және заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленбейінше әркімнің кінәсіз болып есептелетінін тұжырымдайтын кінәсіздік презумпциясы:
-ешкімнен де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті еместігі:
-айыптау үкімінен жорамалдарға негізделе алмайтындығы және сенімді дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен дәлелденуі тиіс екендігі:
Қылмыстық сот ісін жүргізуде материалдандырылатын дәлелдемелер мен өткеннің бейнесін ойша қалпына келтіру арқылы қол жеткізеді.Осы шындық дәлелдеме теориясында материалдық шындық деп аталады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 16 бабында көзделген азаматтардын жеке бас бостандығы кепілдігін іске асыру үшін барлық жағдайлар жасау талап етіледі.
Іс жүргізу заңдарын жетілдіруің өзекті бағыттарының бірі істі сотқа дейін дайындау кезінде де, сот сатыларында да рәсімдерді жеңілдету және жеделдету болып табылады. Осыған байланысты анықтау жүргізудің қолдану саласын кеңейту, сондай ақ анықтау және алдын алу тергеу рәсімдерін жеңілдету мақсатқа сай болмақ. Қамауға алуға балама боларлық шараларды қоланудың тетіктерін барынша егжей тегжейлі реттеу қажет.
Анықтау және алдын ала тергеу рәсімдерін жеңілдету мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс, қылмыстық жазаланатын ауыр емес және орташа ауыр іс әрекет жасаған адамдардың жауапкершілігі туралы мәселені жедел қарау үшін қылмыстық қылмыстық жекелеген құрамдарын әкімшілік құқық бұзушылық санатына жатқызу арқылы қылмыстық сипаттан арылу жөніндегі жұмысты жалғастыру:
Іс жүргізу форма дәлелдемелерді жинауда, зерттеуде, бағалауда және пайдалануда ғана емес, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында тәртіп ережелерін анықтайтын немесе міндеттер мен талаптарды белгілейтін құқықтық ұйғарымдарды сақтауда да ықпал ететін әртүрлі дәрежелі азаматтардың факультативтік қатысуымен қатар міндетті қатысуын да қарастырады.
Қылмыстық процестің тиімділігі мен жеделдігін арттыру үшін бұл тәртіпті ең алдымен дәлелдерді іздеп табуда ,бекітуде және бағалауда аса күрделіліг тудырмайтын істер бойынша жүргізіп, алдын-ала тергеу жүргізу міндетті емес және анықтау жүргізумен шектелетін істердің тізбесін кеңейту керек.
Сонымен дәлелдемелердің сапалық сипаты сыртқы белгілерді ғана емес ,сонымен бірге ізделетін ақпараттың мәнділігі мен мазмұнын да қамтиды.
Заттай дәлелдемелер дәлелдемелік ақпараттың қалыптасу тетігін сипаттайды және осы тетіктің акпаратты сақтаушысымен байланысын анықтайды. Егер ақпараттың көзі адам болса (айыпталушының, сезіктінің, куәгердің жауаптары, сарапшы қорытындысы), онда ол жеке дәлелдемелерге жатады. Егер ақпарат заттар мен кұжаттарда болса, бұл орайда құжаттар адамдардың жауап беруін тіркемеуге тиіс, онда олар заттық дәлелдемелерге жатады.
Заттық айғақтар туралы айта отырып, Ф. Н. Фаткуллин былай деп көрсетеді: "Іс жүзіндегі акпараттың сақтаушысы материалдық объектілер болып табылатын, ал акпараттың өзі тілден тыс нысанда берілетін дәлелдемелер мен көздер заттық деп аталуы мүмкін. Мұндайлардың қатарына қылмыстық қызметтің құралдары мен өнімдері, қоғамдык қауіпті әрекеттің іздері бар заттар, қылмыстық жолмен болған кұндылықтар жатады. Бұл жерде іс үшін маңызы бар жағдайлар туралы тиісті ақпарат қылмыстық істі тергеу және соттың қарау кезіңде тікелей сезіммен кабыддауға болатын материалдық "іздер" мен нақты фактілер түрінде сақталады және беріледі".
Дәлелдемелерді жеке және заттық деп бөлу олардың қалыптасуының негіздері мен тетіктерін саралаудан көрінеді. Мұндай саралау дәлелдемелерді жинаудың, тексерудің және бағалаудың тиімді әдістемесі мен тактикасын жасау үшін қажет.
Қылмыстық іс жүргізудегі заттай дәлелдемелерге тоқтала кетсек заттай дәлелдемелер шындыққа көз жеткізудің құралы, сонымен бірге заттай дәлелдеме шындықты жасаудың құралы емес.
Қылмыстық процестегі заттай дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік шындықты тану процесінде өзара байланысқа түскен кезде заттай дәлелдемелер-қылмыстық іс жүргізу құқығының аса маңызды сипаттарының бірі болып табылады деп айта алмаймыз.
Заттай дәлелдемелер сот әділдігін жүргізудің басты сипаты болып табылатыны біздерге мәлім.Заттай дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға құқықтық негіз жоқ.
Нормативтік актілер.
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1995ж. 30 тамы.
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы. Юрист. 2004ж.
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы. 1998ж.
-
“Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары туралы” ҚР 21 желтоқсандағы №2709 Заңы. 2002 жыл. 9 тамызындағы №346-11, 2003ж. 10 шілдедегі №483-2 заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
-
Закон Республики Казахстан “Об оперативной-розыскной деятельности” от 15 сентября 1995г. №24. Вести Казахстана. 1996г.19января.
-
Положение о Департаменте расследований Министерства Юстиций Республики Казахстан: Утв. Пост. Правительства РК. От 7 апреля 1998г. // САПП . 1998 №10.
-
Закон Республики Казахстан “Об оперативной-розыскной деятельности” от 15 сентября.1994 // Вед. ВС Республики Казахстан – 1994. № 13. Ст. 199., 1995г. №24. Ст.167., Вести Казахстана 1996. 19 января.
-
“Об адвокатской деятельности ”Закон Республики Казахстан от 5 декабря. Алматы 1998г.
-
“О некоторых вопросах применения законадательства о судебной власти Республики Казахстан ” Пост.: Пл.Верховного суда Республики Казахстан от 14 мая. 1998г. // ЮГ. 1998. №24.
-
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Заң күші бар Жарлығы.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Төлеубекова Б.Х. Алматы 2000
2.Уголовный процесс РК. Оспанов Алматы 2000
3. Уголовный процесс. / Под ред. Гуценко К.Ф. Москва 1997.
4. Уголовный процесс. / Под ред. Н.А. Лупинский. М.1998г.
5.Курс советского уголовного процесса /ч.Общая/- под.ред. А.Д. Бойкова А.Д., И.А. Карпеца. М.1989.
6.Сов. Уголовный процесс. Под ред. Н.С.Алексеева., В.З. Лукашевича – М.1998.
7.Уголовный процесс Казахской ССР. Под ред. М.Мамутова и Ю. Д. Левщица. /ч.Общ./-Алматы 1989г.: /ч.Особенный/, Алматы 1990.
8.Ларин А.М., Мельников Э.В. Савицкий В.М., Уголовный процесс России . Москва 1998.
9.Комментарий к Уголовному Процессуальному кодексу. /ч.общая/. Жети-Жаргы. 2002г.
10.Белкин Р.С. Собирание,исследование и оценка доказательств. М.,1966г.
11.Трусов А.И. Основы теории судебных доказательств. М.,1960.
12.Шейфер С.А. Предварительные следствие. Общие условия и основные этапы производства. Куйбышев.1986.
13.Шимановский В.В. Общие условия производства предварительного следствия. М.1983.
14.Белозеров Ю.Н.,Чугунов А.А. Проблема обеспечения законности обоснованности возбуждения уголовного дела. М:1976.
15.Мотовиловкер Я.О. Обстоятельства, исключающие производства по уголовному делу. // Государство и право,1994. № 12. С. 60-63
16.Вопросы расследования преступлений. Справочное пособия. Под ред. Кочанова А.Я. М.1996г.
17.Ларин А.М. Расследование по уголовному делу: процессуальные функции. М.1991г.
18. Демидов И.Ф.Проблемы прав человека в Российском уголовном процессе. М.,1995г.
19.Щерба С.П. , Зайцев О.С. Охрана прав потерпевших и свидетелей по уголовным делам. М.1996.
20. Шетуков М.П. Участники процесса на предварительном следствии. Проблемы процессуального положения – Рига 1988г.
21.Галкин Б.А. Советский уголовно - процессуальный закон.М.1967.
22.Защита прав потерпевшего в уголовном процессе. М.1993.
23.Богословская Л.Л. Процессуальный статус участников уголовного судопроизводства // Харьков, 1991.
24.Михаилова Т.А. Предание суду в советском уголовном процессе. М.1981.
25.Николаева Т.Н. Деятельность проркурора при окончании предварительного следствия. Саратов 1990.
26. Агафанов П.Н. Порядок судебного разбирательства по уголовному делу. М.1985.
27.Загорский Г.Н. Судебное разбирательство по уголовному делу. М.1985.
28.А.М.Дворянский. Организация и методика работы прокурора судебных стадиях уголовного судопроизводства. М.1996.
29.Пастухов М.И. Реабилитация невиновных. Основы правового института. МИнск 1993.
30.Короневский Ю.В. Государственные обвинение в в условиях судебной реформы. М.1994.
31. Леви И.А. и др., Получение и проверка показаний следователем. Справочник. 1987.
32.Барабаш С.А., Володина М.М. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основанием в стадии предварительного расследования. Томск,1986.
33.Белозеров Ю.Н., Юфимевич С.П. Обвинительное заключение в уголовном процессе. М.1982.
32.Божьев А. Прекращение дел на досудебных стадиях. //Россия. Юстиция. 1986. №5. С.21-22.
33.Быков В. Основание приостановления производства по уголовному делу.// Россия. Юстиция. 1995. №3. С. 15-16.
34.Шимановский В.Сроки содержания под стражей на предварительном следствии. Порядок исчисления и продления// Законность 1995г. №3 с.16
35.Ознакомление с материалами уголовного дела. // Законность. 1994. № 10. С.48-50.
36.Пашкевич П.Ф.Свидетельские показания:вопросы обеспечения правдивости и рационального использования // Вопросы осуществления правосудия по уголовным делам. Калининград,1984.
37.Михайленко А.Р.Роль потерпевшего и свидетеля в обеспечения законности на предварительном следствии//Укрепленные законности предварительного расследования в условиях перестройки.Сборник научных трудов. Волгоград., 1990.С.113.
38.Вышинский А.Я. Теория судебных доказательств в советском праве. М.,1950. С.276.
39. Рахунов Р.Д. Участники уголовно-процессуальной деятельности. М.,1961. С.179.
40.Голунский С.А.Вопросы судопроизводства и судопроизводства в новом уголовно-процессуальном законадательстве. М.,1969. С.80.
Достарыңызбен бөлісу: |