Тест сұРАҚтары қазақ әдебиеті неше түрге бөлінеді?



бет16/16
Дата10.06.2016
өлшемі1.26 Mb.
#126437
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Сабақтың көрнекілігі:  сөздік

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Күтілетін  нәтиже: лексиканы және фонетиканы  меңгеру, сауатты жазу;

Сабақтың  барысы:

   І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу            - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

  ІІІ. Жаңа  сабақ

Қиын  сөздер : оқушылардан сұрау және тақтаға жазу.

                                      

«Еркелік»
Менің ағам да соғысқа кеткен. Бірақ қасымда атам мен әжем бар. Атқа мінсе алдынан түспеймін. Жақын маңдағы ауылдарды аралаймыз. Алысырақ шықса, жолын тосып, қарауылдап жүремін. Көз ұшынан сұлбасы көрінгеннен-ақ жүгіремін. Егер мен аңдамай қалсам, атам ауыл шетіне жақындағанда көлденеңдей тоқтап тұрады. Әжем немесе сыртта мал сауып, шаруа жайлап жүрген басқа біреу көріп, хабарын айтады. Мен шапқылай жөнелемін. Ат үстінен еңкейіп, көтеріп алады. Мені ердің алдына отырғызады, тізгінді береді. Ақжал көк жорға төгілте жортады. Алыс жолдан оралған екі жолаушы бірге келеміз. Ойынның шарты сондай. Еркелік. Ал атам осылай еркелеткенді ұнатушы еді.
(96 сөз) М.Мағауин.
Тапсырма: Антоним жазыңдар. Алыс, үсті.
ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар  қою арқылы  бекіту.  

              V. Үйге тапсырма

 Өткенді  қайталау

              VІ. Бағалау бөлімі

Диктант  жұмысы  бойынша  бағалау. 

              VІІ. Сабақты  қорытындылау


Сабақ жоспары


  1. Пән аты: Қазақ тілі.




  1. Сыныбы: 5 «Ә»




  1. Күні, айы, жылы: 21.05.2015




  1. Тоқсан: IV




  1. Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы:  Диктант «Ерланның кірпісі»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере

отырып, лексиканы, фонетиканы пысықтау,  сауатты жазуға  және  сөйлеуге  үйрету;

  ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра
отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;

   б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді  құрметтеуге,


қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:  сөздік

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Күтілетін  нәтиже: лексиканы және фонетиканы  меңгеру, сауатты жазу;

Сабақтың  барысы:

   І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу            - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

  ІІІ. Жаңа  сабақ

Қиын  сөздер : оқушылардан сұрау және тақтаға жазу.


«Ерланның кірпісі»
Ерлан жайылымнан қайтқан бір қора қойды айдап келе жатыр еді, олар кенет дүр етіп үрке жөнелді. Қараса, кішкене кірпіден үркіпті. Оны тақиясына салып, үйіне әкелді де, тамақ берді. Үйшік жасап, соған орналастырды.

Күндер өте берді. Ерлан оны сүт беріп асырады. Кірпі үйге тез үйренеді. Пыс-пыс етіп, аулада емін-еркін сайраңдап жүретін болды.

Есік алдында Ерланның атасы отырғызған үлкен қарағай бар еді. Сол қарағайдың басына кептер ұя салып, балапан шығарған. Бір күні әлгі кірпі сол қарағайға қарай жылжып бара жатқан жыланды байқап қалып, тарпа бас салды. Кірпі жыланды осылай мерт қылып, балапандарды құтқарып қалды. (92 сөз) Газеттен.

Тапсырма: Қарағайдың сөзінің қосымшасын тап.



ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар  қою арқылы  бекіту.  

              V. Үйге тапсырма

 Өткенді  қайталау

              VІ. Бағалау бөлімі

Диктант  жұмысы  бойынша  бағалау. 


  VІІ. Сабақты  қорытындылау



Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.




  1. Сыныбы: 5 «Ә»




  1. Күні, айы, жылы: 22.05.2015




  1. Тоқсан: IV




  1. Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы:  Тест сынақ


1) Берілген 4 тапсырмаға жауапты 4 нұсқадан (А, В, С, D) табыңыз.
Үлгі:
1. Маржан қазақша жақсы жаза, ... А) оқу
2. Сен мына кітапты ... В) оқи алады
3. Дастан мына журналды ертең ... С) оқиды
4. Жақсы ... міндетің D) оқыдың ба?
Жауаптары: 1 – В; 2 – D; 3 – С; 4 – А.
Жауаптарын оң жақ нұсқадан таңдайсыз.

1. Дұрыс нұсқасын таңдаңыз.
1. Мен ... жиі барамын A) жаңа бассейн
2. Біз ... туралы айттық В)бассейнге
3. Менің танысым ... жұмыс істейді. C) бассейнде
1. - ... 2. - ... 3. - ... D) бассейнмен

4. Айжанға менің ... ұнайды. A) ағам туралы


5. Ол хатында ... жазды. В)үлкен ағам
6. Біз көрмеге ... бірге бардық. C) ағаммен
7. Мен ... кітап сатып алдым. D) ағама
4. - ... 5. - ... 6. - ... 7. - ...

8. Назым ... танысты. A) белгілі жазушыға


9. Біз ... гүл сыйладық В) белгілі жазушымен
10. Менің досым – .... C) белгілі жазушы
11. Мен көрмеде ... кездестірдім. D) жазушыны
8. - ... 9. - ... 10. - ... 11. - ...

12. Мен мұражайда ... кездестірдім. A) досым туралы


13. Мен .. бірге ән айтуды жақсы көремін. В) менің досым
14. ... осы жерден ылғи гүл сатып алады. C) досымды
15. Айдос менен ... жиі сұрайды. D) досыммен
12. - ... 13. - ... 14. - ... 15. - ...

16. Студенттер ... шықты. A) соңғы лекция


17. Жанар соңғы ... болды. В) соңғы лекцияда
18. Бүгін бізде ... болмайды. C) соңғы лекциядан
19. ... сағат 14-те басталады. D) соңғы лекция
16. - ... 17. - ... 18. - ... 19. - ....

20. Біз ... айттық. A) осы кітаптан


21. Маған осы ... беріңізші. В) осы кітап
22. Маған ... өте керек. C) осы кітапты
23. Мына ақпаратты ... оқыдым D) осы кітап туралы
20. - ... 21. - ... 22. - ... 23. - ...

24. Менің інім ... туған. A) көктем


25. Бұл өлеңдер ... В) көктемде
26. ... жылдың ең жақсы мезгілі. C) көктем туралы
24. - ... 25. - ... 26. - ...

27. Жазда Айдос ... барады A) әкесі туралы


28. Менің досым ... өте жақсы көреді. В) әкесіне
29. Ол ... жиі айтады. С) әкесін
27. - ... 28. - ... 29. - ...

30. Біз ... қазақ тілін оқи бастадық. A) осы ай туралы


30. - .... В) осы ай
С) осы айда

31. Біз жазда ... барғымыз келеді. A) оңтүстік


31. - ... В) оңтүстікке
С) оңтүстікте

32. Кітап ... жатыр A) стол


32. - ... В) столда
С) столға

33. Студенттер ... отыр A) аудитория


33. - ... В) аудиторияға
С) аудиторияда

34. Менің туған жерім Қазақстанның .... A) солтүстік


34. - ... В) солтүстігінде
С) солтүстікке

35. Ол ... ағасы туралы айтты. A) өзі


35. - ... В) өзінің
С) өзі туралы
36. Біз ... экскурсияға барамыз. A) осы апта
36. - .... В) осы аптаның
С) осы аптада

37. ... ауа райы жақсы болды. A) мамыр


37. - .... В) мамырда
С) мамырдың

38. Менің ағам жас, ал атам ... A) үлкен


38. - ... В) көне
С) кәрі

39. Назым қазақша оқи ... A) алады


39. - ... В) түсінеді
С) жазады

40. Әкем маған дәрігер болуға ... A) сұрады


40. - ... В) әңгімеледі
С) кеңес берді.

41. Айдана емтиханның қашан басталатынын ...


A) кеңесті
41. - ... В) сұрады
С) ақылдасты

42. Каникул ... басталады. A) аптадан


42. - ... В) бір аптадан кейін
С) бір аптадан бұрын
43. Ертең олар опера ... A) тыңдадық
44. Кеше біз Үнді елі туралы хабарды В) тыңдайды.
43. - ... 44. - ...
45. Сендерге бес есеп ... керек A) шығарып қойдыңдар ма?
46. Айжан есепті жақсы ... В) шығару
47. Сендерге бес есеп ... керек С) шығарады
45. - ... 46. - ... 47. - ...

48. Мына оқушының аты ... аталады? A) қайдан


49. Мынау ... ? В) қалай
50. Білесің бе: Мына оқушылар ... келді? С) не
48. - ... 49. - ... 50. - ...

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет