Тау-кен және бикен ұйымдарының қалдық және қойыртпақ шаруашылығын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-бөлім. Су алу және су жинау құрылыстары



бет2/3
Дата01.07.2016
өлшемі302 Kb.
#170047
1   2   3

5-бөлім. Су алу және су жинау құрылыстары
115. Су алу және су жинау құрылыстарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін:

1) тұнба тоғанындағы су деңгейін күн сайын, ал су тасыған кезде ауысым сайын белгілеу бақыланады;

2) құдықта жобада берілген судың тереңдігі мен су құю шегінен жоғары қысымды ұстап тұрады;

3) құдықтар мен камералардың су қабылдау терезелеріндегі су құю шегін кеңейту дер кезінде жүргізіледі, оларға бөгде заттар мен ұлпалардың түсуіне жол берілмейді;

4) су алу және жинау нүктелерінде оның сапасы (лайлығы) ауысым сайын бақыланады;

5) жобада қарастырылған тұрмыстық тасқын су шығынының өтуі қамтамасыз етіледі;

6) құрылысты техникалық жарамды күйде ұсталынады;

7) кезекшілік бөлмеге шығарылған авариялық дабылмен тоғандағы судың деңгейін автоматты түрде өлшеуді жүзеге асырылады.

116. Құдықтардың, камералардың су қабылдау терезелері мен сифонды су қабылдағыштардың сорғыштары оларға бөгде заттардың, мұз бен қиыршықтардың түсуінен қорғалады.

117. Құдықтардың су қабылдау ойықтарын жабу жапсарлар мен жіктерді бір мезгілде герметикалық жауып, әрбір шандорды жұмыс күйіне ретімен орнату арқылы жүргізіледі. Бір мезгілде бірнеше шандорларды бірге орнатуға болмайды.

118. Су алу және су жинау құдықтарын пайдалану барысында шандор арасындағы кеңістікті бетонмен толтыру алаңдардан немесе жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да құрылғылардан жүргізіледі.

119. Су қабылдау ойықтарын шандорлармен жабу және шандор арасындағы кеңістікті бетондау атқару кестесінің, шандорлар мен бетон паспортының қосымшасымен жұмысты аяқтау актісімен рәсімделеді.

120. Су жинау құдығының (астауының) жанында атмосфералық әсерден қорғауды қамтамасыз ете отырып, қалдық қоймасындағы судың деңгейінен кемінде 0,5 м жоғары әрбір тесікті жабу қажетті мөлшердегі шандордың авариялық қоры қарастырылады.

121. Құдықтар қызмет көпірінің жағасымен қосылмаған қалдық қоймалары үшін жобада жылдың кез келген уақытында адамдардың құдыққа баруын, шандорлар мен жөндеу материалдарының жеткізілуін қамтамасыз ететін құралдар қарастырылады.

Құдықтардың су қабылдау тесіктерін ақауы бар шандорлармен жабуға және оларды дайындау және орнату тәсілінде жобадан ауытқуға болмайды.

122. Шандорларды қалқыма құралдардан жұмыс күйінде орнату кезінде жұмысшылар (кемінде екеу) байланатын сақтандыру белбеулерімен және құтқару жилеттерімен жабдықталады.

Су алу және су жинау құдықтарын мұздың әсерінен сақтау үшін олардың жанына ені кемінде 1,5 м майналар орнатылады. Оларды дайындау жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

123. Құдықтар мен астауларды жобада белгіленген шандорлардың неомоно бөлігі биік және су құю орнындағы қысым артық болған кезде пайдалануға болмайды.

124. Су жинау құдығын жағамен қосатын қызмет көпіріне кіру жолы жабылатын қақпалары мен кішкене қақпаларды бар қоршаулармен жабдықталады. Көпірге бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді. Адамдардың жағадан понтонға және басқа да жүзу құрылыстарына баруы үшін арналған көпіршелер мен басқыштардың ені кемінде 1 м екі жағынан қанаттары болады.

125. Су алу және су жинау құрылыстарын тексеру және жөндеу рұқсат наряды бойынша жүзеге асырылады. Ішкі диаметрі кемінде 1 м коллекторларда тексеру және жөндеу үшін адамдардың болуына жол берілмейді.

126. Коллекторларды тексеру мен жөндеуді саны кемінде екі адамнан тұратын звено орындайды. Коллектордағы немесе тереңдігі 5 м адамдар шамдармен жарақталады және екі жақты байланыс немесе коллекторға немесе құдыққа кіре беріс жолындағы адамдармен радиобайланыс болады.

127. Құдықтарды тексеру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде пайдаланушы персоналдың диспетчермен тұрақты байланысы, жағадан қашық және бөгетпен немесе көпір жағасымен қосылмаған құдықтарда радио байланыс болады.

128. Су алу және су жинау құрылыстарын тазарту жұмыстары жұмыстың жауапты жетекшісінің қатысуымен жүргізіледі.

129. Таза су коллекторының су алу құдықтарының сатылары болады және олардың ішіне бөгде заттардың түсуінен алдын алу және шандорларды орнату жұмыстарын қамтамасыз ету үшін торлармен және қалқыма понтондармен қоршалады. Понтондардың алаңдары қанаттармен қоршалады.

130. Зиянды газдардың жиналуы мүмкін құдық пен коллекторға адамдар түспес бұрын ауаның құрамы газ талдағышпен тексеріледі. Құдықтағы немесе коллектордағы адамдар туралы көрнекті орынға ілінген плакаттар хабардар етеді. Ауада шекті нормадан артық зиянды қоспалар болған кезде коллекторда жұмыс істеуге болмайды.

131. Жұмыскер су алу және су жинау құдықтарына құдықтың беткі жағында екі адам болған және сақтандыру белбеуі мен ұшы түсіру ілмегіне немесе құдықтың тірегіне бекітілген негізгі арқан пайдаланған жағдайда түсіріледі.

132. Су бөлу арналары олардың ішіне бөгде заттар мен топырақтың түсуінен қорғалады. Беткейге жанасқан арналардың бермалары шашырандыдан тазартылады.

133. Су алу астауының бойымен саты орнатылады, ал астаудың ені 2 м болғанда саты екі жағынан орнатылады.

134. Қайықтан өлшеу жұмыстарын құрамы екі адамнан тұратын құтқару жилеттерін киген бригада жүргізеді.

Астаумен тереңдікті қолмен өлшеу кезінде қайықтың бортында немесе орындығына тұруға және борттың келесі бетіне еңкеюге, қолға лотлиннің бос ұшын байлауға болмайды. Тереңдікті массасы 10 м аспайтын лотты пайдаланып қолмен өлшеуге болады.

135. Қысымы жоқ туннелдер жүйелі түрде қоқыстардан тазартылады. Зақымданған қаптау орындары қалпына келтіріледі, ал қапталмаған туннелдердегі құлаған тастар жиналады.

136. Арналардағы, туннелдердегі, жүрдек токтардағы қиыршық тығындарды «өзіңе қарай» саға жағынан жүргізуге болмайды.

137. Гидротехникалық туннелдерді тексеру жылына екі реттен кешіктірілмей әрбір тасқыннан кейін жүргізіледі. Тексеру нәтижелері көз арқылы бақылау журналында жазылады.

138. Ұйым су басу немесе нөсерлі тасқындар басталғанға дейін алдын ала бір айдан кешіктірмей қалдық қоймасын пайдалануды қамтамасыз ететін тұлғаның басшылығымен тасқын комиссиясын құрады және тасқынды қауіпсіз өткізу шараларын дайындайды, ол болжалды тасқынға дейін 15 күн бұрын кешіктірілмей орындалады.

Қалдық қоймасының тасқынды қабылдауға және өткізуге дайындығы туралы комиссия ұйымның техникалық басшысы бекіткен акт дайындайды.

139. Авариялық бригаданың барлық мамандары мен жұмыскерлері тасқын өткізу кезінде пайда болуы мүмкін жұмыс өндірісі бойынша оқудан өтеді, ол жөнінде іс-шаралар жоспарында жазбаша көрсетіледі.

140. Тасқын өткізу барысында қалдық қоймасындағы судың деңгейі мен судың су алу және су қабылдау құрылыстары арқылы өтуін, құрылыстар мен бөгеттің жай-күйін тәулік бойы бақылау орнатылады.

141. Тасқын өткеннен кейін барлық гидротехникалық құрылыстың ақаулықтары қалпына келтіріледі.

Авариялық су жинау арнасы қалдық қоймасынан су өткізбейтін далдамен қоршалады, ал аккумуляторлық сыйымдылықтар жобада көрсетілген мерзімде босатылады.

142. Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін су қабылдау құдықтары, астаулар, негізгі су шығарғыштар мен су жинау коллекторлары тампондалады, орындалған жұмыстар тиісті ақтару құжаттамасымен ресімделеді.



6-бөлім. Айналымдық сумен жабдықтау жүйесі
143. Айналымдық сумен жабдықтаудың сорғы станциясын пайдалану кезінде осы Талаптың 79, 80 және 96 тармақтары сақталады.

144. Сорғы агрегаттарын іске қосу және тоқтату айналымдық сумен жабдықтауды пайдалану бойынша технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

145. Әрбір сорғы агрегатының мойынтіректердің температурасын бақылау және қозғалтқыш құрылымында қарастырылған электр қозғалтқыштардың статорын орау үшін манометрі, ваккумметрі (толтырылмайтын сорғылар үшін) термодабылдағышы болады.

Агрегаттар (негізгі және қосалқы), ысырмалар мен бекіткіштер сырланып нөмірленеді, жабдық пен құбырларда тілшемен су тогының бағыты мен штурвалдарды, қолсаптар мен басқа да басқарушы органдарды (ысырмаларды, бекіткіштерді және басқаларын) айналдыру бағыты көрсетіледі.

146. Айналымдық сумен жабдықтау цехында (учаскесінде) жоспар-кесте ілінеді, онда құбырларды салу материалы, диаметрі, ұзындығы, тереңдігі, желі құрылыстарының, бекіткіш, реттеуші және қорғағыш арматуралардың, трассаның айналу бұрыштарының орналасу орны (пикеті), өзге жерасты және әуе желілерімен қиылысу орындары көрсетіледі және барлық атқарушы құрылыс құжаттамасы болады.

147. Біріктірілген үлгідегі сорғы станциясындағы су алу камераларының су қабылдау терезелерінің бекіткіштері авариялық жағдайларда терезелердің шұғыл жабылуын қамтамасыз етеді.

148. Есептік қысымы 1 МПа (10 кгс/см2) құбырларындағы сорғы станциясының машина залында болат ысырмалар орнатылады.

149. Сорғы агрегаттарын іске қосу және тоқтату айналымдық сумен жабдықтауды пайдалану жөніндегі жоба мен технологиялық регламенттің нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.

Агрегаттар жұмыс істеп тұрған кезде қорғағыш құрылғыларды ағытуға, жөндеу жүргізуге және қозғалып тұрған бөлікті қолмен тежеуге болмайды.

150. Автоматтық режимде жұмыс істеп тұрмаған сорғыларды оларға қызмет көрсетуге рұқсаты бар қызмет көрсетуші тұлғаның қадағалауынсыз қалдыруға болмайды.

Автоматтық режимде жұмыс істеп тұрған сорғыларды тексеру мерзімділігі айналымдық сумен жабдықтауды пайдалану жөніндегі технологиялық регламентте белгіленеді.

151. Барлық тиісті жұмыс режимінен ауытқушылар, сорғы станциясындағы ақаулар мен авариялар туралы аға ауысым тұлғасы бақылау тұлғаларын хабардар етеді.

152. Автоматты сорғы станцияларына қызмет көрсетуді станцияның жабдығын тексеретін тұлға тәулігіне кемінде бір рет (әрбір ауысымда) тексеріп, тексеріс жөнінде белгілеп журналда ескертулерін көрсетеді.

153. Сорғы станциясы қосалқы бөлшектермен, қосалқы пайдалану материалдарымен жарақталады.

154. Айналымдық сумен жабдықтаудың сорғы станциясының жабдығын жөндеу кезінде жетектердің электрлік сызбалары бөлшектенеді және іске қосу құрылғыларында «Іске қоспа, адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакаттар ілінеді.

155. Қалқыма сорғы станциясын суға түсіру жұмысты ұйымдастыру жобасы бойынша жүргізіледі.

156. Орнату орнына қалқыма сорғы станциясы бекітіледі және екі жақты желі немесе оны пайдалануды қамтамасыз ететін бөлімдермен радиобайланысы болады.

157. Қалқыма сорғы станциясы мен жаға арасындағы хабарлама қызмет көпіршесі арқылы жүзеге асырылады. Көпірше болмаған жағдайда жүзу құралы болады.

158. Қалқыма сорғы станциясының понтондары ағып кету жағдайына авариялық дыбыс және жарық дабылымен жарақталады. Понтонда креномер орнатылады.Понтонның крені сорғы агрегатының паспортында көрсетілген шамадан аспайды. Артық крен мен ағыс қалпына келтіріледі.

159. Қалқыма сорғы станциясына қызмет көрсетуші персонал құтқару жилеттерімен қамтамасыз етіледі. Сорғы станциясының бортында кемінде екі құтқару дөңгелегі болады.

160. Қалқыма сорғы қондырғысын пайдалану кезінде қысқы уақытта оны мұздың әсерінен қорғау үшін оның қаңқасының айналасында майна құрылып, орындалып отырады. Майнаны орындау тәсілі (су ағысы, ауаны қышқылдандыру және басқалары) немесе майнасыз жұмыс істеу мүмкіндігі технологиялық регламентте белгіленеді.

161. Қысқы уақытта қатып қалмау мақсатында құдықтарға орнатылатын желі арматурасы (өрт гидранттары, вантуздар, ысырмалар) жылумен қорғалады.

162. Қалқыма сорғы станциялары, понтондар үш жылда кемінде бір рет тексеріледі, жөндеу жүргізіледі және сырланады.

163. Жер бетіндегі төсемнің су тартқыны пайдалану барысында:

1) су тартқылардың тұнбалары мен өзгерістері және тірек құрылғыларының жай-күйі;

2) қабықшаның жай-күйі (оқшаулау немесе тоттануға қарсы сырлау);

3) жапсарлардың, жіктердің, ернемек қосқыштардың герметикалығы;

4) компенсаторлардың, құбыр арматураларының, вакуумның кедергі клапандарының жай-күйі мен жұмысы және басқалары бақыланады.

164. Жер асты су тартқының ақауларын анықтау үшін:

1) құбыр трассасындағы және оның айналасындағы топырақ төсемін;

2) әдеттегі құрғақ байқау құдықтарында, кюветтерде және трассаға жақын орларда судың пайда болуын;

3) қысқы уақытта трассада немесе оған жақын маңайда мұз қабаттарының пайда болуын;

4) байқау құдықтарында орнатылған манометр бойынша аралас учаскелердегі қысымның әр түрлілігін бақылайды.

165. Су тартқы желілерінің, құрылыстар мен олардағы жабдықтардың жай-күйін бақылау және оларға техникалық қызмет көрсету технологиялық регламентте белгіленген мерзімде жүргізіледі.

166. Металл және темірбетон су тартқыларының кезбе токтан тоттануынан бақылау жобада көрсетілген мерзімде және тәсілдермен жүргізіледі. Электрлік тоттануды анықтаған жағдайда құбырларды қорғау жөнінде техникалық шешім беру үшін жоба авторын немесе аттестатталған ұйымды шақырып, қысқа мерзім ішінде қорғау шаралары орындалады.

Төселген құбырларға жақын электрлік тұрақты ток желілерін жобалау ұйымының келісімінсіз салуға болмайды.

167. Барлық анықталған ақаулықтар мен оларды қалпына келтіру бойынша қабылданған шаралар туралы айналымдық сумен жабдықтау желілерінің құрылыстарын тексеру журналына жазылады.

168. Тексеру учаскесі жақын орналасқан телефоннан 1,5 км артық қашықтықта орналасқан жағдайда персонал тасымал рациямен немесе радиотелефонмен қамтамасыз етіледі.

169. Сорғы жабдығы мен қысымды су тартқыны күрделі жөндеуден өткізгеннен кейін пайдалануға бермес бұрын беріктік және тығыздық бойынша сынақтан өткізіледі.

7-бөлім. Байланыс, дабыл және жарықтандыру
170. Қалдық қоймасы технологиялық процестерді басқаруды, бақылауды және жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарымен және дабылмен жабдықталады.

171. Операторлар (жууды реттеушілер) мен қалдық қоймасының құрылысын аралап тексерушілер телефон, радиотелефон және радиобайланыспен жарақталады. Тасымал (жылжымалы) радиостанциялардың қызмет көрсету радиусы қалдық қоймасының кез келген нүктесінен диспетчермен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді.

172. Қалдық қоймасы құрылысындағы байланыс және дабыл жүйесінің жай-күйі авариялық жағдайлар туралы барлық объектілерге шұғыл қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

173. Тәулік бойы қызмет көрсетуді қажет ететін қалдық қоймасының барлық объектілерінің стационарлық электрлік жарықтандырғышы болады.

Жарықтандыру желілері үшін желі кернеуі 220 В жоғары болмаған жағдайда оқшаулағыш бейтарабы бар электр жүйесі қолданылады. ДКСТ шамдарын 380 В кернеуімен пайдалануға болады; стационарлық жарықтандыру қондырғылары үшін бейтарап жерге қосылған 6/0,4 кВт трансформаторларды пайдалануға болады.

Тәуліктің түнгі мезгілінде жұмыс істейтін кезекші персонал электр жарығы сөнген жағдайда аккумуляторлық шамдармен қамтамасыз етіледі.



174. Жұмыс және әкімшілік-тұрмыстық бөлмелердің жарықтандырғышы қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережесінің талаптарына сәйкес келеді. Аумақтарды, жолдарды, өту жолдары мен ашық алаңдардағы жұмыс орындарын тәуліктің түнгі мезгілінде жарықтандыру 1-кестеге сәйкес талаптарға сай болады.
1-кесте


Объект


Ең аз жарықтандыру, лк

Жарықтандыру нормаланған жазықтық

Ескертпе


1

2

3

4

Шаруашылық қажеттілік үшін жолдар, ғимараттарға кіреберістер

0,5


Өту жолы бөлігінің деңгейінде



Автокөлік пен құрылыс машиналарына арналған тұрақтар, жұмыс жүргізу аймағындағы жолдың аумағы

2


Жарықтандырылатын беттің деңгейінде


Жұмыс жүргізу аумағын фабриканың немесе цехтың техникалық басшысы белгілейді


Сатылар, жүруге арналған көпіршелер

3


Сол сияқты




Құрылым материалдарын, жабдықтар мен бөлшектерді тиеу және түсіру,

10


Көлденең


Жабдықты қабылдау және беру алаңдарында


Сол сияқты


10


Тік


Кранның барлық орналасу бойынан машинист жағындағы ілмегінде

Жұмысшылардың жылынуы үшін жиналу бөлмесі

10


Жалпы




Ордан басқа топырақты экскаватормен қазу

5


Көлденең


Кенжар сағасы деңгейінде


Сол сияқты

10

Тік

Кенжардың биіктігімен

Ор қазу

10

Көлденең

Ордың түбінің деңгейінде

Сол сияқты

10

Тік

Биіктігімен

Топырақты бульдозермен, сырмамен қазу және орнын ауыстыру, сырғымамен жұмыс

10


Көлденең


Қазылатын алаңның деңгейінде


Ұлпа өткізгішті төсеу және монтаждау

10


Көлденең


Ұлпа өткізгішті төсеу деңгейінде

Пайдалану кезіндегі жер бетіндегі ұлпа өткізгіш, қысымды ұлпа өткізгішті төсеу учаскесіндегі бөгеттер

05


Көлденең


Түнде жөндеу және тексеру үшін жылжымалы жарықтандыру құралдарын пайдалануға болады

Жуу картасы немесе аймағы


2-3


Көлденең


Ұлпа шығару және жуу картасының жоғарғы деңгейінде

Қалқыма ұлпа өткізгіш (оны пайдалану кезінде)


3


Көлденең


Қызмет көрсетуші тұлғаның өту деңгейінде

Жоғарғы баурайдың тұнба тоғанына қабысу учаскесіндегі бөгеттер (плотиналар)

0,05




Баурайдың жазықтығы бойынша


Су алу, қайта су беру және су жинау құрылыстары: пайдалану кезінде

Жұмыс істеу кезінде



2
30


Тік

Тік



Құдықтың үстіңгі бетінің деңгейінде

Жоғарғы жұмыс алаңының деңгейінен жұмыс істеу жазықтығына дейін




Балшық сорғыш көпіршесі

2

Көлденең


Көпірше деңгейінде

Тексеріс кезіндегі балшық сорғыш фрезасы

30


Тік


Фреза деңгейінде


Сыйымдылықтар мен құдықтың ішіндегі жұмыстар

30


Тік


Жұмыс істеудің барлық деңгейінде работ

Мұздағы жұмыстар

20

Көлденең


Жұмыс істеу аймағында



8-бөлім. Бақылау және байқау
175. Қалдық қоймасын авариясыз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қауіпсіздік өлшемдері әзірленеді және гидротехникалық құрылыстың жай-күйі көрсеткіштерінің мониторингі ұйымдастырылады.

Қалдық қоймасының жай-күйін бақылау және байқау олар тұрғызылған сәттен бастап ұйымдастырылады және барлық пайдалану мерзімі ішінде жалғасады.

176. Қоршау бөгеттері мен плотиналарының жай-күйін заттың өзіне қарап байқау оларға орнатылған бақылау өлшеу аспаптары пайдалана отырып, аспаппен бақылауды қамтиды.

Бақылау дайындықтан өткен және жинағышта жұмыс жүргізуге рұқсат алған бақылау тұлғасына жүктеледі.

177. Құрылыс класы мен байқау бағдарламасы (байқау құрамы, мерзімділігі, байқау және бақылау нәтижелерін өңдеу әдістері, байқау нүктелері, бақылау өлшеу аспаптары құрамы, бақыланатын өлшемдердің шекті рұқсат мәндері) жобада белгіленеді.

178. І, ІІ және ІІІ класты қалдық қоймаларында заттың өзіне қарап байқау (мониторинг) жүргізу үшін бақылау тұлғасын анықталған ақаулықтар туралы бақылау тұлғасын хабарлайтын затты байқау тобы (мониторинг қызметі) ұйымдастырылады және оларды жою бойынша шаралар қолданылмаған жағдайда ұйым басшысына хабарлайды.

Топтың құрамы мен саны байқау құрамына, көлеміне және мерзімділігіне байланысты болады және жобада белгіленеді.

Заттың өзіне қарап байқау арқылы құрылыстардың өлшемдері мен жай-күйінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бақыланады. Байқау нәтижелері тиісті байқау журналына (2-қосымша) жазылады.

179. Заттың өзіне қарап байқау:

1) бақыланатын өлшемдердің олардың шекті рұқсат мәндеріне сәйкестігіне тексеруді;

2) Бөгетті жууды тоқсан сайын бақылау журналын (2-қосымшаның 1 нысаны) толтыра отырып, толтыру және жуу технологиясын сақтауды бақылауды;

3) жууға берілетін ұлпалардың сипатын байқау журналын (2-қосымшаның 2-нысаны) толтыра отырып, жуылатын қалдықтардың сапасын геотехникалық бақылауды;

4) қалдық қоймасындағы жуылған қалдықтардың сапасын бақылау журналын (2-қосымшаның 3-нысаны) толтыра отырып, қалдық қоймасына келіп түсетін таза, дренаждық су мен қалдықтардың сапасын бақылауды;

5) пьезометрлердегі судың деңгейін байқау журналын (2-қосымшаның 4-нысаны) толтыра отырып, қалдық қоймасындағы су мен қалдықтардың деңгейін бақылауды;

6) көз арқылы байқау журналын (2-қосымшаның 5-нысаны) толтыра отырып, барлық құрылыс жүйелерінің жай-күйін бақылауды;

7) тігінен алмастыруды бақылау журналы мен көлденеңінен алмастыруды бақылау журналын (2-қосымшаның 6,7-нысандары) толтыра отырып, қоршалған құрылыстардың тігінен және көлденеңінен өзгеруін бақылауды;

8) Ұлпа өткізгіш қабырғаларының қалыңдығын өлшеу журналын (2-қосымшаның 8-нысаны) толтыра отырып, ұлпа қабырғаларының тозу дәрежесі мен футерлеудің жай-күйін бақылауды;

9) сүзбе су шығынының журналын (2-қосымшаның 9-нысаны) толтыра отырып, сүзбе режимін бақылауды;

10) жинағыштағы судың деңгейін бақылау журналын (2-қосымшаның 10-нысаны) толтыра отырып, қалдық қоймасындағы су теңгерімін бақылауды;

11) ұлпа шығарғыштардың жұмысын есепке алу журналын (2-қосымшаның 11-нысаны) толтыра отырып, негізгі ұлпаның сипатын бақылауды;

12) қалдық қоймасының қоршаған ортаға әсерін бақылауды қамтиды.

Заттың өзіне қарап байқау көзбен көру және аспаптық әдістермен жүргізіледі.

180. Көзбен байқау арқылы:

1) қалдық қоймасының негізі мен қалпын дайындау, пайдаланушы персоналдың күшімен орындалатын плотиналар мен бөгеттерді тұрғызу жөніндегі жұмыс жобасына сәйкестігі;

2) бөгет (плотина) баурайының, бермалар мен жоталардың және олардың жағадағы қабысу нүктелерінің (тұнбалардың, сызаттардың, жылжулардың, шөгінділердің, қалқымалардың, суффозионды және басқа теріс құбылыстардың болуы) жай-күйін;

3) дренаждық құрылғылардың жай-күйін (қысымның, лайланудың, тұнбалар мен дренаж трассасы бойынша топырақ ойылуының және судың шығуының болуы, батпақтану, құдық астауларының бұзылуы, дренаж немесе дренаждық шығарғыштардың қатуы және басқалары);

4) су қабылдау және су жинау құрылыстарының жай-күйін (құрылыс қабырғаларында сызаттар мен қуыс қаяулардың болуы, құрылыс қабырғаларының жапсарларының ағу, металл құрылымдардың тоттануы, тасқын суларын түсіруге құрылыстың дайындығы, су шығарғыштардың, қайта іске қосқыштардың, құбырлардың жай-күйі);

5) баурай бекіткіштерінің, бермалар мен арна қаптамаларының жай-күйін (қаптамалардың зақымдануы, олардың астынан шайындының болуы, жіктердің ажырауы, бітелуі және лайлануы);

6) тексеру үшін бақылау өлшеу аспаптары қол жетімді бөліктерінің жай-күйін – қақпақтардың, нөмірленудің, бастиектердің майысуының болуы және басқалары;

7) қалдық қоймасындағы су мен қалдық деңгейін;

8) аумақтың санитарлық жай-күйін бақылайды.

181. Көзбен байқау журналына құрылыстарды қарау және тексеру кезінде анықталған кемшіліктер туралы мәлімет жазылады.

Журналға қалдық қоймасының жоспары қоса беріледі, онда бұзылу сипаты мен күнін көрсете отырып, пайдалану барысында құрылыстың техникалық жай-күйінде олқылықтар пайда болған учаскелер жазылады. Анықталған ақауы бар орындар оларды оңай тауып алуға болатын белгілермен белгіленеді.

182. Көлденең дренаждарды қарау кезінде:

1) қаралатын құдықтар мен құбыр дренажы трассасының (құдықтарда қақпақтардың болуы, қабырғалардың бұзылуы, құдықтардың айналасына және дренаждың трассасы бойымен топырақ төсеу, құдықта бөгде заттар мен су қысымының болуы, сүзбе судың жер бетіне шығуы);

2) бетонның, жапсарлардың жай-күйі мен ашық дренаж астауларының перфорациясы, олардың бітелуі және тағы басқалары;

3) автоматты дренаждық сорғы станциясының жұмыс күйі (құдықтарда қысымның болуы, сорғы жабдығының жай-күйі мен басқалары) бақыланады.

183. Көзбен байқау кезінде қауіпті сипаты жоқ көрнекті өзгерістер анықталған жағдайда (шөгінділер, сызаттардың білінуі, дененің жекеленген учаскелерінің немесе бөгет негізінің бөлінуі) өзгеріс аймағында қосымша қабаттық таңбалар орнатылады және анықталған өзгеріс тұрақталғанға дейін немесе толығымен басылғанға дейін өткізілетін уақытша аспаппен байқау ұйымдастырылады. Бөгеттің қауіпті өзгерістерін анықтаған жағдайда оларды жою бойынша шаралар қолданылады.

184. Аспаппен байқау кезінде:

1) су өлшеу рейкасы нөлдігінің байламын ай сайын тексеру;

2) шөгінділерді және құрылыстар мен олардың негіздерінің бірігуін, сондай-ақ құрылыстардың геометриялық өлшемдерін мерзім сайын геодезиялық (маркшейдерлік) бақылау;

3) денедегі сүзбе судың деңгейі мен құрылыс негізіндегі жер асты суының деңгейін өлшеу жүргізіледі.

185. Аспаппен байқауды өлшенген шамаларды жобада берілген өлшемдермен және құрылысты қауіпсіз пайдалану талаптарымен салыстырып, деректерді дереу қалдық қоймасын пайдаланушы бөлімшеге жіберетін ұйымның мамандандырылған ұйымы (маркшейдерлік, гидрогеологиялық және басқалары) жүргізуге болады. Байқау нәтижелері бойынша анықталған жобадан ауытқушылықтар қалпына келтіріледі.

186. Геодезиялық (маркшейдерлік) бақылау:

1) орнатылған бақылау өлшеу аспаптары жоспарлы және биік қалпын геодезиялық өлшеуді;

2) шөгінділерді және құрылыстар мен олардың негіздерінің бірігуін, құрылыстардың геометриялық өлшемдерін мерзімді түрде өлшеуді;

3) қалдық қоймасының мерзімді топографиялық түсіруді қамтиды.

187. Геодезиялық (маркшейдерлік) өлшеу:

1) геодезиялық (маркшейдерлік) тірек желілеріне қатысты бөгеттер мен плотиналардың бақылау өлшеу аспаптары жоспарлы және биік қалпын геодезиялық өлшеуді (үш жылда кемінде бір рет);

2) тірек қада белгісіне қатысты су өлшеу рейкасының нөлдігін жыл сайын тексеруді;

3) үш жылда кемінде бір рет мемлекеттік геодезиялық желілерден тірек қадабелгілерін тексеруді;

4) жобаның талаптарына сәйкес шөгінділерді және құрылыстар мен олардың негіздерінің бірігуін өлшеуді;

5) жобаның талаптарына сәйкес қалдық қоймасының топографиялық түсірілімін орындау мерзімділігін қамтиды.

188. Жобада қарастырылған құрылыстардың сүзбе режимі мен мезгілдік қысымын байқау арқылы:

1) дене мен құрылысты қоршау негіздеріндегі және олардың жағамен қабысуындағы су деңгейінің орны;

2) құрылыс негіздеріндегі, жағамен және жапсарлас құрылыстармен жанасатын жерлеріндегі пьезометрлік қысым;

3) дренаждық желілердегі, дренаж бен дренаж коллекторынан шығару жолдарындағы сүзбе шығынының шамасы;

4) сүзбе ағысының дренаждық құрылғыға кіру немесе қоршалған бөгеттердің баурайларына шығу биіктігі;

5) ағыс жылдамдығы мен топырақты сүзбе ағысымен шығару;

6) химиялық құрамы мен сүзбе судың лайлануы;

7) топырақ суының деңгейі мен қалдық қоймасы аумағына жанасқан химиялық құрамы;

8) плотиналардың суға төзімді элементтеріндегі, сазды негіздер мен тірек призмасының денесіндегі мезгілдік қысымның шамасы белгіленеді.

189. Бөгеттер мен плотиналардың жекеленген учаскелерінің өсетін немесе өшпейтін өзгерістері аспаптық байқау арқылы анықталған жағдайда себебін анықтап, құрылыстың авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жобалау ұйымының өкілдері шақырылады.

190. Қалдық жуу қоймаларында алғашқы пайдаланған бес жылдан кейін және жылына кемінде бір рет тірек призмасының жобадағы шегінде 10 м сайын кеңейткеннен кейін тірек призмасына жуылған қалдықтардың физикалық-механикалық сипатының жоба талаптарына сәйкестігін куәландыру мақсатында инженерлік-геологиялық тексеріс жүргізіледі.

Егер алынған сипаттардың мәні жобада берілгеннен төмен болса, онда жобаны әзірлеген ұйымнан қалдық қоймасын одан әрі пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды алады.

Қалдық қоймасы бөгеттерінің тұрақтылығын тексеру қажеттілігін комиссия объектіні салуға (қайта құруға) жұмыс құжаттамасын әзірлеген ұйым мен қалдық қоймасының қауіпсіздігі туралы сараптау қорытындысын берген ұйым өкілдерінің қатысуымен анықтайды.

191. Қалдық қоймасының су астындағы бөлшектерінің құрамы, тексеру тәртібі мен мерзімділігі жобада анықталады және технологиялық регламентте көрсетіледі. Өзен мен су қоймасы жағасында орналасқан сорғы станциясын пайдалану кезінде су астындағы бөлшектерді тексеру жылына бір рет жүргізіледі. Жаңа су алу және су жіберу құрылыстарын қайта құру немесе салу кезінде тиісті шарттың негізінде жүргізілетін авторлық қадағалау жүзеге асырылады.

192. Қалдық қоймасының сыйымдылығын пайдалануды жылына кемінде бір рет тексеру үшін су бетіндегі және су астындағы қалдық қабаттарын геодезиялық түсіру және қалдық қоймасында жиналған қалдық пен судың көлемін анықтау жүргізіледі.

Жобалық толтыру кестесінен артық болған жағдайда жобаны әзірлеген ұйым қалдық қоймасын пайдалану мерзімі мен қосымша сыйымдылықты дер кезінде дайындау үшін оның кезегіне түзету енгізеді.

193. Қалдық құю қоймаларында төменгі бъефке қарай бөгетті толық биіктігімен кеңейту кезінде егер жобада қарастырылмаған болса, қалдықтарды жууды геотехникалық бақылау қажет емес. Тек қалдық қоймасын толтыру біркелкілігі, тұнба тоғанындағы судың деңгейі мен көлемі ғана бақыланады.

194. Заттың өзіне қарап байқау мен құрылыста болатын процестердің нәтижелерін талдау негізінде аспаппен байқау құрамы немесе мерзімділігін жобалау ұйымы немесе жобалау ұйымының келісімі бойынша пайдаланушы ұйым өзгертуі мүмкін.

195. Аспаппен өлшеу, геотехникалық бақылау, құрылыстарды тексеру мен қарау, авторлық қадағалау деректерінің, бақылау органының тексеру материалдары мен сараптау қорытындылары негізінде пайдалану қызметі жыл сайын қалдық қоймасының жай-күйі туралы техникалық есеп дайындайды, ал өзгерістер немесе толықтырулар енгізген жағдайда құрылыстың техникалық паспортына түзету енгізеді.

196. Жерасты суының ықтимал лайлануын және қалдық қоймасын жанаса орналасқан аумақты су басуды бағалау үшін кестеге сәйкес байқау желісі ұңғымасындағы судың деңгейін өлшеу және химиялық құрамына сынама алу жүргізіледі.

197. Жобалық жуу технологиясын сақтау:

1) негізгі және қатты құрамдас ұлпаның сипатын бақылауды;

2) ұлпа шығару диаметрі мен ұзындығының және олардың арасындағы адымның жобаға сәйкестігін бақылауды;

3) ұлпаны жуу картасына дұрыс беруді және жуылатын материалдың карта бетіне бөлінуін бақылауды;

4) жобада қабылданған жуу қарқынының, жуылатын қабаттың қалыңдығы мен жағада дем алу уақытын бақылауды;

5) жуылған жерде қазынды шұңқырлардың немесе ұсақ фракциялардың жиналуы мүмкін тұрып қалған аймақтардың түзілуін болдырмауды бақылауды қамтиды.

198. Жууға берілетін ұлпалар мен қалдықтардың сипатын бақылау шығындарды өлшеу, бір мезгілде жұмыс істеп тұрған барлық ұлпа шығарғыштардан сынама алу және талдау арқылы жүргізіледі.

199. Жуылған жағадағы ұлпадан, қалдықтардан сынама, сондай-ақ дренаждық коллектордан судың сынамасын звенода кемінде екі адам болған жағдайда ғана алуға болады.

200. Қалдық қоймасында бақылау байқауын және жуу кезінде өлшеу жүргізу үшін орналасу орны жобада анықталатын көлденең екі жақты қақпақ бекітіледі.

201. Тірек призмасында жуылған қалдықтардың мынадай сипаттары анықталуы тиіс:

1) түйіршік өлшемді құрамы;

2) құрғақ қалдықтардың тығыздығы;

3) табиғи ылғалдылығы;

4) қалдық бөлшектерінің тығыздығы.

Қандай бір сипаттарды анықтау қажеттілігі, сынау жиілігі жобада анықталады.

202. Жобада қарастырылған қалдық қоймасын байқаудан басқа жылына бір реттен кешіктірілмей:

1) тасқын барсында пайдалануға дайындығын тексеру мақсатында көктемде тасқын өтпес бұрын;

2) күзде қалыпты пайдалануға жай-күйі мен дайындығын тексеру мақсатында күзгі-қысқы маусымда комиссиялық тексеріске тартылады.

Комиссия ұйымның бұйрығымен тағайындалады, тексеріс нәтижелері актімен ресімделеді.

Комиссияның актісі бойынша бұйрық шығарылады, онда комиссия ұсынған іс-шараларды орындау мерзімдері көрсетіледі.

203. Техникалық есеп келесі жылдың бірінші тоқсанынан кешіктірілмей қалдық қоймасын салу (қайта құру) жобасын әзірлеген жобалау институтына жіберіледі, ол бір ай мерзім ішінде қалдық қоймасының жай-күйі туралы қорытынды мен оны одан әрі пайдалану туралы ұсыныстар береді.

204. Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау кезінде құрылыс салу кезінде мердігер құрылыс ұйымы орындаған журналдар мен байқау материалдары бақылау өлшеу аспаптарының атқару құжаттамасымен бірге акт бойынша пайдаланушы персоналға беріледі.

205. Құрылысты ауысым сайын тексеру жүктелген пайдаланушы персонал оның арасы 3 км артық болған жағдайда көлік құралымен қамтамасыз етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет