тұратын, ал негізін тісаралық альвеолярлы қалқанша болатын
үшбұрышты кеңістік болып келеді.
Қалыпты жағдайда тісаралық қызылиектік аралық толықтай тісаралық
қызылиек бүртікшесімен толықтырылған.
Вестибулооральді бағыттағы
кесіндіде тісаралық қызылиек бүртікшесі вестибулярлы және оральді
бөліктен тұрады және олар жанасу нүктесін қоршап тұрған өзара
ертоқымды ұстатқыш сияқты байланысады.
Ертоқымды ұстатқыштың ұзындығы күрек тістер бағытына қарай
қысқарады. Тісаралық аралықта қандай да бір әрекет жүргізу кезінде
тісаралық қызылиек бүртікшесінің ертоқымды бөлігінің түлемейтін
эпителимен жабылғандықтан жарақатқа беріктігінің төмен мекенін ескеру
керек. Бұл аймақтың құрылым ерекшелігін тістерді
пломбылау кезінде
тісаралық матрица және интердентальді сынаны қою кезінде де есепке
алып отыру керек.
Жанасу нүктесінен басқа тістер жақтардың жыбылуы кезінде де өз ара
жанасады. Үстіңгі және астыңғы жақ тістердің жабылу кезіндегі
функциональдық қатынасы окклюзия деп аталады.
Окклюзияның негізгі төрт түрін ажыратады: орталық, алдыңғы, оң және
и сол бүйірлік.
Орталық окклюзия кезінде тістердің
өзара жанасуы барынша көп
болады. м Окклюзия физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.
Физиологиялық окклюзия патологиялық окклюзияға қарағанда шайнау ,
эстетиканы және сөйлеу қызметін толыққанды қамтамасыз етеді.
Амбразураларды, жиектік біліктерді, көрші тістердің окклюзиялық
беткейлерінің рельефін және төмпешіктерін, қарсы тістердің және
пародонтпен түйісетін тіс сауытының өзара қарым –қатынасының дұрыс
қалыптастыруын, тістердің шайнау қызметінің толыққанды болуына
жағдай жасайды.
Тістерде тісжегінің пайда болуына ықпал етуші әсерлерді нақтылы түсіну
үшін тіс тіндерінің дамуына, құрылымына және қасиетіне шолу жасаған
дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: