Техникалық және кәсіптік білім Тіркеу № 2020 жыл Үлгілік оқу бағдарламасы



бет1/13
Дата14.09.2023
өлшемі80.87 Kb.
#477608
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
НВ и ТП Каз ОГН ЕМН 90 docx (1)


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

Тіркеу № _____________


«____»__________2020 жыл


ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт/


жаратылыстану-математикалық бағыт)
негізгі орта білім базасында

Нұр-Сұлтан 2020


Бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағытындағы


жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінде
қаралды және ұсынылды
Хаттама № 2 « 03 » шілде 20 20 жыл
Бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды
Хаттама № 1 « 15 » шілде 20 20 жыл


Мазмұны





Атауы

Беті

1.


Түсіндірме жазба



4


2.


Пәннің тақырыптық жоспары





7


3.


Оқу-далалық жиынының тақырыптық жоспары



9


4.


Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері



10


5.


Оқу-далалық жиынының оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері





26


6.


Әдебиеттер мен оқу құралдарының тізімі



32




1. Түсіндірме жазба

Үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленген.


Ұсынылған әдебиеттер тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалған.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты жастарға ұйымдастыру және өткізу үшін негіз болып табылады:

1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы;

2) «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15725 болып тіркелген);


3) «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген).
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі орта кәсіби білім беретін оқу орындары (колледждер) мен кәсіби-техникалық мектептердегі әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушылардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.
Пәннің мақсаты – білім алушыға мемлекетті қорғау негіздері туралы ойының қалыптасуын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің арналуын және түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру, әскери қызметтің маңызын, Қазақстан Республикасының әр азаматының қасиетті парызы және міндетін оқыту.
Пәннің міндеттері:

  1. әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларының негізгі талаптары туралы білімін қалыптастыру;

  2. әскери бөлімдердің қару-жарағы мен әскери техникасы, жеке құрамның өмірі мен орналасуымен таныстыру;

  3. қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды ақпараттық технологияны пайдалана отырып робототехникада, дөңгелекті машиналарды жүргізудің негіздері және төтенше жағдайда адам өмірі қауіпсіздігі негіздерінде қалыптастыру;

  4. жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін дарытуға тәрбиелеу;

  5. әскери істерге байланысты мамандық кәсібіне оң көзқараста тәрбиелеу;

  6. оку пәні қазақстан әскерінің даму тарихымен танысу және оның бүгінгі жай- күйін оқу арқылы әскери тұрғыдан жігерлі, батыл, денсаулығы мықты, білімді тұлғаны дамытуға бағытталған.

  7. жеке қауіпсіздік және қоршаған ортаның қауіпсіздігі мәселелеріне саналы және жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру.

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінде теориялық сабақтармен қатар тәжірибелік сабақтар да қарастырылған. Теориялық сабақтарда әр түрлі дидактикалық көрнекі құралдармен түсіндіру сабақтары және жаңартылған әдістерді қолдану арқылы өткізіледі. Тәжірибелік сабақтарда әскери құралдар мен әскери-техникалық жабдықтарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізіледі.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні толық оқу жылында 90 сағат көлемінде оқытылады. (Оның 30 сағаты оқу-далалық жиынына берілген).
Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында ер балалармен 30 сағат көлеміндегі бес күндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны өткізіледі.
Ал қыз балалармен медициналық білім негіздері тарауы бойынша арнайы мамандармен 30 сағат көлемінде тәжірибелік сағаттар өткізіледі.
Оқу-дала жиыны курсы алғашқы әскери және технологиялық дайындық бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен бірлесіп ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының оқу сағаттарымен қамтамасыз етіледі.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында оқытушы-ұйымдастырушы мен қатысушы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары талаптарына сай жүргізілуі қажет.
Барлық жалпы білім беру мектептерінде меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша құралдар және жиһаздармен жабдықтау нормасына сәйкес көрнекіліктер, көрнекі үгіт-насихат стендтері және техникалық оқыту құралдарымен қамтамасыз етілуі үнемі жетілдіріліп отырады.
Кіріспе сабақты өткізу кезінде жастарды әскери қызметке даярлау және Қазақстан Республикасын қорғауға, алғашқы әскери дайындықтың оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін адамгершілік-жігер, психологиялық және денелік сапаларды жұмылдыра білу қажеттілігіне баса назар аударылады.
Алғашқы әскери дайындықты оқытушы-ұйымдастырушы әскери іс негіздерін оқыту үдерісінде жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау қажеттілігіне деген сенімділік, әскери қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыру тәрбиелеу мен оқытудың басты міндеттерін шешеді.
Әр сабақ сайын жастардың әскери анттың рөлі мен маңызын түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның дәстүрлері мен әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын дамытып, жастардың әскери білім алуларына деген ұмтылыстарын ынталандыру керек, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Әскери Күштердің тұрмыс-тіршіліктерін реттестіретін құжаттар жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау – әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.
Тактикалық дайындық бөлімі оқыту мен үйретудің негізін қалаушы тараулардың бірі болып табылады, ол алғашқы әскери дайындық бойынша оқу материалын кешенді оқытуды қамтамасыз етеді:
1) білім алушылар сабақ кезінде қаруды және қол гранаталарын қолдану техникасы бойынша дағдыларды нық игереді;
2) тактикалық дайындық бойынша практикалық сабақтар өткізу үшін винтовка, оқу автоматтары (пулеметтері), сондай-ақ оқу гранаталарының қалтасы болуы міндетті.
Атыс дайындығы бөлімі бойынша сабақ өткізу кезінде қару және оқ-дәрілерді қолданудың қауіпсіздік ережелеріне баса назар аударған дұрыс;
1) білім алушылар сабақ кезінде атыс қаруының құрылысы, оларды атуға даярлау мен ату, сондай-ақ қаруды күту және сақтау ережелерін игереді.
2) атыс дайындығы бойынша тәжірибелік сабақтар үшін АК-74 автоматы макеті, пневматикалық винтовка қарастырылуы қажет.
Саптық дайындық бөлімі бойынша сабақтар арнайы алаңда (плацта) өткізіледі:
1) практикалық сабақтарды өткізу кезінде оқушыларды үйрету әдістемесіне баса назар аударылады, оқытушының саптық тәсілді тұтас және бөлшектеп көрсетуі;
2) білім алушыларға сабақ міндетті түрде жаттығу реттінде қарастырылады.
Әскери топография бөлімінде оқушыларға басқа (бөтен) жерлерде картасыз бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды үйренеді, сонымен қатар қашықтықтан басқарылатын ұшу аппараттарымен алынған ақпараттарды пайдалануды оқыту.
Өмір қауіпсіздік негіздері және информациялық технологиялар дайындық бөлімінде азаматтық қорғаныс пен медициналық білім негіздері туралы қарастырады. Бұл тарауда Қазақстан Республикасы халықтарына террорлық, табиғи және техногенді апат және қауіп төнген жағдайдағы іс-шаралар ұйымдастыру туралы айтылады.
Технологиялық дайындық бөлімінде көлік құралдарын жүргізудегі жалпы ережелер, жол қозғалысына қатысушылардың міндеттері, реттеуші мен бағдаршам дыбыстары, жол белгілері, жол сызықтары мен олардың сипаты, қозғалыс жылдамдығы, әр түрлі жағдайда қозғалыс жасау. Жүк пен жолаушылар тасмалдау туралы айтылады.
Әр оқу орны алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнін жыл бойына өткізу үшін күнтізбелік тақырыптық жоспар әзірлейді.
Оқыту үдерісінде оқу пәндермен пәнаралық байланыс іске асырылады:
1) «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі»: сөз қорын алғашқы әскери және технологиялық дайындық саласына қатысты терминдермен толықтыру;
2) «Физика»: уақыт, кеңістік және материяның физикалық процесінің адам және қоғамға тигізетін әсерін білу;
3) «Биология»: адам гигиенасы және физиологиясын білу, сонымен қатар зиянды дағдылардың ағзаға тигізетін зияны туралы білімді қолдану;
4) «Химия»: уытты заттардың адам ағзасына тигізетін әсерін білу; әскери істе қолданылатын жарылғыш заттарды қолданғандағы қауіпсіздік тәртібін білу;
5) «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы»: отансүйгіштікті тәрбиелеу, Қазақстан халқының тарихы мен мәдениетіне деген құрметті тәрбиелеу, бір тарихи процес ретінде адамзаттың тарихын білу;
6) «Құқық негіздері»: мемлекеттің заң шығару негіздерін, Қазақстан азаматының құқығы мен міндеттерін білу;
7) «География»: бағыт тұстарын білу, түрлі белгілер және топографиялық карта бойынша жергілікті жерде бағдарлау біліктілігі, қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының аумағы мен шекараларын анықтау;
8) «Дене шынықтыру»: саптық жаттығуларды қолдану, граната лақтыру, кедергілер жолағынан өту;
9) «Информатика»: білім беру процесін сүйемелдеуде білім алушылардың білімінің сапасын арттыру мақсатында IT-технология білімін пәндік ақпараттық ортада моделдеу, құрастыру және талдау.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу бағдарламаларын құруда төмендегідей құқықтары бар:

  • оқытудың әртүрлі технологияларын, түрін, ұйымдастыру әдістері мен оқу процесін бақылау түрлерін таңдауға;

  • оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген сағат көлемінен);

  • оқу бағдарламасын оқуда оның ретін негіздеп өзгертуге.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет