Бұлшық етке егу жасау техникасы
Мақсаты: дәрілік затты бұлшық етке егу. Дәрілік заттың емдік әсері 20-30 минут аралығында пайда болады. Бір рет егілетін ерітіндінің мөлшері 10 мл - ден аспауы керек.
Қарсы көрсетпелері: бұлшық еттің атрофиясы, ине егу орнындағы тері мен теріасты майлы клечатка жарақатының кез келген түрінде, дәрілік затқа аллергиялық реакциясы болғанда.
Қажетті заттар: 5мл немесе 10мл шприцтер, дәрі дәрмек заттар, залалсыздандырылған мақта шариктері.
Іс- әрекеттер:
1. Дәріні әзірлеп, оның атын, мөлшерін, қай уақытқа дейін қолдануға болатын мерзімін ұқыпты оқы, тазалаңыз.
2. Асептика ережесімен шприцті жиыстыру әрекетін қолдана отырып, жиыстырыңыз.
3. Пациентті етбетінен немесе қырынан жатқызыңыз.
4. Дәріні қажет мөлшерде сорып алып, инені ауыстырып, ауасын шығарыңыз.
5. Мақта тампонын 70% спиртке сулаңыз.
6. Инъекция жасайтын жоғарғы сыртқы квадрантты бір бағытта, жоғарыдан төмен қарай спиртке батырылғын мақта тампонымен 2-3 рет сүртіңіз.
7. Әзірленген шприцті оң қолға алып поршенін екінші саусақпен, иненің канюлясын шынашақпен, қалған саусақтарымен цилиндрді ұстаңыз.
8. Сол қолмен инъекция жасайтын жердің терісін созып тартып тұрыңыз.
9. Шприцті денеге тіке 90' та ұстап, иненің 2/3 бөлігін ырғақпен енгізіңіз. Шприцті сол қолмен ұстап, оң қолдың 2-ші, 3- ші саусақтарымен цилиндрді ұстаңыз, ал бірінші саусақпен поршеньді итеріп ерітіндіні жіберіңіз.
10. Теріні спиртке батырылғын мақта шаригімен басып, тез инені шығарып алып, мақтамен инъекция жасалған жерді уқалаңыз.
Асқынулары: иненің сынуы, жүйке сабауының жарақаттануы, абсцесс, аллергиялық реакция, вирусты гепатит, дәрілік эмболия.
Достарыңызбен бөлісу: |