ТұЛҒалық Өсу психологиясы бойынша қЫСҚаша дәріс мазмұны 1 дәріс. Тұлғаның өсуі психологиясына жалпы сипаттама, басқа ғылымдардың арасындағы рөлі және орны



бет20/29
Дата09.05.2023
өлшемі92.61 Kb.
#473416
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Тұлғаның өсу психологиясы лекция

«Экзистенционалды-сезімдік» автобиографиялық тип. Бұл тип ерекшеліктердің максималды санын шығара отырып, осы әдістеме бойынша ең жоғары нәтиже көрсетті.Барлық респонденттерге деген отрақ мәселе болып синэнергия, адам табиғатының түсінігі, өзіндік қабылдау, өзін-өзі құрметтеу, спонтандылық, құндылық бағыттылық шкалаларының өзгеше көрініс тапқаны болды. Креативтілік, уақыт ішіндегі бағдар және танымдық құндылықтар шкаласында біршама төмен нәтижелерге ие болды. Бұл әдістеме бойынша жалпы бір көрініс туындайды. Ол тұлға бейнесінің автобиографиясының өзін-өзі түсінетін, өзіне және адамдарға деген қатынасы позитивті, талаптану, сонымен қатар адамгершілік құндылық деңгейі жоғары болуы. Басқа жақтан ол маңғазданудың жаңа формаларын іздеуге, мақсат қойып оған жетуге талпынбайтын тұлға.
Бұл типтің тұлғасы үнемі «идеалдылықты» іздеуде болады, өзінің ішкі және сыртқы болып жатқан құбылыстарын ұғынуға тырысады. Сонымен қатар ор біркелкі шынайылықтан алшақ болады, адамдармен шынайы қарымқатынастын гөрі абстрактілі бейнелерді көбірек бағалайды.
Алынған нәтижелер тұлғаның тұлғалық өсудегі ішкі ресурстарын үйлесімді пайдалану кезінде қажет болады.

Сонымен, әрекеттік автобиографиялық типке жататын тұлға үшін ресурс ретінде өзінің мүмкіндіктерін іске асыруға деген ұмтылысын, өзін іс-әрекеттің жаңа түрлерінде іздеу, олардың іс-әрекеті барысындағы жоғары өнімділікті айтуға болады. Бірақ негативті фактор ретінде басқа адамдардың пікіріне тәуелді болу жатады. Ол шығармашылық бағалау кезінде адамның субъективті бағалауы басқа адамның субъективті бағалауымен сәйкес келмесе күйзеліске әкелуі мүмкін.




Автобиографияның әлеуметтік типке жататын тұлғалардың басты ресурсы болып әлеуметтік қарым-қатынасқа дайын болуы, эмпатия, коммуникативтілікті атауға болады. Бұл адамдар басқа адмдардың қолдауын бағалайды. Қандай да бір адамның оған сәйкес бейне-эталоны болған кезде тұлға, белгілі бір бағытта тез дами алады (жасөспірімдермен жұмыс істеу кезінде өте маңызды).
Бір кемшілігі болып оның оны қоршаған адамдардың пікіріне тәуелді болуы. Жағымды және жағымсыз бейнелерді сәйкестендіру бірдей деңгейде. МЕН-концепциясының тұрақты болмауы.


Экзистенционалды-сезімдік типтің ресурсы болып сыртқы дүниені және өз-өзін қабылдай отыра, терең ұғыну табылады. Бағыты өмірдің мәнін іздеу, өздігінен жетілуге ұмтылу. Мұндай адамдар идеалды бейнеге бағыттала отырып, талаптанудың жоғары деңгейінде көпке икемді және өнімді жұмыс атқаруға қабілетті.
Бұл типтің кемшілігі оның шынайы дүниемен қарым-қатынасқа түспеуі. Адам табиғатының жағымсыз әрекеттерін кешіріп, қабылдай алмауы. Бұл факт тұлғаның туысқандарымен, жақын адамдарымен қарым-қатынасын қиындатады. Басқаларға деген талаптары тым жоғары болуы адекватты әлеуметтік қарым-қатынас орнатуға кесірін тигізеді.
Жалпы жүргізілген зерттеу тұлғаның өзін-өзі жетілдіруде ішкі дүниесі автобиографиялық типтерде ерекше бейнесіне ие екенін көрсетеді. Өзін-өзі білдіру кезінде пайда болатын ресурстар мен тұлғалық өсудің шектеулерін анықтауға болады.
Бұл бағыт әсіресе өзекті болуы осыған байланысты болады:

  1. Кеңес психологиясында тұлғаның автобиографиялық типтеріне байланысты зерттеулер аз болса да, қазіргі кезде ол қарқынды дамуда;

  2. Ресей мәдениетінде ( ұлтында емес, тәрбие мен тұлғаның өсу мәдениетінде) тұлғалық мүмкіндіктерінің өзіндің іске асуы туралы мәселе өзекті болап табылса, тұлғаның ішкі дүниесінің мәселесі өте маңызды болып табылады.

  3. Кеңес психологиясында тұлғаның дамуында басты мәдени-тарихи қағидаларда көрініс табады, тілдік және сөйлеу дамуымен де байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет