адам үшін өзінің денесін игере алатын дағдыны және өмір салтын өмір бойына
меңгеретін жағдайды қалыптастырған ерте балалық шақтан басталады. Бұл
үдерісте екі негізгі: алғашқы (балалық шақ) және екінші (үлкен) кезеңді бөліп
алу керек.
Инкультурацияның бірінші кезеңінде
балалар жалпы таралған, өз
мәдениетінің маңызды, қажетті элементтерін игереді. Инкультурация бұл жерде
тәрбие және балаға мақсатты бағыттау түрінде жүзеге асып, қалыпты
әлеуметтік тұрмыс үшін дағдыны қалыптастырады. Бұл кезең үшін кез келген
мәдениетте инкультурацияның балаға күнделікті өмірде қажет білім мен
дағдының мөлшерін қамтамасыз етеді. Алғашқы инкультурацияның түрі
ретінде мұнда ойынды мысалға алуға болады.
Ойында баланың интеллект,
оқуға қабілеттілігі, фантазиясы,
елестету, т.б. жеке қасиеттері қалыптасады.
Алғашқы инкультурация үдерісінде еңбек дағдысы мен еңбектің құндылығына
деген қатынасы қалыптасады. Сонымен, баланың инкультурациясы кемел
шаққа тарнсформациялануының алғы шарты саналады.
Этнологияда балалық шақ адамның өмір сүруінің ерте кезеңі,
адамның
үлкен
өмірге
әлеуметтік
мәдени
дайындығы
іспеттес
болады.
Инкультурацияның екінші кезеңінің ерекше бір айырмашылығы тұлға
әлеуметтік мәдени қоршауды өз бетінше игере алады. Тұлға өзі алған білімі мен
өмірлік дағдысын өмірлік маңызды мәселелерді шешуге: оның қабілеті кеңейіп
шешім
қабылдай алады, өзінің этникалық тобы құрамында нәтижесі маңызды
мәдени
өзгерістер
болып
табылатын,
әрекеттерге
қатыса
алады.
Инкультурацияның екі кезеңінің де біртіндеп дамуы,
тұлға менталитетінің
қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: