Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау және өзіндік бағалау ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар



Дата08.07.2016
өлшемі318.92 Kb.
#185534
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау және өзіндік бағалау ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы


бақылау комитеті төрағасының міндетін
атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы
№ 1125 бұйрығымен бекітілген

1. Жалпы ережелер


1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға мемлекеттiк аттестаттау мен өзіндік бағалау ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар (бұдан әрi — Бағдарлама), «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына (бұдан әрi — Заң), «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына (бұдан әрi — Аттестаттау ережеcі), «Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымындағы №452 қаулысына (бұдан әрі- Лицензиялау ережесі), Бiлiм және ғылым министрі міндетін атқарушының 2008 жылғы 5 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзуді ұйымдастыру және өткізу туралы нұсқаулыққа (бұдан әрi — Нұсқаулық) және білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзiрленген.
2. Бағдарлама мен ұсынымдар меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға (бұдан әрi — білім беру ұйымдары) мемлекеттiк аттестаттау (бұдан әрi — Аттестаттау) және өзіндік бағалау өткiзу кезінде біріңғай тәсілді және оның ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау кезінде қажеттi құжаттар тiзбесiн анықтауға арналған.
3. Аттестаттау толығымен білім беру ұйымы бойынша және білім беру ұйымының мемлекеттік лицензиясына сәйкес білім беру қызметін жүргізуге құқығы бар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi білім кәсіптері (мамандықтары) к аудың алдында тиісті уәкілетті орган (бұдан әрі — уәкілетті орган) дайындық жұмыстарын жүргізеді. Білім беру ұйымын аттестаттау уәкілетті орган келесі күнтізбелік жылға бекітетін кестеге сәйкес жүргізіледі және ол білім беру ұйымына аттестаттау өткізуге дейін үш ай бұрын хабарланады (бұдан әрі — кесте).
6. Дайындық жұмыстары мынадай кезеңдерден тұрады:
1) білім беру ұйымын аттестаттаудың келесі күнтізбелік жылға арналған кестесін жасау;
2) кестеге енгізілген білім беру ұйымының өзіндік бағалау қорытындылары бойынша есебін қарау және сол бойынша қорытынды дайындау;
3) аттестаттау комиссиясының (бұдан әрi — Комиссия) құрамын құру білім беру ұйымдарының, сондай-ақ білім беру ұйымы қызметінің бейіні бойынша жұмыс беруші қауымдастықтар мен тапсырыс беруші кәсіпорындар өкілдерінің ресми ұсыныстары бойынша уәкілетті орган құрастырған «Сарапшылар жөнiндегi деректер базасынан» кандидатуралар қосу жолымен жүргізіледі.
Комиссияның құрамына кандидатураларды іріктеу бiлiм беру ұйымдарының бейiнi, мамандықтары бойынша жүзеге асырылады. Комиссия құрамына еңбегі сіңген педагог-еңбек ардагерлері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қосылуы мүмкін. Комиссияның төрағасы болып уәкілетті органның өкiлi тағайындалады.

3. Аттестаттауды өткiзу


7. Комиссия өз қызметiнде Казақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, бiлiм беру ұйымдарының қызметтерін регламенттейтін басқа да құжаттарды басшылыққа алады (осы Бағдарламаның 1- қосымшасы).
8. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау мынадай тәртiпте жүргізіледі:
Комиссия төрағасы:
1) сарапшыларды бiлiм беру ұйымдарының өзiндік бағалау материалдарымен және сол бойынша уәкілетті органның қорытындысымен таныстырады;
2) сарапшылардың арасында бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң нақты бағыттарын бағалау бойынша нақты тапсырмалар бөледi;
3) сарапшыларды осы Бағдарламамен, сондай-ақ бiлiм беру саласындағы қажеттi нормативтiк құқықтық актiлермен және басқа да құжаттармен қамтамасыз етедi;
4) бiлiм беру ұйымдарымен кешендi тестiлеудiң рәсiмдерiн және білім алушылардың білімдерін бақылаудың басқа да түрлерін жүргізуді келiседi;
5) Комиссияның жұмысын жалпы жоспарлауды және оған басшылық жасауды жүзеге асырады;
6) аттестаттау өткізу мәселесі жөнінде бiлiм беру ұйымдарының педагогикалық кеңесiнің кеңейтiлген отырыстарында Комиссия жұмысының жоспар-кестесiн және аттестаттаудың қорытындыларын ұжымның назарына жеткiзедi.
9. Комиссия мүшелерi:
1) аттестаттау өткiзу мәселелерi жөнiндегi бiлiм беру ұйымдары педагогикалық кеңестерінің кеңейтілген отырыстарының жұмыстарына қатысады;
2) бiлiм беру ұйымдарының оқу, оқу-өндірістік, материалдық-техникалық, әлеуметтiк базаларының (оқу ғимараттарын, зертханаларын, сыныптарын, өндірістік шеберханаларын, спорттық құрылыстарын және т.б.), әлеуметтiк қамтамасыз ету объектiлерiнің (медициналық пункт, асхана, жатақхана), кiтапханаларының, компьютерлiк сыныптарының ҚР МЖБС талаптарына, санитарлық және өртке қарсы күрес талаптарына сәйкестiгiн қарауды және бағалауды жүзеге асырады;
3) бөлiнген тапсырмаға сәйкес бiлiм беру ұйымдары қызметінің бағыттарын бағалайды және талдау жүргiзедi, бағалау қорытындылары бойынша анықтама әзірлейді.

4) оқу сабақтарына қатысуды; білім алушылармен, педагогикалық құраммен (бұдан әрі — ПҚ) әңгімелесуді жүзеге асырады;


5) бiтiрушi курстағы бiлiм алушыларды кешенді тестiлеуден өткiзедi (бақылау жұмыстары, шығармашылық тапсырмалар) және тестiлеу барысына бақылау жасайды;
6) бітіруші курстардың білім алушыларының білімдері мен дағдыларын бағалау (кешенді тестілеу, бақылау жұмыстары, шығармашылық тапсырмалар) нәтижелерін талдауды жүзеге асырады.
7) білім беру ұйымындағы білім алушылар мен педагогикалық қызметкерлер арасында ішінара сауалнама жүргiзедi, білім алушыларға, ПҚ-ға арналған сауалнамаларды өңдейді және сауалнама нәтижелеріне талдау жасайды.
10. Бітіруші курстарда білім алушылардың білімдері мен дағдыларын бағалау үшін білім беру ұйымының әдістемелік комиссиялары (бұдан әрі — ӘК) кәсіптік пәндер бойынша ҚР МЖБС-ның уәкілетті орган бекітетін 2-4 пәнінің тізбес ұсынылады. Қажет болған жағдайда ӘК-ның ұсынысы бойынша пәндер тізбесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.

4. Кешендi тестiлеудi ұйымдастыру және өткiзу


11. Білім беру ұйымын аттестаттау кезiнде комиссия күндiзгi оқыту нысанындағы (керек болған жағдайда сыртттай оқыту нысанындағы) бітіруші курс білім алушыларына кешенді тестілеу өткізеді.
12. Білім беру ұйымындағы білім алушыларды тестілеу Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі — ҰТО) әзірлеген тестілеу технологиясы бойынша өтеді.
13. Бiлiм беру ұйымы тестiлеуді өткізу үшiн:
1) оқу аудиторияларын дайындауды жүргізеді;
2) Комиссия жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
14. Тестілеуді өткізу үшін пәндер саны 2-ден кем емес, бірақ 4-тен артық болмауы тиіс. Тест тапсырмаларының жалпы саны — 120. Бiр тестік тапсырманы орындауға 1,5 минут есебiмен уақыт бөлінедi.
15. Тестiлеудiң нәтижелерi мамандық (кәсіп) бойынша «Бiтiрушi курс білім алушыларын тестiлеудiң нәтижелерi» ведомосы түрiнде берiледi.
16. Комиссия төрағасы бiлiм беру ұйымының басшысымен бiрлесе отырып, аттестаттау басталғанға дейін 5 күн қалғанда бiлiм алушыларды тестiлеу кестесiн келiседi.
17. Білім алушыларды тестiлеуді тiкелей комиссия мүшелерi жүзеге асырады. Комиссия төрағасы мен мүшелерi оқу кабинеттеріндегі тәртiптi қамтамасыз етедi.
18. Комиссия төрағасы тестiлеу күнi:
1) Комиссия мүшелерiн аудиторияларға бекітеді.
2) тестiлеу рәсімін бақылайды;
3) тәртiп бұзушылықтар анықталған жағдайда шұғыл шешiм қабылдайды.
19. Тестілеуге қатысатын білім алушылардың тiзiмiне сәйкес тестiлеуге қатысқандар мен келмегендердiң нақты саны анықталады.

Тестілеуге қатысуға тиісті білім алушылардың жалпы санының 95%-ы қатысқан кезде ғана тестілеу жүргiзiледi. Олай болмаған жағдайда, тестілеу аттестаттаудың келесі күніне ауыстырылады.


Тестіленетін білім алушылардың жалпы санының 5%-нан көбi тестілеуге қайта себепсiз келмеген жағдайда, оларға емтихан ведомосына «0» балл қойылады.
20. Тестілеуге келген білім алушылардың өздерімен бірге жеке куәлігі, білім алушы билеті немесе жеке тұлғаны растайтын басқа да құжаттары болуы тиіс.
21. Тест материалдарының пакетi тест өткізу кестесіне сәйкес уақытта Комиссия мүшесінің, білім беру ұйымы өкілінің қатысуымен ашылады.

Әрбір білім алушы тест материалдарының жинағын (жауап парағы мен сұрақ кiтапшасы) алады.


22. Тестілеу нәтижелерін өңдеу Комиссия төрағасы мен мүшелерінің және білім беру ұйымы өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
23. Кәсіп (мамандық) бойынша бiтiрушi курс білім алушыларының тестiлеу қортындыларын «Бiтiрушi курс білім алушыларын тестiлеудiң нәтижелерi» ведомстары (бұдан әрi — тестiлеудiң нәтижелерi) 2 данада (біріншісі — комиссия үшiн, екіншісі — білім беру ұйымы үшiн) берiледi.

Тестiлеу қортындылары ведомостарының бiр данасы міндетті түрде уәкілетті органға берiледi.

Бiтiрушi курс білім алушыларын тестiлеу қорытындылары ведомостарында оқыту тiлiне және нысанына қарамастан әр кәсіп (мамандық) бойынша оң бағалардың жалпы пайызы көрсетiлуi керек.
Барлық ведомостарға комиссия төрағасы мен комиссия мүшесi қол қояды.
24. Тестiлеудiң және бiлiмдi бақылаудың басқа да нысандарының нәтижелерi емтихан ведомостары түрiнде бiлiм беру ұйымының басшысына берiледi.
25. Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттаудың қорытындыларын (бұдан әрі — Қорытынды) аттесттаттау нәтижелері туралы анықтамалар негізінде кәсіп (мамандықтар) бойынша 2 данада комиссия төрағасы жасайды.
Аттестаттау нәтижелері Қорытындысының бiр данасы мiндеттi түрде уәкілетті органға тапсырылады.

Кәсіптер (мамандықтар) бойынша анықтамаларды жауапты комиссия мүшелерi дайындайды және қол қояды, оған осы Бағдарламада қарастырылған барлық бөлiмдер енгiзіледі.


26. Қорытындыға Комиссия төрағасы және барлық комиссия мүшелерi қолдарын қояды және танысып қол қою үшiн бiлiм беру ұйымының бiрiншi басшысына ұсынылады.

Қорытындының бiр данасы бiлiм беру ұйымының бірінші басшысына берiледi.


27. Қорытындыға кесте түрiндегі мынадай Қосымшалар қоса беріледі:
1-Қ. Білім беру ұйымы қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi;
2-Қ. Оқу және өндірістік бөлiмшелерiнiң құрылымы;
3-Қ. Білім беру ұйымы басшылығының құрамы туралы мәлiмет;
4-Қ. Оқу жылындағы күндізгі, сырттай, кешкі оқыту түрлері, экстернат және оқу тілі бойынша білім алушылардың контингентi туралы мәлiметтер;
5-Қ. Педагогикалық (инженерлік) кадрлар мен штаттық құрам жөніндегі мәліметтер;
6-Қ. Білім беру ұйымының кәсіптер (мамандықтар) бойынша қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi;
7-Қ. Комиссия мүшелері қатысқан сабақтарды талдау;
8-Қ. Бiтiрушi курс білім алушыларын тестiлеудiң нәтижелерi;
9-Қ. Оқу-тәрбие және оқу-өндірістік процестерді жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын орын-жайлар мен ғимараттар туралы мәлiметтер;
10-Қ. Оқу-тәрбие процесiнiң мамандандырылған және зертханалық жабдықтармен, оқытудың жаңа құралдарымен қамтамасыз етiлуi туралы мәлiметтер.
Құрылтайшылық құжаттардың көшiрмесi, лицензия және лицензияға қосымшалар; Қорытындыда келтiрiлген мәлiметтерді растайтын басқа да құжаттардың көшiрмелерi қоса берiледi.

5. «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау қорытындыларының» құрылымы мен мазмұны



5.1 Бiлiм беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы
28. Бөлiмде білім беру ұйымының қысқаша сипаттамасы беріледі. Білім беру ұйымының тарихы және құрылу уақыты жөніндегі; лицензиясына (қосымшасының көшірмесіне) сәйкес іске асырылатын мамандықтар (кәсіптер) туралы ақпараттар енгізіледі. Құрылымдық бөлімшелер туралы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау, жетілдіру, білім беру ұйымдарын басқарудың әдістері жөнінде, оның қызметі жөнінде мәліметтер келтіріледі.
Білім беру ұйымында мемлекеттік тілде мамандар (қызметкерлер) даярлау бойынша, Мемлекеттік білім беру бағдарламаларын іске асыру, тілдердің қызмет етуі және дамуы жөнінде, Қазақстан Республикасындағы дене тәрбиесі мен спорттың дамуы бойынша қабылданған шараларға сараптау жүргізіледі.
29. Білім беру ұйымы Комиссияға мынадай материалдарды (бұдан әрі — материалдар) ұсынады: құрылтайшылық құжаттар және ұйым қызметінің iшкi тәртiптерін регламенттейтін құжаттар, басқару құжаттары, оның iшiнде:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу/қайта тiркеу туралы куәлiк (бiлiм беру ұйымдарының толық атауы, құрылған жылы, заңды мекен-жайы, электрондық адресi, телефоны, факсi);
2) статистикалық карта;
3) құрылтайшылық шарт, бiлiм беру ұйымының Жарғысы;
4) бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берілген лицензия (лицензияның нөмiрi, берiлген күні) және оның қосымшалары;
5) оқу процесі үшiн отырған орын-жайға жекеменшiк немесе заңды тұлғаның жылжымайтын мүлiктi жедел/сенiмдi басқару құқығын, арендаға/жалға алуын растайтын құжаттар; ғимараттардың техникалық паспорты және схема-жоспары;
6) бiлiм беру процесі үшiн орын-жайды пайдалануға берген мемлекеттiк өртке қарсы және санитарлық эпидемиологиялық қызметтердiң қорытындылары мен анықтамалары;
7) медициналық қызмет көрсету және тамақтандыру пунктерімен қамтамасыз етілуін растайтын құжаттар;
8) кiтапхана қорының оқу, оқу-әдiстемелiк әдебиеттермен (оның iшiнде орта оқу орынынан кейінгі білім беру ұйымдарынына арналған электрондық және магниттiк тасымалдағыштардағы оқу-әдiстемелiк әдебиеттер) қамтамасыз етiлуiн растайтын құжаттар;
9) бiлiм беру ұйымының құрылымы және құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелер;
10) бiлiм беру ұйымы дамуының алдағы жоспарлары;
11) соңғы үш жылдағы сабақ кестелерi;
12) iстер номенклатурасы;
13) қызметкерлер мен педагогикалық кадрлардың штаттық кестесi мен лауазымдық нұсқаулықтары;
14) оқу процесін ұйымдастыру жөнiндегi iшкi басқару құжаттары, ережелер, регламенттер;
15) педагогикалық кеңестiң, пәндер циклдер комиссиясының және өзге де құрылымдық бөлімшелердің жұмыс жоспарлары мен отырыстарының хаттамалары, басқа да жоспарланатын құжаттамалар;
16) оқыту түрлері және оқу тілі бойынша мамандықтар бөлісіндегі білім алушылар контингентi туралы (мемлекеттік тапсырыс, бюджет,және ақылы негiзде, мемлекеттiк тiлде оқитын білім алушылар үлесi жөнiндегі, бітірушілер санының өнерлеудегі білікті қызметкерлер мен мамандар саласындағы қажеттіліктер арақатынасы) соңғы үш жылдағы мәлiметтер;
17) соңғы 3 жылдағы қабылдау жөнiндегi құжаттар, қабылдау комиссиясының отырыс хаттамалары және есептерi, талапкерлердiң бiлiмiн бақылаудың нысандары бойынша мәлiметтер, білім алушылардың жеке iстерi, қабылдау туралы бұйрықтар, кәсiптiк бағдар беру жұмыстары туралы мәлiметтер;
18) қатаң есептегi құжаттарды есепке алу және беру туралы мәлiметтер (Дипломдардың бланкілерiн беру және есепке алу кiтабы, Академиялық анықтама бланкілерiнің шығысы мен кiрiсiн есепке алу кiтабы, біліктілік беру туралы куәлік);
19) соңғы 3 жылдағы статистикалық есептіліктің формалары;
20) басқа да құжаттар.

5.2 Кадрлық әлеуетті талдау


30. Бөлiмде соңғы 3 жылда мынадай мәлiметтер мен талдаулар келтіріледі:
1) жұмыс шарттары мен жұмыспен қамтылуы көрсетiлген жеке еңбек шарттары мен келiсiм-шарттар жасасқан қызметкерлер мен ПҚ — ның жалпы саны; оқытушылардың орташа жасы;
2) толық және одан жоғары педагогикалық ставкада жұмыс iстейтiн ПҚ-ның; қосалқы штатта қызмет ететін 0,5-0,25 және одан да төмен ставкадағы ПҚ-ның штаттық саны;
3) пайыздық қатынастағы және орташа жастағы штаттағы ПҚ-ның үлесi;
4) жоғары және бірінші санатты (орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін ғылыми академиялық дәрежелі) штаттық оқытушылардың ПҚ-ның жалпы санынан пайыздық үлесi;
5) мемлекеттiк тiлде сабақ жүргiзетiн оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің (бұдан әрі — ӨОШ) саны;
6) соңғы 3 жылда біліктілік арттыру курстарынан өткен оқытушылар саны;
7) базалық бiлiмдерi жоқ оқытушылар мен ОӨШ — лардың саны;
8) «Үздік педагог» атағының (грантының), мемлекеттік стипендияның иегерлері;
9) ОҚ- ны аттестаттау (кезеңділіктің сақталуы, аттестатау комисиясының құрамы туралы бұйрықтар, отырыс хаттамалары, аттестаттау комиссиясы қабылдаған шешімдердің шынайылығы, категорияларды беру жөніндегі бұйрықтар және т.б.).
10) 5-6 разрядтағы ӨОШ-лар саны.
31. ОҚ және ӨОШ-лардың, қызметкерлерді iрiктеу және орналастырудың, оларды даярлау мен қайта даярлаудың қолданылатын жүйесiнiң ұтымдылығына және тиiмдiлiгiне талдау жасалады. Соңғы үш жылда кадрлардың жұмысты ауыстыру және тұрақтамауы, алған қызметтiк марапаттаулары мен ескертпелерi, оларды моральдық және материалдық ынталандыру жөнiндегі мәлiметтердi талдау. Ұйымдастыру, бақылау және орындауды тексеруді жетілдіру, еңбек және орындаушылық тәртіпті, салауатты моральдық-психологиялық ахуалды қолдау жөнінде білім беру ұйымының қызметiне сипаттама берiледi. Соңғы үш жылдағы штаттағы оқытушылардың сапалық және сандық көрсеткіштерінің динамикасы сарапталады.
32. Комиссия мынадай материалдарды қарастырады:
1) штаттық кесте;
2) ғылыми, академиялық дәрежесi (орта бiлiмнен кейінгі білім беру ұйымдары бойынша), құрметтi атағы, мамандандырылуы, өтілі, оқытатын пәнi, орындайтын жүктемесi көрсетiлген ПҚ-ның және ӨОШ-нің тiзiмi (тұтастай білім беру ұйымдары және құрылымдық бөлімшелер бойынша),;
3) білім беру ұйымының құрылымы мен құрылымдық бөлімшелері туралы ереже, ішкі тәртіп, қызметкерлер мен оқытушылардың лауазымдық нұсқаулықтары;
4) оқытушылармен және қызметкерлердiң жеке iстерi (кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке парағы, жеке параққа қосымша, арызы, өмірбаяны, жеке еңбек шарты (келiсiмшарты), бiлiмi туралы, ғылыми дәрежесi, құрметті атағын беру туралы дипломның куәландырылған көшiрмелерi, жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың көшiрмесi, аттестаттау парағы, бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан өткендiгi туралы сертификаттың (куәлiктiң) көшiрмесi, еңбек кiтапшасы немесе нотариалды куәландырылған еңбек кiтапшасының көшiрмесi, басқа да құжаттардың көшiрмелерi; құжаттардың тiзбесi);
5) ағымдағы қызметi жөніндегі, ПҚ бойынша, жеке құрам бойынша бұйрықтар;
6) тарификациялық ведомостар, оқытушылардың жеке жоспарлары, сабақ кестелерi, оқу жүктемесiн орындау журналдары, өзара ауысым журналы;
7) педагогикалық кеңес отырыстарының жұмыс жоспарлары мен хаттамалары.

5.3 Білім алушылардың контингенті


33. Бұл бөлімде мынадай көрсеткіштер келтіріледі: білім алушылардың жалпы саны, контингентті қабылдау, оның қозғалысы, бітіруі.
Мынадай материалдар талданады:
1) ақылы негізде білім алушылармен келіс шарттың болуы оқу үшін төлемақы құны және кәсіптер (мамандықтар) мен оқыту нысандары бөлінісінде мамандарды даярлауға кететін шығыстар;
2) білім алушылар контингентінің сандық құрамы, бір білім алушыға келетін оқу алаңының санитарлық нормаларға сәйкестігі;
3) кәсіптерге (мамандықтарға) байланысты бір оқытушыға есептегендегі білім алушылар контингентінің сандық құрамы;
4) оқу топтарының толымдылығы;
5) үлгерімді ағымдық бақылау, аралық аттестаттау, межелік бақылау және қорытынды мемлекеттік аттестаттау;
6) стипендияның аударылуы және курстан курсқа көшіру;
7) оқу орнына қабылдау және есепке алу;
8) білім алушылар контингентінің қозғалысы;
9) мамандардың бітіріп шығуы.
Осы ретте мынадай құжаттарға талдау жасалады:
1) белгіленген талаптарға сәйкес рәсімделген білім алушылардың жеке істері (өтініші, негізгі орта білім туралы куәліктің түпнұсқасы немесе жалпы орта білім туралы аттестат, білімі туралы мемлекеттік үлгідегі басқа да құжаттар), есепке алынғаны туралы бұйрықтың көшірмесі, фотосуреттері, 086-үлгісіндегі медициналық анықтама);
2) білім алушылар контингенті бойынша білім алушыларды есепке алу, оларды ауыстыру, қайта қабылдау, оқудан шығару, академиялық демалыс беру туралы бұйрықтар;

бұйрықтардың оқу орнының статистикалық есебіне сәйкестігі;


3) қабылдау комиссияларының соңғы 3 жылдық отырыс хаттамалары мен есептері;
4) тіркеу журналдарының қатаң есептегi құжаттарды беру және есепке алу туралы мәлiметтермен сәйкестігі, белгіленген талаптар бойынша білім алушыларды ауыстыру, қайта қабылдау туралы бұйрықтардың білім беру ұйымының статистикалық есебіне сәйкестігі.
34. Комиссия мына материалдарды қарайды: білім беру ұйымының бітірушілерге беретін құжаттарының үлгісі, атауыштық кітап, тіркеу кітабы және дипломдар мен қосымшалар бланкілерін беру және т.б..

5.4. Оқу-әдістемелік жұмыстар. Педагогикалық жүктеме


35. Бөлімде мыналар:
1) оқу-әдістемелік құжаттардың:мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (бұдан әрі — МЖБС), типтік және оқу жұмыс жоспарларының болуы;
2) кәсіптердің (мамандықтардың) типтік және оқу жұмыс жоспарларының, типтік және оқу жұмыс бағдарламаларының, оқу-тәрбие процессін әдістемелік қамтамасыз етудің, білім алушыларға ең көп оқу жүктемесінің МЖБС-ға және мамандар даярлауға қойылатын казіргі заман талаптарына сәйкестігі; бағдарламаны игерудің нормативтік мерзімдерінің қадағалануы;
3) оқу жұмыс бағдарламаларын, білім алушылардың оқу қызметі түрлері бойынша әдістемелік әзірлемелер мен нұсқаулар дайындаудың сапасына сәйкестігі;

4) қазіргі заман педагогикалық технологиялармен оқыту әдістерінің, білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру шараларының енгізілуі; жеке дайындықты ұйымдастыру және оның сапасы;


5) әдістемелік семинарлар, үйірмелер, ашық сабақтар ұйымдастыру;
6) мамандар даярлаудың оқу жоспары мен бағдарламаларын жасауға кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалар мен тапсырыс берушілердің қатысуы;
7) мемлекеттік тілде оқу-тәрбие процесі мен оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;
8) білім алушылардың жеке дайындығын күшейту;
9) білім беру ұйымы оқытушыларының соңғы үш жылдағы баспадан шыққан, оның ішінде мемлекеттік тілдегі оқулықтардың, оқу және әдістемелік құралдардың, оқу-әдістемелік әзірлемелердің саны;
10) білім алушыларға аралық, ағымдық және қорытынды бақылауларды; тестілік түрдегі бақылауды ұйымдастыру сапасы;
11) курстары және оқыту түрлері мен оқу тілі бойынша білім алушылардың үлгірімі және сессия нәтижелері;
12) оқу — өндірістік және диплом алдындағы практикаларды ұйымдастыру мен жүргізу, олардың мамандар даярлаудың мақсаты мен түсініктемелеріне сәйкестігі; практика базалары ретінде анықталған базаларменшартын болуы;
13) кәсіптер (мамандықтар) бойынша бітірушілерге сұраныстың деңгейі бойынша талдау жүргізіліп, ұсыныстар мен шешімдер қабылданады.
Осы бөлімде соңғы үш жылға талдау жасалады, ОҚ педагогикалық жүктемесі бойынша ұсыныстар айтылып, шешімдер қабылданады:
1) оқу жұмыстарының түрлері бойынша уақыт нормалары: теориялық және практикалық сабақтар, лабораториялық жұмыстар, емтихандар алу, жазбаша бақылау жұмыстарын тексеру;
2) топтар бойынша оқу жұмыстарының түрлерін жоспарлау тәртібі;
3) ОҚ-ның оқу жүктемесін жоспарлау, сабақ кестесінің жасалуына және оның ҚР МЖМБС-ының талаптарына сәйкестігі, кестенің тұрақтылығы мен оның орындалуы;
4) оқу жүктемесін жоспарлау және орындау, оқу сабақтарының жүргізілу деңгейі, сапасы және уақытылығы; орындалған жұмыстардың және оқу жүктемесін бөлудің оқытушылардың біліктілігіне сәйкестігі.
36. Комиссия төмендегідей материалдарды қарастырады:
1) оқу процесін ұйымдастыру бойынша өкімдік құжаттар;
2) МЖБС, типтік және оқу жұмыс жоспарлары, оқу процесі кестелері және сабақ кестелерін;
3) оқытушылардың әзірлеген оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары, әдістемелік ұсынымдар мен әзірлемелер, оның ішінде мемлекеттік тілдегілері;
4) болашақтағы және ағымдық жұмыс жоспарлары, жылдық есептер, құрылымдық бөлімшелердің мәжіліс хаттамалары, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің жеке жоспарлары, оқытушылардың болашақ тақырыптық жоспарлары; журналдар: қатысу және үлгерім журналы, теориялық және өндірістік оқытуға, зертханалық сабақтарға бөлінген сағаттарды есепке алу журналы, ПҚ сабақтарын ауыстыру журналдары, өзара сабаққа қатысу, қосымша сабақ және консультация журналдары;
5) әдістемелік комиссиялардың есептері;
6) емтихандық сессиялардағы сынақтардың, емтихандардың жиынтық ведомостары, емтихан ведомостарын/жолдамаларын тіркеу журналдары, емтихан билеттері/тесттері; бақылау нәтижелері бойынша кафедралардың, факультеттердің есептері;
7) тәжірибе бағдарламалары, мамандықтарға сәйкес тәжірибе базаларымен шарттар және оларға студенттерді бекіту туралы бұйрықтар; білім алушылардың күнделіктері мен есептері, тәжірибенің аяқталуы бойынша конференциялар мен аттестаттаулардың қорытынды хаттамалары;
8) әліпбилік кітап, соңғы үш жылғы куәліктер, дипломдар мен оған қосымшалар беру кітабы (білім беру ұйымына қабылдау және оқу бітіруіне байланысты шығару туралы бұйрықтарды салыстыру мақсатында);
9) оқыту түрлері бойынша соңғы үш жылғы бітірушілердің жұмысқа орналасу журналы; мамандар даярлаудың сапасы туралы кәсіпорынның, мекемелердің, ұйымдардың пікірлері.

5.5. Оқу-тәрбие жұмыстары


37. Бөлімде мынадай мәліметтер келтіріледі:
1) білім беру ұйымындағы құқықтық тәрбие, тәрбие процесін құқықтық әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;
2) педагогикалық кеңестің, басшылықтың, сынап жетекшілері кеңесінің отырыстарында тәрбие жұмысы (бұдан әрі — ТЖ) мәселелерінің қаралуы, олардың нәтижелілігі; тәрбие жұмысының мазмұны, нысаны және әдістері;
3) оқушы жастар ұйымы, оқушылардың өзін өзі басқару жұмыстарының болуы және тиімділігі;
4) сынап жетекшілері кеңесі жұмыстарының жоспары және тиімділігі, ӨОШ-нің кәмелет жасына толмаған білім алушылармен, қиын жасөспірімдермен олардың ата-аналарымен жұмысы, білім алушылардың құқықтық тәрбиесі, кітапхананың ТЖ.
5) қызметтің әр саласында (оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстар; қызығушылығы бойынша қоғамдардың және үйірмелердің, спорт секцияларының, көркемөнерпаздық) білім алушылар тұлғасының өзін-өзі іске асыруы үшін жасалатын жағдайлар;
6) білім алушылардың республикалық және жергілікті жастар ұйымдарына қатысуы; олимпиадаларды, жобаларды, конкурстарды, акцияларды спорттық жарыстарды ұйымдастыруы және қатысуы;
7) білім беру ұйымының кеңістіктік-бұйымдық ортасын рәсімдеу (мемлекеттік рәміздер, тақырыптық стендтер);
8) АҚТҚ-тың және нашақорлықтың алдын алу жөнінде білім беру ұйымының, кураторлар кеңесінің және студенттік өзін-өзі басқару қызметін: медицина қызметкерлерін тарту арқылы спорттық-денсаулық сауықтыру (жарыстық) және шығармашылық шаралар, студенттік акциялар, пікіралысулар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, кинокөрсетулер, нашақорлықа тәуелділіктен арылғандар және наркодиспансер мамандарымен кездесулер;
9) спорттық-сауықтыру жұмыстарының жағдайы;
10) әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмыстарының жағдайы;
11) ұлтжандылық тәрбие жұмыстарының жағдайы.
38. Комиссияға мынадай материалдар ұсынылады:
1) білім беру ұйымы мен оның құрылымдық бөлімшелерінің ТЖ бойынша жоспарлары және есептері; құқықбұзушылықтардың, АҚТҚ-тың, нашақорлықтың, діни экстремизм, терроризмнің алдын алу жөніндегі шаралардың тізімі;
2) класс жетекшілері мен ӨОШ-нің бірлескен жұмыс жоспарлары, жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмыс жоспарлары;
3) қоғам, үйірмелер жұмысының жоспарлары мен есептері; спорттық-сауықтыру жұмыстары;
4) өткізілген шаралардың бағдарламалары мен материалдары;
5) әлеуметтік-психологиялық қызметтің бағдарлама-жоспарлық және есептік-аналитикалық материалдары.

5.6. Оқу материалдық активтер


39. Бөлiмде мынадай көрсеткiштер келтіріледі:
1) өз меншігіндегі, шаруашылық жүргiзу және жедел басқару құқығына жататын пайдалы оқу алаңының қолданыстағы санитарлық нормаларға, өрт қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарға, бiлiктiлiк талаптарына және іске асырылатын кәсіптердің (мамандықтардың) МЖБС-на сәйкестiгiнiң деңгейi;
2) жалпы ауданы, оның iшiнде келтіріген білім алушылар контингентiнің бiреуiне есептегендегi оқу алаңы (сабақтардың ауысымдылығын ескергенде);
3) оқу-зертханалық жайлар жиынтығының кәсіптердің (мамандықтардың) МЖБС-на сәйкестiгi;
4) оқу-зертханалық кабинеттердiң, оқу-өндiрiстiк шеберханалардың және басқа да мамандандырылған жайлардың қазiргi заман жабдықтарымен және құралдарымен жабдықталуының деңгейi, олардың пәндер бойынша оқу процесiне қойылатын талаптарға сәйкестiгi;
5) зертхананың (оқу шеберханасының, оқу кабинетінің) өрт сөндіру құралдарының, жұмысшылардың жеке және ұжымдық қорғану құралдарының паспорты болуы;
6) білім алушылардың спорттық құрылыстармен, емдеу алдын алу мекемелерімен, жатақханалармен, асханамен қамтамасыз етiлуi;
7) медициналық кызмет көрсетуге және білім алушылардың бос уақыттарын ұйымдастыруға бөлiнетiн ақшалай қаражаттың көлемi;
8) редакциялық-баспа орталығының болуы және оның қуаты;
9) әртүрлі техникалық қорлардың: зертханалық жабдықтар, құрылғылар, механизмдер, стендтер, өлшеуіш құралдар, макеттер және оқу және зерттеу жұмыстарында қолданылатын бұйымдардың үлгілері, эксперименттік үлгілер, материалдар, компьютерлік және басқа да есептеу техникасы, бағдарламалық жабдықтардың болуы жайлы мәліметтер және көрсеткіштер.
40. Комиссияның қарауына мынадай материалдар ұсынылады:
1) білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін жеке немесе шаруашылық жүргізу құқығына берілген, немесе жедел басқаруға берілген материалдық және материалдық емес активтерді иелену құқығын растайтын құжаттар;
2) ғимаратты және құрылысты пайдалануға санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң, мемлекеттiк өртке қарсы күрес және төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің анықтамасы/қорытындысы;
3) негiзгi қорлардың баланстық құны (бас кiтап, журнал-ордер, негiзгi қаражат бойынша айналым);
4) спорт залының, медициналық қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру пункттерiнiң, жатақханалардың (отырғызу және төсек орындарының саны) жабдықталуы;
5) білім беру ұйымының қаржылық жағдайы, тиімділігі, қаржылық орнықтылығы;
6) кітап қорын, компьютерлік техникаларды, техникалық оқу құралдарын, оқу жабдықтарын және мүліктерін, жиһаз, көрнекті құралдарды, арнайы зертханалар мен кабинеттерді жабдықтауға басқа да қажетті құрал-жабдықтарды алуға әр жылғы бөлінетін қаражат көлемі;

7) соңғы үш жылдағы динамикалық өзгерістерді ескере отырып, көрсетілген орташа жалақыларының мөлшері;


8) ПҚ-ды және білім алушыларды материалдық ынталандыру үшін бөлінетін қаражат көлемі, сыйлық қорын құру және толықтыру;
9) гранттарға бөлінетін және оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер қажет ететін әлеуметтік қолдау жасауға бөлінетін қаражат көлемі;
10) біліктілікті арттыру, тәжірибеден өту және іссапарларды ұйымдастыруға жұмсалатын қаржы көлемі;
11) қызметкерлер мен студенттердің демалысына және денсаулықтарын түзетуге бөлінетін қаржы көлемі;
12) мамандықтар бойынша білім алушылардың оқу ақысы.

5.7. Оқу зертханалары және оқу-өндірістік шеберханалар


41. Бұл бөлімде мынадай мәліметтер мен көрсеткіштер келтіріледі:
1) мамандар даярлауға бағытталған оқу зертханалары мен оқу-өндірістік шеберханалардың болуы;
2) білім алушылардың келтірілген контингентіне сәйкес оқу кабинеттеріне, зертханаларға, өндірістік шеберханаларға бөлінген ауданның нормасы ҚНжЕ «Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар» талаптары негізінде орындалуы;
3) оқу-өндірістік жайларға қойылатын талаптардың өндірістік кәсіпорындар ғимараттары үшін ҚНжЕ-ге сәйкес орындалуы;
4) оқу-зертханалық жайлардың мамандықтың МЖБС талаптарына сәйкестігі;
5) зертханалардың, өртке қарсы құрылғылардың, қызметкерлер үшін жеке және ұжымдық қорғану құралдарының паспортының болуы;
6) әртүрлі техникалық қорлардың: зертханалық жабдықтар, құрылғылар, механизмдер, стендтер, өлшеуіш құралдар, макеттер және оқу және зерттеу жұмыстарында қолданылатын бұйымдардың үлгілері, эксперименттік үлгілер, материалдар, компьютерлік және басқа да есептеу техникасы, бағдарламалық жабдықтардың болуы жайлы мәліметтер және көрсеткіштер келтіріледі.

5.8. Ақпараттық ресурстар және кітапхана қоры


42. Бұл бөлімде мынадай ақпараттар келтіріледі:
1) компьютерлік техниканың саны мен сапасы және оның оқу процесінде тиімді пайдаланылуы, ИНТЕРНЕТ желісіне қолдың жетуі;
2) білім алушылардың бір компьютерге шаққандағы саны;
3) келтiрiлген контингенттегі білім алушылардың бiреуіне есептегендегi оқу, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиеттер қорының көлемi, оның iшiнде қазақ (басқа тiлдердегi) тiлiндегiлері;
4) кiтапхананың негiзгi кiтап қоры, қорлардың құрылымы (оқу және оқу-әдiстемелiк әдебиеттер, ғылыми, көркем және мерзiмдiк басылымдардың пайыздық қатынасы), келтiрiлген контингенттегі білім алушылардың бiреуіне есептегендегi кiтап басылымдары бiрлiгiнiң саны;
5) әрбір кәсіптік (мамандық) бойынша негiзгi оқу әдебиеттері және қосымша әдебиеттер қорының ескiру дәрежесi есептелгендегi сапасы; кiтапханалық каталогтардың сапасы;

6) кәсіптердің (мамандықтардың) оқу жоспарларындағы пәндерiнiң электрондық және магниттiк тасымалдағыштардағы оқу, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиетпен қамтамасыз етiлуi; видеотека, фонотека, медиатекалардың болуы;


7) оқу залындағы орындардың саны; оқырмандарға қызмет көрсетудің сапасы туралы мәлiметтер; кiтап беру, оқырмандардың саны
8) кiтапханалық каталогтардың сапасы, электронды библиографиялық-анықтамалық каталогтың болуы;
9) компьютерлiк базаны және бағдарламалық қамтамасыз етуге, кiтапхана қорын жаңалауға жыл сайын бөлiнетiн қаражаттың көлемi, ақпараттық деректер базасының болуы;
10) отандық және шетелдiк бiлiм беру ұйымдарымен, кiтапханаларымен ақпаратты жедел алмасу және алу мүмкiндiгi;
11) кiтапхана қызметкерлерiнiң штаттық қамтамасыз етiлуi, лауазымына базалық бiлiмдерiнiң сәйкестiгi, олардың бiлiктiлiгiн арттыруы, мемлекеттiк тiлдi бiлуi;
12) ақпараттық қамтамасыз етуге қажетті жаңа WEB-технологиялар.
43. Комиссияға мынадай материалдар ұсынылады:
1) кiтапхананың ережесі, жұмыс тәртібі және жұмыс жоспарлары;
2) локалдық желіге тіркелген және ИНТЕРНЕТКЕ қосылған компьютерлiк техниканың саны мен сапасы туралы, жаңа WEB технологияларын пайдалану туралы ақпараттар;
3) оқу залының жалпы ауданы, жарықталуы, оқу залындағы орындықтардың саны, оқу залындағы компьютерлердiң саны;
4) кiтаппен қамтамасыз етудiң картотекасы (жүйелiк, әліпбилік, электрондық каталогтар, мерзімді басылымдар картотекасы) және жабдықтаудың тақырыптық-типологиялық жоспары, кітапхананың инвентарлық кітаптары;
5) кiтап қорын толтыруға арналған әр жылғы шығыс сметалары;
6) кiтапхананың тақырыптық көрмелер, оқырмандар конференциялары, шолу, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткiзу жоспарлары мен бағдарламалары;
7) оқырмандарға қызмет көрсетудің сапасы туралы мәлiметтер; кiтап берудi, оқырмандардың санын, оның iшiнде бөгделерді есепке алу;
8) кiтап қорын толтыруға арналған әр жылғы шығыс сметалары;
9) кiтапхананың штаты, қызметкерлердiң базалық бiлiмдерi, олардың бiлiктiлiгiн арттыру жоспары.

5.9. Білім алушылардың білімдерін бағалау


44. Бұл бөлімде мынадай анықтамалар келтіріледі:
1) білім алушылардың бiлiмдерiн және оқу пәнiнiң берiлу сапасын көтеруге бағытталған жан-жақты шаралар жүйесiнің болуы; бiлiм берудiң сапасын бағалау ережесінің болуы, бiлiм беру сапасын ішкі бақылаудың ұйымдастырылуы, оның нәтижелілігі мен тиімділігі;
2) бiлiм беруді ұйымдастыру процесі бойынша білім алушыларды және ПҚ-ды әр жылдағы сауалнама жүргізу нәтижелерi;
3) білім алушылардың бiлiм сапасына iшкi бақылауды ұйымдастыру, оның нәтижелiлiгi және тиiмдiлiгi;
4) емтиханның түрін (ауызша сұрау, жазбаша емтихан, тестілеу және т.б.) анықтау туралы педагогикалық кеңес шешімінің болуы;
5) білім алушылардың білімдерін өлшеуіштердің, өлшеу құралдарының болуы;
6) білім алушылардың білімдерін бағалау тәртібі;
7) білім алушылардың білімін бағалау өлшемдерінің болуы және қолданылуы;
8) ашық сабақтарға қатысу, бақылай қатысу және өз — ара қатысу; оларды талдаудың жүйесi;
9) білім алушылардың курсы, оқу түрі және оқу тілі бойынша ағымдық, аралық және мемлекеттік аттестацияларының қорытындылары;
10) дипломдық (жазбаша емтихандық) жұмыстардың орындалу сапасы, тақырыптардың өзектілігі; дипломдық (жазбаша емтихандық) жұмыстарды қорғаудың және мемлекеттік емтихан тапсырудың қорытындылары; дипломдық (жазбаша емтихандық) жұмыстарға пікірлер мен рецензиялардың сапасы;
11) білім алушылардың қорытынды аттестацияларының (бұдан әрі — БҚА) нәтижелері, білім алушылардың қорытынды аттестациясы бойынша комиссия төрағаларының есептері, БҚА төрағаларының, кәсіпорын, мекемелер мен ұйымдардың мамандар мен жұмысшыларды даярлау сапасы жөніндегі пікірлері;
12) аралық, ағымдық және қорытынды бақылауды; тестік бақылау нысандарын ұйымдастыру сапасы, білім алушылардың білімін бақылау кесінделерінің түрлері мен нысандары.
45. Комиссия мынадай материалдармен танысады:
1) бiлiм сапасына iшкi бақылау нысандарын жүзеге асыру жөнiнде жоспарлау, есеп беру және әдiстемелiк құжаттары;
2) білім беру ұйымы бекiткен сауалнама түрi; кейбiр бiлiм алушыларды, оқытушыларды, ата-аналарды, жұмыс берушілерді сауалнамалаудың мәлiметтерi бойынша материалдар;
3) бiлiм алушылармен, оқытушылармен және ӘБҚ-пен сұхбаттасудың нәтижелерi туралы ақпарат;
4) сауалнамаға жауап берушiлердiң ұсыныстарын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар тiзбесi;
5) бақылау түрлерінің, ашық сабақтардың журналдары;
6) педагогикалық кеңестің және оқу-әдістемелік секциялар мен циклдердің отырыс хаттамалары;
7) білім беру ұйымының менеджмент жүйесін ендіру жөніндегі қызметі;
8) жоғары оқу орындарында даярланатын мамандардың аралық мемлекеттік бақылау барысында көрсеткен білім алушылардың білім деңгейі мен сапасы;
9) әдістемелік семинарларды, бюроларды, секцияларды ұйымдастыруы
10) студенттердің білімін рейтингтік (болмаса басқа нысандармен) бағалау журналы; емтихан сессияларының есептік, емтихандық және жиынтық ведомостары, емтихан ведомостарын/жолдамаларын, емтихан билеттерін/тестілтерін тіркеу журналдары, бақылау нәтижелері бойынша кафедра, циклдердің, факультеттердің есептері;
11) соңғы үш жылғы БҚА төрағаларын бекіту туралы бұйрықтар және БҚА жұмысының нәтижелері бойынша олардың есептері; мемлекеттік емтихандар мен диплом жобаларын (жұмыстарын) қорғау ведомостары (хаттамалары), мамандар даярлаудың сапасы туралы БҚА төрағаларының, кәсіпорындардың, ұйымдардың пікірлері;
12) емтихан билеттері, тестілер.

5.9. Ғылыми-зерттеу жұмысы


46. Бұл бөлімде мынадай мәліметтер келтіріледі және талдауға жатады:
1) педагогикалық қызметкерлердің инновациялық жұмыстары, оның ішінде Министрлік немесе басқа мемлекеттік органдар, халықаралық қорлар мен ұйымдар қаражаттандыратын өзекті бағыттар бойынша;
2) қызметкерлердiң халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық конкурстарға, конференцияларға, көрмелерге қатысуы;
3) өнертабыстардың, патенттердiң, жарияланымдардың болуы және саны;
4) инновациялық жұмыс нәтижелерiнiң оқу процесiнде қолданылуы.
47. Комиссияға келесідегідей материалдар ұсынылады:
1) болашақтық, жылдық жоспарлар;
2) бiлiм беру ұйымы бойынша жалпы есептер;
3) инновациялық бағдарламалардың жобалары;
4) конференциялардың, конкурстардың, көрмелердiң бағдарламалары мен жоспарлары, олар бойынша материалдар;
5) жарияланымдар жинағы, ОЭК және т.б,
6) өнертабыстарының, патенттерiнің болуын растайтын құжаттар.

5.10. Кәсіптік практика


48. Бөлiмде мынадай мәлiметтер мен көрсеткiштер келтiрiледi:
1) базалық тәжірибе сипатында анықталған мекемелермен жасасқан шарттардың болуы, білім алушының күнделігінде атқарылған жұмыс жазбаларының сәйкестігі, белгіленген формаға сәйкес тәжірибе бағдарламалары, тәжірибеден өту кезеңінде білім алушыға оның атқарған жұмыстары бойынша кәсіпорында берілген пікір-мінездеменің болуы және ондағы білім алушыға тиісті біліктілік беру жөніндегі ұсыныс;
2) оқу-өндірістік және кәсіптік тәжірибелерден өтудің сапасы мен тиімділігі, олардың мамандар даярлаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;
3) оқу процесінің өндіріспен интеграциясы;
4) тәжірибеден өту барысын бақылауды жүзеге асыру.
49. Комиссия мынадай материалдармен танысады: практика бағдарламалары, мамандықтарға сәйкес практика базаларымен шарттар және оларға білім алушыларды бекіту туралы бұйрықтар; білім алушылардың күнделіктері мен есептері.

5.11 Білім беру ұйымының бітірушілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуі


50. Бөлімде мынадай мәліметтер келтіріледі:
1) бітірушілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу туралы; аталмыш жұмыстың түрлері, әдістері және тиімділігі;
2) кәсіпорын жетекшілерін, аудан және облыс әкімдерін шақыру арқылы ашық есік күндерін, мамандардың жәрмеңкесін ұйымдастыру;
3) кәсіпорындармен, жұмыс берушілермен бірлесе жұмыс жасаудың түрлері мен нысандары, жұмыс берушілерге сауалнама жүргізу; бітірушілердің кездесуін ұйымдастыру;
4) мамандықтар бойынша (тапсырыс берушілер, мемлекеттік тапсырыс, және т.б. бойынша) бітірушілердің жұмысқа орналасуы мен оларға қатысты сұраныс деңгейі;
51. Комиссияға мынадай материалдар ұсынылады:
1) бітірушілерді жұмысқа орналастыру бойынша жоспарлық және есептік құжаттар, жиынтық мәліметтер;
2) кәсіпорындармен жасасқан жұмысшылар мен мамандарды даярлау шарттары;
3) сауалнама нәтижелері;
4) соңғы үш жылдағы бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер; жұмысшы кадрлар мен мамандарды даярлау сапасы бойынша ұйымдардың берген пікірлері.

5.12. Мамандықтарды (кәсіптерді) аттестаттау нәтижелерi


52. Мамандықтар мен кәсіптер бойынша білім беру қызметiн мемлекеттiк аттестаттау және тексерудің қорытындылары туралы анықтама «Бастапқы кәсіптік білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау туралы қорытындыларының» құрылымына сәйкес жасалады.
Бөлімнің құрылымы:
1) нақты кәсіптің (мамандықтың) жалпы сипаттамасы;
2) кадрлар әлеуетін талдау;
3) оқу-әдістемелік жұмыс;
4) оқу-тәрбиелік жұмыс;
5) оқу процесінің ақпараттық және кітапханалық қамтамасыз етілуі;
6) тәрбиелеу және шығармашылық қызмет (өнер және спорттық білім беру ұйымдары үшін);
7) материалдық-техникалық база;
8) ғылыми-зерттеу жұмысы;
9) білім алушыларды даярлау сапасын басқару жүйесі;
10) кемшіліктір мен ескертпелер;
11) қорытындылар мен ұсыныстар.

5.13 Мемлекеттік аттестаттаудың қорытындыларын шығару


53. Бiлiм беру ұйымдарын лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын тексеру нәтижелерi бойынша комиссияның мүшелері ұсынған материалдарды және анықтамаларды Комиссия талқылағаннан кейiн мамандықтар (кәсіптер) кесімінде мемлекеттiк аттестаттаудың қорытындысы шығарылады.
54. Комиссия аттестаттау аяқталған күнi аттестаттаудың қорытындысы туралы педагогикалық кеңестің отырысында мәлiмдейдi.

Комиссия қабылдаған шешiмді педагогикалық кеңесте талдауға және жарыссөзге жол берiлмейдi.


55. Аттестаттаудың қорытындысы туралы шешім типографиялық әдiспен түптеледi және бiлiм беру ұйымының елтаңбалы мөрiмен бекiтiледi.
56. Аттестаттаудың қорытындысы туралы шешім уәкілетті органға тапсырылады.
57. Ұсынылған өзін — өзі бағалау материалдарының негiзiнде бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау қорытындысы туралы уәкілетті орган он күнтізбелік күн ішінде білім беру ұйымын аттестаттау немесе аттестаттамау жөнінде шешім қабылдайды, ол тиісті уәкілетті органның бұйрықтарына (қаулыларына) сәйкес ресімделеді.
58. Егер білім беру қызметі толығымен МЖМБС талаптарына сәйкес болса, оның ішінде білім, дағдыларының бағалану нәтижесі бойынша 70%- дан аз емес білім алушылар оң баға алса білім беру ұйымы «Аттестатталсын» шешімі қабылданады.
59. Бұйрық бекiтiлгеннен кейiн ол бiлiм беру ұйымдарының назарына жеткiзiледi.
60. Бұйрықты орындауды қадағалау уәкілетті органға жүктеледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет