Техника негіздері



бет3/11
Дата27.09.2022
өлшемі0.81 Mb.
#461413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Микропроцессорлы техника негіздері

a

b

1.7 Сурет
Сезімтал осциллограф арқылы алынған диаграммада (1.7, b-суретті қара) екінші элементтің бір кірісіне сигналдың екі ЕМЕС элементінен өтуге кеткен 20 ns кідірісінің әсерінен осы элементтің шығысындағы сигнал құрамына бөгде теріс импульстің қосылғанын көреміз. Сигнал құрамындағы бұндай бөгде импульс осы сигналдың түсетін құрылғысының бағдарланған жұмысын бүлдіруі мүмкін, сондықтан бұндай жағдайдың болмауын қамтамасыз ету керек.
Элементтегі сигнал кідірісін ұтымды пайдалануға да болады. Мысалы, түймежинамның жеке түймесі арқылы өте қысқа (ұзақтығы 10 ns шамасындағы) жазу сигналын алу үшін 1.8-суретте көрсетілген екі элемент арқылы құрылған сұлбаны пайдалануға болады.





a

b

1.8 Сурет
1.2.2 Қиыстырма құрылғыларды құру тәртібі
Қиыстырма құрылғыларды құру келесі тәртіппен жүргізіледі:
 құрылғының мәтін түріндегі түсіндірмесінің негізінде оның ақиқаттық кестесі құрылады;
 құрылған кестедегі деректер негізінде құрылғының жұмысын суреттеуші логикалық өрнек жазылады;
 қажетті жағдайда алынған логикалық өрнек минимизацияланады;
 алынған өрнек құрылғыны құруға бағдарланған түпнегіздік жинаққа (core set) сай түрлендіріледі;
 ақырғы алынған өрнек негізінде түпнегіздік жинақтың элементтері арқылы құрылғының сұлбасы құрылады.
Құрылғыны құру тәртібінің бастапқы үш кезеңі бұрын (1.1.4-тарауда) қарастырылған болатын, сондықтан сонда алынған өрнек негізінде негізгі элементтер жинағының элементтері (ЕМЕС, НЕМЕСЕ, ЖӘНЕ) арқылы құрылғының сұлбасын құрамыз (1.9, a-суретті қара).





a

b

1.9 Сурет
Көптеген жағдайда құрылғының сұлбасын ЖӘНЕ-ЕМЕС элементтері-нің негізінде құру қажет болады. Бұндай жағдайда өрнек де Морган заңын пайдалану арқылы түрлендіріледі:

1.9, b-суретте құрылғының осы өрнек арқылы құрылған сұлбасы келті-рілген.
1.2.3 Қалыпты қиыстырма құрылғылар
Күрделі цифрлық құрылғылар әдетте, қалыпты қызмет атқарушы, жеке түрде құрылған қалыпты қызмет түйіндері арқылы құрылады. Цифрлық құрылғылардың қызмет буындары жалпы түрде: қиыстырма және тізбектеме түрлеріне бөлінеді. Осы тарауда қиыстырма түріндегі қалыпты қызмет буындарының құрылым принциптері мен жұмыс тәртібі қарастырылады.
1.2.3.1 Шифраторлар
Шифратор (Coder) – сигналға сәйкесті код қалыптастырушы құрылғы. Мысал ретінде сегіз кірісті (X7 … X0) шифратордың сұлбасын құру жолын қарастыралық. Кіріс саны сегіз болғандықтан, ол үшразрядты код (C2 … C0, CODE) қалыптастыру керек және кодтың қалыптасқанын жеке сигнал (O, OUT) арқылы құптауы керек (бұл сигнал қалыптасқан кодты қажетті жады буферіне жазып алуға пайдаланылады). Үлкен құрылымның құрамындағы жеке қызмет буындары әдетте, кезекпен істейді, бұл олардың іске қосу кірісіне сәйкесті деңгейлі сигнал жіберілуі арқылы жүзеге асырылады. Осындай іске қосу кірісі (I, IN) біздің құрастыратын шифраторда да ескерілгені дұрыс. Тағы бір ескеретін мәселе: қалыпты қызмет буындарының іске қосу кірісі мен құптау шығысындағы сигналдың жандандыру деңгейі, әдетте, төменгі (0) мәнінде алынады. Шифратордың информациялық кірістеріне түсетін сигналдардың да жандандыру деңгейі төменгі (0) мәнінде болғаны бұндай құрылғыны іс жүзінде құруға ыңғайлы болады.
Шифратордың келтірілген түсіндірме суреттемесі оның ақиқаттық кестесін құруға толық мәлімет береді, келтірілген түсіндірме мәліметтерінің негізінде сол кестені (1.8-кестені қара) құралық.
1.8 К е с т е

I

Xi

C2

C1

C0

O

0

0

0

0

0

0

1

0

0

1

0

2

0

1

0

0

3

0

1

1

0

4

1

0

0

0

5

1

0

1

0

6

1

1

0

0

7

1

1

1

0

1

x

0

0

0

1

Кесте деректерінің негізінде жазылған шифратор шығыстарының логикалық өрнектері:
;
;
;

.
Бұл өрнектер алдымен НЕМЕСЕ функциялары арқылы жазылып, сосын де Морган заңын пайдалану арқылы ЖӘНЕ-ЕМЕС функциясымен суреттелген түріне түрлендірілді; оған тағы бір себеп – ЖӘНЕ-ЕМЕС элементтерінің олардың ішкі құрылымына байланысты тез әрекеттілігі басқа элементтермен салыстырғанда жоғары болады.
1.10-суретте шифратордың жазылған өрнектер негізінде құрылған сұлбасы келтірілген. Шифратор сұлбада шартты сызба белгілемесімен (1.10, b-суретті қара) көрсетіледі, ал 1.10, c-суретте Electronics Workbench бағдарламасының мүмкіндігін пайдалану арқылы жүзеге асырылған алдыңғы жиналған сұлбаның біріктірілген жеке блок (Subcircuit) түріндегі суреттемесі келтірілген (оның сәйкесті шықпалары олардың келтірілген құрылым сұлбасындағы орналастырылым бағытына сай шығарылған).
Құрылған шифратордың айта кететін бір кемшілігі бар, оған екі сигнал қатар жіберілген жағдайда оның шығарған коды шым-шытырық бірдеңеге айналып кетеді. Осындай жағдайды болдырмас үшін шифратордың өндірісте шығарылатын микросұлбалары (мысалы, 74148 микросұлбасы), әдетте, мәртебелі түрде құрылады. Яғни олар түскен бірнеше сигналдың белгіленген мәртебесі жоғарғысының кодын шығарады да, қалғандарына көңіл бөлмейді.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет