Техникалық және кәсіптік білім Тіркеу № 2020 жыл Үлгілік оқу бағдарламасы


Oқу-далалық жиынының оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері. (ұлдарға арналған)



бет10/13
Дата14.09.2023
өлшемі80.87 Kb.
#477608
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
НВ и ТП Каз ОГН ЕМН 90 docx (1)

5.Oқу-далалық жиынының оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері. (ұлдарға арналған)



Бөлімдердің атауы

Бөлімдердің мазмұны

Оқыту нәтижелері

Бағалау критерийлері

1

Тактикалық дайындық

1) Әскери бөлімнің (бөлімшенің) қару-жарағы және әскери техникасы –Әскери бөлімнің (бөлімшенің) қарулануымен және әскери техникасымен, олардың атқаратын қызметтерімен, техникалық-тактикалық сипаттамаларымен танысу. Қарулану түрлері мен әскери техникаларды іс жүзінде көрсетуді;
2) Бөлімшенің ұрыстық және жорықтық орналасу тәртібі – Бөлімшенің ұрыстық және жорықтық орналасу тәртібі. Ұрыстағы сарбаздың міндеттері. Бөлімшені басқаруды;
3) Қорғанудың дербес құралдарын қолдануға жаттығу – Нормативтерді орындау: газтұмылдырықты кию, респираторды кию, «зақымдалушыға» газтұмылдырықты кигізу, жалпыәскери қорғаныс жабдығын кию. Дербес қобдиша және химиялық улануға қарсы пакет, олардың атқаратын қызметтері және пайдалану тәртібін;
4) Ұрыстағы сарбаздың әрекеттері – Сарбаздың ұрыс кезінде жаяу әрекет ете отырып қозғалу тәсілдері. Ядролық жарылыс кезіндегі әрекетті;
5) Қорғаныстағы сарбаз – Ату позициясына (атыс жүргізуге арналған орынға) орналасу. Оқпана қазу және оны бүркемелеу. Қарсылас ядролық қару қолданғанда, атысқа дайындық басталғанда, әуе қарсыласы туралы дабыл қағылғанда, радиоактивті, химиялық және бактериологиялық зақымдау туралы дабыл қағылғанда орындалатын әрекеттер. Қарсыластың танкілері мен жаяу әскерлері түрлі бағыттан шабуылдаған кезде тойтарыс беру. Әуе нысандары бойынша оқ атуды;
6) Шабуылдағы сарбаз – Шабуылға дайындалған кезде орындалатын әрекеттер. Жүріп келе жатып шабуылдау кезіндегі сарбаздың колоннада қозғалуы және бөлімшенің ұрыстық сапындағы өз орнын алуы. Өткелдердегі кедергілерден өту және шабуылдау. Траншеядағы жауды ату, граната лақтыру, қоян-қолтық ұрыс арқылы жою тәсілдері. Шабуыл кезінде радиоактивті (улаушы) заттармен зақымдалған жергілікті жерде әрекет етуді;
7) Бақылаушы сарбаз – Бақылау жүргізуге арналған орынды таңдау, оны жабдықтау және бүркемелеу. Нысандарды анықтау және бақылау нәтижелері туралы мәлімдеме жасау. Жергілікті жердің үлгісін құру және нысандарды үлгіде белгілеуді;
8) Шолушы сарбаз – Шолушы болып тағайындалған сарбаздың әрекеттері. Шолушылардың қозғалу, жергілікті жерді және заттарды шолу тәсілдері. Бақылау нәтижелері туралы мәлімдеуді қамтиды.

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қарулары мен әскери техникаларын білу.

1) Шетел және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қарулары мен әскери техникаларының сипаттарын салыстырады.
2) Жеке қорғаныс құралдары мен өз қаруларын қолданады.

2) Ұрыстың әр түрінде жауынгердің іс-әрекетін білу.

1) Жергілікті жерде жасырын жылжиды.
2)Оқпана қазып, жасырынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет