кейінірек Австралия және Мұхиттық аралдар халықтары жөнінде көптеген
материалдар жинауға мүмкіндік берді.
ХVIII ғасырдағы Ағартушылық кезеңінде этнологияның халық жөніндегі
ғылым ретіндегі тарихы басталады. Бұл кезеңде адам, халық және мәдениет -
қоршаған табиғи ортаның жемісі деп санайтын «географиялық детерминизм»
теориясы басым болды. Ол яғни табиғи заңдылық - социум заңымен өмір
сүретін, қазіргі өркениетті адам эволюция жолымен қалыптасқан деген түсінік
кең таралды. Сонымен, жиналған бай этнографиялық материалдар жекелей
халықтар мен оның мәдениетінің даму теориясының негізін қалады.
Этнологияның (этнография) - ғылым
әрі білім беру пәні ретінде
қалыптасуы жалпы әлемдік тәжірибеге сай ХІХ ғ. орта кезеңіне жатады. Осы
кезеңнен бастап, халықтардың мәдени дамуындағы айырмашылықты
теориялық жағынан түсіндіру, этникалық психологияның қалыптасуы мен
ерекшелігі механизмін, халықтардың әртүрлі нәсілдік түрленуін, қоғамдық
құрылым мен этникалық ерекшеліктің өзара байланыстылығын, мәдениеттің
гүлденуі мен құлдырауын анықтау, т.б. қажеттіліктер туындады.
ХІХ дейін
этнология түсінігі кең жайылған жоқ. Оны халық, мәдениет жөніндегі жаңа
туып келе жатқан ғылым ретінде пайдалануды француз ғалымы Жанжак Ампер
ұсынды. Ол 1830 жылы антропологиялық ғылымның жалпы классификациясын
талдады. Этнологияның ғылым ретінде бекітілуіне 1839 ж. Париж қоғамы негіз
салды.
ХІХ ғасырдың ортасында европа ғалымдары халық жөніндегі ғылымның
бағыт алуына үлес қосып, «әлеуметтік/мәдени антропология» атауын
қалыптастырды. Осы кезеңдерде адам жан-жақты, кешенді түрде зерттеліп,
оның физикалық және әлеуметтік даму тарихы жөнінде көптеген мәліметтер
қалыптасты. Адамды/ халықты деректердің әртүрлілігіне қарай үш
бөлімнен
тұратын антропология ғылымы зерттейді. Біріншісі, физикалық антропология –
адамның биологиялық дамуындағы ежелгі гоминидтерден Homo sapiensке,
оның ішінде адамның қазіргі ерекшелігіне дейінгі, екіншісі археология -
топтың іс қимыл әрекетінің нәтижесінде пайда болған материалдық игіліктерді,
мәдениеттің дамуын, үшіншісі – мәдени / әлеуметтік антропология немесе
этнология / этнография қазірге дейін кездесетін артта қалған халықтарды
салыстыра отырып, адамның өткенін зерттейді. Кейін келе қоғамтануда
соңғысы басым бола түсіп, оның зерттеу нысаны дамыған халықтар мен оның
мәдениетін зерттеуде кеңейе түсті.
Ғылымда әлем халықтарын зерттеумен «этнография» айналысатындығы
танылған. Бұл да көптеген басқа да ғылымдардың
атауы сияқты ежелгі грек
тілінен шыққан, этнос - халық және графия - жазамын деген екі сөзден тұрады.
Этнография дегеніміз тарих ғылымының бір саласы болып, дүние жүзіндегі
халықтардың қоғамдық тұрмысын және мәдениетін түбегейлі зерттейді.
Тұрмыс дегеніміз әрбір халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған сан салалы
тіршілігі, салт санасы, әдет-ғұрып, күнделікті қоғамдағы өмірі, жалпы ұлттық
ерекшелігі. Тұрмыс кең мағынада соның бірі этнографияны зерттейтін
проблемаларының бірі – мәдениеті. Этнос мәдениеті дегеніміз - берілген
этнос аясында қалыптасқан материалдық, рухани және әлеуметтік-нормативтік
мәдениет компоненттерінің жиынтығы, бұл оның ерекшелігі саналып, оны
басқа этностан ажыратып тұрады.
Жалпы, адамзатқа тән сипатты белгілердің бірі оның жекелей халықтарға
(этносқа) бөлінуі. Жер бетінде қазақ, орыс, өзбек, қытай, француз, ағылшын,
сыған, кәріс, зулус, абхаз, адыгей, т.с.с. мыңдаған халықтар тұрады.
Адамзат
қауымының этнос қалпындағы мұндай түрлерінің қалыптасу уақытын дөп
басып айту қиын. Қазіргі кезеңде дамуы қандай деңгейде болмасын жер бетінің
әр аймағындағы халықтардың этникалыққа бөліну түрлері бізге белгілі.
Дегенмен де, этникалықтың феноменін яғни адамдар тобының белгілі бір
этносқа жатуын зерттейтін ғылым, әртүрлі елдерде әрқалай аталады.
2.
Францияда этнология ғылымының дамуы. Францияда және басқа
да елдерде «этнология» ежелгі грек тілінен алғанда etnos - халық, logos – сөз
мағынасы бойынша «ғылым», «білім» дегенді білдіреді. Францияда
этнологияның қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар. Францияның –
отаршылдық саясатының кеңеюі, олардың қол астындағы халықтардың тұрмыс
салты мен мәдениетін, менталитетін білуге қажеттілікті тудырды. Сондықтан
халық жөніндегі ғылым оларда алдымен «этнография» (этнос-халық, графия-
жазу) деп аталды. Франциядағы бұл атау тарихи
мәліметтер мен теориялық
тұжырымдардың жеткіліксіздігі этнографиялық материалдардың толық
ғылымиланбауы себепті ХІХ ғ. аяғына дейін ақ сақталды. Этнографиялық
сипаттаулар мен тарихи және теориялық материалдардың толықтырылуымен
этнография ХХ ғ. басында «Этнология» деп, аталып, бұл атау қазірге дейін
сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: