Темiр жол көлiгi туралы



бет1/6
Дата15.07.2016
өлшемі332.5 Kb.
#200962
  1   2   3   4   5   6
Темiр жол көлiгi туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 20 желтоқсан N 292


МАЗМҰНЫ

      Осы Заң темiр жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiр жол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.



1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      Ескерту. Мәтiнiндегi "почта", "почтаны" деген сөздер тиiсiнше "почта жөнелтiлiмдерiн", "почта жөнелтiлiмдерi" деген сөздермен; "темiр жол көлiгi ұйымдарымен", "темiр жол көлiгi ұйымы", "темiр жол көлiгi ұйымдарын", "темiр жол көлiгi ұйымдары" деген сөздер тиiсiнше "тасымал процесiне қатысушылармен", "тасымал процесiне қатысушы", "тасымал процесiне қатысушыларды", "тасымал процесiне қатысушылар" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596 Заңымен.

       1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:



      1) алушы – багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтiлiмдерiн алатын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;
      2) арнайы жылжымалы құрам – магистральдық темiр жол желiсiн және кiрме жолдарды күтiп ұстау, оларға қызмет көрсету, қалпына келтiру және жөндеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн темiр жол көлiгi құралдары;
      3) арнаулы тасымалдаулар – мемлекет және қорғаныс қажеттерiне арналған арнаулы жүктердi тасымалдау;
      4) әлеуметтiк мәнi бар жолаушы қатынастары – әлеуметтiк мәнiн:
      облысаралық қатынастарда – Қазақстан Республикасының Үкiметi;
      ауданаралық (облысiшiлiк қаларалық) және қала маңындағы қатынастарда жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайтын қатынастар;
      5) багаж – жолаушылар немесе почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан аспайтын мүлiк;
      6) бекiту-пломбалау құрылғылары – вагонмен, контейнермен тасымалданатын жүкке қол жеткiзiлуiне жол бермеу үшiн қолданылатын блок қою құрылғыларымен бiртұтас конструкцияда орналастырылған бақылау элементтерi;
      7) билет кассасы – оларда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүру құжаттарын (билеттер) сату жөнiнде қызмет көрсетiлетiн, темiр жол вокзалдарында және осы ғимараттардан тыс жерлерде орналасқан жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату пункттерi;
      8) вагон – темiр жолдармен тасымалдауға арналған өздiгiнен жүрмейтiн тiркемелi көлiк құралы;
      9) вагондар (контейнерлер) операторы – вагондарды (контейнерлердi) меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иеленушi және (немесе) тасымалдаушымен жасалған шарт негiзiнде вагондар (контейнерлер) операторы қызметiн көрсету жолымен тасымалдау процесiне қатысатын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;
      10) вагондар (контейнерлер) операторының қызметтерi – уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен шарт негiзiнде вагондармен (контейнерлермен) қамтамасыз ету, бөлу және вагондар (контейнерлер) қозғалысын басқару жөнiндегi қызметтер;
      11) габаритi iрi (габариттен тыс) жүк – темiр жолдың тiкелей көлбеу учаскесiндегi ашық жылжымалы құрамда орналастырған кезде габаритi жүк тиеу габаритiнiң ернеуiнен сыймай асып тұрған немесе оның геометриялық қиықтағы дөңесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген есептелген нормативтерден асып кеткен жүк;
      12) жолаушы – жол жүру құжаты (билетi) бар және поезбен жол жүретiн жеке тұлға;
      13) жолаушы агенттiгi – тасымалдаушымен шарттың негiзiнде жол жүру құжаттарын (билеттерiн) ресiмдеуге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ететiн, өзiнiң сату пункттерi арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сату жөнiнде қызмет көрсететiн тұлға;
      14) жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесi – жолаушылар тасымалын орталықтан басқару және орындарды электронды резервке сақтау жүйесi;
      15) жол дамытылымы – магистральдық, станция жолдарының, оларды өзара бiрiктiретiн бағыттамалы бұрмалардың, станция мен кiрме жолдардың шегiнде орналасқан техникалық құралдар мен құрылғылардың жиынтығы;
      16) жөнелтушi – багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтiлiмдерiн жөнелтетiн және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;
      17) жүк – жүк поезында тасымалдауға шарт бойынша қабылданған мүлiк;
      18) жүк алушы – тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi алушы тұлға;
      19) жүк-багаж – жолаушылар мен почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан артық мүлiк;
      20) жүк жөнелтушi – тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi жөнелтушi тұлға;
      21) жүк жөнелтiлiмi – бiр темiр жол көлiгi жүкқұжатымен тасымалдауға ұсынылатын жүк партиясы;
      22) жүк терминалы – жүк жөнелтушiлер мен жүк алушыларға қызметтер кешенiн ұсынуға және аралас тасымалдауды жүзеге асыруға арналған кiрме жолдағы құрылыстар мен техникалық құралдар кешенi;
      23) жылжымалы құрам – жолаушыларды, багажды, жүктi, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн темiр жолдар бойынша тасымалдауға арналған тартқыш көлiк құралдары (локомотивтер), вагондар, өздiгiнен жүретiн және өзге де көлiк құралдары;
      24) контейнер – жүктердi тасымалдауға арналған көп мәрте қолданылатын әмбебап көлiк жабдығы;
      25) контрагент – рельс бойындағы қоймаларға, жүк сақталатын алаңдарға, тиеу-түсiру механизмдерiне және (немесе) басқа тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарына жалғасатын кiрме жолдарға меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн немесе кiрме жолдар қызметтерiн пайдаланатын тұлға;
      26) концессия шарттары бойынша темiр жолдар – концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын әрi магистральдық темiр жол желiсiне енгiзiлмеген темiр жолдар;
      27) концессия шарттары бойынша темiр жол көлiгiнiң объектiлерi – концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын әрi магистральдық темiр жол желiсiне енгiзiлмеген объектiлер;
      28) концессия шарттары бойынша темiр жол көлiгi объектiлерi бар темiр жол қызметтерi – концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын темiр жол көлiгi объектiлерi бар темiр жолдарды пайдалануға беру және олар бойынша жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi қызметтер;
      29) кiрме жолдар – жүк жөнелтушiлерге, жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және тiкелей немесе басқа да кiрме жолдар арқылы магистральдық және (немесе) станциялық жолдарға жалғасатын темiр жолдар;
      30) кiрме жолдар қызметтерi – тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарды пайдалануға беру жөнiндегi немесе оның жүк жөнелтушiлер мен жүк алушыларға көрсететiн қызметтерi;
      31) қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдары – қабылдау-тапсыру операцияларын орындау үшiн станция немесе кiрме жол шегiнде вагондарды темiр жолдарға шығару-жинау шартында белгiленген темiр жолдар;
      32) қабылдау-тапсыру операциялары – жүктердi, вагондарды, контейнерлердi қабылдау (тапсыру) кезiнде орындалатын, белгiленген тәртiппен құжаттық ресiмделген iс-әрекеттер;
      33) қауiптi жүктер – өздерiне тән қасиеттерiне байланысты адамдардың, жануарлардың өлiмiне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына, жарылысқа, өртке, мүлiктердiң бұзылуына немесе жойылуына себеп болуы, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн жүктер;
      34) қол жүгi – жолаушының вагонда өзiмен бiрге ақысыз тасымалдайтын, салмағы мен габаритi бойынша белгiленген мөлшерден аспайтын жеке заттары;
      35) локомотив инфрақұрылымының объектiлерi – тартқыш жылжымалы құрамды пайдалануды әрi жарақтандыруды қамтамасыз етуге және локомотив бригадаларына қызмет көрсетуге арналған объектiлер;
      36) локомотив инфрақұрылымының операторы – меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде локомотив инфрақұрылымының объектiлерiне иелiк ететiн және локомотивтiк тартқыш операторларына қызмет көрсететiн тұлға;
      37) локомотивтiк тартқыш операторы – меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде тартқыш көлiк құралына (локомотивке) иелiк ететiн, оны күтiп ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететiн және локомотивтiк тартқыш қызметтерiн ұсынуға уәкiлеттi орган берген рұқсаты бар тұлға;
      38) локомотивтiк тартқыш қызметтерi – темiр жолдар бойынша тартқыш көлiк құралымен (локомотивпен) жылжымалы құрамның орнын ауыстыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;
      39) магистральдық жолдар – Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын темiр жол көлiгiнiң жұмыс iстеуiне және басқа мемлекеттермен темiр жол қатынасын қамтамасыз етуге арналған темiр жол станцияларын қосатын темiр жолдар;
      40) магистральдық темiр жол желiсi – магистральдық және станциялық жолдарды, сондай-ақ электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектiлерiн, құрылғыларды, жабдықтарды, үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды және оның жұмыс iстеуi үшiн технологиялық жағынан қажеттi өзге де объектiлердi қамтитын магистральдық темiр жол инфрақұрылымы;
      41) магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерi – магистральдық темiр жол желiсiн пайдалануға ұсыну және онымен жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi қызметтер;
      42) магистральдық темiр жол желiсiнiң операторы – магистральдық темiр жол желiсi қызметтерiн көрсету және тасымалдау процесiн басқару үшiн мемлекет құрған ұйым;
      43) маневрлiк жұмыс – вагондарды өңдеу, сұрыптау, тарқату, тиеуге, түсiруге, жөндеу жолына (жолынан), салмағын өлшеуге әкелу-әкету, поездарды құрастыру, тарқату кезiнде олардың орнын ауыстыру, жылжымалы құрамды бiр жолдан басқасына ауыстырып қою, локомотивтердiң станция шегiндегi қозғалысы, арнайы жылжымалы құрамның, тартқыш көлiк құралдарының (локомотивтер немесе моторвагондық жылжымалы құрамдардың) орнын ауыстыру;
      44) пайдалану құжаттамасы – темiр жол көлiгi мен жабдықтарын пайдалану тәртiбiн белгiлейтiн құжаттама;
      45) поезд – белгiленген сигналдары, вагонсыз локомотивтерi, моторлы вагондары мен арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамы бар, бiр немесе бiрнеше жұмыс iстеп тұрған тартқыш көлiк құралдары (локомотивтерiмен немесе моторлы вагондарымен жылжымалы құрамдары) бар вагондардан құралған әрi түйiстiрiлген, магистральдық темiр жол желiсi операторы белгiлеген маршрут бойынша жүретiн вагондар құрамы;
      46) салмағы ауыр жүк – массасы мен ұзындығы немесе вагонның жақтауына (еденiне) жүктемесi жүктердi тиеу мен бекiтудiң техникалық шарттарында белгiленген, әмбебап жылжымалы құрамда тасымалдау кезiнде рұқсат етiлетiн шамадан асатын жүк;
      47) станциялық жолдар – кiрме жолдарды қоспағанда, темiр жол станциясының шекарасындағы темiр жолдар;
      48) тармақ иеленушi – меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде темiр жолдың кiрме жолдарын иеленушi тұлға;
      49) тасымалдау – тасымалдаушының, магистральдық темiр жол желiсi операторының, локомотивтiк тартқыш операторының, вагондар, контейнерлер операторының және тасымалдау процесiне басқа да қатысушылардың багажды, жүктердi, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн жөнелту пунктiнен жеткiзу межеленген пунктке апару мақсатында орындайтын өзара байланысты iс-қимылдарының жиынтығы;
      50) тасымалдауға болатын мерзiм – тез бүлiнетiн багаждың, жүктiң, жүк-багаждың сертификатта (сапалық куәлiкте) көрсетiлген деректер негiзге алынып, жолда болуының ықтимал шектi мерзiмi;
      51) тасымалдау қағидалары – тасымалдау процесiнiң барлық қатысушыларының қызметiн және өзара қатынастарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;
      52) тасымалдау құжаттары – ресiмделуi арқылы тасымалдау шарты жасалатын құжаттар (жол жүру құжаты (билет), багаж бен жүк-багаж түбiртегi, темiр жол көлiгi жүкқұжаты);
      53) тасымалдау процесi – тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты iс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы;
      54) тасымалдау процесiнiң қатысушысы – темiр жол көлiгi саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлға;
      55) тез бүлiнетiн багаж, жүк, жүк-багаж – жарамдылық мерзiмi шектеулi және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайын талап ететiн багаж, жүк, жүк-багаж;
      56) темiр жол вокзалы – халыққа темiр жол көлiгiмен тасымалдау және багажды, жүк-багажды қабылдау-беру жөнiнде қызмет көрсетуге арналған үйлер, ғимараттар (жолаушы платформаларын және вокзал өтпелерiн қоса алғанда) және басқа да мүлiк түрлерiнiң кешенi;
      57) темiр жолдар – жылжымалы құрамның жүруi жүзеге асырылатын жылжымайтын мүлiк объектiлерi (магистральдық, станциялық, кiрме жолдар);
      58) темiр жол көлiгi – темiр жолдармен тасымалдауды қамтамасыз ететiн көлiк түрi;
      59) темiр жол көлiгiндегi тасымалдаушы (бұдан әрi – тасымалдаушы) – жылжымалы құраммен тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тасымалдаушы;
      60) темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары – тасымалдау қауiпсiздiгiн, темiр жол көлiгi құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, төзiмдiлiгi мен берiктiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi жер учаскелерi;
      61) темiр жол қатынасы – жөнелту және межелi пункттер арасында темiр жол көлiгiмен жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау;
      62) темiр жол станциясы – поездар қозғалысын реттеудi, өткiзу қабiлетiн қамтамасыз ететiн және оларды қабылдау, жөнелту және (немесе) тоғыстыру, басып озу жөнiндегi, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөнiндегi операцияларды, сондай-ақ маневрлiк жұмысты жүргiзуге мүмкiндiк беретiн жол дамытылымы бар, магистральдық жолдарды учаскелерге бөлетiн пункт;
      63) уәкiлеттi орган – темiр жол көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      64) Ұлттық тасымалдаушы – мәртебесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын, жылжымалы құраммен арнаулы тасымалдауларды орындайтын және жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушы;
      65) Ұлттық темiржол компаниясы – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған, магистральдық темiржол желiсiн күтiп-ұстауды, пайдалануды, жаңғыртуды жүзеге асыратын, сондай-ақ магистральдық темiржол желiсi операторының функцияларын атқаратын, акцияларының бақылау пакетi ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi акционерлiк қоғам;
      66) экспедитор – тасымалдау құжаттарында көлiк экспедициясы шартының негiзiнде тасымалдаудың төлеушiсi ретiнде көрсетiлуi мүмкiн, жүк тасымалдауларын ұйымдастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тұлға.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.12 № 538 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      2-бап. Темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк


             саясат

      1. Темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясат:

      1) көлiк рыногының барлық субъектiлерiнiң темiр жол көлiгi қызметiн ұсынуға және алуға еркiн қол жеткiзуi;

      2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғау;

      3) тасымалдардың барлық қатысушылары үшiн құқықтық және экономикалық кепiлдiктердiң бiрыңғай стандартын қолдану принциптерiн негiзге алып, халықтың, экономиканың және мемлекеттiң тасымалдарға қажеттiгiн қанағаттандыру үшiн жағдай жасауға бағытталған.

      2. Темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясаттың мақсаты:

      1) темiр жол көлiгiнiң магистралдық темiр жол желiсiн және жылжымалы құрамын дамыту;

      2) тасымалдарды дамыту;

      3) адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн темiр жол көлiгi мен оның өмiрлiк циклi процестерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес темiр жол көлiгiнде тариф, салық және кеден саясатын жүзеге асыру;

      5) темiр жол көлiгiнде еркiн кәсiпкерлiкке және жеке инвестицияларды тартуға жағдай жасау және шаруашылық қызметiне мемлекеттiк органдардың заңсыз араласуына жол бермеу;

      6) бәсекелестiктi дамыту, соның iшiнде халықаралық тасымалдар саласындағы бәсекелестiктi дамыту;

      7) магистралдық темiр жол желiсiнiң бiрыңғай мүлiктiк кешенiн сақтау;

      8) қоршаған ортаны қорғау;

      9) темiр жол көлiгiн жұмылдыру дайындығында ұстап тұру;

      10) темiр жол көлiгiнiң қажеттерi үшiн импортты алмастыратын өндiрiстi дамытуға жәрдемдесу;

      11) транзиттiк және халықаралық тасымалдауларды кеңейту болып табылады.

      3. Темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру уәкiлеттi органға және құзыретiне сәйкес өзге де мемлекеттiк органдарға жүктеледi.


      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.07.09 N 596, 2006.12.29 N 209, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      3-бап. Темiр жол көлiгiнде жолаушылар, багаж, жүк,


             жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн
             тасымалын ұйымдастыру негiздерi

      1. Темiр жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және  почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.

      2. Тасымалдаушы осы Заңда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделгеннен басқа жағдайларда, ақысын төлеген және жол жүру немесе багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарына арналған тасымалдау құжаттарын дұрыс ресiмдеген қызмет пайдаланушыларға тасымал жасаудан бас тартуға құқығы жоқ.

      3. Өзiнiң жылжымалы құрамы жоқ тасымалдау процесiне қатысушылар шарттың негiзiнде локомотивтiк тартқыш операторының және вагондар (контейнерлер) операторының қызметтерiн пайдаланады.


      Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.07.09 N 596, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      4-бап. Темiр жол көлiгi туралы Қазақстан


             Республикасының заңнамасы

      1. Темiр жол көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3. Әскери және арнайы тасымалдарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орындау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.


      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      5-бап. Темiр жол көлiгiнiң ортақ және жеке


             пайдаланылатын объектiлерi

      1. Магистральдық темiржол желiсi – жекешелендiруге жатпайтын және заңнамада белгiленген тәртiппен кейiннен Ұлттық темiржол компаниясына беру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн шарттарда және тәртiппен ұлттық басқарушы холдингке берiлетiн, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ортақ пайдаланылатын темiржол көлiгi объектiсi.

      2. Магистралдық темiр жол желiсiне жатпайтын темiр жолдар жеке пайдалану объектiсi болып табылуы және жеке меншiкте болуы мүмкiн.
      Магистральдық темiр жол желiсiне жатпайтын темiр жолдарды салу (қайта жаңарту), сондай-ақ кейiннен пайдалану концессия шарттары негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
      3. Концессионерге концессия шарттары бойынша темiр жолдарға және темiр жол көлiгi объектiлерiне концессия шартының мерзiмiне иелену мен пайдалану құқығы берiледi.
      Концессия шарттары бойынша темiр жолдар және темiр жол көлiгiнiң объектiлерi концессия шартының мерзiмi аяқталғанға дейiн магистралдық темiр жол желiсiнiң құрамына енгiзiлмейдi.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596, 2006.07.07. N 168, 2008.07.05. N 66-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.12 № 538 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      5-1-бап. Темiр жолдарды сыныптау

      Темiр жолдарды сыныптау тәртiбiн уәкiлеттi орган жолаушы және жүк поездары қозғалысының жүк сыйымдылығы мен рұқсат етiлетiн ең жоғары жылдамдықтарының үйлесiмдiлiгiне қарай айқындайды.
      Ескерту. Заң 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      6-бап. Магистралдық темiр жол желiсi

      1. Тасымалдаушылар магистралдық темiр жол желiсi бойынша тасымалдарды Магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану қағидасында сәйкес жүргiзедi.

      2. Тасымалдаушы магистралдық темiр жол желiсi көрсеткен қызметтер үшiн магистралдық темiр жол желiсiнiң операторына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мөлшерде ақы төлейдi.

      3. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы магистралдық темiр жол желiсi көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткiзудi қамтамасыз етуге және тасымалдаушыларға магистралдық темiр жол желiсiн пайдалануға бiрдей құқық беруге мiндеттi.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, өткiзу қабiлетiнiң шектелуiне байланысты тасымалдаушыларға поездар қозғалысының нақты бағытында магистралдық темiр жол желiсiн пайдалануға беру мүмкiндiгi болмаған кезде, тасымалдау Магистральдық темiр жол желiсiн пайдалану қағидасында көзделген тәртiппен конкурстық негiзде жүзеге асырылады.

      4. Ұлттық темiр жол компаниясы магистралдық темiр жол желiсiн салуды, күтiп ұстауды және жаңғыртуды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен бағдарлама бойынша жүзеге асырады.


      Жаңа магистралдық жолдар салу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.07.09. N 596, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      6-1-бап. Магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану


               кезiнде туындайтын мiндеттемелердi
               бұзғаны үшiн жауаптылық

      Магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану қағидасында, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалатын шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауаптылықта болады.


      Ескерту. 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.07.09 N 596 Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      6-2-бап. Темiр жол қатынастарының түрлерi

      1. Темiр жол қатынастары мынадай түрлерге:
      1) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау;
      2) жүк тасымалдау болып бөлiнедi.
      2. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау:
      1) халықаралық – Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасымалдау;
      2) республикаiшiлiк – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөнелту және межелi станциялар арасындағы тасымалдаулар болып бөлiнедi.
      3. Әкiмшiлiк-аумақтық белгiсi бойынша республикаiшiлiк жолаушылар мен жүк тасымалдау:
      1) облысаралық – әртүрлi облыстардағы жөнелту және межелi станциялар арасында жүзеге асырылатын немесе республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен елдi мекендердi жалғастыратын тасымалдау;
      2) ауданаралық (облысiшiлiк қаларалық) – бiр облыс шегiндегi жөнелту және межелi станциялар арасындағы тасымалдау;
      3) қала маңындағы – елдi мекеннiң белгiленген шекарасынан бастап есептелетiн, ұзақтығы елу километрге дейiнгi қала маңындағы аймақты қаламен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау болып бөлiнедi.
      4. Жүктердi тасымалдау:
      1) халықаралық – Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасымалдау;
      2) республикаiшiлiк – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөнелту және межелi темiр жол станциялары арасындағы тасымалдау болып бөлiнедi.
      Ескерту. Заң 6-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      7-бап. Темiр жол қатынасын тоқтату

      Мемлекеттiк меншiк болып табылатын темiр жол бойынша темiр жол қатынасын тоқтатуды Қазақстан Республикасы Yкiметi белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      8-бап. Темiр жол көлiгiндегi шарттар

      1. Тасымалдау шарттарының мiндеттi талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және соларға сәйкес шығарылған тасымалдау ережелерiнде белгiленедi. Тараптар тасымалдау шарттарының өзге де талаптарын белгiлеуге ерiктi.

      2. Жолаушылар тасымалын ұйымдастырған кезде Ұлттық темiр жол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттiк басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт талаптарымен жүзеге асырылады.

      3. Тасымалдаушы өздерiнiң құзыретiне сәйкес мәлiмделген ерекше маңызды тасымалдарды жүзеге асыру туралы мемлекеттiк органдардың жазбаша нұсқауларын (шешiмдерiн) орындауға мiндеттi. Тиiстi нұсқауларда (шешiмдерде) осындай тасымалдар үшiн есеп айырысу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы мәлiметтер болуға тиiс.

      4. Темiр жол көлiгiмен халықаралық қатынаста және транзитпен жолаушыларды, багажды, жүктi және жүк-багажды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Локомотивтiк тартқыш операторы шарттар негiзiнде және уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетедi.
      Локомотивтiк тартқыш операторы шартқа сәйкес локомотивтiк инфрақұрылым операторының қызметтерiн пайдаланады.
      Локомотивтiк тартқыш операторы бiрiншi кезекте арнайы және әскери тасымалдарды орындау үшiн Ұлттық тасымалдаушыға локомотивтiк тартқыш көрсететiн қызметтердi ұсынуға мiндеттi.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.07.09 N 596, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      9-бап. Жылжымалы құрамды тiркеу

      Жылжымалы құрам Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен мiндеттi  мемлекеттiк тiркелуге тиiс. K010155
      Ескерту. 9-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      10-бап. Лицензиялау

      Темiр жол көлiгiндегi қызметтiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес  берiлетiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.

       11-бап. Сәйкестiктi растау

      1. Темiр жол көлiгiнiң қызметiне жататын өнiмдердiң сәйкестiгiн растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Шет мемлекет берген сәйкестiктi растау саласындағы құжат мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес танылған жағдайда, ол Қазақстан Республикасында жарамды болып саналады.


      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.

      12-бап. Тарифтер және ақы төлеу

      1. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы көрсететiн қызметтердiң және концессия шарттары бойынша темiр жол көлiгi объектiлерi бар темiр жолдар қызметтерiнiң бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi жолаушылардың халықаралық және облысаралық қатынастарда жол жүру бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы. Жергiлiктi өкiлдi органдар жолаушылардың ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда жол жүру бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы.

      2-1. Әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша барлық жүру жолында жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушының залалдары Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен субсидияланады.

      3. Халықаралық қатынаста тарифтi (тасымалдау ақысын) қолдану ережесi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленедi.


      Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.07.09. N 596 Заңымен (күшiне ену тәртiбiн Заңның 2-бабынан қараңыз), 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05. N 66-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

        13-бап. Тасымалдауға талап қою құқығын беру

      Жүк жөнелтушiге байланысты себептер бойынша жүзеге асырылмаған (толық көлемiнде жүзеге асырылмаған) тасымалға алдын ала ақы төленген жағдайда, жүк жөнелтушi ақша қаражатын қайтарып алуға немесе тасымалдаушының келiсiмiмен осы тасымалға талап ету құқығын басқаға беруге құқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет