Технологиялық құбыр өткізгіштерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-параграф. Құбыр өткізгіш құрылымына қойылатын талаптар



бет2/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.27 Mb.
#133014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2-параграф. Құбыр өткізгіш құрылымына қойылатын талаптар
66. Жоғары қысымды құбыр өткізгіш бөлшектері көлемді қалыптау мен құбырдан, шыңдалған темірден жасалады. Дайындаудың басқа да түрлерін егер олар пайдалану шартында көрсетілген есеппен есептелген қызмет көрсету кезеңінде қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ететін болса қолдануға рұқсат беріледі.

67. Соғылған қосымша үш тармақты тармақталудың ішкі диаметрінің негізгі құбырдың ішкі диаметріне қатынасы 0,25 кем болмай қабылданады. Жалғастық диаметрінің негізгі құбыр диаметріне қатынасы 0,25 мм кем болса, үш тармақ немесе жалғастық пайдаланылады.

68. Құбырлардан, қалыпты дәнекерленген сақина, бүгілген бұрғыш және жалғастықпен дәнекерленген үш тармақтардың геометриялық өлшемдері мен құрылымы жоба талабына сәйкес келеді.

69. Құбырлардан дәнекерленген үш тармақтар, қалыпты дәнекерленген бұрғыштар, электр қожды технология бойынша құйылған үш тармақтар мен бұрғыштардың дайындауларын 35 МПа (350 кгс/см2) дейін қысымда қолдануға рұқсат беріледі. Бұл жағдайда барлық дәнекерлеу тігістері мен құйылған дайындауларға үздіксіз бақылау 100 % көлемінде жүргізіледі.

70. Жалғастықтың ішкі диаметрінің (тармақталу) негізгі құбырдың ішкі диаметріне қатынасы дәнекерленетін үштармақтарда 0,7 мәннен артық болмай қабылданады.

71. Секторлардан дәнекерленген бұрғыштарды қолдануға рұқсат берілмейді.

72. Бүгілген бұрғыштар иілгеннен кейін термикалық өңдеуге жатады.

73. 20, 15 ГС, 14 ХГС маркалы болаттардан бүгілген бұрғылар суық иілуден кейін суық иілуге дейін құбырлар қалыптандырылуға немесе түсуге тартылған шартта жіберілуге жатады.

74. Ажыратқыш жалғастырғыштар үшін бұрандалы ернемек пен осы Талаптың 62-тармағының талабын есепке алған қыспаққа жабыстырылған ернемектер қолданылады.

75. Ернемек арқылы жалғастырғыштың тығыздау элементтері үшін жайпақ, сегіз бүрышты, сопақ және басқа қисуларлы металл төсем-линзалар пайдаланылады.

76. Құбырөткізгіш бөлшектерінде, бұрандалы ернемекте, жалғастырғыштар мен бекіту заттарында стандартты бұранда орындалады. Сыртқы бұрандалардың түсу формасы дөңгелектелген 6Н, 6g бұрандаларға рұқсат. Бұранда сапасы бұрандалы калибрдің бос өтуімен тексеріледі.

77. Бекіту бөлшектерін суық деформацияланумен дайындаған кезде олар термикалық өңдеуге-босатылуға тартылады. Аустенитті болаттан жасалған бұранданы пайдалану үшін өзекке орау 500ºС артық температурада рұқсат берілмейді.

78. Дәнекерленетін жалғастырғыштардың құрылымы мен орналасуы олардың сапалы орындалуын және дайындау, жинақтау, пайдалану және жөндеу барысында барлық қарастырылған тәсілдермен тексерілуін қамтамасыз етеді.

79. Көршілес сақиналы жапсарлы дәнекерлеуші байланыстар арасындағы қашықтық дәнекерленетін элементтердің номинальды қалыңдығының үш еселі мәнінен кем, бірақ қабырға қалыңдығы 8 мм дейін болғанда 50 мм кем емес және қабырға қалыңдығы 8 мм артық болғанда 100 мм кем болмайды.

Кез келген жағдайда аталған қашықтық жергілікті термо өңдеу жүргізу мүмкіндігін және тігісті бөлінбейтін әдістермен бақылауды қамтамасыз етеді.

Құбыр өткізгіштердің дәнекерлеуші жалғастырғыштары тірек шетінен диаметрі 50 мм кем құбырлар үшін 50 мм кем емес қашықтықта және диаметрі 50 мм артық құбырлар үшін 200 мм қашықтықтан кем болмай орналасады.

80. Құбырды сақиналы дәнекерленген тігіс діңіне дейінгі июдің басталатын қашықтығының басталуы ішкі диаметрі 100 мм дейін болғанда құбырдың сыртқы диаметрі 50 мм кем болмайды.

Сыртқы диметрі 100 мм және одан артық болатын құбырлар үшін бұл қашықтық 100 мм кем болмайды.



3-параграф. Жоғары қысымды құбыр өткізгіш үшін қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар
81. Құбыр өткізгіштерді 10 МПа (100 кгс/см2) жоғары 320 МПа (3200 кгс/см2) дейін қысымға және-50 бастап 540°С дейінгі температураға дайындау, жөндеу, жинақтау үшін стандартты материалдар мен жартылай фабрикаттар пайдаланылады.

82. Сутек, көміртек қышқылы, аммиагы бар таттану ортасы үшін материалдарды пайдалану шарты осы Талаптың 4-қосымшасына сәйкес реттеледі.

83. Осы Талаптың 4-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген болаттарды қолдану параметрі тігіс металында қоспалы элементтердің негізгі металдағыдан кем болмайтындай болуы шартында дәнекерлеу жалғастырғыштарына жатады. Осы Талаптың 4-қосымшасының 1-кестесі бойынша 15Х5М және 15Х5М-ІІІ маркалы болатты сутектің 6,7 МПа (67 кгс/см2) артық емес пропорционал қысымында 540°С дейін қолдануға рұқсат беріледі.

Осы Талаптың 4-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілгенді пайдалану шарты кабонильді таттанудың жылына 0,5 мм артық болмайтын жылдамдығы үшін орнатылады.

Осы Талаптың 4-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілгенді пайдалану шарты азоттанудың жылына 0,5 мм артық болмайтын жылдамдығы үшін орнатылады.

84. Жартылай фабрикаттардың құрылымы мен сапасы сертификаттармен және сәйкес маркасымен айғақталады. Сертификат пен маркасы болмаса не толық болмаса қажетті барлық сынаулар олардың сертификатты толықтыру не ауыстыру нәтижесі хаттамада көрсетіле отырып жүргізіледі.

85. Жартылай фабрикаттарды дайындаушы материалдың химиялық құрамына бақылау жүргізеді. Сертификатта жартылай фабрикат үшін алынған химиялық сараптаманың нәтижесі немесе оның дайындалуы үшін пайдаланылған дайындауға арналған сертификат бойынша деректері енгізіледі.

86. Жартылай фабрикат металының механикалық құрылымын бақылауды жарылуға уақытша қарсыласуды анықтаумен, шартты немесе ағымның физикалық шегінде, соққылы иілуге қатысты ұзартылуында, сығылуында 20°С кезінде соза отырып сынау жолымен жүргізеді.

87. Соққылы иілуді сынауға теріс температура жағдайында өнім осы шартта пайдаланылған кезде 20°С температурадағы (КСU) және V (КСV) түріндегі концентраторлармен үлгілердегі жартылай фабрикаттар жатады.

Барлық сынау температураларында сылбыр соққы мәні КСU үшін 30 Дж/см2 (3,0 кгс·м/см) кем, КСV үшін-25 Дж/см2 (2,5 кгс·м/см2) кем болмайды.

88. Жоғарылатылған температурадағы механикалық қасиетінің нормаланған мәні мен сынау температурасы жоғары температурада жұмыс істеуге арналған жартылай фабрикаттың техникалық құжаттамасында көрсетіледі.

89. 400°С артық температурада жұмыс істеуге арналған жартылай фабрикат материалы үшін техникалық құжаттамада көрсетілген металдың жылжу қарсыласуының үлкендігі анықталады.

90. Құбыр материалын қолдану шегі, сынау және бақылау түрі нормативтік-техникалық құжаттамамен анықталады және техникалық құжаттамада көрсетіледі.

91. Тігіссіз құбырлар есілген немесе соғылған дайындаулардан дайындалады.

92. Әрбір құбыр үшін гидравликалық сынау қарастырылған. Сынау қысымының үлкендігі құбырға арналған нормативтік-техникалық құжаттамада көрсетіледі.

93. Құбырлар механикалық қасиеті мен қалдық кернеуінің берілген деңгейін қамтамасыз ететін термо өңделген қалыпта қойылады.

Әр құбырдың соңында балқу нөмірі, болат маркасы, дайындаушы және партия нөмірі көрсетілген белгі қойылады.

94. Ішкі диаметрі 14 мм және одан жоғары құбырлар бөлінбейтін әдіспен бақыланады. Диаметрі 14 мм кем құбырлар магнит ұнтақты немес капиллярлы (түрлі түсті) әдіспен бақыланады.

95. Таттануға тұрақты болат құбырлар, егер жобада қарастырылған болса, кристалл аралық таттануға (КАТ) бейімділікке сыналады.

96. Шыңдалған темірді дайындау үшін сапалы көміртекті, төмен қоспалы, қоспалы және таттануға тұрақты болат пайдаланылады.

97. Құбыр өткізгіш бөлшектерге арналған шыңдалған темір IV және IVК тобына жатқызылады.

98. Шыңдалған темір өлшемі механикалық өңдеуге жіберу, өлшеміне рұқсат беру, технологиялық жіберу мен сынауға жіберу есебімен қабылданады.

99. 200 мм артық кез келген габаритті өлшемі мен 50 мм артық қалыңдығы бар көміртекті, төмен қоспалы, қоспалы болаттан жасалған шыңдалған темірлер ультродыбыстық немесе басқа да сәйкес әдіспен жеке бақылауға жатады.

Ақаулар бақыланатын шыңдалған темірдің 50 % көлемінен кем болмай тартылады. Бақылау аумағы барлық бақыланатын бет бойынша біркелкі бөлінеді.

100. Өзек, сомын, ернемек және линзаларды сұрыпты темір бұйымнан дайындауға рұқсат береді.

101. Сұрыпты темір бұйымнан дайындалған өзек, сомын, ернемек және линза материалы аталған бұйымға арналған нормативтік-техникалық құжатта көрсетілген техникалық талапты қанағаттандырады.

102. Ернемекті және бекіту бөлшектеріне арналған әр түрлі маркалы болатты пайдалану шегі, қарсылықсыз сынаулар мен бақылау түрлері нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес болады.

103. Бекіту бөлшектерінің материалдары осы Талаптың 34-тармағына сәйкес таңдалады.

104. Сомындар мен өзектер әр түрлі маркадағы болаттардан, ал бір маркалы болаттан дайындалған жағдайда, әр түрлі қаттылықта дайындалады. Бұнымен қатар сомын қаттылығы өзек қаттылығынан 10-15 НВ кем төмен болмайды.

4-параграф. Құбыр өткізгіштерді дайындауға қойылатын талаптар
105. Жинақтау бірліктерін дәнекерлеу құбыр өткізгіштерді дәнекерлеу технологиясы бойынша нұсқаулығы бар, орнату материалдарын, бақылау түрі мен көлемін, алдын ала және ілеспелі жылыту мен термикалық өңдеуді қолданумен техникалық құжаттама талабына сәйкес жүргізіледі.

106. Жинақтау бірліктерін дайындау осы Талапта толық сәйкес жинақтау бірліктерінің дайындалу сапасын қамтамасыз ететін техникалық мүмкіндіктері мен мамандары бар ұйымдармен жүргізіледі.

107. Жинақтауда, жөндеуде, дайындауда құбырдың, шыңдалған темірдің, дәнекерлеуші жалғастырғыштар бөлшектерінің және дәнекерлеуші материалдардың осы талаптың нормативтік-техникалық құжаттамасы талабына сәйкестігіне ену бақылауы жүргізіледі.

108. Құбырлар, шыңдалған темір, бөлшектер мен дәнекерлеу материалдары сертификатпен жинақталады және таңбаланады.

109. Жинақтау бірлігі металы мен құбыр өткізгіш элементтерін ену бақылауының әдісі мен көлемі осы Талаптың 5-қосымшасына сәйкес болады.

110. Сертификат немесе оларда қажетті деректер болмаған жағдайда, аталған сертификат қорабындағы жазба белгінің (бирка) сәйкессіздігінде сынау және бақылау тексерісі жүргізіледі.

111. Құбырлар, шыңдалған темір, бөлшектер мен дәнекерлеу материалдары бақылауға партиямен ұсынылады. Бақылау әдістері жеткізуге арналған техникалық талапқа сәйкес болады.

112. Құбыр, бөлшек және шыңдалған темірдің сыртқы бетін қарауға үлкейту аспаптарын қолданбай жүргізуге рұқсат беріледі. Құбырлардың ішкі бетін аспап көмегімен қарайды.

Тереңдігі техникалық талаппен бекітілген талап шегінен асатын ақаулар табылған жағдайда құбырлар сапасыздандырылады.

113. Шыңдалған темірдің өңделіп жатқан бетінде ішкі қараумен табылған бекітілген, қамалған, қызғылттанған, таттанған жерлер олардың тереңдігі технологиялық өңдеуге бір жақты, нақты жіберуден 75 % аспаса рұқсат беріледі.

114. Механикалық сынау үшін негұрлым көп және неғұрлым аз қаттылықтағы құбырлар мен шыңдалған темірлер іріктеледі.

115. Әрбір іріктелген құбырдың бір жағынан былайша кеседі:

1) 20°С болғанда созуға сынау үшін 2 үлгі;

2) 20°С болғанда соққылы иілуге сынау үшін 2 үлгі;

3) жұмыс температурасында созуға сынау үшін 2 үлгі;

4) теріс температурада соққылы иілуге сынау үшін 2 үлгі;

5) микро құрылымды зерттеу үшін 1 үлгі;

6) жабыстыруға сынау үшін 1 үлгі;

7) статикалық иілуге сынау үшін 1 үлгі.

116. Әрбір іріктелген құбырдан мыналар кесіліп алынады:

1) 20°С болғанда созуға сынау үшін 1 үлгі;

2) 20°С болғанда соққылы иілуге сынау үшін 2 үлгі;

3) жұмыс температурасында созуға сынау үшін 1 үлгі;

4) теріс температурада соққылы иілуге сынау үшін 2 үлгі.

117. Кристалды аралық таттануға тұрақтылығын тексеру үшін үлгілерді іріктеу нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.

118. Құбырлардың, шыңдалған темірдің, балқытылған металдың немесе дәнекерленген жалғастырғышты металдың кристалды аралық таттануға қарсы тұрақтылығын тексеру, ферритті фазаның болуын анықтау қажеттілігі жобамен бекітіледі.

119. Құбыр металына макро зерттеу үшін соққылы иілу анықталған үлгілерді қолдануға рұқсат береді.

120. 11-117-тармақтардың талаптарына сәйкес жүргізілген сынаудың бір көрсеткіш бойынша болса да қанағаттанарлықсыз нәтиже болғанда оған үлгілердің екі еселенген мөлшерінде сол партияның тек басқа құбырларынан алынғандарына қайталама сынақ жүргізіледі.

Қайталама сынақтың қанағаттанарлықсыз қорытындысында әр құбыр (шыңдалған темір) үшін қайтадан сынақ жүргізіледі. Қанағаттанарлықсыз нәтиже көрсеткен құбырлар (шыңдалған темір) бракқа шығарылады.

121. Құбыр, шыңдалған темір, бөлшек металының химиялық құрамы дайындау сертификатында көрсетіледі.

122. 03Х17Н14М3 маркалы болаттан жасалған құбыр мен шыңдалған металы ферритті фазаның болуына бақыланады. Ферритті фазаның болуы 0,5 ұпайдан (1-2 %) аспайды.

123. Дайын бүгу мен бұру беттерінде матрицті сығу ізіне рұқсат беріледі.

124. Жинау бірліктерінің габаритті өлшемдерінің ауытқуы 16-квалитетке сәйкес болады. Жинау бірліктерінің габаритті өлшемдердің қосынды ауытқуы ± 10 мм асады.

125. Габаритті өлшемдер мен жинақтау бірлігінің массасы, соның ішінде қораптағысы да көлік құралдарымен тасымалдау үшін бекітілген габариттер мен жүктемелерден аспайды.

126. Құбырлардың істікті тігістерінде және құбыр өткізгіш бөлшектерінде ішкі диаметр бойынша жиектердің жылжуына қабырғаның қалыңдығынан 10 % шамасында, бірақ 1 мм артық болмағанда рұқсат беріледі. 1 мм артық жылжығанда ішкі диаметр бойынша 12-15° бұрыш астында жону жүргізіледі. Жону тереңдігі қабырғаның есепті қалыңдығы аумағынан шықпайды.

127. Құбырдың жапсарлас тігісінде және құбыр өткізгіш бөлшектерінде сыртқы диаметр бойынша жиектердің жылжуы неғұрлым жіңішке құбыр не бөлшек қалыңдығынан 30 %, бірақ 5 мм артық аспайды. Құбырда не құбыр өткізгіш бөлшегінде аталған мәндер артқан жағдайда сырт жағынан 12-15° бұрыш астында шабу жүргізіледі. Шабу жүргізуге рұқсат берілмейтін құбырды құбыр өткізгіш бөлшектерімен жинауда рұқсат берілетін жылжуды қамтамасыз ететін жалғастырғыштар пайдаланылады.



4-тарау. Құбыр өткізгішті арматураны пайдалану
128. Құбыр өткізгішке арматураны қосу тәсілі бойынша ернемекті, жалғастырғышты, шотты және жабыстырылғанға бөледі. Жалғастырғышты және шотты шойын арматура 50 мм аспайтын Dу шартты өтулі жанбайтын, бейтарап ортаны тасымалдайтын құбыр өткізгіштер үшін ұсынылады. Жалғастырғышты және шотты шойын арматура шартты өтуі 40 мм аспайтын Dу құбыр өткізгіштерде қолданылады.

Ернемекті және жабыстырылған арматура құбыр өткізгіштің барлық санатында пайдаланылады.

Пайдалану тағайындалуы бойынша құбыр өткізгішті арматура шартты түрде бекіту, реттелетін, сақтандырғыш, бөлгіш, қорғаныс және фаза бөлгіштіге бөлінеді.

Пайдаланылатын құбыр өткізгішті арматура өнеркәсіптік құбыр өткізгішті арматураға ұсынылатын талапқа сәйкес болады.

129. Құбыр өткізгішті арматура жинақты, тексерілген, сыналған және бөлшектеусіз қайтадан консервациялауды қамтамасыз ететіндей қойылады.

Арматура пайдалану құжаттамасымен, сонымен қатар төлқұжатпен, техникалық тізбемен және пайдалану бойынша нұсқаулықпен жинақталады.

Арматурада шартты қысым, шартты диаметр, материал маркасы мен зауыттық және инвентарлық нөмірі көрсетіледі.

Пайдалану құжаттамасы мен маркасы жоқ арматура V санатты құбыр өткізгіштер үшін пайдаланылуға, оған құжаттардың көшірмесін ресімдеумен тексеріс, сынақ және техникалық диагностика (сараптама) жүргізгеннен кейін рұқсат беріледі.

200 мм артық шартты өтетін жері бар шойын арматура төлқұжатының, маркасының, сақталу мерзімінің болу-болмауына қарамастан, орнатар алдында беріктілігі мен тығыздығына гидравликалық сынау мен тексеріс жүргізуге жатады.

130. Құбыр өткізгіштерге арналған арматура материалы тасымалданатын ортаның пайдалану шартына, параметріне, физика-химиялық құрылысына және нормативтік-техникалық құжаттамасының талабына байланысты таңдалады. Түсті металдардан және олардың құймаларынан жасалған арматураны болат және шойын арматура негізді жағдайларда қолданылуға жарамаған кезде ғана пайдалануға рұқсат беріледі.

131. Электр жетекті арматураны таңдаған кезде қолданыстағы электр жабдықпен қауіпсіз жұмысы талабы мен жарылыстан қорғанушылық бойынша қауіпсіздік талабы басшылыққа алынады (қажеттілігі болған кезде).

132. Тұтқалы жетекті 1,6 МПа (16 кгс/см2) дейінгі шартты қысымда 500 мм артық шартты өтетін жолы барды қоса алғанда және 1,6 МПа (16 кгс/см2) дейінгі қысымда шартты өту жолы 350 мм артық тиекті арматураны ашқан кезде күштеуді азайту үшін оны бекіту органының екі жағынан да қысымды түзету үшін айналдыру сызықтарымен жабдықтау ұсынылады. Айналдыру сызығының шартты өту жолы мындан кем болмайды, мм:





Бекіту арматурасы

350-600

700-800

1000

1200

1400

Айналдыру сызығы

50

80

100

125

150

133. Тиекті арматураның түрін таңдаған кезде келесі жағдайлар басшылыққа алынады:

1) шартты өту жолы 50 мм бастап жоғары құбыр өткізгіштер үшін пайдалануға ұсынылған тиекті арматураның негізгі түрі болып барынша аз гидравликалық қарсыласуы бар, бекітпенің сенімді тығыздалуы, шамалы құрылыс ұзындығы мен орта қозғалысының үздікті бағытына рұқсат беретін ысырма танылады.

2) қақпақшаларды (вентильдер) диаметрі 50 мм дейінгі құбыр өткізгіштерге қолдану ұсынылады; үлкен диаметрде олар егер тиекті құрылғының гидравликалық қарсыласуы нақты мәні немесе қысымға қолмен кедергі болмаса қолданылады;

3) егер басқа арматура қолдану мүмкін болмаса, не мағынасыз болса шүмектер қолданылады;

4) реттеуші (кедергіш) ретінде тиекті арматураны қолдануға рұқсат берілмейді.

134. Арматураны жұмыс параметрлеріне және тасымалдайтын орта қасиетіне байланысты нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес таңдау және жобада таңдауды негіздеу ұсынылады.

135. Бекітпенің герметикалығы бойынша тиекті құбыр өткізгіш арматура герметикалық нормасын қамтамасыз ету шартынан таңдалады.

Бекітпенің герметикалығының сыныбы арматураның мағынасына байланысты таңдалады:

1) А сыныбы-А, Б (а) Б (б) тобындағы заттар үшін;

2) В сыныбы-Р 4 МПа (40 кгс/см2) артық Б (б) және В тобындағы заттар үшін;

3) С сыныбы-Р 4 МПа (40 кгс/см2) аз В тобындағы заттар үшін.

136. Көміртекті және қоспалы болаттардан жасалған арматураны таттану жылдамдығы жылына 0,5 мм артық болмайтын орта үшін қолдануға рұқсат беріледі.

Таттану жылдамдығы жылына 0,5 мм артық болатын орта үшін арматураны әдістемелік нұсқаулық бойынша таңдап және оның таңдауын жобада негіздейді.

137. КЧ 30-6 маркасынан төмен емес соғылған шойыннан және СЧ 18-36 маркасынан төмен емес сұр шойыннан жасалған арматура 141-тармақта көрсетілген шектеулерді есепке ала отырып В тобындағы ортаны тасымалдайтын құбырөткізгіштер үшін қолданылады.

138. Сұйылтылған газдардан, қайнау температурасы 45°С төмен жылдам тұтанатын сұйықтардан (бұдан әрі-ЖТС) басқа, соғылған шойыннан жасалған арматураны А (а), Б (б) тобындағы орта үшін егер орта қысымы 1,6 МПа (16 кгс/см2) болғанда ортаның жұмыс температурасы-30°С төмен және 150°С жоғары болмаса пайдалануға рұқсат беріледі. Бұнымен қатар ортаның 1 МПа (10 кгс/см2) дейінгі жұмыс қысымында 1,6 МПа (16 кгс/см2) кем емес Ру, қысымға есептелген арматура, ал 1 МПа (10 кгс/см2) артық жұмыс қысымы үшін 2,5 МПа (25 кгс/см2) кем емес қысымға есептелген арматура пайдаланылады.

139. Соғылған шойыннан жасалған арматураны А (а) тобындағы ортаны, Б (а) тобындағы сұйылтылған газды, Б (б) тобындағы қайнау температурасы 45° С ЖТС тасымалдайтын құбыр өткізгіштерде қолдануға рұқсат берілмейді.

140. А және Б тобындағы заттарды тасымалдайтын құбыр өткізгіштерде, серіктес ретінде пайдаланылатын бу өткізгіш пен ыстық судың құбыр өткізгішінде сұр шойынды қолдануға рұқсат берілмейді.

141. Соғылған және сұр шойыннан жасалған арматураны жұмыс қысымы мен температурасының ортасына қарамастан мына жағдайларда пайдалануға рұқсат берілмейді:

1) дірілге ұшыраған құбыр өткізгіштерде;

2) ортаның жылдам ауысатын температурасы режимінде жұмыс істейтін құбыр өткізгіштерде;

3) дроссель-әсерінің нәтижесінде арматураның біршама суу мүмкіндігінде;

4) құбыр өткізгіш қабырғасының қысымға байланыссыз 0°С төмен температурасында су немесе басқа да қататын сұйықтары бар А және Б тобының заттарын тасымалдайтын құбыр өткізгіштерде;

5) сорғыларды ашық алаңда орнатқанда сорғы агрегаттарының бекіткіштерінде;

6) жарылыс өрт қауіпті және улы заттарды сақтауға арналған ыдыстар мен резервуар бекіткіштерінде.

142. Орта температурасы 40°С төмен болғанда жұмыс істейтін құбыр өткізгіштерде сәйкес қоспалы болаттардан, арнайы құймалардан немесе сыртының мейлінше аз температурасында 20 Дж/см2 (2 кгс·м/см2) төмен емес металдың (KCV) соғыла жабысуы бар түрлі түсті металдардан жасалған арматура пайдаланылады.

143. Сұйық және газ сияқты аммиак үшін 138-тармақта айтылған шарттар мен параметр шегінде соғылған шойыннан жасалған арнайы арматура пайдалануға рұқсат беріледі.

144. Шартты өтетін орны 400 мм артық Dу тиекті арматура басқару жетегімен (тістегерішті, бұрамдықты, ток, пневматикалық, гидравликалық және басқа) пайдаланылады. Жетек түрін таңдау технологиялық үдерістің сәйкес талабымен негізделеді және жобада бекітіледі. Электр жетекті тиекті арматураның қайталайтын қолмен басқаруы болады.

145. Арматураның гидро жетегінде пайдалану шартына сәйкес келетін жанбайтын және қатпайтын сұйықтар пайдаланылады.

146. Газдың түсіп қалу мүмкіндігін болдырмау мақсатында қысқы уақытта конденсаттың пневмо жетегіне құбыр өткізгіштің теріс есепті температурасын шық нүктесінің болуына дейін кептіреді.

147. Жетегі бар жылдам әсер ететін арматура технологиялық үдерісті қауіпсіз жүргізу талабына жауап береді.

148. Тұтқалы жетекте арматураға шарнирлі жалғастырғыш, шынжыр және сол сияқтылар көмегімен қашықтан басқаруды қолдануға болады.

149. Пісірілген арматура ажыратқыш қауіпті орта жалғастырғыштар арқылы жоғары ену қабілетіне ие құбыр өткізгіштерде (ернемекті, жалғастырғышты және басқа да) пайдаланылады.

150. Жоғары қысымды құбыр өткізгіштерге орнатылған арматураны осы арматураның нормативтік-техникалық құжаттамасына сәйкес жасайды. Материалдар сызба спецификасына сәйкес жасалады.

151. Арматура бөлшектерінің оны пайдалану кезінде беріктігі мен тығыздығына әсер ететін ақаулары болмайды.

Шыңдалған темірлер, қалыптаулар, құюлар бұзылмайтын бақылануға жатады (радиография, УДА не басқа сәйкес әдіс).

Бақылауға ерітіліп құйылған арматуралардың келте құбырларының аяқ жағы жатады.

Шпиндель, төлке және келте құбыр мен ернемек сыртының сыртқы бұрандаларының жарылуына рұқсат берілмейді.

Келте құбыр мен ернемек сыртындағы бұранда үлкен қадаммен және 6g рұқсат беру алаңымен өлшенеді. Бұранда ойығының формасы дөңгеленген. Тығыздау беттері мұқият ысқыланған. Герметикалықты баяулататын шұңғылшалар, қаяулар, тұтқындаулар, қылшықтылар, сызаттар, ораулар және басқа да ақаулар, тығыздау беріктігі мен сенімділігіне рұқсат берілмейді.

152. 35 МПа (350 кгс/см2) артық жұмыс қысымды құбыр өткізгіштер үшін құйылған арматураны қолдануға рұқсат берілмейді.

153. Тегіс тығыз беті бар ернемекті арматураны жоғары қысымды арматурада қолдануға жол берілмейді.

20 МПа (200 кгс/см2) дейін және одан жоғары шартты қысымдағы арматура ернемектерінің тығыздау беті мен арматура ернемегінен жоғары ернемектерінде линзалы және сопақ төсемдерді қолданған кезде нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.

«Шығыңқы-кіріңкі» ернемекті тығыздау арматураны арнайы, мысалы абсометалл төсемдерді пайдаланған жағдайда жұмыс қысымы 35 МПа (350 кгс/см2) артық болмағанда пайдалануға рұқсат беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет