Технологиясы


Құйма дайындамалардың классификациясы



Pdf көрінісі
бет4/45
Дата10.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#488823
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Құрылымды материал технологиясы. Құю өңдірісі

1.2Құйма дайындамалардың классификациясы
 
Пайдалану шарттары бойынша, дайындау әдісіне тәуелсіз, жалпы 
құйма, жауапты және ерекше жауапты құйма деп ажыратылады. 
Жалпы тағайындау тобына беріктілікті есептемейтін бөлшектер 
үшін құймалар жатады. Олардың конфигурациясы мен өлшемдері 
конструктивті және технологиялық ескерумен ғана анықталады. 



Жауапты тағайындау тобына беріктілікке есептелген және 
статистикалық жүктеуде жұмыс істейтін бөлшекті дайындау құймалары 
жатады. 
Аса жауапты тағайындалған құймаларды беріктілікке есептелген 
және циклдік және динамикалық жүктеуде жұмыс істейтін бөлшектерді 
дайындауүшінпайдаланады. 
Дайындау әдісіне, салмағына, беткі конфигурациясына, максималды 
габаритті өлшемдеріне, қабырғалар қалыңдығына, өзектер санына, 
тағайындау 
мен 
ерекше 
техникалық 
талаптарына 
байланысты 
құймалардыкүрделіліктің алты тобына бөледі. 
Бірінші топ жоғарғы емес күшейтетін қабырғалармен, бурттармен, 
фланецтермен, саңылауларға ие тегіс және тіксызықты сыртқы 
қабықтармен сипатталады. Ішкі беткі қабаттар- қарапайым формада. Типті 
бөлшектер: 
қақпақтар,тұтқалар, 
дискілер, 
фланецтер, 
муфталар,вагонеткалардың 
доңғалақтары, 
вентильдерге 
арналған 
маховиктер және басқалары. 
Екінші 
топ 
жазық, 
цилиндрлік 
және 
қабырғалы, 
бурттары,бобышкалары, ағындар, саңылаулар бар қисықсызықтыбеткі 
қабаттардыңүйлесуімен сипатталады. Ішкі беткі қабаты - сыртқа еркін 
шығыстармен (минимум екі шығыс) қарапайым форма. Бөлшектер-
өкілдер: спицалармен маховиктер, буксалар, патрондар қорабы, тісті 
доңғалақтар,өкшеліктер, редукторлар қорабы және т.б. 
Үшінші 
топқа 
қорапты, 
қисықсызықтыбеткі 
қабаттар 
қабырғыларымен, бобышкалармен, саңылау мен қуыс фланецтерімен бірге 
үйлесетін цилиндрлі формалы бөлшектер жатады. Ішкі қуыстар беткі 
қабаттардың біріндеаздап шығып тұрулармен және қуыстармен, биіктігі 
бойынша үлкен емес қабырғалармен, бобышкалармен, бөлшектердің 
сыртына қуыстардың еркін кең шығыстармен.Типті бөлшектер: 
қабырғалы цилиндрлер, шпиндельдер, құйылған тістері бар тісті 
доңғалақтар,артқы бабкалар, салмағы 500 кг-дан кем емес редукторлар 
қораптары. 
Төртінші топ жабық және кейде ашық қорапты немесе цилиндрлі 
формалардағы құймалармен сипатталады. Сыртқы беткі қабаттар- 
қисықсызықты және тіксызықты шығып тұратын бөліктермен және 
күрделі конфигурациялы қуыстармен. Ішкі қуыстар- көп санды шығып 
тұрған мен қуыстар, қабырғалар, тосқауылдармен, бобышкалармен 
күрделі конфигурациялы, минимум бір жаққа бөлшектің сыртының еркін 
шығыспен. Бұл топқа алдыңғы бабканың қорабы, траверстер, бағыттаушы 
аппараттар және гидротурбинаның қалақшалары, пресстер тұғырлары
сорғылар кораптары және т.б. 
Бесінші топқа сыртқы бетте қабырғалардың әртүлі бұрыштарымен 
қиылысатын жабық қорапты және цилиндрлі формалар, және де жоғарғы 
шығып тұрған және қуыс орындары бар бөлшектер жатады. Ішкі қуыстар 



қиын конфигурациялы еркін немесе қиналып бөлшектің бетіне шығуы. 
Бөлшектер-өкілдер: металлкескіш станоктарының тұғырлары, ірі 
дизельдердің цилиндрлі қақпағы, дизельдердің құйма иінді біліктер, 
цилиндрлер блогы, ортатартқыш сорғылардың қораптары және т.б. 
Алтыншы топты ерекше қиын жабық қорапты және цилиндрлі 
формалы құймалармен сипаттайды.Қисықсызықты сыртқы беттерінде 
қабырғалар, кронштейндер және фланецтер әр түрлі бұрыштармен 
қиылысады. Ішкі қуыстар құйманың сыртына қиналып шығыстармен 
ерекше күрделі конфигурацияға ие. Бұл топқа арнайы металл кескіш
станоктардың тұғырлары, ортатартқыш сорғылардың күрделі қораптары, 
ауа үрлегіш бөлшектері, гидротурбиналардың жұмыс доңғалақтары мен 
басқада ерекше құймалар. 
Құймаларды дайындау әдісіне, габаритті өлшемдеріне және балқу 
түрлеріне байланысты 26645-85 МЕСТ 22 нақтылық классы белгілейді. 
Осылайша, құм қалаптағы және ортатартқыш құйюмен 6-14 нақтылық 
классынан құйманы алады, кокильдермен кенерек қалаптағы- 4-11 
нақтылық класстағы, құйып шығатын модельдегі қалапта- 3-8, қысыммен 
құю-3-7. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет